Түркі академиясы халықаралық Ұйымы йүСҮП ҰЛЫҚ хас-хажиб баласағҰНИ


Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы



Pdf көрінісі
бет87/136
Дата23.03.2024
өлшемі1.36 Mb.
#496319
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   136
Й.Баласағұн.-Құтадғу-білік

Өгдүлміштің патшаға [берген] жауабы
Айтты Өгдүлміш: «Ол үйінде бар болса,
Іске асады сөзің, Алла жар болса!
Мен кірісіп, бұл «асатын бел» еді,
Қалағаның орынына келеді.
Болсын патша жаны тыныш, аман да,
Берсін Алла бар тілегін һәманда!»
Кетті аттанып бұл Өгдүлміш сүйіне,
Бел шешіпті кіріп алып үйіне.


402
4855. Күннің көзі сәл сарғая түскен-ді,
Әлем таза алтын бояу түске енді.
Күн жүзіне сары бояу салынды,
Әлем түгел көкшіл түске малынды.
Қабақ түйіп, аспан алды дамылды,
Бүкіл әлем қараңғылық жамылды.
Намаз оқып, ішті, жеді алдырып,
Ұйықтады жатып төсек салдырып.
Бұлбұл сайрап сызылтты бір жай әнді,
Бірде шошып Өгдүлміш те оянды.
4860. Қашып ұйқы, түн ұзарды тұнжырап,
Таң қылаңы арман болды түн жүдеп.
Аспан киген қара көйлек сөгілді,
Күн иегін көтерді – нұр себілді.
Күлді көктің көтеріліп шын қызы,
Жарық болды дүниенің шың құзы.
Тұрды Өгдүлміш, талай ойлар торыды,
Намаз оқып, жақсы бір бал жорыды.
Бір балаға ат ұстатып тағы да,
Ол аттанды мәз боп туыс жағына.
4865. Жақын барып, сәл бір құлақ түрді де,
Келді есікке аттан түсіп жүрді де.
Қолыменен есік қақты сәл ұрып,
Туысы естіп, сыртқа шықты дәл тұрып.
Көрді келген Өгдүлмішті бұ жаққа,
Деді: «Бұл іс созылды ғой ұзаққа.


403
Қарыстың ғой, айылыңды жимайсың,
Сен өзіңді зорлап неге қинайсың?
Жүр, кірейік, сен берерсің сөзді айтып,
Өзің және неге келдің тез қайтып?»
4870. Кірді екеуі. Сөзді Өгдүлміш бұл тыйды,
Қабақ түйіп тақуа енді бұлтыйды.
Айтты Өгдүлміш: «Ей, асылым, үйдегім,
Тыңда, әуелі, қабағыңды түймегін!
Кемдігі жоқ– сен айтқанды аян қып,
Патшаға ұзақ айтып бердім баян қып.
Патша сөздің бәрін түгел тыңдады,
Көп таң қалды, бірақ жаны тынбады.
Салды еркіңе, ол – тақуа бағы да,
Бұдан бөлек тілегі бар тағы да.
4875. Бұ жіберген ісін саған айтамын,
Сен кейіме, батыр, дереу қайтамын.
Әр нәрсенің шамасы бар, жасырма,
Сен ісіңді шамасынан асырма.
Айтқан екен бір ақылды білген құл,
Бар нәрсеге қатысы бар сөздің бұл:
«Атқар істі мезгілінен өткізбей,
Өтсе кезі, ол кетеді жеткізбей.
Әр нәрсенің шамасы мен шарқы бар,
Істелсін іс сол шамадан кеткізбей!»
4880. Ойы өзгерді патшамыздың бұл іске, 
Шақырады тек танысып-біліске.


404
Сен барсаң да, ол келсе де – жол алыс,
Жүз көрісіп, патшаменен қол алыс.
Жоқ зияны, енді, туыс, баралы,
Сенші маған, ей, көңілі жаралы!
Патша жақсы сұлтан адам өтімді,
Ол сүйеді кедей-кепшік, жетімді!»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет