Түркістан облысының Тжкб ұйымдары арасында «Токарлық іс және металл өңдеу» саласы бойынша



бет1/2
Дата22.09.2022
өлшемі34.49 Kb.
#461158
  1   2
Токарлық іс құзыреттілігі жоспар 2022-2023


БЕКІТЕМІН
Түркістан облысы
адами әлеуетті дамыту
басқармасының басшысы
______________ Д.Болатханұлы
« » ______ 2022 жыл


Түркістан облысының ТжКБ ұйымдары арасында
«Токарлық іс және металл өңдеу» саласы бойынша
«Сандық бағдарламамен басқарылатын токарлық жұмыстар» құзыреттілік орталығының
2022-2023 оқу жылына арналған
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
«Токарлық іс және металл өңдеу» саласы бойынша «СББ токарлық жұмыстар» құзыреттілігінің:


Мақсаты:
- WorldSkills чемпионатына қатысуға аймақтық бәсекеге қабілетті командалар мен ұлттық құрамаға кандидаттардың дайындық инфрақұрылымын қалыптастыру;
- Білім беру ұйымдарындағы оқытушылар мен өндірістік оқу шеберлері арасында сарапшылар қауымдастығын қалыптастыру және облыстың кәсіпорын өкілдерін WorldSkills талаптарына сәйкес оқыту;
- Облыстың кәсіби білім беру жүйесін WorldSkills стандарты деңгейінде және жұмыс берушілердің талаптары бойынша дамытуда инновациялық шарттарды жүзеге асыру;
- «Токарлық іс және металл өңдеу» мамандығы бойынша WorldSkills деңгейіне сәйкес мамандар мен кәсіби мамандарды анықтау мен дайындауда кәсіби мамандар мен сарапшылардың өзара әрекеттесу аумағында дамуына көмектесу.


Міндеттері:
Қатысушыларды дайындау:
- «СББ токарлық жұмыстар» құзыреттілігі бойынша WorldSkills және WorldSkills International чемпионаттарына қатысуға бәсекеге қабілетті аймақтық командалар мен қатысушыларды дайындау;
- Облыстың құрама және WorldSkills ұлттық командаларына резервті, кандидаттарды дайындауды қамтамасыз ету;
- Кәсіби бағдар мен сүйемелдеу, кәсіби өзін-өзі анықтау шеңберінде қызмет көрсету;
- WorldSkills халықаралық стандарттарына бағытталған кәсіби кадрларды даярлау, WorldSkills-қа дайындық іс-шараларын және т.б. өткізу;
- «СББ токарлық жұмыстар» құзыреттігі бойынша WorldSkills және WorldSkills International чемпионаттарына қатысушыларды дайындауда материалдық-техникалық базаны тиімді пайдалану және модернизациялау;
- «СББ токарлық жұмыстар» құзыреттігі бойынша WorldSkills стандарттарына сәйкес кәсіби мамандарды дайындауда әдістемелік базаны құру;
- облыс төңірегінде жұмысшы мамандықтардың мәртебесін көтеру.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет