Түсінік хат Физика 11 сынып жаратылыстану-математикалық бағытына арналған (аптасына 2сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды) 2023-2024 оқу жылының күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауы төмендегі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жасалынды



бет1/4
Дата03.11.2023
өлшемі196.5 Kb.
#482281
  1   2   3   4
11-сынып ҚГБ физика КТП


Түсінік хат
Физика 11 сынып жаратылыстану-математикалық бағытына арналған (аптасына 2сағат, оқу жылына 68 сағатты құрайды) 2023-2024 оқу жылының күнтізбелік-тақырыптық жоспарлауы төмендегі нормативтік-құқықтық актілер негізінде жасалынды:
Тақырыптық - күнтізбелік жоспарды дайындауда 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс: – «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (бұдан әрі – МЖМБС) (ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029031);
– «Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен, ҚР Оқу-ағарту министрінің 12.08.2022 ж. № 365 бұйрығымен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029136, 30.09.2022 ж. №412 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029916);
– «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйекте гі №399 бұйрығы
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200029136,
ҚР Оқу-ағарту министрінің 21.11.2022 ж. № 467 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2200030654);
11-сыныптардағы физика пәнін оқытудың мақсаты :

  • Оқушылар бойына «физика және техника» ғылымдарына деген шынайы сүйіспеншілікті дарыту, олардың танымдық және шығармашылық қабілетін дамыту, деңгейлік есептер шығару.

  • Пәнаралық байланысты арттыру. Физика есептерін математикалық тәсілдермен шешу әдістерін игеруге баулу. Физика пәнінің информатика, технология саласындағы жетістіктерін ұғындыру, компьютерлік бағдарламалар арқылы физиканы үйрену әдістерін меңгерту.

Мақсатқа сәйкес оқу пәнін оқытудың негізгі міндеттері:

  • Пәнге деген қызығушылық қабілетін, логикалық ойлауын қалыптастыру.

  • Оқыту барысында болашақ еңбек қызметіне қажет екендігіне көз жеткізу.

  • Негізгі мектепте қалыптасқан ақпараттарды кеңейту және жетілдіру.

  • Курс барысында алған білімдерін түрлі жағдайларға қолдану және дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет