Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»



бет54/61
Дата14.06.2016
өлшемі3.58 Mb.
#135581
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61

«М.Әуезов өзінің жазу мәнерінде қазақ тілінің заңдылықтарын сақтамайды, оның қалыптасқан құрылымын бұзады – дей келіп – Жазушылар бұл ретте көп елеулі ойлар айтатың еңбекшінің өзі болғандықтан, көп шешуші пікірлерді де айта алады. Сондықтан да талай мамандармен қатар қазақ жазушы, ақындарымыздың осы жауапты жайға ат салысуын тосамыз», – деп әңгімені пікір алысу мәнерінде екенін емеуірін ете аяқтайды.

Алайда бұл пікір алысу емес, М.Әуезовке жасалған соңғы шабуылдың, ақырғы атылған оқтың бірі еді. Өйткені, 1953 жылдың 9 желтоқсаны 1953 жылдың ақпаны емес болатын. С.Бәйішевтің, Қ.Жұмалиевтің, С.Нұрышевтің, С.Кеңесбаевтың, Н.Сауранбаевтің, Қ.Жармағамбетовтің және С.Мұқановтың Мұхтар Әуезовті басына қорлайтын күндері өтіп бара жатқан. Ендігі жалтақтаудың кезегі соларға келген. Алайда академиктердің жаны сірі келетін болса керек, С.Бәйішев пен С,Кеңесбаев, Н.Сауранбаев даңқ тұғырынан түскен жоқ, ар алдындағы арылуды да қажет деп таппады. Өйткені олардың сүйенген арқалығын, тіреген табалдырығын, басыңқы бетін де қалың талыс табанды есік қалқалап тұратын. Керісінше, С.Бәйішев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев М.Әуезовтің алпыс жасқа толған мерейтойында оны «шабыттана» марапаттады.

Осындай дүдәмалды өліара тұста Қазақстанның басшылығы ауысып, Шаяхметовтің орынына Пономаеренко келді. Саясаттың беті жыли бастады. Республикадағы бұл жағдайды Мәскеудегі М.Әуезовке емеуірінмен баяндап жазған хатында Ә.Тәжібаев:

«Мүмкін бізге жақсылық, жаңалықтарды арқалай келген Пономаренкомен өзіңіз кездесіп, сөйлескен де боларсыз. Сондықтан менің хатым жүйрік хабаршы емес, мимарат сәлемші ғана. Басының сырты қандай тақыр болса, іші де сондай тақыр Жұмабай кеткелі, ол көтерген маймылдар әлсірей бастағалы, біздің аңқауымыз әдеміленіп келеді. Думан тойды Пономаренко ала келді. Ғабиден депутат болады дегенде бір тойлап едік, сайланып қайтқанын тағы қуаныш еттік. Пленум өтті. Адам сияқты адам, шын адамның сөзін айтты. Жазушыларға ілтипат, мейірім көрсетті. Нұрышев сияқты қоқырсықтар кіруге тесік таппай бұғып отырды. Жаңадан соғылатын жақсы үйдің проектісін жасау, соғылатын орынын таңдау да бізге жақсы ермек. Біз бұрын халықтың махаббатына ғана сүйенуші ек қой. Енді ақылды ел басқарушыларды да сезе бастайтын сияқтымыз. Енді бұзықтар жалтақтай бастаған көрінеді. Тамаша емес пе, қомпиған, тікендеген, әкіреңдеген Шұжықұлының `(Сужиков – Орталық Комитеттің идеология жөніндегі хатшысы –Т.Ж.) өзін көрсеңіз еді. Майлаған қасықтай жылп-жылп етеді...

Мұха, мен Абай комиссиясының секретары ем ғой. Оның бірінші мәжілісі өтті. Жетім қыздың тойындай қып өткізгісі келгендердің де тегі болатын емес. Тағы да Пономаренко жолдас араласып, құлаш – жарқын қосыла бастады. Қаржы мол жіберілетін болды. Абайға памятник салу, оған арналған пленумға қонақтар шақыру, оларға сый-сияпат жасау, Мәскеуде де тәуір өткізу, банкеттер өткізу, түгел жоспарлануда. Тойдағы баяндамашы сіз боларсыз. Сондықтан да осы бастан жақсы әзірлеуіңіз керек, бар білгеніңіз, барша берілгеніңіз түгел салынсын»,– деп көтеріңкі лебіз білдірді.

Жаңа, 1954 жылды Мәскеуде, сүйікті қызы Ләйләмен қарсы алды. Бегімнің бегі, әрі ерке, әрі өте нәзік жанды мәдениет иесі, қайран Ләйлә апай Ләйлә Мұхтарқызы:



« – Мұхтар Омарханұлы жаңа жылды Мәскеуде қарсы алатынын айтып: «Ләйләжан! Мен осы мерекені өзіңе тойлап аттансам деймін. Мен де студент болғамын. Солар риза болтындай кеш ұйымдастыр. Достарыңның бәрін шақыр. Сергитін шағым енді туды. Дастарханы мол мен қызығы мол болсын. Ештеңеден қысылма. Бәрәнің әкесі профессор емес шығар (өзінің профессор атағын ерекше масаттанып атайтын).Әлгі «сугробты ұмыт па!»,– деді. Ой, қуанғаным-ай! Ештеңе аянғаным жоқ. Достарымның бәрін жидым! Мәскеудің дүкеніндегі керек заттан алмағаным жоқ. Сондай бір риза, салтанатты кеш болды. Студенттер Мұхтар Әуезовті көреміз!– деп қүанады, ал мен әкемнің қасымда болғанына қуанамын. Шампанды күресін қарға тығып қойдым. Түн ортасынан ауа барлығымыз шығып, күртік қардың астынан суық шампанды алғанда студенттердің барлығы таң қалды. Мұхтар Омарханұлының үйде сондай әдеті болатын. Сол кеш есімнен қалмайды. Қазір де сонда болғандар ұмытпай айтып жүреді. Асқар Меңліахметұлымен де сол кеште жақын таныстым»,– дейтін еді сондай бір рахаттанған марапат сезіммен.

Әкелі-балалы екеуі масаттанса масаттанатындай жыл еді. Ол жаңа жылдың ғана емес, өзінің жаңа салтанатты дәуірінің алғашқы күндерін сүйікті Алматыда өткізді. Қысқы күндердің қоңыр түнінде Ж.Шаяхметовтің орынына келген Қазақстан Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Пантелеймон Кодратьевич Пономаренко М.Әуезовті кеңсесіне оңаша шақырып, түннің ортасына дейін екі сағаттан аса әңгімелесіп, көңіліне сенім ұялатты. Ол 1954 жылы Опера және балет театрында өткен Қазақстан жазушыларының сьезінде сөйлеген сөзінде:



«Социализм талантқа өте мұқтаж. Сіздер қызмет бабының парызын өтеу үшін де дарынды адамдарды тауып, оны көтеріп, кеңес өкіметіне қызмет етуге баулуларыңыз керек еді. Ал сіздер, өздеріңіздің бар сол аздың қадіріне жетпей, кір суды басына төгіп, қатардан шығардыңыздар. Сіздер соларға қол көтеру арқылы сіздер халықтың болашағына, социализмге қол көтердіңіздер»,– деп батыл әрі тауып айтты.

Бұл – елуінші жылдары қудалауға ұшыраған Мұхтар Әуезовке, Қаныш Сәтбаевқа, Төлеген Тәжібаевқа, Ермахан Бекмахановқа, Ахмет Жұбановқа, Е.Исмаиыловқа, Қ.Жұмалиевке, Қ.Мұхамедхановқа, Бек Сүлейменовке ғана емес, мұқым алаш ардагерлеріне, сонымен қатар барлық ұлтының адал перзенттеріне қаратыла айтылған емеуірінді тұспал еді. Осыдан бастап Әуезов «Күншыраққа» айналды. Басына үйірілетін бұлт та одан төмен қалды. Әрине, Тіл және әдебиет институтына және университетке қайтадан алынды, яғни, бұрынғы бұйрық күшін жойды. Оның сол кездегі көңіл-күйін ақын шәкірті Т.Молдағалиев:



«Күз. Жылдар өтті. «Мүмкін бір күндері бұл пәннен Мұхаң өзі кеп лекция оқыр әлі», – деп қарап тұр Ханғали ағамыз. Айтқанындай Мұхаң КазМУ-ге қайта оралды. Асыл ұстаз Абай туралы лекциясын бізге біртүрлі көңілсіз оқыды. Анау бір жылғы шабыт оты Мұхтар ағаның бойынан көрінбей кетті...», – деп мұңая да, өкіне де еске алады.

Жиырма бес жылға созылған қуғын мен сүргіннің сүркілі көзінің отын сөндірсе де жүрегінің отын сөндірмеп еді. 1954 жылы ақпанның 24 жұлдызы күні біресе көзінен жаса бұршақтап тамып, біресе қыстығырылып, ең соңында:



«Ұлы кеуденің ыстық демі тоқталды. Шөл даланы жарып аққан дариядай, игілік өмір үзілді. Сонау бір шақта тасты тақыр, жалтыр биік басына жалғыз шыққан зәулім алып шынар құлады. Өмірден Абай кетті!»,– дегенде өкісіп жіберді.

Жиырма жылға ұласқан ұлы еңбек «Абай жолы» роман-эпопеясы аяқталды.

Осы күннен бастап көтерілген Мұхтар Әуезовтің беделі мен мысы енді ешкімге дес бермеді. Тіпті Сәбит Мұқанов пен Ғабит Мүсіреповтің де айдыны мен айбыны, айбары мен атағы, соған қоса ілескен шатағы да Мұхтарды сескендіре алмады. Ол мәңгілік даңқ тұғырына көтеріліп бара жатты. Ал СОКП-ның ХХ құрылтайындағы «жеке басқа табынушылықты» әшкерелеген атақты тарихи шешімі мұқым интеллигенциядан, соның ішінде жиырма жыл бойы саяси қысым мен жазалаудың қыспағында жүрген Мұхтар Әуезовтен де «қарғыс қамытын» сыпырып тастап, еркін тыныстауға мүмкін берді. Мұны ақыл-ой иелері «жылымық» деп атады. 1955 жылы Қаныш Сәтбаев Ғылым Академисына, Ермахан Бекмаханов, Есмағамбет Исмаиылов, Қажым Жұмалиев, Қайым Мұхамедханов айдаудан қайтып оралды.

Қайым Мұхамедханов (Естеліктен): «…Елу бесінші жылы ақталып, түрмеден босадым. Мойын-Шумен келіп, Алматы вокзалына түстім де, Есмағамбеттің үйіне телефон шалдым. Ол келіп қойыпты. Амандық-саулықтан соң-ақ, ол:

Ойбай, бауырым, Мұхтарға телефон шал. Бәрің келіп, Қайымды тастап кеттіңдер деп төбемізге шай қайнатып, бізбен сөйлескенді қойды. Өзі Индияға жүргелі жатыр, – деді.

Мұхтармен сөйлестім. Байқаймын, телефонның аржағында булығып тұр. “Үйге кел!” – деді. Үстімде түрменің киімі, қалтамда алты-ақ сом ақша бар. Әрі поезд үш сағаттан кейін Семейге жүреді. Мұхтар бұл кезде кейбір мәселелерге байланысты кешірім де сұрап қойған. Сол да қитығыма тиіп тұр.

Жарайды, Қайым, он бес күн үйіңде дем ал да, маған кел. Жеңгеңе айтып кетемін. Кеңінен әңгімелесеміз, – деді ол.



Мұхтар екеуіміз ағалы-інідей Алматыда қауыштық. Сырымызды, шынымызды айтыстық. “Абайды халқыңа беріп кетем десең, Мұхтар, басыңның амандығын тіле. Біздің шаруамыз бітіп, талқанымыз таусылған адамбыз. Партиядан кешірім сұра”, – деп ақыл айтқан Ахмет Байтұрсынов екен. Осы сырын маған ғана айтты.

Түрмеде қалай жаттың? Пәлі, біз – Мағжан, Жүсіпбек, Ахмет бәріміз бір камерада жатып, басымыз қосылып, бір жасап қалдық”,– деп мысқылмен кеңк-кеңк күледі Мұхаң.



Менің де ашуым тарқаған. Бір сәтте Мұхтар:

Қайым, сен түрмеде не ойлап отырдың?,– дегені. Бір кісілік камерада отырғанымды, көрген қорлығымды айттым да, мынау өлеңімді оқи жөнелдім:



Отырдық тар қапаста күнді санап,

Ұйқысыз өткен түнді жылға балап.

Мөлтілдеп көз жасындай кеп қапсың ғой,

Көзімнен бір-бір ұшқан қайран арақ.

Дейтұғын уақыт жетіп, соқты сағат.

Сағынған сондай күнді қылмай тағат.

Жарқ етіп бұлттан шығып күткен күнім,

Ақ құсы әділеттің қақса қанат.

Дер едім сонда, дүние, арманым жоқ.

Тағдырға таба болып қалғаным жоқ.

Көрсеттің қорлығыңды, зорлығыңды,

Кеудемнен жүрегімді алғаның жоқ.

Өр зорлықпен басымнан еркімді алдың.

Әжім салдың бетіме, көркімді алдың.

Аңқылдап ақ көңілмен алданбасқа,

Аузымнан айнымайтын сертімді алдың.

Отқа салдың, отырдым жігер қайнап,

Тордағы арыстандай көзім жайнап.

Шыңдалып шарболаттай шықтым, міне,

Отырмын өзіңменен күліп-ойнап (Қарлаг, 1952 ж.)».

Иә, бұл әңгімені Қайым дегдардан біз де жиі естуші еді. Оның өзі дербес бір түсінікті қажет ететін әңгіме.

Сонымен, ел-жұрт та еркін тыныс алды. «Халық жаулары» да ақтала бастады. Ол үшін сол ұсталған «халық жауының» соңғы жұмыс орыны мінездеме беруі тиісті еді. 1957 жылы 26 көкекте Сәкен Сейфуллиннің, Бейімбет Майлиннің, Ілияс Жансүгіровтің азаматтық тұлғалары ақталып, жазушылар одағының мүшелігі қалпына келтірілді. Олардың шығармашылқ мұраларын ақтау туралы 1957 жылы 3 қыркүйекте Жазушылар одағы төралқасының мәжілісі өтті. Ұлттық руханияттың салтанатын жариялайтын мұндай сәттерде тек ақ ниет қана, істің игілігі ғана ортаға салынуға тиісті бұл отырыста:

Ғ.Мүсіреров: Олардың шығармалар жинаағы жазылу (подписка) арқылы жүргізілсін;

С.Мұқанов: Бұл жазушылардың шығармаларын жариялау мақсатында жеке-жеке реақциялық алқа құпылсын;

Ә.Тәжібаев: Бұл жазушылардың еңбектері, әрине, зерттеу үшін ғана керек, сондықтан да біз Ғылым Академиясының міндетін өзіміздің мойнымызға ала алмаймыз.Олардың шығармаларының барлығын жаппай жариялау да дарақылық (огульно) болады, және бүгінгі күннің талабына жауап береді деп те айта алмаймыз. Әзірше үш том етіп ретінде басып шығарсақ та жеткілікті, қалғанын баспалар ойлана жатар. Мысала ірі ақын !лияс Жансүгровтің «Дала» дастаныны қысқартуды қажет етеді. Онда жариялауға жатпайтын (изолировать) тастайтын тұстар бар. Бұл жазушылардың шығармаларын бүгінгі күннің талабынан қайтадан қарап шығу керек. Біз бұған барынша жауапты қарап әрі қатаң талап қоюымыз шарт,– деген пікір білдірді.

Мұқым ұлттың өлгені тіріліп, өшкені жанған күні, Әбділдә Тәжібаевтің бұл қаупі неден туып отыр. Саяси қырағылық па, жоқ, әбден үрейленіп қалғандықтан да жауапкершіліктен қашып отыр ам, әлде, «ақындық бас асауына» ерік берген қызғаныштың қызыл тырнағы ма? Кім білсін. Қауірсіздік комитетінің төрағасы В.В.Губин Ахат шәкәрімұлы Құдайбердиев пен Зылиха Жұмабаеваның өтінішіне орай Шәкәрім мен Мағжан Жұмабаевты ақтау, не ақтамау туралы жазушылар одағының пікірін сұрады. Ғ.Мүсіреповтің оларды ақтау мәселесін қолдайтыны туралы хаты қоса тіркелді.

1957 жылы 20 қарашада Одақтың төрағасының орынбасары ретінде Ә.Тәжібаев оларды «мәңгілік ақталмайтын, ұлтшыл-буржуазияшылдар, шығармаларының көркемдігі төмен ақындар» деген мағынада хат жіберді. 1987 жылы ақпан айында Олжас Сүлейменовтің ұйымдастыруымен қауіпсіздік комитеті мекемесінің жеті полковнигімен өткен кездесудегі жолдардың авторының «алашордашыларды ақтау» мәселесі туралы сұрағына МҚК-нің орынбасары К.Әбдірахманов Ә.Тәжібаевтің осы хатын оқып беріп: «Мәселе бізде емес, өздеріңізде», деп еді. Сол отырыста Ғалым Ахмедов марқұм мұндай қатынасты кезінде жазудан бас тартқанын, бірақ оны еріктен тыс басқа біреуге жаздыртып, салдырғанын айтты. Бұған қарағанда жоғарыдағы пікірдің қалайда кездейсоқ айтылмағанын, ашығын айтқанда, Ә.Тәжібаевтің арнайы құпия мекемелердің тапсырмасын ұзақ жылдар бойы орындап келгенін дәлелдейді.

Кәрі ақынның шау тартқан шағында тура осы дерекке кешкі сағат бесте жолығып, көшіруге толық үлгермей, ертеңге қалдырып кеткеміз. Сол түні таңғы .7-де үйге хабарласып, шұғыл бір сағаттың ішінде үйіне келуді бұйырды. Болымсыз әңгімемен тоғыз жарымға дейін ұстады. Ал архивке барғанымызда әлгі «істердің жоғалып кеткенін» білдік. Архивтегі арнай мекеме адамдарының тапсырыстың ізін жойып үлгеруіне мүмкіндік беруі үшін бізді «бөгей тұрғаны» анық еді. Соған қарап ол кісі өзінің сол құпия мекемемен байланысын ғұмырының соңына дейін үзбеген екен-ау деген күдік ұялады. Бұл пікірімізді баспасөз арқылы ашық білдіргенімізде ешқандай жауап. Не пікір білдірмеді.

Сонда да оның қарсылығына қарамастан 1957 жылы 18 қыркүйектегі отырыста: С.Мұқанов С.Сейфуллиннің, Ғ.Мүсірепов Б.Майлиннің, М,Әуезов – Ілияс Жансүгіровтің көп томдығының басылымының төрағалығына бекітілді. 1957жылы 12 шілдеде М.Әуезовтің 60 жасқа толуына арналған мерейтой мәселесі қаралып, бас баяндамашыққа С.Мұқанов ұсынылды. Мұны М.Әуезовтің өзі де қолдады.

1957 жылы 27 қыркүйекте Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 60 жасқа толған мерейтойы бүкілодақтық көлемде, мемлекеттік деңгейде салтанатпен аталып өтті. Бұл Әуезовтің заманға кеткен бар есесін қайтарған және қазақ қауымы бұрын-соңды көрмеген рухани шеру болды. Бұл арсаңда ұйымдастырылған М.Әуезовтің шығармашылық жолы мен «Абай жолы» туралы ғылыми конференцияның материалдары жеке кітап болып шықққандықтан да барлығын баяндап жатпаймыз. Тек осыдан алты жыыл бұрын жерден алып, жерге салған қателіктер мен кемшіліктердің бәрі де роман-эпопеяның ұлы жетістігі болып бағаланды. Соның ішінде профессор Т.Нұртазиннің «Абай жолындағы» жағымсыз бейнелер және Құнанбай» туралы мақаласы құнын жоймайтын құлықты пікірлердің санатына жатады. Ал салтанатты рәсімді ашқан Ғ.Мүсірепов партия мен кеңес өкіметінің қадірін айта келіп:

«Киіз үйде сақана шымылдығын алғаш ашқан «Еңлік-Кебек» трагедиясы қазақ театр өнерінің алтын қорына қосылды. Ал бір кездегі жас Мұхтар қаазір көпұлтты кеңес әдебиетінің аса ірі сөз шеьерлерінің біріне, көрнекті кеңестік қоғам қайраткеріне айналды. Оның буырыл тартқан шашына академик деген даңқты атақ лавры көрік беріп тұр. Мұхтар Әуезов ең алдымен жазушы, жазушы болғанда да даңқты жазушы. Оның әдебиеттегі болсын, өнердегі болсын шығармаларындағы барлық шынайы талантқа тән қасиет – адамгершіліктің молдығы, қарапайымдылығы және анықтығы. Ол қашанда қайтпас қозғалысқа толы құштарлықпен және терең мағыналы поэтикалық көңіл-күйдегі болмысымен, тіршіліктің қуатты күшімен, шынайы сезімімен баурап алатын жігерлі тұлға. Әуезовтің қарапаймыдылыға – тырысқақ қарапайымдылық емес, халықшыл болып көрінгісі келген жалған қарапайымдылық емес. Оған әлденеден дәмететін көпшіліктің қолы жете бермейтін мырзалық пен міншілдік жат»,– деп мінездеме дәл және шынайы мінездеме беруден бастады.

Бұған қарағанда Сәбит Мұқановтың баяндамасы жеңіл, ауызекі сөйлеу мәнеріне құрылды. кейде әзілі мен шымшуы аралас, кейде шыны мен жортағы аралас бұл сөз олардың тістескен өміріндегі мінбеден айтылған алғашқы лебіз болғандықтан да түйнекті тұстарды ғана түйіншектеп береміз:

С.Мұқанов: «Мұхтар Әуезов әлемге әйгілі белгілі жазушы... Біз биологияның заңын жақсы білеміз. Дәнсіз ештеңе өнбейді. Қандай да құнарлы топырақ болса да, оған дән түспесе, ештеңе өніп шықпайды. Егер нәрлі дән себілсе – өнім де мол болады. Ал нәрсіз дән себілсе – берекелі өнім де шықпайды.,– деп қазақ арасындағы әлдебір «қазақы емеуірін» танытып, тегін мекзеп, одан қайта шығармашылығына көшіп:

1921 жылы жазылған «Қорғансыздың» күні әңгімесімен-ақ ол қазақ әдебиетіндегі проза саласындағы әңгіме жанрын әлемдік деңгейге көтерді,– деп баға бергеннен кейін тағы да ердің екі жағына кезек-кезек аунап алды:

Сол кездегі қалыптасқан тарихи жағдайға байланысты Мұхтар Әуезов қазақ кеңес әдебиетіне 30-жылдардың басында келіп қосылды. Әуезов жолдас 1932-жылы баспасөзге жарияланған мақаласында өзінің қателіктерін ашық мойындап, оны сынаған болатын. Сондықтан да өткенге қайтып оралып, тарихтың архив сөресін ақтарудың қажеті аз,– дей келіп драматургия сына тоқталады да тағы да бүлкілдете қармағын тартты.

Осындай. жақсы шығармалардың арасында «Октябрь үшін», «Алма бағында», «Тастүлектер» пьесасы мен»Іздер» сияқты дүниелері де бар. Олар Мұхтар Әуезовтің қаламынан шыққан шығармалар деуге татымайды,– деп тағы бір сипай қамшылады.

Егерде шындығын айтсақ, онда Абай Құнанбаевті әлемнің көgтеген елдері тек Мұхтар Әуезовтің арқасында білді. Сондықтан да біз бүгін, салтанатты күні, біздің мерейтой иесіне біздің халықтың ұлы перзенті Абай ағаның атынан алғыс айтамыз. Кез-келген, тіпті ең үздік шығарманың өзінде де кемшілік болады. Ондай кемшілік «Абай» романында да бар, алайда біздің мына үлкен мерекемізде оны көрсетіп жатудың қажеті жоқ,– деп «сылқ еткізе» тастай салды.

Мұны тыңдап отырған Мұхтар қандай көңіл-күйде болды? Лып-лып еткен өткір ұстараның жүзімен жүргендей әсер билеп, бір қызарып, бір сұрланып отырды ма, жоқ, оның бәрін де салтанаттың қуанышы басып кетті ме? С.Мұқанов өзінің Ғ.Мүсіреповке жазған хатында:

«Оны алпыс жылдық юбилейінің үстінде сонша құрмет көрсеткен, абырой әперген партия мен үкіметке халық алдында рахмет айтудың орнына, әлдеқайдағы мифтік «парнасына» шығып, тәсілқой «пегасына» мініп, еш жерде құйрығын ұстатпай, әлдене жұмбақтарды айтып кетті. «Құйрығы буырылдық» осы. Бұны мен өзім, жақсылыққа түкіру деп санаймын. Сонда осыны Ахмет айтқандай «алжығандықтан» істеп тұрған жоқ. Алжыса, ертеңінде академияда кеше күрмелген тілі неге шешіліп, «сүйікті елім», «алтын бесігім!» деп ағылып кетті?!. Ішін бермеуге, ең қатты адамның біреуі екен бұл. Ауа райыңа қарайтындарға осыдан үйрену керек екен»,деуінің астарында сондай алакөңілдік жатпады ма екен? Содан кейін:Біз алдағы уақытта сізден бүгінгі шындық туралы, біздің өміріміз туралы үлкен шығарма күтеміз, оның көркемдік құндылығының «Абай» романынан кем болмауын қалаймыз, – деген ежелгі тілегін қайталап айтты.

Бұл талапты орындау мүмкін бе еді? Шәкірті Х.Сүйіншәлиев сондай тілек білдіргенде: «Сен не деп тұрсың? «Абайдан» артық шығарма бола ма? Бұл менің бүкіл өмірімнің қорытындысы емес пе!», деп налығанын еске алсақ, «Өскен өркеннің» ол талаптың деңгейінен .шықпайтынын Әуезо білген. Сөзінің соңын:

Мұхтар 60 жасқа келді. Бірақта біз оның ауызынан «кәрілік» деген сөзді ешқашанда естігеміз жоқ. Мына аздаған толықтығын есепке алмасақ, оның қартайдым деуге қақысы да жоқ,. Ол әжімсіз жас жігіттен айнымайды, бұйра қара шашы басын жауып тұр, өткір азуымен тасты да шайнайды. Мұндай адамды кәрілік ала ма? Бұл оның тек сыртқы сипаты ғана, ал оның көңілі әлі жас. Да здравствует родная коммунистическая партия, ведущая нас от счастья к счастью! Да здравствует коммунизм!»,– деп (258 -іс) серілігін мекзеумен аяқтады.

Ұран тастауы ретті ме, ретсіз бе, білмеймін, М.Әуезовке қарата айтқан шымшымаларды жарасты қалжыңға балаған жұрт ду қол шапалақтаған шығар. Шапалақтаулары да заңды. Бірақ инемен түйрегендей болмай, ғұмырының бір күнін алғаусыз қуанышқа жеңдіруге де болатын еді. Одақтас республикалардан келген қонақтар оның бұл нәумез көңілін аспанға шарықтатып, дастархан басында тіпті, шалықтатып жібергені анық. Ертеңінде Ғылым Академиясында салиқалы баяндамалар жасалып, көңілін бір марқайтты.

Сол күннен бастап ол өзінің даңқ тұғырына көтерілді. Бұл туралы кеңестік кезеңдегі Мұхтар Әуезовтің соңғы мерейтойында жасаған баяндамасында Олжас Сүлейменов:

«Әуезов өзінің 60 жасын 57-жылы тойлады, Ленин орденімен марапатталды, тұңғыш рет өзіне қаратылған ресми және ырыс боп құйылған мадақ ты естіді. Бұл Әуезовтің салтанатты әрі жүрексінген сәті еді. Бұл кезде ол «қазақ әдебиеті» деген ұғымды отанымызға, әлемге толық танытқан, нақты шындыққа айналдырған ең басты кітабін жазып бітірген болатын. Роман әлем тілдерінде қуатты қарқынмен таралып, автордың есіміне бірінен бірі өткен шабытты теңеулер қосыла берді...», – деп дәл баға берді.

Ұлттық әдебиеттің осындай әлемдік деңгейіне көтерілгеніне қарамастан, тыныш күнде найзағай ойнатып жүретін Қазақстанның Орталық Комитетіне идеология жөніндегі хатшы боп келген жандарал Н.Жанділдиннің жүйкесіне «Қазақ әдебиеті» газетіндегі қазақ тағдыры, қазақ тілі, қазақ мектептері, ұлттық өнер, халықтың ән-күйі, салт, дәстүрі туралы басылымдар тікендей қадалды. Оның үстіне тың өлкесіндегі қазақ мектептерінің жаппай жабылуы да зиялы қауымды алаңдатқан болатын. Осыған байланысты 1957 жылы 26 қарашада «Қазақ әдебиеті» газеті үлкен талқыға түсті. Ұлттық мәдениеттің мүддесін қорғап, «жаңа ұлтшылдықпен күреске» жол бермес үшін, іргелі жазушылар, соның ішінде М.Әуезов те талқыға қатысты. Іслам Жарылғапов пен Әлжаппар Әбішев баяндама жасады. Қазақ тіліне өнер, балмұздақ, аялдама, орам, гүлгүл, саяжай, жанұя, деректі, көрермен сияқты көптеген атаулардың баламасын кіріктірген Ісләм шешен өзінің қашандағы әдетімен ұзақ және кеңінен жайылған баянын қаулы шығаратындай дәрежеге жеткізбеді. Ал Ә.Әбішев біздің тақырыбымызға қатысты:



«С.Нұрышевтің Шортанбайдың «Бала зары» туралы өзінің мақаласында Шортанбай шығармаларының кейбір әлеуметтік сырын, реалистік сипатында, көзқарасына байланысты туған қайшылығын да жете талдап, оған нақты , обьективті баға берудің орынына С.Нұрышев ақын творчествосын бірыңғай жоққа шығаруға салынған. Ол шортанбайды Абаймен салыстырады. \абайға қоятын талапты Шортанбайға да сол күйінде тұп-тура қоя салады. Өзгесін былай қойғанда тіпті осының өзі-ақ зерттеушінің обьективті позиция ұстанбағандығын көрсетсе керек. Алты айдың ішінде арнап сөз еткені, негізінде, екі-ақ ақын болса, оның бірі Шортанбай әлі дүмбілез. Ол туралы бір-біріне мүлдем қайшы екі пікір айтылды. Бірінде ақтау басым болса, екіншісінде Шортанбай мүлдем қап-қара. Екеуінің қайсысы дұрыс екенін,яғни, Шортанбайдың кім екенін газет не өзі айтқан жоқ, не өзгеге айтқызған жоқ, сол дүмбілез күйінде қалдырып қойды»,– деген пікірді көтерді.

Қ.Қуандықов: Театр сыны қамтылмайды.Жеке спектакльдер мен рольдер талқыланбайды.

Ә.Тәжібаев: Газетте жазылған мақалаларда мәдениет, тереңдік жоқ. Ежелгі айтылып жүрген арзан сөздермен толтырып, қрғақ сөзуарлыққа салыну жағы күшті. Газетке тән жинақылық, ширақтық жоқ. Тіл ұстарту жөнінде тым салынып кетушілік бар. Мысалы, көрермен деген не сөз? Газет кейде өзін сынаған адамдарға тиісіп, беттен тырнау әдеті бар. Мысалы, Ахтанов туралы осылай болды. Бұл партиялық принципке жатпайды. Әдебиетшілердің жиналысында Ахтанов газетті сынағандықтан да оның сөзін кекетіп пайдаланыпты. Жуырда С.Мұқановтың Сәкен жайындағы мақаласы басылды. Онда Сәкеннің кейбір мінездері бүгін газетке басуға болмайтын сөздер кеткен. Ардақты адамдар туралы керексіз, айтылмайтын бір өсектерді бықсытқан. Редакцияда сергегтік, зеректік жоқ. Мысалы, Әлжаппардың елу жылдығына арнап бет беріп отырып, сол номердің бас мақаласында Тәжібаевті балағаттайды. Оны келесі санда да жасауға болатын еді ғой. Газетке партиялық жетіспейді. Соны ескеру керек.

Өкпесімен қоса: өнер, көрермен деген баламалардың орынына біз өзіміздің искусство мен зрительді қолдана береміз», – деп аяқтайды.

Ә.Тәжібаев газеттің ұлтшылдық сипатын осы «тіл ұстартудан» көреді.

Р.Бердібаев: «Біздің газеттің жұмысына байланысты Орталық Комитеттің қаулысында менің де атым аталған еді. Сондықтан да өз қатемді түзету туралы өзімнің не істеп жатқанымды айта кеткім келеді. Мен редакция құрамында қалып бірсыпыра мақалалар жаздым. Оның бәрін жұртшылық жақсы қабылдады. Сөйтіп мен редакцияда жұмыста қалып қатемді түзеуге мүмкіндік алдым».

М.Әуезов әдебиет теориясы мен аударма теориясы, шығармалардың орыс тіліне аударылу мәселесінетоқтала келіп:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   61




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет