Келесі эпидемиологиялық белгілердің кем дегенде бірінің болуы: Жануарлардың сырқаттанушылығының жеке жағдайларымен жене/немесе белгілі бұрқетемен эпидемиологиялық байланыстың болуы; Тұрмыстық немесе өндірістік ошақтардағы тұрғындар арасында дәләлденген пастереллез оқиғасымен байланыстың болуы; ТГАР оң нәтижесі анықталуы. - Болжамалы және ықтимал оқиғалардағыдай сырқаттылық
ЖӘНЕ - Науқастан және/немесе ауырған адам, тағам өнімдері сынамаларынан пастерелла дақылын бөліп алу;
- 1:100 және жоғары титрлі ТГАР оң нәтижелері.
* Биоматериалды бактериологиялық зерттеудің нәтижесі, жедел пастереллездің болуын жоққа шығармайды. **Бұр серологиялық реакциялардың нәтижелерінің ақпаратталыға төмен. Пастереллез ошағын эпидемиологиялық тексеру және эпизоотияға, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру алгоритмі
Мақсат
Пастереллез оқиғасының пайда болу себептері мен жағдайын анықтау, пайда болған эпизоотиялық ошақта кешенді медициналық-санитарлық және ветеринарлық-санитарлық шараларды ұйымдастыру арқылы оны тежеу немесе жою.
Кезеңдер және шаралар
- Эпидемияға қарсы шаралар
- Сырқаттанғандар клиникалық көрсеткіштері бойынша ауруханаға жатқызылуы керек.
- Науқастармен қатынаста болғандарға жекешелеу жүргізілмейді, ошаққа карантин қойылмайды.
- Ошаққа эпидемиологиялық тексеруді дәрігіер-эпидемиолог ветеринарлық қызметтің мамандарымен бірлесіп жүргізеді.
- Инфекция көзі, берілу жолдары мен факторлары науқастармен және күдікті жануарлардан алынған материалдарды (қан,жүлын сұйығы,жара бөліндісі, папула, сорындылар) зертханалық зерттеу арқылы анықталады.
- Ошақта пастереллезге күдікті адамдарға зертханалық және клиникалық тексеру жүргізіледі.
- Науқастың кәсіптік қатынасын анықтау.
- Дератизациялық және дезинфекциялық шараларды жүргізу.
- Эпизоотияға қарсы шаралар
- Пастереллез ауруымен ауыратын және пастереллезге күдікті үй жануарын анықтау, оқшаулау және оларды емдеу.
- Ауру жануарлармен бірге болған басқа барлық жануарларға иммунизация жасау.
- Қораларды және аймақты тазалау мен дезинфекция жүргізу.
- Ветеринарлық-санитарлық қадағалау жүргізу.
Достарыңызбен бөлісу: |