Патшаның Өгдүлмішке [берген] жауабы
Айтты патша: «Ей, азамат, білемін,
Бәрі жақсы қажетің де, тілегің.
5755. Құдай сені зор атақты қылыпты,
Беріп тіл мен кісілікті, қылықты.
Жаман пікір қалай келед ойыңа, –
Жақсы қылық сүтпен сіңген бойыңа.
Сені сөз ғып жүрсе біреу оңбаған,
Жаудың жауы болады ғой ол маған.
Мен көрдім бе оларды бір тыңдап та,
Азды-көпті сөйлессе де шындап та.
Айырмаған жақсы, жаман арасын,
Қалай білер ел билеудің шарасын?
5760. Ел билеуге бек қалайша бой ұрар,
болмаса оң-терісті айырар.
Бек түнеріп қарай алмас бетке енді:
Қалай сынар бұрын сыннан өткенді.
Ол оңа ма, заңға билік ұрғанда,
Өтірік пен шынды білмей тұрғанда.
474
Сен Құдайдың сыйы болдың бүгінде,
Бар түйінді шешкен қоймай түгін де!
Көп қызмет қылдың, шындап бас ұрып,
Нан, тұзымды сен өтедің асырып.
5765. Мен беремін саған сәлем-сауқатты,
Болса нәсіп – сүр өмірді ауқатты.
Тыңда, айтыпты есті кісі, жә, тағы,
Ел ішіне көп жайылған атағы:
«Кім ел басы жақсы адам боп өтетін,
Әрдайым да кісілік іс ететін? –
Кісілік қып қайтар қарым кісіге,
«Кісі» деген ат ардақты өте тым!»
«Ей, патшам! – деп айтты Өгдүлміш тағы да,
Сен ұлы бол, жаса жұрттың бағына.
5770. Берсін Алла екі Жалған езгісін:
Арыз, тілек, үміт және езгі ісін.
Сенің үшін аспан оңай айналсын,
Өткен күндер тілегіне сай болсын.
Ей, ақкөңіл, құлқы таза ер едің,
«Бол аман-сау, бағың жансын!» – дер едім.
Бердің маған бар ізгілік нәрін де,
Байлық, құрмет, ішер, киер – бәрін де.
Будым берік қызметке белімді,
Құдай жәрдем берсін, патшам, білімді!»
5775. Айтты Өгдүлміш: «Ей, падишам, татымды,
Жайды әлемге Құдай жақсы атыңды.
475
Бақ берді Алла, жақсы ат тіле ең үлгі,
Құт конды екен – ұста таза көңілді .
«Белгілі бек болам» – десен – парыз бар:
Сен боласың төрт нәрсеге қарыздар.
Біреуі – тіл сенімді де иімді,
Енді бірі – заң халыққа тиімді.
Тағы бірі – сақылықка саятын,
Мейір-шапқат ел ішіне жаятын.
5780. Сосын бірі – батыр елін сүйетін,
Іс тындырып, жаудың мойнын иетін.
Бұл төртеуі болмаса – сап түріткі,
Тек түседі ел ішіне іріткі.
Бұл төртеуі – бек жұлдызы, негізі,
Көрінеді бұдан жақсы бек ізі.
Жол еді бұл бұрынғылар ұстаған,
Жөн-жорықты бұзбай, сен де түс соған.
Жолды бөтен таңдап алса басқалар,
Айрылар да бектіген бос қалар.
5785. Адамдарды үш топтағы құрметте,
Зерде қойып, түсініп ал, құр кетпе.
Бірі – батыр, өзі – мерген, жүректі,
Қылыш жұмсап, елге пайда күрепті.
Бірі дана, көсем елді бастаған,
Кеңес беріп, іс бітіріп тастаған.
Бірі – зерек, есепші боп ол тұрар,
Қисап кылып, қазынаны толтырар.
476
Ұста оларды, артық қылып сарайда,
Келтіретін пайдасына орай да.
5790. Орынына сонда келер бар істер,
Ел көбейіп, жер кеңейіп өрістер.
Жақсы атағың сонда шығып, түлейді,
Әлем сені бір көруді тілейді.
Ел данасы айтқан сөздің мақсаты:
«Адам өлер, өлмес бірақ жақсы аты!»
Жақсы ат тапқан қандай жақсы, қарашы,
Ат өлмейді – батса адам қарасы.
Қара жерде қанша жатып, шірісе,
Жақсы атымен ол – адамның тірісі.
5795. Өмір емес, жақсы ат тіле қалай да,
Жақсы ат болса, жұрт тіріге балайды.
Тіршілік пен ізгіліктің сәні не?
Ей, білімдар! Айтшы, соның мәні не?
Ізгілік қой тіршіліктің аты шын,
Бұ тірлікке біл ізгілік қатысын.
Жақсы қылық көрсеткенді «тірі» де,
Жаман болса «тірі өліктің – бірі» де.
Жалған өтер – құйрығы жоқ ұсталар,
Жақсы қылық – өшпейтұғын іс қалар.
5800. Өтер Жалған жүз үйіріп, жүз күліп,
Сонда керек жалғыз ғана ізгілік.
Бұ Жалғанда сен алданба әр неге,
Жоқ опасы – салып көрші зердеге.
477
Қу дүние қоймас ойын-оспағын,
«Аяқ» десең, көрсетеді бас жағын.
Кел ойланып: араласпа ойынға,
Аралассаң – түсер тұзақ мойынға.
Жақсы айтылған бір кітапта, қарасаң,
Ей, ұмытпа, ұға алуға жарасаң:
5805. Бұ дүние ісі – ойын ғой, ойын-ды,
Сен кіріспе, аулақ салып бойыңды.
Қожайынның құлдық ұрып, ісін қыл,
Сен өйтпесең – ұсына бер мойынды».
Ей, падишам, бар білгенім – осылар,
Сыр – астары осыған кеп қосылар.
Сен сөзіме, егер олай болмаса, –
Өзің байқа маған көңілің толмаса.
Достарыңызбен бөлісу: |