Түсіндірме жазба


№ Түсіндірме жазбасының мазмұны



бет2/12
Дата08.04.2023
өлшемі241.44 Kb.
#471909
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
ТММ

Түсіндірме жазбасының мазмұны

Беттер саны

Орындалу мерзімі

1.

Аннотация



2.

Кіріспе



3.

Сорғы мехинизмі туралы мәлімет



4.

Механизмнің құрылымдық анализі



5.

Механизмнің кинематикалық анализі



6.

Механизмнің он екі орын үшін орындар планын құру



7.

Он екі орын үшін жылдамдықтар планын құру



8.

Екі орын үшін үдеулер планын құру



9.

Кинематикалық диаграммаларды құру



10.

Есептеу нәтижелерін тексеру



11.

Жұдырықшалы механизм синтезі



12.

Кинематикалық диаграммаларды құру



13.

Жұдырықшаның минимал радиусын анықтау



14.

Жұдырықшаны пішіндеу



15.

Қорытынды



16.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі




Сызба жұмыстарының мазмұны

Орындалу мерзімдері

Беттер саны

Формат

1.

Механизмнің кинематикалық анализі


1

А1

2.

Жұдырықшалы механизм синтезі


1

А1


Негізгі әдебиеттер: 1. Егембердиев А.Ж. Анализ и синтез плоских и пространственных механизмов высоких классов – Алматы, 2011.- 305с. –ISBN 978-601-278-426-8.


2. Теория механизмов и машин. Курсовое проектирование: учебное пособие для студента Втузов, машиностроительных Г. А. Тимофеева, Н.В. Умнова. – М.: Изд-во МГТУ им Н.Э.Баумана, 2011. – 154с.: ил.
3. Горбенко М.В., Кривцова Н.Б. Англиский язык. ТЕОРИЯ МЕХАНИЗМОВ И МАШИН. Профессиональная составляющая языковой подготовки: Учебно-методическое пособие.-2-е изд., испр. И доп. –Томск: Изд-во ТПУ, 2016. – 110 с.
Тапсырманың берілген мерзімі: ______________________________
Жобаны қорғау мерзімі:
Жоба жетекшісі: т.ғ к., доцент Мырзалиев Д.С.______________________
(қызметі, Т.А.Ж., қолы)
Тапсырманы орындауға алды: ____________________ _________________
АННОТАЦИЯ
Мен _________________________________________, _______________ тобының студенті _____________________________________________ тақырыбындағы курстық жобаны т.ғ.к., доцент Мырзалиев Дархан Сапарбайұлының жетекшілігімен жасадым.
Курстық жобаның «Кіріспе» бөлімінде машиналар мен механизмдер теориясының зерттейтін аумағы, зерттеу мақсаты, зерттеу әдістері, курстық жобаның мақсаты және көмірұнтақтағыштар туралы жазылған.
Курстық жоба 3 негізгі бөлімнен тұрады:
1.Механизмнің құрылымдық анализі;
2.Механизмнің кинематикалық анализі;
3.Жұдырықшалы механизм синтезі.
Бірінші бөлімде сорғы механизмінің құрылымдық талдаулары жасалған. Ал екінші бөлімінде 12 орны үшін орындар планы, 12 орны үшін жылдамдықтар планы, 2 орны үшін (3-ші және 10-ші) үдеулер планы және олардың кинематикалық диаграммалары құрылған. Ал үшінші бөлімінде жұдырықшалы механизмнің синтезі, жұдырықшаның минимал радиусын анықтау және жұдырықшаны пішіндеу туралы жазылған.
Сонымен қатар курстық жұмыс ,, беттен, ,, суреттен, 1 кестеден және А1 форматтағы екі сызба жұмысынан тұрады.
Бірінші А1 форматта сорғы механизмінің 12 орны үшін орындар планы, 12 орны үшін жылдамдықтар планы, екі орны үшін үдеулер планы және олардың кинематикалық диаграммалары құрылған.
Екінші А1 форматта көмірұнтақтағыштың жұдырықшалы механизмінің орын ауыстыру, жылдамдықтар және үдеулерінің аналогтарының диаграммалары, жұдырықшаның минимал радиусы және жұдырықшаны пішіндеу сызбалары кескінделген.
«Қорытынды» бөлімінде көмірұнтақтағыш механизмдерінің қандай әдістермен зерттелгендігі туралы жазылған.


МАЗМҰНЫ

Аннотация.......................................................................................................

4

Кіріспе.............................................................................................................

6

Сорғы механизмі туралы мәлімет...........................

8

1. Механизмнің құрылымдық талдауы....................................................

10

2. Механизмнің кинематикалық талдауы.................................................

13

2.1. Механизмнің 12 орындар планын құру...........................................

14

2.2. Механизмнің 12 орын үшін жылдамдықтар планын құру..........

15

2.3. Механизмнің 2 орын үшін үдеулер планын құру.........................

17

2.4. Кинематикалық диаграммаларды құру.............................................

24

2.5. Есептеу нәтижелерін тексеру.............................................................

27

3. Жұдырықшалы механизм синтезі.........................................................

28

3.1. Жұдырықшалы механизмнің құрылымдық анализі........................

29

3.2. Жұдырықшаның минимал радиусын анықтау.................................

31

3.3. Жұдырықшаны пішіндеу.....................................................................

32

Қорытынды.....................................................................................................

34

Пайдаланылған әдебиеттер..........................................................................

35



КІРІСПЕ

Механизмдер теориясы бөлімінде - механизмдердің қасиеттерін зерттеудің және оларды жобалаудың жалпы әдістері машиналардың, қондырғылар мен аспаптардың қай жерде немесе қалай пайдаланатынына тәуелсіз түрде қарастырылады. Мысалы, айналу қозғалысын басқа түрге өзгертуге арналған механизм - тісті дөңгелек автомобильде де, сағатта да қолданылады.


Механизмдер және машиналар теориясының келесі бөлімі машиналар теориясында да машиналарды жобалаудың жалпы әдістері оқылады. Сонымен, «Механизмдер және машиналар теориясының» екі бөлімі бір-бірімен тығыз байланыста, өйткені механизм кез келген машинаның негізін қалайтыны белгілі. Ал машинатануды жалпы ғылымдардың үлкен бір саласы ретінде қарастырсақ, онда оған жалпы механиканы, жобалау теориясы мен машиналар жасаудың технологиясын қосуға болатыны сөзсіз.
«Механизмдер және машиналар теориясының» ғылым ретінде қалыптасуы XVIII ғасырдан басталады деп қарастыруға болады, өйткені осы кезден бастап әртүрлі машина құрылғыларының кинематикасы мен динамикасы зерттеліп, ол үшін теориялық механиканың теоремалары және постулаттары пайдаланылып, солардың негізінде, машина құрылғыларының жобалары жасала басталды. Жаңадан жасалатын (бұрын болмаған) машинаны немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған машинаның жұмыстық сапасын өсіру мақсатында, оның бір немесе бірнеше параметрлерін жобалау мәселелерінің өзі оте күрделі болып келеді және көп еңбекті талап етеді.
Механизмдер және машиналар теориясының мәселелерін, негізінен, үш топқа бөліп қарастыруға болады:
- механизмдерді талдау, яғни механизмнің берілген сұлбасы (ехемасы) арқылы оның кинематикалық және динамикалық қасиеттерін зерттеу;
- механизмдер синтезі - механизмнің берілген (тағайындалған) қасиеттері бойынша, оның нұсқасын жобалау, демек механизмнің синтезінің кез келген мәселесі механизмдерді талдау мәселесінің кері есебі болып табылады;
- автомат-машиналардың теориясы - машиналардың жұмыс істеу элементтерінің қимыл бірліктерін іске асыруға арналған басқару жүйесінің нұсқасын құрудың әдістерін жетілдіру, оның ішінде, басқару жүйесінің өздігінен керек күйге келтірудің әдістемелерін құру.

Жұмыс камерасының сорғының кіріс және шығысымен қосылу сипаты бойынша: мерзімді байланыс (көлемді сорғылар) және тұрақты кіріс және шығыс байланысы (динамикалық сорғылар). Көлемді сорғылар тұтқыр сұйықтықтарды айдау үшін пайдаланылады. Бұл сорғыларда энергияның бір түрленуі- қозғалтқыштың энергиясы тікелей сұйықтық энергиясына айналады (механикалық => кинетикалық + потенциал). Мұндай сорғылардың үлкен артықшылығы өздігінен сору қабілеті. Ал динамикалық сорғылар энергияның қос түрленуімен сипатталады (1 кезең: механикалық → кинетикалық + потенциал; 2 кезең: кинетикалық → потенциал). Динамикалық сорғыларда ластанған сұйықтықтарды айдауға болады, олар біркелкі қоректенуге және жұмыс процесінің тепе-теңдігіне ие. Көлемді сорғылардан айырмашылығы, олар өздігінен соруға қабілетті емес.


Аксиал-поршеньдi сорғы- ротордың айналмалы қозғалысынан және поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан энергия алатын роторлы сорғы. Сору қысымы 30 МПа дейін. Аксиал-поршеньдi сорғы гидроберілістерде, күштік бақылау жетектерінде пайдалылады.


Екі қалақты сорғы- жұмысшы органдары айналмалы қозғалатын роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының екі қалағы арқылы орындаушы механизмдерге сұйықтық беріліп отырады.
Көлемдік сорғы- сорғының сұйықтық шығатын бөлігінде орналастырылып, сол камерадағы сұйықтықтың көлемін өзгертетін құрылғы. Қозғалтқыш жетегінің қуаты сақтық клапанның көмегімен максималды түрде тұрақталып қалады.
Қоректендiргiш сорғы- бу қазандарына суды жеткізу процестерінде пайдалылады. Қоректендіргіш сорғы электрлі поршеньді сорғылар ретінде пайдалылады.
Тiлiмшектi сорғы- жұмысшы органдары ерсілі-қарсылы қозғалатын айналмалы роторлы сорғы. Роторда орналасқан сорғының тілімшектері арқылы орындаушы механизмдерге сұйыктық беріліп тұрады.
Радиал-поршеньдi сорғы- ротордың айналмалы қозғалысы мен поршеньнің ерсілі-қарсылы қозғалысынан механикалық энергия алатын роторлы сорғы; Радиал-поршеньдi сорғы қысымы жоғары гидрожүйелерде пайдалады.
Тiстегергiштi сорғы- жұмыс органы екі тістегергіштен тұратын роторлы сорғы; Тiстегергiштi сорғыда сұйықтықтың үлкен қысым мөлшерін реттеп отыратын сақтық клапаны орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет