Түркі өркениетінің өзара ықпалы



бет7/7
Дата30.10.2023
өлшемі34.53 Kb.
#481939
1   2   3   4   5   6   7
7 БАОЖ

ҚОРЫТЫНДЫ
Араб математигі әл – Хорезми Бағдатта тұрды. Математика бойынша ол жазған екі кітап бүкіл әлемге араб цифрлары мен нөлдің тарауына септігін тигізді. «Арифметика» және «Алгоритм» терминдері сол жасаған сөздіктерден бізге келді, ал алгебра сөзі оның «Китаб әл – жабр уә-л муқабәлә» кітабы тақырыбының бір бөлігі болып табылады. Ал геогрф ретінде сол кездегі белгілі әлемнің толық картасын жасауға көмектесті.Толық есімі - Әбу Абдуллах Мұхаммед бин Мұса Әл-Хорезми. 780 ж ежелгі Хорезм елінің Хиуа қаласында дүниеге келіп, 850 ж Бағдатта қайтыс болған. Орта ғасырлық ұлы ғалым - математик, астроном, тарихшы, жағрапияшы.Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми - жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға. Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулерімен танымал болды. Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының орталығы болған Бағдад қаласындағы “Даналық үйінде” өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді.
Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей 8 ірі көлемді шығармалардың авторы болып саналады:
1. Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және амалдарының талдануына арналған;
2. Алгебра (Әл-жабр) және әл-муқабәләнің есептеулері туралы қысқаша кітап - Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға арналған;
3. Астрономиялық таблицалар (зидж) - Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған ;
4. Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын анықтап, картаға түсіруге бағытталған;
5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап;
6. Күн сағаттары туралы кітап;
7. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары туралы трактат;
8. Тарих кітабы - адамзат тарихына арналған туынды.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби.
Мен рефератымда Фарабидің ғылыми жетістіктерін баяндауда осы жоспарды басшылыққа аламын. Казіргі қолда бар мағлұматқа қарағанда ұлы бабамыздың ғылымға белгілі (зерттелген-зерттелмегенін қосканда) 70-ке тарта шығармасы бар көрінеді. Олардың толық немесе үзінді түрінде кезінде КСРО халықтары тілдеріне бірсыпырасы аударылған. Олар мыналар: «Ғылымдардың шығуы», «Ғылымдар энциклопедиясы немесе тізбегі», «Ізгі кала тұрғындарының көзқарастары туралы кітап», «Мәселелердің түпкі мазмұны», «Жұлдыз бойынша болжаулардың дұрысы мен терісі тура­лы», «Вакуум туралы» трактат, «Музыканың ұлы кітабы» (кіріспесі қазақтіліне аударылған), «Евклидтің бірінші және бесінші кітаптарына түсініктеме», «Философияны оқып-үйрену үшін алдын ала не білу қажеттігі жайлы», Порфирийдің «Философияға кіріспе» атты кітабына түсініктеме, «Химия өнерінің қажеттігі жайлы», «Птолемейдің «Алмагесіне» түсініктеме» және қосымша кітап, «Платон мен Аристотельдің көзқарастарының ортақтығы жайлы», «Философиялық сұраулар және оған жауаптар», «Бақытқа жету туралы», «Адам ағзалары жөнінде Аристотельге қарсы шығушы Галенді бекерге шығару трактаты», «Ақылдың мәні туралы», «Түсініктемелер», «Философияның дінге қатысы», ‘Әріптер туралы кітап», «Логикаға кіріспе трактат», » Геометриялық трактат» т.б.
ПАЙДАНАЛЫНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Караван жаңалықтары - https://kaz.caravan.kz/zhangalyqtar
2. kk.m.wikipedia.org.
3. А.Кобжов. Әл-Фараби, Алматы, 2015.
4. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар, Алматы, 20147
5.Әл-Фара6и. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 2013.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет