Түрлі денелердің ұзындықтарын өлшеу


Біртекті дененің тығыздығы оның массасының көлеміне қатынасы арқылы табылады



бет7/9
Дата12.04.2024
өлшемі4.72 Mb.
#498465
1   2   3   4   5   6   7   8   9
мфет 41 экс

Біртекті дененің тығыздығы оның массасының көлеміне қатынасы арқылы табылады.
Сонымен тығыздықты анықтау үшін дененің көлемі мен массасын өлшеу керек.
Дұрыс пішінді геометриялық денелердің көлемін өлшеу — дененің сызықтық өлшемдерін ұзындығын, ені мен биіктігін өлшеу арқылы жүзеге асады.
Дұрыс геометриялық емес дененің сызықтық өлшемдерінен көлемді табу мүмкін емес. Бұл жағдайда Архимед заңына сүйеніп, гидростатикалық өлшеу әдісі қолданылады.
Көлем бірлігіндегі заттың тығыздығына тең физикалық шама заттың тығыздығы деп аталады.

p – заттың тығыздығы (ро)
m - заттың массасы
V - заттың көлемі
 
 1м3 көлемдегі массасы 1 кг болатын заттың тығыздығы.
Егер заттың тығыздығы мен көлемі белгілі болса, онда заттың массасын қалай анықтауға болады.
m = p*V
Егер заттың тығыздығы мен массасы белгілі болса, ол кезде заттың көлемін қалай анықтауға болады?

Жұмыс барысы:
1.Мензуркаға су толтырыңыз;
2.Суды үлкен цилиндр тәрізді ыдысқа,су ағып кетпейтіндей етіп құйыңыз;
3.Алдымен алюминді денені суға батырып,аққан судың көлемін кестеге жазып алыңыз.
4.Ыдысқа суды қайта толтырып,50 грам жүктер үшін жұмысты қайталаңыз.
5.Алынған нәтидъжелер арқылы қорытынды жасаңыз.
Қорытынды.
Мензурканы пайдалану арқылы сұйықтардың,кішігірім денелердің,дұрыс емес денелердің көлемін анықтай аламыз.Ол үшін мензуркаға дене толық бататындай етіп су құюы арқылы,судың деңгейін анықтап аламыз. Осылайша мензуркаға денені толық батыра отырып судың деңгейін аламыз. Осы алған екі өлшем бізде дененің көлемін береді.

Тақырыбы:Масса центрі


Жұмыстың мақсаты: Масса центрін тәжірибе жүзінде анықтау
Қ ажетті құрал - жабдықтар:

    1. штаттив негізі.

    1. штатив негізі 50см

3.50 грамдық жүктер жиыны
4.арнайы қырқылған картон
5.қайшы.
6.жіп,қалам.
Ж ұмыс барысы.

  1. Алдымен суреттегідей етіп құрылғын орнатыңыз.

  2. Картонды үш жерінен тесіп штативке жүкті іліп,орналастырыңыз.

  3. Картонның үш жаағынан жүкті іліп,тәжірибені қайталаңыз.

  4. Алынған нәтижелер арқылы қортынды жасаңыз.

Қысқаша теориялық түсінік:
Массалар центріауырлық центрі - дене қимылын немесе бөлшектердiң жүйесін сипаттайтын геометриялық нүкте; қатты дененің кеңістіктегі кез келген жағдайында оның бөлшегіне әсер ететін барлық ауырлық күштерінің қорытқы күші өтетін қатты денемен өзгеріссіз байланысты нүкте. Яғни дене бойындағы бір нүкте өзін оған тек қана сыртқы күштер әсер ететіндей қозғалады және оның орналасуы дене массасының дене бойымен таралуына байланысты болады.
Қатты дененің массалар центрі массасы дене массасына тең материалдық нүктенің қоғғалысымен сәйкес келеді.
Масса центрінің белгісі мынада: егер денені осы нүктеге бекітіп іліп қойса, ол тыныштықта қалады, яғни тербелмейді немесе осы центрге қатысты айналмайды. Қарапайым жағдайда, егер тығыздығы біркелкі симметриялы дене туралы айтатын болсақ, масса центрі қарастырылып отырған дененің симметрия осьтерінің қиылысында болады.
Қорытынды.
Бұл жұмыста тіреу нүктесі немесе бекітілген айналу осі бар денелердің орнықтылығын яғни масса центірін анықтадықі.Эксперимент кезінде «орнықтылық»деген термин мағынасын түсініп, оснымен қатар. денеге әсер етуші күштердің қосындысы және күш моменттерінің қосындысы нольге тең болса, дене тепе-теңдікте болатынын дәлелдедік.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет