Түрме блокнотынан аудармалар 10/ІҮ-26 жыл. Пішпек



Дата25.02.2016
өлшемі244.57 Kb.
#20432
Түрме блокнотынан аудармалар

10/ІҮ-26 жыл. Пішпек.

«Қазақ ұлт театры басшысы жолдаш Әділұлына жолдастық хат.

Біздің қырғыз облысында ұлт театры деген мәселе жаңа қозғалып тұрың. Ошу жаз айында курмакшымыз. Сіздерден бұл мәселенің орындалып жатқанына бірнеше жыл болды. Ошундуктан бул ішпе сіздерден ағайыншылық тардамын күтеміз. Әлбетте біздің ағайыншылық, жолдаштык сураобузға дездеп журіп жәрдам берешіз деп сенеміз.



  1. Туппаңыздың жобасы (положение)

  2. Қазақша жасатқан декорацияларыңыздың формасы (описание), киіз қазақ үйінің жасалмасы

  3. Осы күнге шейін іштеген театр іштеріңіздің есебін (отчет) бір формасы (копия)

Мына, жоғарғы сұруубозға, ағайыншылық, жолдаштық ретінде тезірек жауап қайтаруыңызды күтебуз.

Ағайыншылық, жолдоштық өтінішпен –



  1. Ағарту-саяси бөлімнің басқарушысы Үркіншіұлы

  2. Білім комиссиясы төрағасы - Тыныстанұлы»


***

7 том 2 бет Ахмет Байтұрсынов өз хаты


Смағұл баурым!

Менің өзім утопист емеспін. Сондықтан сенің мартттағы болатын партия сиязыңа (...) кел дегеніңе бара алмаймын. Әңгімеге тойғанмын. Тағы да қайтадан бастап құр ауыз ауыртуға көңілім шаппайды. Басқа оқу деген ақылың көңіліме қонады. Мұхтар аман шығар. Басқалар да аман. Әбдірашқа сәлем.

Бауырың Ахмет.

12.1.1929 ж.

Қайдан жолдап отыр? Сыртына Смағұл М.

«Мен бармай тамақ алып қойма. Бүгін мейрам болғандықтан обед алады» Смағұл – деп жазыпты. Айт қай күні екенін?


***
Дәл мындай хатты сарғыш открыткаға жазылған хат 240 бет, 7 том.
«Бауырым Дінше. 25.02.26 ж.»

Смағұлға жолықтым. Ол мектеп басшыларымен сөйлесті. Олар кіндік рұқсатынсыз босата алмаймыз депті. Ең үлкен бастығы орынбасар берсеңдер босатамыз депті. Соныен Смағұл УВУЗ-ға (Мәскеудегі) жолықпақ болып кетті. Қайтсем де баратын шығармын. Тек ресми жағы бөгет болып тұр. Пушкиннің екі пьесасын аударып, Мадиярға жібергем. Сыннан тезірек өткізуге қам қыларсың. Бара қалсам артистерге, өзіме жетекші болғандай театр әдебиетін ала қайтуға Смағұлға тапсырып жібердім. Ойындарың тәуірлеп келеді дегенге қуанамын. Қазақтың тұңғыш өнерпаздарына (артистерге) менен түгел сәлем айт. (осы хатты оқып бер)


Жүсіпбек

Сыртына 1.03.26. жауап қайтардым. – Дінше –

28.02.26ж. алынды делінген.
***

7 том. 2 фота сурет бар. Өте құпия.


Алушы: Москва, Воздвиженка, Жіберуші: Қызылорда С. Киловскийй п. 4, 15 пәтер 10/ІV – 28 ж.

Ә. Бөкейхановқа


Әлеке!
Сіздің «Жаңа мектепке» жіберген 27 мақалаңызды Мадиярдың қолынан алдым. Нағында 33 мақала екен. «Жарасын алдырған апа» № 5 санға салынды. «Семенның әкесі» № 6 санға барады. Сондай-ақ «Ақылсыз қасқыр да» (Жаңа мектептің «Балаларға базарлық атты» № 6 қосымшасында.) сонда берілді. Қалғандары да бірте-бірте осылай жариялана бермек. Бір-екі мақаланы Мадиярға қайтардым. Сіз шамасы «Жарасын алдырған апаны» көрген жоқсыз-ау деймін. (Өйтккен «Жаңа мектепті» жаздырып алмайсыз ғой). Сізге тиесілі төмендегі соманы «орамал ретінде» (қаламақы – Т.Ж.) «Жаңа мектептің» кезекті санымен қосып жіберіп отырмын. Жарияланған мақалаларыңызға тиісті қаламақыны алу үшін «қағаз жіберіңіз». Онсыз мында босатпайды.

«Жаңа мектепте» «сырлы әдебиет» бөлімі ашылды. Соған да арнап мақала жіберіңіз. Бірден «басқарманың атына» жолдаңыз.

Енді алдағы уақытта «Жаңа мектепке» қандай мақалалар керек екеніне тоқталайын «Жаңа мектептің» әр санында «өлкетану» деген айдармен менің немесе басқа біреудің мақаласы тұрақты түрде беріліп тұрады. Оған ешқандай редакциялық түсіндірме жасалмайды. Сондықтан да редакция біздің пікірімізбен санасады ғой деп ойлаймын. «Жаңа мектеп» мұғалімдердің сұранысын қанағаттандырады деп үміттенеміз. Бір сөзбен айтқанда «Жаңа мектеп»журналы мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне ем ретінде қонады деп үміттенеміз. Бұған «Жаңа мектептің» таралымының өсуі мен әр жерден келіп жатқан хаттар көз жеткізеді. Қаражатты тапшы газет-журнал оқып үйренбеген арнайы маманданған баслымға үйренбеген мұғалімдердің сұранысы күшейіп, ақшаларын жіберіп жатыр. Бұрын 50 адам ғана жаздырып алушы еді, қазір олардың саны 800-ден асты. Арнайы ұйымдастырушы ұстамаймыз, бірақта кейінгі екі жарым айдың ішінде (№ 3 санынан бастап) жазылушылардың саны 1000-ға жетті. Оқу-ағарту коммисариаты «Жаңа мектепті» үлгі ретінде ұстанып отыр. Осыған қарағанда «Жаңа мектеп» дер кезінде ашылған сияқты. Содықтан да олардың пікіріне қосылмау мүмкін емес. Оқырмандар мен (мұғалімдермен) талап етушілердің тілегі бойынша әдебиет бөліміндегі материалдарға берілетін түсініктермен келісу керек шығар.

«Сын бөліміндегі» материалдар жеткіліксіз. Бұған сіздің араласуыңыз керек деп есептейміз. Сіздің келіспейтініңізді білсем де (әрине бұл менің өз күдігім) «табиғиттану бөліміне» жазып тұрыңыз. Жер, ауа райы, топырақ, су, құм, өсімдік, геология, қазақстан тарихы туралы жазыңыз. Осының өзін ғылым деп есептеймін. Көп адам бізге қатыспаса да, кеңес бермесе де мұғалімдер бұл туралы жазып тұрады. Тым болмаса 1908 жылы қазақ жері туралы Сібір журналдарына шыққан мақалаларыңыздың қазақ тіліне аударып жіберіңіз.

Желкен 13/V – 26 ж.»

7 том 189 бет.

Желкен деген кім? Осы томның 168 бетінде Ахмет Байтұрсыновтың «Әлди-әлди» өлеңінің қолжазбасы бар.

***
7 том 301 бет.


ОГПУ-дің прокурорынан.

ОГПУ-дің СЛАК лагерінің тұтқыны Дулатов Міржақып Дулатұлынан алдын-ала тергеу кезіндегі мерзімді есептеу туралы өтініш.

ОГПУ коллегиясының (Үштіктің) қаулысы бойынша мен ҚК-нің 58-ші бабының 2,4,10,11 тармақтары бойынша 10 жылға коцлагерьге жіберілген едім. Кесім уақыты 16/VІІ – 29 жылдан бастап есептелді. Осыған байланысты өтінішім мынау: мен бұл іс бойынша 29/ ХІІ – 28 ж. тұтқынға алындым. Сол уақыттан бастап Алматы мен Бутрканың түрмесінде тергеу астында болдым. Сондықтан да ҚІК кодексінің 29-шы бабына және ҚІК-нің 343-ші бабына сәйкес маған алдын-ала жүргізілген тергеудің уақытын яғни менің жаза өтеу мерзімімді 29/ ХІІ – 28 жылдан бастап есептеуіңізді өтінемін.

М. Дулатов

29 сәуір, 1931 жыл

***
ССР Халық коммисарлар кеңесінің жанындағы біріккен мемлекеттік саяси басқармасы. Соловецк және Карел-Мурманск еңбек түзету лагерінің басқармасы. Тұтқындарды бөлу бөлімі. 15 маусым, 1931 ж.

ОЦР ОППУ-ға Москва СЛАК-тің бірінші бөліміне. Көшірмесін Міржақып Дулатовқа тапсыру үшін.

Міржақып Дулатовтың кесімді уақытын сотқа дейінгі алдын-ала тергеу кезіндегі 29/ ХІІ – 28 - ден бастап 15/VІІ - 29 дейінгі аралықты есептеу туралы өтінішін жолдап отырмыз. КОГПУ-дің 13/І – 1931 жылғы қаулысымен КК-нің 58 бабының 2,4,10,11 тармақтыры бойынша 10 жылға (ату жазасының орынына ауыстырылған) сотталған.

Басқарама бастығының орынбасары - қолы».
Демек 1885 жылы туған Міржақып Дулатов 46 жасында, 1931 жылы 13 қаңтар күні ату жазасына бұйырылған.
***

Анықтама ОГПУ-дің орталық тіркеу бөлімі:

Дулатов Міржақып Дулатұлы 1885 жылы Қазақ АССР-нің Қостанай округінің Наурызым ауданында туған. Сот коллегияссының 4/ІV – 30 г. қаулысы бойынша 58-ші баптың 2,4,10,11 тармақтары бойынша айып тағып жоғары жазаға (атуға-Т.Ж.) кесілген. Дүние-мүлкі тәлкіленуге жатқызылды. Еңбек ақысы № 26 параграф бойынша есептеледі. Коллегияның 8/V – 31 жылғы қаулысымен коллегияның бұрынғы 4/ІV – 30 ж. қаулысы 26/І күні жоққа шығарылды. 13/І-31 күнгі соттың шешімі бойынша ату жазасы тұтқындалған күннен бастап есептелетін 10 жылдық концлагермен ауыстырылды. Дүние-мүлкі тәркіленген, үй-іші жіберілген жоқ...».

Ату жазасына кесілгендердің барлығына да дәл осындай анықтама берілген. Тек аты-жөндері мен кесілген үкімдері ғана өзге.


***

21/ХІ-29 ж.

ОГПУ-дің комендантына қызмет бабындағы хат.

№ 14-ші үйдегі түрмеде жатқан Міржақып Дулатовты Бутрка түрмесіндегі Байтұрсынов, Аймауытов, Болғанбаев, Испулов, Бірімжанов, Жұмабаев, Юсупов, Байтасов, Омаров, Жәлелов жатқан камераға ауыстыруды өтінеміз.

Дулатовты Бутрка түрмесіне ауыстыру бүгін жүргізілсін.

ОГПУ-дің шығыс бөлімінің бастығы Дьяков».

Мұның алдында Міржақып Дулатов өзін Қазақстаннан келген тұтқындардың қасына ауыстыруды өтінген. Бұл ажал алдында тұрғанын сезіп аяулы азаматтармен соңғы рет бақұлдасып қалуды ойластырған амалы болса керек. Ал тергеушілердің мақсаты оларды бір бөлмеге жиып, арасына тыңшы қосып, айтқан сөздерін хатқа түсіріп алуды көздесе керек. Бұған тұтқындардың арасына Қалам, Дальше... сияқты салпаңқұлақтарды жіберу туралы өзара жазысқан қатынастары дәлел.
***

7 томның 372 бетінен бастап Аймауытовтың хаттары тіркелген және суреті бар. Сурет тура және қырынан түсірілген. Шашы қысқа. көзін қысыңқырап түскен. Мұртты. Кеудесінде ақ шүберекте № 2870 деген сан жазылған.

7 том 375 бет.

Бутурка түрмесінің комендатына № 63 камерадағы тұтқын Жүсіпбек Аймауытовтан өтініш. Әйелімнен телеграмма алуыма байланысты оған төмендегі мазмұнда жауап беруге рұқсат етуіңізді өтінемін: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Бәрін тапсырып алдым. Аманмын. Бутрка түрмесіндемін. Аймауытов. Жауап хатқа төленген түбіртекті ұсынып отырмын. Телеграмманы алғаны туралы түбіртекті маған беруіңізді өтінемін.

Аймауытов

21/ІХ – 29ж.».

7 том 373 бет. 17/VІІ – 29 ж. № 1675 Бутрка түрмесінің бастығына. Төмендегі 8 тұтқын айдауылмен жіберіліп отыр.

1. Ташекенов Қаби Кентаевич

2. Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынович

3. Дулатов Міржақып Дулатович

4. Аймауытов Жүсіпбек Аймауытович

5. Исполов Мырзағазы Исполович

6. Бірімжанов Ғазымбек Қорғанбекович

7. Болғамбаев Хайреддин Әбдірахманович

8. Ғаббасов Халел Ахметжанович

Айдауылмен апарылсын және бір-бірінен оңаша ұсталсын.

ОГПУ- дің әскери бөлімі».
***

ОГПУ - дің әскери бөлімі 7 том 379 бет

Бутрка түрмесінде Міржақып Дулатовпен бір камерада жатқан төмендегі ьтұтқындарды: Байтұрсынов Ахметті, Аймауытов Жүсіпбекті, Исполов Мырзағазыны, Болғамбаев Хайреддинді, Бірімжанов Ғазымбекті, Жұмабаев Мағжанды, Юсупов Ахметсапаны, Байтасов Абдулланы, Омаров Елдесті, Жәлелов Кәрімді, Міржақып Дулатов № 14 үйге ауыстырылғаннан кейін оларды Ғаббасов Халелге және № 54 камерада жатқан Қазақстаннан келген 33 адамға (Әділов және басқалар ) жолықпайтындай етіп әр камераға бөліп-бөліп орыналастыруды өтінемін.

ОГПУдің әскери бөлімі – қолы»


7 том 382 бет.

Бутрка түрмесінің комендантына Бутрка түрмесінің тұтқыны, 14 дәліздегі № 63 камерасындағы Аймауытов Жүсіпбектен өтініш.

Көптен бері үй-ішімнен хабар болмағандықтан да өз есебімнен төмендегі мазмұндағы телеграмманы жолдауға рұқсат беруіңізді өтінемін: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Амандықтарыңды хабарлаңдар. Шолақ тон жіберіңдер. Адресім бұрынғысынша.

Аймауытов. 3/ХІІ-29ж.»

Өтініштің бас жағына: «Қарсы емеспін 8/ХІІ-29ж.» деп қол қойылған. Яғни бес күннен кейін барып қана жеделхат жолдауға пұрсат берілген.

***


7 том 384 бет. Бутрка түрмесінің комендантына Бутрка түрмесінің тұтқыны, 14 дәліздегі № 63 камерасындағы Аймауытов Жүсіпбектен өтініш.

Маған әйелімнің жолдаған жеделхатына жауап ретінде почта телегррафы арқылы төмендегі мазмұндағы жауапты ақсыз түбіртек арқылы жорлдауыма рұқсат беруіңізді сұраймын: Шымкент, Пушкин 5, Аймауытоваға. Аманмын. Шолақ тонмен бірге бас киімді де алдым.

Аймауытов. 28/І-30ж.»

Осы өтініштің шекесіне: «Қарсымын басқарма көмекшісі Павлов 2/ІІ-30ж.» деп қол қойған.


***

7 том 389 бет.

ПП ОГПУ-дің КССР бойынша өкілдігі. Алматы қаласы. № 6
ОГПУ-дің Сырдария округтік бөлімшессі мынаны хабарлайды: ПП ОГПУ-дің орынбасары Алшанскийдің өкіміне сәйкес тұтқындалған:


  1. Кеншімов Мәдібек

  2. Исатаев Сапалай

  3. Иманов Жантөре - 17/ V-30 күні Арал теңізі арқылы екі күзетшімен ОГПУ-дің Қызылордадағы бастығының қарауына жіберілді.

20/V күні алынған ПП ОГПУ-дің Кеншімов Мәдібекті ату туралы қаулысына орай округтік бөлімшенің атына: тұтқындар тиісті жерге жеткен соң үкімді орындау туралоы шифрлы телеграмма жіберілді. Округтік бөлімшеге белгісіз себептермен тұтқындар айдауылмен қоса 23/V-30жылы Шымкентке қайтарылып жіберілді. Қайтар жолда, Салатөбе станциясы мен № 167 разедің арасында Сарытоғай станциясына жетпей 25/V күні түнгі сағат 11-де, айдауылдардың айтуынша тұтқындар зулап келе жатқан поезддің вагонынан секіріп кеткен. Айдауылдардың шұғыл шара қолдануымен Иманов пен Исатаев қолға түскен. Қатты жараланған жарақаттан Исатаев 25/V-30ж. сағат 14-те өлді. Ал Иманов Жантөре округтік бөлімшеге жеткізіліп, сіздің өкіміңізге орай үкім жүзеге асырылды. (атылды – Т.Ж.). Кеншімов Мәдібекті іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

(Бурдаков, тіркеуші Жемчужинов)


7 том. 394 бет.

«Акт. 10 ақпан 1931 жыл. Шымкент қаласы»

Біз, төменде қол қоюшылар ОГПУ-дің Шымкенттегі оперативтік секторының қызметкерлері - Плишкин, Полевой және Нестеров: бүгінгі күні түнгі сағат 12-де ату жазасына бұйырылған тұтқын Кеншімов Мәдібекке байланысты үкім орындалды, яғни атылды. Сол үшін 2 дана етіп осы акті жасалды.

Плишкин, Полевой, Нестеров – қолдары қойылған».

Иә, дала көкжалы осылай ажалын тапты.

***************************************


7 том 441 бет.

ССР Одақтық орталық атқару комитеті пизидумының 14/ІV - 1934 жылғы мәжілісінің № 72 хаттамасы «34»

ОГПУ коллегиясының 4/ ІV – 30 ж. күнгі үкімі бойынша 20/ VІ – 29 ж. күнгі қаулысымен 10 жыл коцлагерге кесілген Мағжан Жұмабаевқа кешірім жасау туралы ұсыныс. (№ П-443-41 іс). Коцлагердегі тұтқындалу мерзімін жеті (7) жылға қысқартылсын.

ССР Одағының ОАҚ-нің хатшысы үшін А.Медведов

(Көшірме Сибирьлагка жіберілсін).

Мағжанға кешірім жасау ісіне Әлихан Бөкейханов, М.Горькийдің әйелі актриса Пешкова араласқан. Мағжанның әйелі Зылихаға арыз жазып жөн көрсеткен, қаржылай көмегін ұсынған, түрлі мекемелерге кіргізген Әлихан Бөкейханов. Бұл туралы Зылиха Жұмабаеваның естелігі бар.


*********************************

7 том 440 бет. Мағжанның тұтқында болған жері.

«ОГПУ-дің Свирлаг басқармасының ПВШ-сына Лодейноеполе қаласы. 28 апрель. ССР ОАК-нің призидумының мәжілісінің азамат Мағжан Жұмабаевтің № П-443-41 ісі туралы 1934 жылғы 14 сәуір күнгі № 72-91 қаулысының көшірмесі жолданып отыр.

Анықтама: ОГПУ коллегиясының 26/ІV-34 жылғы қаулысы»

Осы томның 439 бетінде ОГПУ коллегиясының: «ССР ОАК президумының 14/ІV-1934ж. қаулысы орындалуға жіберілсін» - деп жазылған. Осымен 7 том аяқталады. Тұтқынға алынғандардан тәркілеген хаттар істің соңында жеке конвертке салынып қатталған. Мұнда тінту, сұрақ алу кезіндегі ірілі-ұсақты жазбалар жинақталған. Соның ішінде жеке хаттар, әр жерге жазылған өтініш-арыздар, куәліктер, сайлау комиссиясына жазылған хаттар, жай сәлем хаттар бар. Соның ішінде тұтқындардың бір-біріне және сыртан келгендерге жазған тілек-өтініштері бар. Түрме психологиясына және ондағы отырған адамның тілек-талабын білу үшін сотсыз атылып кеткен Мәдібек Кеншімовтің: «Тайке! Получиль всего мальенкий. Таз надо для түкірген. Чай тоже.» деп жыртық-жыртық бір жапырақ қағазға жазған қолтаңбасыда жүр. Бұған қарағанда М.Кеншімовтің мұқтажын жеткізетіндей шала орысша сауаты бар және насыбай ататындығы байқалады. Сондай-ақ Т.Құдабаев дегеннің: «М.Әуезовтің қолжазбаларын түгел қарап шықтым. Мұнда ол (іздеген қолжазбасы – Т.Ж.) жоқ деп жазыпты. Сол қолжазбалардың ішінде тінту кезінде тәргіге алған Мұхтар Әуезовтің «Сұғанақ сұр» романы «Елағасы» пьесасы, Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ мәдениет тарихы» монографиясы, Жүсіпбек Аймауытовтың жаңа экономикалық саясат кезеңі туралы жазылған романы да болуы әбден мүмкін. бір өкініштісі солар түрменің мұрағатында сақталмай ізім-қайым жоғалып кетті. 1956-59 жылдары Кеңестер одағының барлық түрмелеріндегі іс-қағаздар, қолжазбалар, тәркіленген дүние-мүліктер вагон-вагонмен тасылып қала сыртында өртелді. Сол мұрағаттарға акті жасап, өртеуге қатысқан адамдардың біразы бұл жайды: түрменің ішінде де, акті жасалған кезде де көлікке тиегенде де, вокзал басында да, вагондардың іші-сыртында да, ен даладағы өртеу алаңдарында да мылтықты әскер иық тірестіріп қоршап жүрді. Сәл аялдап қағаздың бетіне қарауға мұрсат бермеді. Мылтықтың дүмімен ұрып, дедектетіп айдап жүрді. Ішіндене бар екенін сездік. өзегіміз өртенді. Бірақ амал қанша» - деп естеріне алатын. Бұл әңгімені біз де өз құлағымызбен естіп едік.
*******************************************

Ескертеу: 7 томының 331 бетінде – Ахметсафа Юсуповтың, 372 бетінде Жүсіпбек Аймауытовтың суреттері бар болатын. 1991 жылы бұл архив мұрағатына қайтадан рұқсат алғанымызда ол суреттер орнында жоқ болып шықты. Құпия мекеменің «аса құпия» деректері де қолды болып тұрады екен. Мұхтар Әуезовтің көрсетіндісі де жоғалып, табылғанына куә болғаным бар.

***********************************

7 том 324 бет.

ОГПУ-дің Қостанай бөлімшесінің бастығы Пуйкан жолдасқа.

Наурызым ауданының № 8 аулының тұрғыны Қанпия Тұйғынбекованың тікелей ОГПУ-ге жолдаған өтінішіне орай оаған мынаны хабарлаңыз: оның күйеуі Дүзем Тұйғымбеков 1930 жылы 27 ақпан күні ауруханада қайтыс болған.

ОГПУ-дің шығыс бөлімі бастығының көмекшісі Соболев

*************************************

7 том 323 бет.

Қаулы 1930 жыл 14 сентябрь

ОГПУ-дің шығыс бөлімінің екінші бөлішесінің бастығының орынбасары – Журавлев: Ахмет Байтұрсынов пен және басқалардың үстінен қозғалған № 78754 (541884 архив ісі) тергеу ісіндегі көрсетінділер ПП ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілдігі жаңадан қозғаған Тынышбаевпен және басқалардың ісімен тығыз байланыста екендігін ескеріп, Тыншбаевтің үстінен қозғалған істі нәтижелі жүргізу үшін Байтұрсыновтың ісіндегі көрсетінділерді ұқыпты түрде пайдалану керек. Сондықтан да қаулы етемін: ОГПУ-дің орталық тіркеу бөлімі арқылы Байтұрсыновтың және басқалардың үстінен қозғалған № 78754 (541784 архив ісінің І-а, І-б, ІІ-а, ІІ-б ІІІ, ІV, V, VІ томдар) ПП ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілдігінің қармағына беірлсін.

ОГПУ-дің шығыс бөлімінің екінші бөлішесінің бастығының орынбасары – Журавлев

«Бекітемін» ОГПУ-дің шығыс бөлімі бастығының көмекшісі – Соболев

***********************************

Ішкі істер халық комисариатының Сібірдегі еңбекпен түзету лагері. 2 маусым, 1936 жыл. УСО ГУГВ НКВД Москва қаласы.

ОГПУ коллегиясының ІV - 1930 жылы № 77754 іс бойынша 28-ші баптың 10,11 тармақтары бойынша 10 жылға сотталған тұтқын Мағжан Жұмабаев 1936 жылдың 2 маусымынан бастап босатылсын.

Негіздеме: 27/ХІІ – 1933 жылғы № 00257-ші бұйрық.

3 бөлімінің бастығы (қолы)

***********************************
7 том 13 бет. 28/ V-21ж. (4 бетті қараңыз)

Құрметті Әлихан Бөкейханұлы жолдас!

Сіздің институтта бірге оқыған досыңыз Зосим Александрович Буторинді осы жылдың 14 сәуірі күні тұтқынға алды. Тұтқындалуының себебін нақты білмеймін, жеке адамдардан естуімше, өзара есеп айырысу екен. 20 сәуір күні неге екені белгісіз оны Ақмола қаласына алып кетті. Ол сонда, суық жерде, аштықта, кір басып, биттеп жалғыз отыр. Мен сізден көмек сұраймын. Маған көмектесе көріңіз. Сәуірдің 23-24 күні Омбыдан: оны Петропавлскідегі губерниялық атқару комитетіне қызметке шақырғаны туралы хабар келді. Бұл жердегі жер бөлімінің адамдары Омбыға телеграмма жіберіп, оның түрмеге қамалғандығын хабарлапты. Соған қарамастан Омбыдағы жер бөлімінің қызметкері 1 майдың қарсаңында маған келіп, оның түрмеде жатқандығын онада ешкім білмейді деді. Мен қызметтемін. Барып мән-жайды білейін десем, жұмыстан бостапайды. Сондықта да сізге хаьбарласып отырмын. Мазаңызды алғаныма кешіріңіз. Губчека арқылы тұтқындалуының себебін анықтап, егер сотталған болса, онда Көкшетаудағы түрмеге ауыстыру туралы өтініш етсеңіз екен. Сонда аптасына екі рет тамақ пен киім апаруға мүмкіндігім болар еді. Ақмолада менің ешқандай туысым да, танысым да жоқ.

Қарт досыңызды аяңыз. Ол мүлдем жүдеп, қартайып, арықтап кетті. Мазаңызды алғаныма тағы да кешірім өтінемін.

Сізді сыйлаушы – Афиса Буторина

Менің адресім: Көкшетау қаласы, 2 Кеңес ауруханасы, фельдшер А.Д.Буторинаға

1921 жыл
*******************

6 том. 133 бет. 1929 жылдың 26 қазан күні Әбдрахман Байдилдин «Менің Алашордашыларға қарсы күресім және коммунистермен жүргізген жұмысым» атты ұзақ көрсетіндісі бар. Онда барлық алаш азаматтары тізімге алынып жағымсыз мінездеме берілген. Бұл ұзақ көрсетінді 40 бетке таяды. Ондағы пікірлерді шолып шыққанда алаш азаматтарының бойынан ешқандай адамгершілік қасиет таппайсың. Бутрка түрмесінің № 90 камерасында жатыпты.




Валидов

Тәуелсіздік декларациясы жарияланысымен «... жоғарыда аты аталған қазақ көсемдерімен ақылдаса келіп (Башқұртстан автономиясы жарияланбастан бұрын) қарашаның басында үш нұсқа жағрапиялық картаның: 1) Үлкен Башкирияның, 2) Кіші Башкирияның 3)Шығыс Россиядағы мұсылман обылыстарының еркін Федерациясының – картасын жасатты. Бұл карта Башқұртстан автономиясының Декларациясы жарияланға кезде таратты. ... 1918 жылы Самара қаласында Башқұртстан мен Қазақстанүкіметі өкілдерінің келісімімен қайталап басылды». Бұдан бодан елдің бостандығын дүниеге жария ету амалы, тарихи айғақ. Сондай-ақ «Алашорда» үкіметінің де тарихи жолын қамтиды. Әрі екі үкіметтің қайраткерлернің ынтымақтаса азаттық үшін күрескенін дәлелдейді. 1917 жылы 20 желтоқсанда Башқұртстанның үшініші құрылтайында тәуелсіз республика ретінде ресми заңмен бекітілді. Қазақтардың құрылтайы сәл ерте өткенімен әлі де тарқап үлгермеген болатын. Біздің құрылтайға бақылаушы есебінде Сеид-азым Қыдырбаев пен Мұстафа Шоқаев қатысты. Он күннен кейін Қоқанда құрылған Түркістан тәуелсіз үкіметінің сыртқы істер министрі болып сайланды. Мен де екі рет қазақтардың құрылтайына бақылаушы ретінде қатыстым. Екі құрылтай да бір-бірін құттықтады» (218бет).

Ұлттық әскер жасақтады. 3 ақпанда Башқұрт үкіметінің мүшелері жаппай тұтқынға алынады. Башқұрт әскері түрмеден босатады. Астыртын жағдайда 15 мамыр күні «Алашорда» өкілдерімен келісе отырыпҚостанайда жасырын кеңес өткізуге келіседі. Онда: Қазақстанның, Башқұртстанның, Түркістанның саяси жағдайы туралы мәлімдеме жазылып, оны бүкіл әлемге тарату үшін Жапония үкіметіне жеткізу мәселесі қаралып, мақұлданды. Жапонияның таңдап алынуы, бұл ел ұұұ Ресейдің одақтасы болатын. Сол арқылы халықаралық үрдісті сақтаудың көздейді. Алайда 27 мамыр күні Чехословак корпусы Челябі-Омбы арасындағы темір жол желісін бастиап алып, кеңес өкіметіне қарсы шығуы башқұрттарға дем беріп, 7 маусым күні ұлыттықүкіметі құрылды. З.Валидов әскери министр міндетін атқарды. Қалыптасқан әскери қоршау жағдайында Урал мен Қазақстан аймағындағы біріккен мұсылман Мемлекетін құру идеясы да ұсынылды. Башқұрт әскері жеңістен жеңіске жетіп, Қазақстан мен Түркістанға бет алды. «Кеңес өкіметіне қарсы башқұрттармен қазақтардың бірігіп күресуі (большевиктердің) өшпенділігін өршіте түсті» (246 бет). Колчактың Сібір үкіметінің жоғары командасы өткізетін 18-21 шілде аралығындағы құрылтайға ұсыну үшін Башқұртстан мен «Алашорда» үкіметінің 12 баптан тұратын ұсыныс Семейде талқыланды. Оған Башқұртстаннан – Сеитгерей Мағазов, «Алашордадан» - Әлихан Бөкейханов, Түркістан-Қоқан автономиясының төрағасы Мұхамеджан Тынышбаев қатысты. Жапония үкіметіне қатысты бұл оқиғасы тәпіштеп отыруымыздың себебі, осы оқиға 1922-1953 жылдардың арасындағы қазақ зиялыларына «Жапон милитаристік мемлекетінің шпионы» - деген айып тағуға мүмкіндік бергендігінде. Сөйтсе: «содан кейін екі жылдан соң (1920) астрахандық зиялы қазақ Мұхамеджан Тұңғашиннің қағаздарымен қоса жоғарыдағы 12 пунктен тұратын біз қабылдаған құжаттың және «Алашаорда» үкіметінің құжаттары кеңес өкіметінің қолына түсіпті, олар біздің ұлттық күресімізді ресейдің ішкі мәселесі ретінде қарастыруымызды қолдапты. Кеңес саяси қайраткерлері де сол патша тұсындағылардай орыс ұлтшылдар болғанын кейін мен Чичериннің аузынан естідім» - дейді (249 бет). З.Валидов

Бұл дерек «Алашорда ісі» кезінде тергеу айналымына түсе қоймаған. Алайда отызыншы жылдан бастап «жапон шпионы» деген айып үкімі кәдімгі қатардағы қолданыстағы көп тіркестің біреуі ғана болып қалды. Содай-ақ «Алашорданың» «Жапония үлгісіндегі ұлттық салт-дәстүрге, ғылымға сүйенген ұлттық демократиялық республика» құру туралы мақсаты да ол үкімді» заңдастыруға, «жапонияның шпиондары» қаптап кетуіне түрткі салды. Тарих үшін бұл да құжаттық мәні бар оқиға. Ал мұндай кездейсоқтықтардың кесіріне ұшырағандар қаншама.

Башқұрт ұлттық әскері – Ақтөбе, орал және Оңтүстік Урал бағытындағы іс-әрекетке көшеді. Соның ішінде «Алашорда» әскерінің жасағына қатысты өте бір қызықты дерек бар: Самар өкіметімен, феодалдық казактармен, қазақстандық жасақпен жүргізген барлау жұмысымыз өте сәтті болды. Орал (Теке) – Ханордасы – Астрахан губерниясы – Гурьев (Үйшік), Омбы-Батыс тобы құрылды. Башқұрттың ұлттық ақыны Сеитгерей Мағаз, Шайхзада Бабич, өзбек ақыны Әбілхамид Сүлеймен (шолпан), қазақтың жас журналисті бірімжан және тағы бір оқыған айтыскер ақын қазақ қызы қалаларда жасырын ұйым құрып, Орынбордағы орталықты құнды деректермен қамтамасыз етіп отырады. Қазақтың ақын қызы мен ақын Шайхзада Бабичтің басынан кешкен қиын да, қызықты екені сондай, ол туралы роман жазуға болар еді. Мысалы: Қазақстанда кеңес өкіметін орнату тапсырылған жанкелдин о қызға сенгені сондай, Москвадағы істің барысын толық баяндап отырады. ... соның нәтижесінде Ашхабадтағы 11 шілде күнгі әскерлердің көтерілісі, ағылшын әскерінің Түркіменстан мен Бакуге басып кіруі, тіпті ағылшын барлау топтарының Александров фортына келуін, түрік армиясының Әзірбайжанға басып кіруін, Бөкей ордасындағы Орал мен Гурьевтегі, Хива мен Бұқарадағы оқиғаларды қазақтың зерек қызы арқылы біліп отырдық.» (253-254 беттер).

Бұл - өте қызықты әрі тағдырлы оқиға. «Айтыскер, ержүрек қыз кім, оның тағдыры қалай қалыптасты, «Алаштың» батыр арулары да ұмытылмауы тиіс. Мысалы, алаш қозғалысы тұсында жауынгерлік тапсырмалар орындаған Аққағыт (Аққағаз-? – Т.Ж.) Доспанова кім?

Жалпы түркі тектес халықтардың тәуелсіздігі жолындағы саяси стратегиялық іс-қимылдарды реттеп, үйлестіріп, шешім қабылдауда 30 тамыз бен 7 қыркүйектің арасында Орынбор мен Самарада өткен Башқұртстан, Қазақстан, Түркістан үкіметтерінің мүшелері - Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Қоқан үкіметінің төрағасы Мұхамеджан Тынышбаев, сыртқы істер министрі (Қоқан үкіметінің) Мұстафа Шоқаев, Убайдулла Хожкев т.б. қатысқан мәжіліс шешуші шешімдер шығарады. Онда осы үш үкіметтің негізінде «Оңтүстік-Батыс мұсылмандары федерациясы» құрылып, қазақ-башқұрт біріккен әскерін жасақтау жөнінде ұйғарым жасалды. Сондай-ақ Социалистердің азаттық партиясының бағдарламасы түрік халықтарының талабына сәйкес келетіндіктен де, сол партияның айналасына бірігу көзделді. Мұны Әлихан Бөкейханов және оның жақтастары дерліктей қолдады. Низам Хожаев, Шолпан, Әбділхамит Арипов те қосылды. Ең бастысы кеңес өкіметі тапапынан қысымға ұшыраған түркі зиялылары Түркістанға шоғырлансын, қандай жағдай болса да күресті ешқашанда тоқтаппау керек деген ұйғарымға келді.

Ресейдегі әскери-саясат жағдай шиеленісіп, Клочактың Сібір үкіметі, Құрылтай үкіметі өзара қақтығысып, большевиктерге күресті әлсіретіп1921 жылы қараша күні Колчак өзін Ресейдің билеушісі деп жариялап алды. Башқұртстан мен «Алашорданы» мойындаудан бас тартып, оларды тартып, ату жазасына кесу туралы бұйрық берілді. Сондықтанда Башқұрт әскері мен «Алашорда» жасағы төрт жақты: Колчак үкіметі әскері, казак атамандары әскері, қыз армия және жергілікті ұлт жасақтары (башқұрттар үшін – татар атқыштары, қазақтар үшін – Жанкелдин мен Иманов жасағы) қыспаққа түседі. Қиын жағдай қалыптасты. Франция, Англия, АҚШ, Жапония Колчакпен қойындасып ұлттық федерацияларды шеттетті. Енді төрт жақты қысымға түсіп, жазаға ұшырау қаупі шындыққа айналды. Иманов оқиғасы әскерді қырғынға ұшырату, не өзге амал табу тиіс болды (272 бет).



Валидов.

Бұл туралы Заки Валидов: «Соған қарамастан «Алашордамен» бірігіп Ақтөбе майданындағы қарсыластарға соққы беруді тездетіп, Түркістандықтардың қарулы күшімен қосылуды ойластырдық. Торғайда бізді Ғадельхаң Ғабитов пен қазақ Ғазымбек Біржанов жанкешті еңбек етті. Темір жол арқылы байланыстың үзілуіне байланыстыБіз «Алашордамен» тек салт атты шабармандар арқылы хабарласып тұрдық. Оқиға сондай үрейлі жылдамдықпен дамыды. Біз дұшпанның төрт жақты: Самара мен Ақтөбе жақтан қызылдардың және Дутов пен Колчактың әскерінің қыспағында қалдық» - деп еске алды. Сондай құрсаулы қортуда кеңес өткізіп, Түркістаннан жасырын келген Мұстафа Шоқаевті сыртқы істер министрі міндетін атқару мақсатында Гурьев арқылы шет елге жасырын жібереді. Ермолаевка селосындағы башқұрт, қазақ біріккен әскери кеңсесіне түскен барлау мәліметтері «майдан шебін өзгертуге» мәжбүр етеді. Бұл «Алашорда» үкіметінің де бағыт-бағдарын өзгерткен, «алаш» автономиясының да, қазақ қоғамының да дамуына бетбұрыс әкелген бетбұрыс еді. Үү Қазақстан, оның ішінде «Алашорда» тарихында көмескі қалған және біздің тақырыбымызға тікелей қатысы бар осынау бір қатерлі күндердің қатираға түскен деректерді қысқаша баяндап өтуді қажет деп таптық. Мұнда талай тарихи пайымдауларға жол ашатын астарлы тағдыр таңбалары бар. өйткені кеңес өкіметі идеологтары мен тарихшылары Башқұрт пен «Алашорда» үкіметінің тарихын бұрмалап, мән-маңызын өшіріп, жеккөрінішті етіп көрсеткені сондай, бостандыққа ұмтылған бодан ұлттардың азаттық күресі мен азаматтық тұлғалары қақында еске алатын ақылға сиымды, шындыққа негізделген бір сөйлем табу мүмкін емес. Тәуелсіз Қазақстанның тарихшылары да «Алашаорданың» кеңес өкіметі жағына шығуының психологиялық қысымдарын толық талдап берген жоқ. өкінішке орай сол тұстағы булығу мен буырқаныстың ішкі иірімдері жөнінде жазылып қалған естелік жоқ. Тек түрме тергеушілеріне берген түсініктемелері, сұраққа жауаптары, көрсетінділері, «салпаңқұлақтар» мен үндеместердің домалақ арызы сақталған. Ал бұлар өткен оқиға туралы нақты шындықты, пайымды көзқарасты бермейді. өйткені өзін де, өзгені де ұстап бермес үшін жалтарып, сылтау араластрып, мойындаудан бас тарта жауап берген. Бұл астыртын саяси ұйымда жұмыс істегендер үшін жазылмаған заң. Ал «Алашорда» үкіметінің мүшелері эмиграцияға кетуге тиым салған, «қазақ үкіметінің мүшелері қазақ ішінде қалуы тиіс» - делінген. Сондықтан да өмірбаяндық естелік жазуға мүмкіндіктер болмады. Оның орыны өзге бір «Тар жол, тайғақ кешулер» толтырды. Сондықтан да «Алашорданың» басына бұл үйірілгенде қайғы-қасіретті, қуаныш-үмітті, амалды-амалсыз булығуларды бірге өткізген Башқұрт азаткері Заки Валидовтің «Қатираларын» барынша тиянақты, ықтиятты түрде пайдалануға тырыстық. Өйткені тергеу барсындағы сұрақ-жауаптардың астарын аштын бұл естеліктер «Алашорда» тарихы үшін де маңызды. Сонымен, «төрт құбыладан» қадалған дұшпан қысымынан құтылудың жолдары талқыланған әскери кеңесте (оған «Алашорданың» атыннан Саидазым қадырбаев қатысқан) мынадай халықаралық саяси оқиғалара анықталады: Бакудегі түрік әскері Ашхабадқа бет алады, ал ондағы ағылшын әскері Ауғанстанға шегінбек; Ауғандықтар ағылшындармен соғысу үшін кеңңес өкіметінен қару-жарақ алмақ. Егер оқиға былай дамығанда: кеңес өкіметіне қарсы соғысу – түркиямен, ауғаныстанмен, Үндістанмен соғысу, Ағылшындармен одақтасу - деген сөз. Ал ол Ресей жағдайында мүмкін емес. Сондықтан да еріксіз кеңес өкіметін мойындаудан басқа амал қалмайды. Екінші себеп: сібірдегі Колчак өкіметінде Құрылтай кеңесі үкіметі де: Башқұртсан мен «алашорда» әскерін күшпен таратып, олардың жетекшілерін ату жазасына кесу, сөйтіп олардың түркістанға қосылып, Түркия мен Германияның әскери көмегіне қол артуына мүмкіндік жасамау туралы бұйрық шығару еді. Үшінші себеп «қатирада»: «Алашорда» үкіметі өкілдерінің әкелген хабары. Олардың қатарында Ғалымбек Бірімжанов пен жазушы Мұхтар Әуезов болды. Олада Колчакпен одақтастардың: ұлттық әскер мен ұлттық үкімет құруға қарсы жазалау әрекетіне көшкендіктен де, еріксіз кеңес үкіметімен келісуге мәжбүр болыпты. Кейіннен Ғазымбек Германияға келіп, сонда білім алды, ал отанына қайтып оралғаннан кейін зауалға ұшырады. Мұхтар Әуезов көрнекті кеңс жазушысы болды, алпыс жасқа толған мерейтойы кеңінен аталып өтті, Қазақстан ғылым академиясының академиктігіне сайланды. Ол 1961 жылы дүниеден қайтты» (277 бет).

Мұхтар Әуезовтің өміріндегі бір құпия оқиға осы. «Алашорданың» атынан кеңес үкіметі жағына шығу туралы өкілдікке баруы Заки Валидовтың «қатираларыннан» басқа құжаттарда расталмайды. Тек шындығы, сол тұста «Алашорданың» семейдегі шығыс бөлімі оқшау қалып, қызылдар мен ақ гвардияшылардың, казак атамандарының және жергілікті орыс, қазақ большевиктердің қыспағында бірде астыртын, бірде ашық әрекет етті. Бұл оқиғалар «Алашорданың» шығыс бөлімінің төрағасы Халел Досмұхамедовтың, Әлімхан Ермековтің көрсетінділерінде қамтылған. Мұхтар Әуезовтің Колчак пен қызыл әскердің жазалауынан бой тасалап елге шығып кеткені туралы досы Балтақай Толғанбаевтың естелігі бар. Ал оның Башқұрт үкіметінің бас штабы орналасқан Емельянов селосына құпия баруы тек қосымша дерекпен ғана, алашордашыл жастардың Омбыдағы жиналысына қатысқан тұстарындағы мәліметтер жанама жорамалға мүмкіндік береді. («Талқыда» бар) Егерде әскери жағдай кезінде жол жүрудің өзі өте қауіпті екенін ескерсек, М.Әуезовтің қандай қатерге бас тіккені өз-өзінен түсінікті.

Сонымен, «Қазақстанның өкілдері қатысқан құпия келіссөзде кеңестер жағына шығаудың шарттары тиянақты түрде талқыланды және ортақ мәмілеген келдік. Егерде Орынбор қызылдардың қолына көшсе, қазақ үкіметінің мүшелері қалада қалады, содан кейін бізбен бірге Москваға баратын болып шешілді. «Алашордалықтарға» біз юрматы кантонының (ауданының- Т.Ж.) төрағасы Ғадолло Ильясты жібердік. Бізідің жоспарымызды Түркістардың ұйымдарға жеткізу үшін ташкентке өзіміздің құпия өкіліміз Әбділхамит ариповты жібердік. Кейіннен ол бұқара үкіметінің әскери министрі болды. 15 желтоқсан күні Уфадағы кеңес мекемесіне үкімет мүшесі Маулен Халықов пен Хайредтин Сейітовты аттандырдық. Кеіңес армиясының қолбасылары біздің өкілдерімізбен келіссөз жүргізуге асықпады.

1919 жы 23 қаңтардағы хабар бойынша ... Түркия кеңес үкіметін мойындап, большевиктердің ішкі ісіне араласпайтындығын 15 ақпаннан Стамболдың маңындағы Ханзада аралында келіссөз бастауға дайын екенін жариялапты. Уфа кеңесінің төрағысы, Эльцин біздің шартымызды қабылдамады. Онда Башқұртстан: «... ішкі және экономикалық мәселелерді толық тәуелсіз шешеді, башқұрт әскері тек кеңес командованиесіне ғана бағынады, ішкі өмір сүру амалын өзі таңдайды, республикада коммунизм құрлысын орнату міндетті емес» - делінген. Алайда ленин мен Сталин башқұрт армиясынан сескенген содай Келіссөздің аталған шарттарына қол қою туралы телефон арқылы бұйрық берді» (278-79 бет)- деп жазды.

Келісім уақыты 2 айға созылған. Осы арада З.Валидов таға да бір тосын дерек келтіреді:

«1919 жылыдың ақпан айының басында Құлғын ауылына Қазақстанның екі өкілі, аттарын ұмытып қаладым, келді. Жаңылмасам, оның біреуі Мағжан ақын болуы керек., ол мұнда бұрын да келген. Тек оның «серал» атты өлеңінде башқұрттардың орыс шапқыншыларымен күресі баяндалғаны есімде. Ол екеуі Торғайдағы Ахмет Байтұрсыноавтан хат әкелді. Онда: кеңес үкіметі жағына шығуымыздың қалай жүріп жатқанын сұрапты және олардың пікірінше: тек үкіметтің батыс бөлімінің ғана кеңес үкіметі жағына шығатынын, ал Шығыс Қазақстан бөлімі Колчак армиясының генералы Беловтың қармағында қалуға мәжбүр болып отырғандығын жазыпты. Мен Ахмет Байтұрсынов пен Әлихан Бөкейхановқа ранап хат жаздым. Мазмұнын өзім де ұмытып қалған бұл хат «Алашорданың» архивінде сақталып қалыпты, кейін қызылдар оны жариялады... Сөйтіп біздің қызылдар жағына шығуымыз қазақтармен келісілді. Бұл қазақтар үшін де өте маңызды болатын: өйткені әскердің кеңес жағына өтуі нашар ұйымдастырылса, онда олардың қырылып қалу қауіпі бар еді. Сонымен қатар, егерде Москваға қазақтар мен бірге барсақ, біздің позицияларымызда мықты әрі келіссөздің табысты өтуіне де ықпал жасайтын» - деп (279,81 беттер) жазды.

«Алашорда» үкіметінің кеңес үкіметімен келіссөзге барып, оны мойындауы туралы құжаттар біршама бар және онда үш үкіметтің де (Кеңес, Колчак, Алашорда) көзқарасы қамтылады. Ол туралы Әліби Жанкелдин: «...» - деп жазды. Сондай-ақ оның себептері А.Байтұрсыновтың ашық хатында барынша қамтылды. М.Дулатов пен М.Испуловтың, Ғ.Бірімжановтың түрмедегі жауаптарында бұл оқиғалар нақтылық сыпат алады.

өзінің «Қатираларында» Зәки Валидов «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің тарихындағы белгісіз, бірақ 1921-22 жылдары қайтадан қозғалған бір мәселені еске алады. Ол барлық түркі тектес халықтарға ортақ жаңа саяси партия құру мәселесі. Бұл идея кейін Түркістандық қайраткерлер тұрғысынан да қолдау тапты, бірақ олардың идеясы да, мақсаты мен міндеті де, құрылымдық жүйесі де, заман ағымына қарай өзгерген еді. Тергеу барысында осы партия төңірегінде сұрақ қойылады. Алайда ол оқиғадан хабары бар Х.Досмұхамедов пен М.Тынышбаевтан басқа адамдар жауап қайыра алмайды. Және Ташкенттік ұйым бұл саяси партияны кеңес үкіметі саяси көзқарасқа еркіндік берген жағдайда ғана ұйымдастыру ниеті болғанын айтады. Ал оның алғашқы негізі, З.Валидовтің естиелігі бойынша 1918-19 жылдары қаланған екен: «Кеңес үкіметі жағына шықпас бұрын саяси күштерді біріктіру мақсатында коммунистік партиядан өзге, социалистік партия құру мәселесімен айналыстық. Бастапқыда оның теориялық тұғырнамасын жазумен Ильяс Алкин айналысты. Ол азат социалитік апртия аталуы тиіс еді. Бұл туралы қазақ жетекшілеріне хабарлай отырып, оларға: «Алаштың» неосоциалистік қоғамдық-экономикалық платформасының негізінде Қазақ социалистік партиясын құруды ұсындық. Бағдарламаны біз әзірледік. Оның бір данасын қазақтарға бердік. Кейіннен бұл бағдарлама (1926) Прагада жарық көрді... Біз партия мәселесімен шұғылданып жатқанда майдандағы оқиғалар да тез өзгере бастады. 21 қаңтар күні Орынбордан шетіндегі, Ор қаласы да қызылдардың қолына өтті. Біз толықтай қоршауда қалдық...» (282 бет) – дейді З.Валидов.



Демек, кеңес үкіметінде саяси еркіндік болған жағдайда онда ұлттық партия құру мәселесі 1919 жылы талқыланды. Ташкентік ұйым Бұқарадағы З.Валидовпен байланыс жасауға ұмтылғанда осы жобаны жүзеге асыруға ұмтылған. Ал оының платформасының 1926 жылы шетелде жариялануы тергеудегілердің алдынан шыққан. Голщекиннің: «Алашоршыларданың» шетелмен байланысы бар. Валидов пен большевик

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет