1 МЕХАНИЗМНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ТАЛДАУЫ
Бұл бөлімде көмірұнтақтағыштың рычагты механизміне талдау жүргіземін. Механизмге құрылымдық талдау жүргізген кезде қозғалатын және қозғалмайтын звенолар санын, кинематикалық жұптар класын және еркіндік дәреже санын анықтаймыз. Механизмді Ассур топтарына жіктеп, қандай класқа және қандай түрге жататындығын қорытындылауымыз қажет.
Маған сорғы механизмі көрсетілген (сурет 1.1).
Сурет 1.1 –Сорғы механизмі
Сорғы механизм келесі звенолардан тұрады:
0-тірек;
1-айналшақ;
2-бұлғақ;
3-тиек;
4-кулиса тасы;
5-кулиса.
Яғни бұл сорғы ричакты механизмі тіректен және 5 қозғалмалы звенодан тұрады.
Механизмнің қандай кинематикалық жұптардан тұратындығын анықтаймын:
1. A (0,1)– V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
2. B (1,2)– V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
3. C (2,3)– V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
4. C’ (3,0)– V класты, ілгерілемелі, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
5. D (2, 4) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
6. D’ (3, 4) – V класты, ілгерілемелі, жазық, төменгі кинематикалық жұп.
7. E (4, 5) – V класты, айналмалы, жазық, төменгі кинематикалық жұп;
Маған берілген сорғы механизмі тек V класты, жазық, төменгі кинематикалық жұптардан тұратын болғандықтан жазық механизм болып табылады. Жазық механизмнің еркіндік дәреже саны П.Л.Чебышев формуласымен анықталады :
(1.1)
мұндағы, -қозғалмалы звенолар саны;
– V класты кинематикалық жұптар саны;
- IV класты кинематикалық жұптар саны.
Механизм 6 звенодан тұрады. Тірек және 5 қозғалмалы звено, яғни, механизм бір қозғалмалы болып табылады.
Механизмді құрылымдық топтарға жіктеймін (Ассур топ). Жетекші звено 1 болғандағы механизмнің Ассур топтары (сурет 1.2 – а,ә,б).
Сурет 1.2 - Механизмді Ассур топтарға жіктелуі
а ) класты Ассур тобы; ә ) класты 5 түрлі Ассур тобы;
б ) класты 2 түрлі Ассур тобы
Механизмнің құрылымдық формуласы :
(1.2)
Механизмнің класы механизм құрамына енетін Ассур топтарының ең үлкен класымен анықталады. Жетекші звено 1 болғанда механизм класты.
Жетекші звено 3 болғандағы механизмнің Ассур топтары (сурет 1.3 – а,ә,б ).
Сурет 1.3 - Механизмді Ассур топтарға жіктелуі
а ) класты Ассур тобы; ә ) класты 2 түрлі Ассур тобы;
б ) класты 2 түрлі Ассур тобы
Механизмнің құрылымдық формуласы:
(1.3)
Механизмнің класы механизм құрамына енетін Ассур топтарының ең үлкен класымен анықталады. Жетекші звено 3 болғанда механизм класты
Жетекші звено 5 болғандағы механизмнің Ассур топтары (сурет 1.4 – а,ә,б ).
Сурет 1.4 - Механизмді Ассур топтарға жіктелуі
а ) класты Ассур тобы; ә ) класты түрлі Ассур тобы
Механизмнің құрылымдық формуласы:
(1.4)
Механизмнің класы механизм құрамына енетін Ассур топтарының ең үлкен класымен анықталады. Жетекші звено 5 болғанда механизм класты.
Достарыңызбен бөлісу: |