Европа тіліндегі деректер.
Түркі және қазақ деректері.
Орыс деректері.
Жалпы дәстүр мен мәдениет негізінде парсы тілді шығармалармен біріктірілген және негізінен Орта Азия мен Шығыс Түркістанда жазылған түркі тілді әдебиет ескерткіштері соңғы орта ғасырлар дәуіріндегі Қазақстан тарихы жөніндегі нарративтік деректемелер арасында маңызды орын алады. Оларда орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының қазақ халқы құрылуымен, Қазақ хандығының пайда болуымен және дамуымен, сондай-ақ ХV-ХVІІ ғ. б.қазақ қоғамы өмірінің көрінісін жаңғыртып, көрсетумен байланысты кезеңнің ерекше маңыздылығын баяндайтын едәуір мәліметтер бар.
Жалпы тарих бойынша «Зубдат әл- асар» («Маңызды жылнамалар») деген шығарманы басқа бір деректемелер бойынша Абдаллах Балхи (ХVғ. аяғы- ХVІ ғ. басы) ретінде белгілі Абдаллах бен Мұхаммед Шайбани біржола жаулап алғанға дейін Темір ұрпақтарына қызмет еткен. Құрастырма хорника болып табылатын шығармада мұсылман әулеттерінің тарихы баяндалады. Оқиғаларды суреттеу 1525 жылға дейін жеткізіледі. Еңбектің ХІV ғ.алғашқы ширегі үшін ғана түпнұсқа деректеме ретінде маңызы бар. Мұнда қазақтардың саяси тарихы мен олардың билеушілері жөнінде нақты материал бар. Мұхаммед Шайбани ханның 1510 ж. өзбектердің жеңілісімен аяқталған қазақстарға жорығы туралы айтылады.басқа деректермен қатар, Қасым ханның Түркістан мен Ташкентке жорығына байланысты мәліметтер де келтіреді.
Тарихшы, ақын, билеуші – Үндістанда Ұлы Моғолдар империясының негізін салушы Бабырдың (1483-1530) тарихнамада «Бабар-наме» («Бабыр жазулары») деген атпен белгілі болған еңбегі ора ғасырлардың тамаша тарихи-әдеби ескерткіштерінің бірі болып саналады.
Бабыр сол дәуірдегі көптеген оқиғалардың куәгері ғана емес, тікелей қатысушысы да болды. «Жазбалар» Орта Азия, Ауғанстан және Үндістан тарихы жөніндегі өте құнды деректеме болып табылады. Бұл кітапта сол замандағы ғұрыптың мейлінше толық көрінісі берілген.
Қазақстан тарихы үшін Бабырдың Жетісі моңғолдары, Шығыс Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр мемлекеті туралы, Мұхаммед Шайбанидің саяси іс-қимылдарына қатысу туралы, қазақтану институты,Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың тарихи географиясы, өзбектер сияқты, қазақтардың, қырғыздардың және Орта Азиядағы басқа да түркі тілдес халықтардың этникалық тарихы туралы мәліметтреі ерекше маңызды.
ХVІ ғ. «Шыңғыс- наме» деген құнды тарихи шығарма туды. Оның авторы-Елбарыс ханның (1512-1525) қызметінде болған ықпалды отбасынан шыққан Хиуа тарихшысы Өтеміс Қажы ибн Маулана Мұхаммед Дост.
«Шыңғыс-наме» мәліметтерінің орта ғасырларағы Қазақстан халқының саяси, этникалық, шаруашылық, әлеуметтік-мәдени өмірінің проблемаларын шешу үшін зор маңызы бар. Өтеміс қажының туындысы Шыңғыс хан мен оның ұрпақтары билік еткен уақытты және онда Алтын Орданың хандары туралы мәліметтер бар. ХІV ғ. Қазақстанды зерделеу үшін ғылыми ынта-ықылас туғызатыны күмәнсіз.
Қашқариядағы белгілі суфылық қайраткер Қожа Мұхаммед Шарифке арналған, авторы беймәлім агиографиялық шығарма «Тазкира- йи Ходжа Мухаммад Шариф» (Қожа Мұхаммед Шарифтің ғұмырнамасы) ХVІ ғ. ІІ жартысына жатады.оның бірінші бөлігі аңызға құрылған және суфылық ізгілік рухына толы, нақтылы тарихи мағлұмататршығарманың екінші бөлігінде айтылады, онда, атап айтқанда, Шағатай ұрпағы Абд ар-Рашид ханның ұлы Абд әл-Латифтің қырғыздарға шапқыншылығы туралы және кейіннен оның өлуі туралы мағлұмат бар. Осы оқиғаға қатысты мәлімететр айтылған басқа шығармалардан Абд әл- Латифтің қазақ хандарының басшылығымен ататнған қазақтар мен қырғыздардан қаза тапқаны мәлім.
Шайбани ханның ресми тарихының авторы ақын әрі ғалым Мұхаммед Салих болып табылады. Оның «Шайбани - наме» ретінде белгілі шығармасында Шайбани ханның
туғанынан бастап, оның көшпелі өзбектермен бірге Мауеренахр мен Хорезмді жаулап алуына (1500-1059 жж.) дейін Қазақастан (Шығыс Дешті Қыпшақ) мен Мәуеренахр аумағында болған саяси оқиғалар, атап айтқанда, Шайбани ханның Керей және Жәнібекпен, Бұрындық ханмен және Қасыммен өзара қатынастары, Сыр бойының қалалары үшін күресі баяндалады.
«Таврих-и гузида-йи нусрат наме» («Жеңістер кітабының таңдамалы тарихы») деген тарихи еңбектің авторы қазіргі шығыстанушы –медиевистердің есептеуінше, Шайбани ханның өзі болуы мүмкін.
Қазақтың жалайыр тайпасының өкілі Қадырәли бек (Қадырғали, 1530-1630 жж.) бізге дейін жеткен, шартты түрде «Жамиғ-ат Таварих» («Жылнамалар жинағы») деген тұңғыш траихи еңбекті жазды. Бұл шығарма ауызша тарихиаңыздар мен Рашид ад-Диннің тарихи жинағы (ХІV ғ) негізінде жазылған. Кітаптың қазақ хандары тарихын көп жағынан айқындайтын екінші бөлігінің дербес және өте құнды маңызы бар. ХV –ХVІ ғғ. Қазақ хандығы туралы деректер едәуір ынта-ықылас туғызады, олар қазақ қоғамында ауызша тарихнамалық дәстүр, генеалогияларға және саяси тарих мәселелеріне нақты мүдделік бар екенін көрсететін сенімді жергілікті деректемелерге негізделген.
Екінші тарихи шығарма: «Шаджара-йи тюрк» («Түріктердің генеалогиясы») пен
«Шаджара- йи тракима» («Түрікмен шежіресі») белгілі хан Әбілғазының (1603-1604 жж.) қаламынан шыққан. ынта-ықылас туғызады.
«Түріктердің генеалогиясы» Орталық Азия аймағының көптеген өңірлерінің саяси, әлеуметтік-экономикалық тарихы, этнографиясы мен тарихы, қазақстан мен Орта Азиядағы, Маңғыт Ордасындағы Шайбанилер әулеті туралы мәліметтер назар аударуға лайық. Моғол ұлыстарының тарихы жөнінде , Көшім хандығы, тоғыз заттан тұратын сый тарту ғұрпы және оның мәні т.т. туралы құнды анықтамалық материал бар. Басқа бір шығарма- «Түрікмен шежіресі» маңызды тарихи деректеме ғана емес, сонымен қатар көпшіліг орта ғасырлар дәіріндегі түрік дүниесіне тән көптеген халық әңгімелері, аңыздары этнонимдердің халықтық этимологиясы, әдет-ғұрыптар, мақалдар мен мәтелдер шеберлікпен баяндалатын елеулі әдеби ескерткіш болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |