358
Ашыққан ел, тойынған жан табылар, –
Бәрі де осы диқандарға табынар.
4300.
Бұлар Сізге аса керек, шүбәсіз,
Құлқын қамын ойласаңыз – ұғасыз!
Сен бұлармен көп қатысып, аралас,
Сонда болар таза тамақ, адал ас.
Тыңда, айтыпты есептегіш бір кісі,
Әрбір істі келеді екен білгісі:
«Тар жолменен тура жүрем десеңіз,
Жарасады адал, таза жесеңіз.
Есепті
адам болуды алсаң есіңе,
Тамақ, тәнге адал тіле несібе!
4305. Кедей емес, бай болуды көздесең,
Зина қылып ел арасын кезбе сен.
Көтерейін десең қадір, бақ, көңіл,
Араласпа бұзықпен, ей, ақкөңіл!
Бұзық
бұзар ата-тектін парызын,
Ол бұзады жақсылықтың бар ізін.
Бар бақытты сақта, бұзық жұтатар,
Ол кіріссе жоқтан отты тұтатар.
Құлқы таза біреу айтып кетіпті,
Іске қолы білімменен жетіпті:
4310. «Шықса Бүлік –
сен жуыма жанжалға-ай,
Ел түсірер қадірінді – таң қалма-ай!
Ұрыс шықса – бақ тұрмайды, қашады,
Тұрса – түнеп, боп кетеді «сандалбай!»
359
Диқандардың Құдай берген қолы ашық,
Пейілі кең, көңіліне жол ашық.
Тірі жанға диқандар ас-дәм болар,
Жүргенге – ас, ұшқандарға – дән болар.
Сен
бұлармен бірге салғын ізіңді,
Тілді майда, ашық ұстап жүзінді.
Достарыңызбен бөлісу: