Түркі тілдерінін салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеу
XVIII-ХІХғ.ғ. Европа, Ресей ғалымдарының зерттеулері
Салыстырмалы-тарихи фонетика
Салыстырмалы-тарихи грамматика
Салыстырмалы-тарихи лексика
Қазақ тілі гармматикалық қүрылысы мен дыбыстық жүйесінің азды-көпті болса да жүйелі түрде зерттеле бастауы XIX ғасырдан, әсіресе, оның екінші жартысынан басталады. Бүл саладағы түңғыш туынды леп Н.И.Ильминскийдің 1860-186 Іж.ж.Қазанда жарық көрген «Материалы к изучению киргизкого наречия» атты еңбегін атаған жөн.
1) Николай Иванович Ильминский(1822-1892) орыс Шығыс зерттеушісі, түрколог, арабист, миссионер, бүкіл өмірі халық ағарту майданында откен. Қазан қаласындағы діни академиясын (1842-1846)бітіріп, сондағы университеттің профессоры болып істеген. Біраз жыл Орынбор шекара комиссиясында кіші аудармашы болып істей жүріп, татар, башқүрт, чуваш, мордва, қазақ халықтары арасында хрестиан дінін тарату, мектептерде сол дінді оқыту істерімен шүғылданған. Н.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргизкого наречия» 1860-61 ж.ж.Қазан унгиверситетінің ғылыми жазбаларында Жарияланды. Еңбек кіріспеден, дыбыс саласы, грамматика саласы, сөздік деп аталатын 3 бөлімге бөлінген. Кіріспеде қазақ тілі татар тіліне жақын, оның жазбаларының барлығында да татарға еліктеу күшті, ал сөйлеу тілі, фольклор туындыларының тілі көркем, түркі тілдері ішінде ең таза, образды тіл деп көрсетеді.
Т.Қордабаев: «Ильминскийдің бүл сөздігін қазақша-орысша сөздіктердің алғашқы қарлығашы деген жөн» деген болатын. 1875жылы Петербургте орыс армиясының майоры Михаил Терентьев жазған «Грамматика турецкая, персидская, киргизская и узбекская» деген еңбек жарияланды. Осындағы «қырғыз» деген атпен жазылған грамматика -қазақ тілінікі. Автор грамматиканың сипаттауын Ильминскийдің «Материалына» сүйеніп жазғанын айтады. Сипаттау тек морфологияға ғана арналған. «Оқу ережесі» деген кіріспесінде түрік-татар тілдерінен қазақ тілінің дыбыстық өзгешеліктері айтылды. Қазақ тіл білімінің жақа беті Петербург университетінің профессоры, орыс Шығыс зерттеушісі, кернекті түрколог Платон Михайлович Мелиорнаскийдің(1868-1906) «Краткая грамматика казахско-киргизского языка» деген еңбегімен ашылады. Екі кітап болып басылған бүл еңбектің фонетика мен морфологияға арналған.1 бөлімі 1894ж, синтаксиске арналған бөлімі 1897 ж Петербургте басылып шығарылады. Фонетика және грамматика деп аталатын 1-нші кітабы кіріспеден, 6 тараудан күралған. Кіріспесінде қазак тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза, ең бай тіл, диалектілерге белінбейтін біртүтас тіл дейді. 1897 жылы В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка, фонетика, этимология и синтаксис» деп аталатын еңбегі жарияланды. Осы еңбек 1906 жылы қайта басылды. Фонетика деп аталатын 1-нші бөлімде қазақ тіліндегі дыбыстарды таңбалауға араб графикасынан гөрі орыс графикасының анағүрлым қолайлы екендігі, қазақ тілі дыбыстарының бір-бірімен байланысуындағы заңдылықтары, сөйлеу процесінлегі қүбылыстары дегендерге тоқталады. Сонымен қатар, этимология, синтаксис салалары туралы айтылады. Қазан төңкерісіне дейін орыс тілінде' жарық көрген еңбек авторларына байланысты есте үстауды қажет ететін бір жағдай - олардың ешқайсысының да қазақ тілін сөйлеу тілі ретінде қолданбайтыны, практикалық түрғыда білмегендіктері. Сондықтан олар қазақ тілі мәселелерін сез еткенде, өздеріне белгілі, өздерінің ана тілі болып есептелетін орыс тілі үлгісіне сүйенді, соған негіздеп, қазақ тілі туралы топшылаулар жасады.
Достарыңызбен бөлісу: |