Түсінік хат «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні


-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата31.03.2024
өлшемі153.6 Kb.
#497089
1   2   3
Түсінік хат 1-4

2021-2022 оқу жылында 3-сыныпта «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні 2021 жылдың 1 
қыркүйегінен оқытылады. 
3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны: 
1) 
«Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді 
басқаруды өзгертуге арналған клавиштер. Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда 
«қызу» клавиштерді пайдалану. Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі 
ережелері. 
2) 
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; 
мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді 
құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастырылуын реттеу; Презентациялар: презентация 
конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа 
орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған 
программа (жарықтық, контраст, жиектеме); 
3) 
«Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу, құжаттан мәтін үзіндісін іздеу. Ақпарат алмасу: 
желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді 
пайдалану. 
4) 
«Есептей білу». 
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалар жүйесі. 
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын 
сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністермен және кейіпкерлермен 
жұмыс істеу. 
5) 
«Робототехника»: орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот 
қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану. 
3-сыныптың оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттарын меңгеру үшін мынадай ұсынымдар беріледі: 
1-тоқсанда оқу процесіне қосымша келесі оқу мақсаттарын енгізу қажет: «1.1.3.1 информатика 
кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау»; «2.1.1.1 енгізу және шығару құрылғыларын ажырату»; «2.1.2.1 файл 
және папка ұғымдарын түсіндіру»; «1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру»; «1.4.2.1. ойын бағдарламалау 
ортасында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch (скретч)»; «2.2.1.1 пернетақта тренажёрында мәтін теру»; 
«2.4.1.1 тармақтау алгоритмін іске асыру»; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет