Түсіндірме жазба


Механизмніңкинематикалық талдауы



бет4/12
Дата08.04.2023
өлшемі241.44 Kb.
#471909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ТММ

2 Механизмніңкинематикалық талдауы
Механизмдер кинематикасы уақыт факторын есепке ала отырып, ал әсер етуші күштерді ескермей звенолар мен олардың жеке нүктелерінің қозғалысын зерттейді.
Механизмді кинематикалық зерттеу деп, әдетте, графиктік кескіндеу мен есептеу нәтижесінде әрбір звеноның орналасу калпын, звено нүктелерінің орын ауыстыруын немесе звеноның бұрылу бұрыштарын, звенолар нүктелерінің сызықтық жылдамдықтарын және үдеулерін, звенолардың бұрыштық жылдамдықтарын және бұрыштық үдеулерін және механизмнің тағы да басқа кинематикалық параметрлерін анықтайтын процесті айтады.
Кинематикалық зерттеудің мақсаты :
1.Механизмнің орындар планын құру;
2.Нүкте траекторияларын анықтау;
3.Механизм звеноларымен нүктелерінің жылдамдығы мен бұрыштық жылдамдықтарын анықтау;
4. Механизм звеноларымен нүктелерінің үдеулерін және бұрыштық үдеулерін анықтау.
Механизмді кинематикалық зерттеу үшін графиктік, аналитикалық және графо-аналитикалық (векторлық әдіс, кинематикалық диаграммалар әдісі және т.б.) әдістер қолданылады.
Звено нүктелерінің координаталарын, жылдамдықтарын және үдеулерін есептеу механизм жұмысының толық циклінің арасындағы бірқатар орналасу қалыптары үшін жасалады да, мұның өзі механизм нүктелерінің траекториялары мен орын ауыстыру графиктерін құру, жылдамдық пен үдеудің графиктерін жасау сияқты механизм жұмысына дұрыс баға беру үшін қажетті параметрлерді анықтауға мүмкіндік туғызады. Бұл айтылған кинематикалық элементтердің әрқайсысын білу машиналарды зерттеу және конструкциялау үшін қажет. Мысалы,механизм звеноларының кейбір нүктелерінің траекториялары звеноның жүру жолдарын айқындау, машина корпустарының жобасын жасау үшін, кез келген жағдайда звенолардың орнын еркін ауыстыруына мүмкіндік беру және механизм звеноларының бір-бірімен зиянды қақтығысынан сақтау тағы басқалар үшін қажет.
Механизмнің звено нүктелерінің жылдамдығын анықтау, атап айтқанда, машиналардағы жұмыс процесінің жағдайын айқындау үшін қажет. Жылдамдықты білген соң үдеуді анықтауда болады, ал үдеуді білу арқылы инерция күші мен оның түсу нүктесін табуға болады.
Шапшаң жүретін және ауыр звенолы машиналарда звенолардың қозғалысы біркелкі болмауына байланысты оларда инерция күші үлкен болады, сондықтан олардың беріктігін есептегенде бұл күшті ескеру қажет. Сөйтіп, машина жұмысының сапасын анықтау немесе күш анализі үшін кинематикалық анализ жасау жұмысы жүргізіледі. Оның үстіне кинематикалық анализ машиналардың синетезіне көшу үшін де бір басқыш болып табылады.
Механизмдердің кинематикалық анализі үшін графиктік, графоаналитикалық және аналитикалықәдістер бар. Бұл әдістер жоғарғы математика мен теориялық механиканың теоремалары мен ұғымдарына сүйенеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет