531
өзі» деп берілген. Кітаптың ендігі қалған өн бойында айтылатын
сөздің басы осы Күнтоғды патша туралы әңгімеден басталатыны
рас. Сондықтан бұл тараудың «Сөз басы» болып аталуы орынды-
ақ (ол сөзден кейін)
сызықша емес, нүкте қойылады).
8. Мәтінде «Айтолдының Күнтоғдыға келіп қызметке тұрғанын
айтады» деп жазылған
9. Мәтінде «Айтолдының патшаға көрінуі»
10. Мәтінде «Айтолды өзінің бақыт екенін айтады»
11. Мәтінде «Айтолды патшаға бақыттың сипаттарын [айтып]
көрсетеді»
12. Бұл тарау мәтінде жоқ. Орысша, қазақша аудармаларында
да осылай.
13. Мәтінде «Баб. Күнтоғды патша Айтолдыға әділдіктің
сипатын айтады». Орысша, қазақша аудармаларында да осылай
14. Мәтінде «Баб. Күнтоғды патша Айтолдыға Әділдік
сипатының қандай екендігін айтады»
15. Мәтінде бұдан әрі қарай мынадай тақырыптар бар:
Айтолдының патшаға [қойған]
сауалы
Патшаның Айтолдыға [берген]
жауабы
Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Айтолдының патшаға [қойған] сауалы
Патшаның Айтолдыға [берген] жауабы
Бұдан әрі Айтолды сөйлейді
Автор Айтолдының қызметке кірісіп кеткенін айтады
Орыс тіліндегі басылымда бұл тақырыптар көрсетілген, Казақ
тіліндегі басылымда бұлар көрсетілмеген. «Құтадғу біліктің»
келесі беттерінде де патша мен Айтолдының арасындағы өзара
сұхбат сұрақ қою мен жауап беру ретінде, олардың екеуі де алма-
кезек сөйлеп отырады, бірақ олар тараулардың мазмұнында
көрсетілмеген, сондықтан біз оларды бұл жерде атап көрсетпейміз.
16. Мәтінде «Баб.
Құттың тұрақсыздығын, бақыттың
баянсыздығын баян қылады»
532
17. Мәтінде «Баб. Айтолдының Өгдүлмішке [ұлына] деген
ақыл–кеңес бергенін айтады»
Бұл тараудағы әңгіме Айтолды мен Өгдүлміштің өзара бір–
біріне жауап беруі арқылы өтеді. Одан әрі мәтінде «Айтолдының
Өгдүлмішке өсиет қылғанын айтады» деген тағы бір тақырып бар
18. Мәтінде «Патша ханның Өгдүлмішке ақыл бергенін айтады»
Бұл бөлімде Өгдүлміш патшаның алдына келеді, сонан
соң екеуінің өзара әңгімесі туралы сөз болады. Мәтіндегі
«Өгдүлміштің патша қызметіне кіріскенін айтады» деген тақырып
«Тараулардың мазмұны» деген
бөлімде көрсетілмей қалған
19. Мәтінде «Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы» деп
берілген
20. Мәтінде «Баб. Бектікке лайық бек қандай болу керек, ол
үшін не керек екендігін айтады»
21. Мәтінде «Баб. Бектерге уәзір болу үшін қандай кісі болуы
керектігін айтады»
22. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға әскер басы, бас қолбасшы
қандай [болуы] керек екендігін айтады»
23. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға ұлығ хажиблыққа қандай
кісі керек екендігін айтады»
24.Әңгіме патшаның жатын орнында шымылдықты (пердені)
ашып-жауып отыратын кісі, яғни «пардадар («пердеші»)
туралы болып отыр. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға қақпа
күзетшілерінің бастығы қандай болуы керек екендігін айтады»
деп берілген
С.Е.Малов бұл қызметтегі кісіні «начальник стражи [у ворот]»
деп атайды. С.Н.Иванов «управитель дворца» дейді. «Қазақша
басылымда «қақпа басы» деп берілген.
25. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға елші [етіп] *
жіберуге
қандай кісі керек екендігін айтады» деп жазылған
26. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға кеңсе хатшысының
қандай [болуы] керектігін айтады»
Қазақша басылымда «шежіреші-хатшылық» деп аударылған.
Бұл арада шежіреші туралы әңгіме жоқ. Әңгіме хатшылық туралы
емес, хатшы туралы.
27. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға қазынашы қандай [болуы]
керектігін айтады»
533
28. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға дастарқанды басқарушы
қандай [болуы] керектігін айтады»
Мұндағы «дастарқанды басқарушы» әдетте айтыла беретін
«тамада» («той басы») емес. Ескі Түркіше «аш башы хан
салар» («повар, стольник» – С.Е.Малов). С.И.Иванов: «главный
повар, стольничий». «Древнетюркский словарь»: «Стольничий,
ведающий, кто ведает пищей и является стольничим». Өзбекше:
«ош бошчи-хон солор». Қазақша басылымда: «асбасшы (хан
салар)». Қазақстанның әр жерінде мұндай мамандықты әр түрлі
атайтын болса керек. Біз солардың ішінде
асаба деген сөзді
лайық. көреміз. Мұндағы «аба» сөзі көптеген түркі тілдерінде
«отец» деген мағына береді (В.Радлов). «Аш башы хан салар»,
шынында, әрі ас-ауқатты (ас-тағамды) дайындау ісін басқарүшы,
әрі дастарқан басындағы қызметті де өзі атқарушы кісі болғанға
ұқсайды.
29. Мәтінде «Баб. Өгдүлміш патшаға шарапшы [лар] басшысы
қандай [болуы] керектігін айтады»
А.Егеубаевтың қазақша аудармасында «ыдысшы басшысы»
деп берілген
2
. «Құтадғұ білікте»
идишчи деп жазылған. Сөз түбірі
Достарыңызбен бөлісу: