Түркістан облысы Ордабасы ауданы М. Исламқұлов атындағы жалпы орта мектебінің география пәні мұғалімі Бүгінгі сабақта


Антропогендік факторларды азайту жолы



бет2/3
Дата21.11.2022
өлшемі5.14 Mb.
#465320
түріСабақ
1   2   3
1612498036 (1)

Антропогендік факторларды азайту жолы

Жауабы:


Озоносфераның бұзылуы

Қышқыл жаңбырлар

Әлемдік мұхит проблемалары

Жылу эффктісі

Туындайтын мәселенің себептері

Озон қабаты үшін ең қауіпті заттар - үй тұрмысы мен өнеркәсіпте пайдаланатын мұздатқыштар мен аэрозольді баллондарда пайдаланатын фреондар. Ол адам денсаулығы мен қоршаған ортаға өте зиян.

Қышқыл жаңбырлардан қылқан жапырақты ормандар қатты зардап шегеді. Қышқыл жаңбырлар топырақ қышқылдығын тудырады.

Мұхит суына мұнайдың төгілуінен және басқа да улы заттардың әсерінен, мұхиттың флорасы мен фаунасы улануда.

Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне алып келеді.

Антропогендік факторларды азайту жолы

Озон қабатын сақтау үшін халықаралық келісімдер қажет. 1987 ж. Монреаль хаттамасында фреондарды өндіру және пайдалануды бақылау жайында 70 мемлекет арасында келісім жасалды. Озон қабатына қауіпті фреондарды өндіру 2010 жылға дейін тоқтатылуы керек болатын

Ол үшін жылу электр орталықтары мұржалары болуы керек, одан басқа жолы - отынды пайдаланбас бұрын құрамындағы күкіртті отынды бөліп алу қажет.

Әлемдік мұхитты қорғауға арналған бірнеше құжаттар қабылданды. Лондонда жоғары және орташа деңгейдегі радиациялар қалдықтарымен теңіздерді ластауды тоқтату бойынша Конвенцияға қол қойылды

Әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды.

2- тапсырма: Терминдермен жұмыс, географиялық диктантты орындаңдар:
1.Кен байлықтарын ашық кен өндіру әдісімен алу кезінде пайда болатын тау-кен қазбаларынан бос қалған жер ............... деп аталады.
2.................- шахта немесе жер бетіндегі тау жыныстарының конус тәріздес үйіндісі.
3.Табиғи кешендеріне адамның әр түрлі әркетінің әсерінен туындайтын факторлар- ........................
4.....................-күкірт диоксидінің және азот оксидтерінің атмосферада болуының нәтижесі. Күкірт диоксиді ауаға құрамында күкірті бар қазба отын түрлерін жағу барысында таралады.
5..............................- әлемдік мұхиттың зиянды және улы заттармен, мұнай өнімдерімен, радиоактивті заттармен ластануы.
6.........................-ғарыштың жылулық сәулеленуі атмосферадағы жылу газдары тарапынан сіңіріліп, жан-жаққа қайта сәулелнуге алып келетін процесті сипаттайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет