Тұрсын аға, «Жастар ғылымға келмейді, олар өте прагматик, табысы мол жаққа кетеді» деген әңгіме көп айтылады. Сіз ғылыми-зерттеу орталықтың басшысы ретінде бұл пікірге қалай қарайсыз?



жүктеу 28.89 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі28.89 Kb.
- Тұрсын аға, «Жастар ғылымға келмейді, олар өте прагматик, табысы мол жаққа кетеді» деген әңгіме көп айтылады. Сіз ғылыми-зерттеу орталықтың басшысы ретінде бұл пікірге қалай қарайсыз?

- Өйткені қазіргі ғылымға жастардың да, ғалымдардың да, оқымыстылардың да көңілі толмайды. Ғылымға келгендерге ешқандай жағдай жасалып отырған жоқ. Мемлекет қанша грант бөлсе де, қаражат шығындаса да ғылымның дамуына кепілдік бере алмайды. Бұл жастардағы ғылымға деген сенімсіздік. Себебі, жастардың мемлекеттің «тауыққа шашқан тарыдай» қаржысы не баспана болмайды, не рухани қажеттілігін қанағаттандырмайды. Жастардың өзіне тән сергек те сенімді, тартымды ұйымдық құрылымды былай қойғанда, рухани құндылықтардың қызығы мен пайдасын көрем бе деген сенім жоқ. Ал, одан ішіңе нәр бармаса, рухани азық алмасаң, ғылымнан не пайда? Біз, тәуелсіз мемлекетімізді қалыптастыру тұсында еліміздің болашағы мен тамырын тікелей байланыстыратын буынды — жастарды ұмытып кеттік. Үйдің едені мен төбесі бар, ал соның ортасында қалған жастар бос кеңістікте қалды. Олардың санасын саяси тұрғыдан оятып, көзқарастарын танып, ұлттық болмысын екшейтін, соған негіз қалайтын құрылым жоқ. Мемлекеттің саяси ықпалын тікелей сезініп өскен жоқ. Соның салдарынан мемлекетке мысқылмен қарайтындай дәрежеге жетті.



- Бір жиында тәуелсіз ғылым жайында сөз қозғадыңыз. Ғылым

қазір шынында тәуелді ме, олай болса кімге, неге?

-Біздегі білім жүйеміз де, ғылыми ізденістеріміз де тәуелді. Біздің алпауыттар мен коррупционерлерге. Олар ғылымды қажетсініп отырған жоқ. Қазақстанның ғалымының ашқан жаңалығы оларға зияннан басқа пайда әкелмейді. Алаштың бес идеясының бірі -осы.емлекет толық тәуелсіздікке қол жеткізбейді. Ал ғылым тәуелсіз болмай,мемлекет толық тәуелсіздікке қол жеткізбейді (Тұрсын аға,осы жерде компьютердің сымының сатып алынуы туралы толығырақ жазып кетсеңіз )



- Сіз үшін қазіргі кезде ғылымдағы ең өзекті тақырып не? Әсіресе
жастар қай салаға бейімделсе деп ойлайсыз?

- Өзіңіз басқаратын орталық биылғы жылы ғылым саласында қандай елеулі нәтижеге қол жеткізді?
-Сіз басқаратын кітапхананың ғылыми-зерттеу саласында атқарып жатқан рөлі қандай?
-«Мәдени мұра» бағдарламасының іс жүзіндегі ісіне көңіліңіз тола ма?
-Аталмыш бағдарлама төңірегінде әңгіме жиі қозғалып жүр. «Мәдени мұра» баспа өнеріне, ойлау жүйесіне,рухани дүниемізге айтарлықтай жетістіктер әкелді.Оның дәлелі, ғалымдарымызға жаңа үміт, жаңа мүмкіндіктер әкелуінде. Соның нәтижесінде соңғы екі жылда Қытай мен Монғолияны екі ай аралап, Бүкіл қазаққа қажет мүмкіндік туғызды. Дегенмен,проблемасы да жоқ емес. Бағдарламаны бүгінде баспагерлер күнкөрістің қамына айналдыруда. Оның үстіне бірін бірі қайталайтын іс- сапарлар қаптап кетті. Мәселен,бір барған жерге қайта қайта әр мекеме өкілдерін жіберудің маңызы шамалы. Біреуінде бес бет кем,біреуінде бес бет артық. Есесіне қаншама қаражат жұмсалған жұмыстан алатынымыз бір ақ нәрсе. Осыны ретке келтіру керек.


  • Александрия кітапханасында болдыңыз, онда бізге қатысты қандай құнды деректер болды, оның ішінде ғылыми айналымға түскендері қанша?




  • Александрия кітапханасында Қазақстан туралы түк те жоқ! Жалғыз -ақ Назарбаев деген фотоальбом бар. Мен бес-алты кітап беріп кеттім. Оларға Қазақстан туралы білудің қажеттілігі де туып отырған жоқ. Кітапхана біздің министр құқығымен бірдей.Халықаралық Кеңес мүшесі.

  • Өзіңіз басқарып отырған осы рухани орданың болашағын қалай елестетесіз?


-Білім және ғылым министрлігінің қабылдаған «Антиплагиат» атты бағдарламасының өміршеңдігіне сенесіз бе?

- Бағдарламаның қабылдануы заңды.Себебі,біздің ғылымдағы ар ұят қағидасы жойылып кетті.Ғылым ар ілімінің нәтижесі екенін естен шығарған. Қазір министр болсаң, ғылым докторы болмау ұят,ортаңқол басшы болсаң,ғылым кандидаты болмау ұят. Жазылып жатқан кейбір кандидаттық диссертациялар біздің кезіміздегі жақсы диплом жұмысына жетпейді. Өйткені, ғылымдағы басты талғам мен талап бояуы сұйылып кеткен. Ғылым докторы дегеніміз -сол саланың концепциясын жасап берген ғалым



- Әңгімеңізге рахмет.

(Тұрсын аға, мүмкін болса, осы сұрақтарға толығырақ жауап жазасыз ба? )


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет