Түсінік хат Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7 сынып



бет1/9
Дата17.09.2024
өлшемі73.86 Kb.
#503686
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ктж 7 сынып АДАСОВА СЫМБАТ


Түсінік хат
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен 7 сынып
(аптасына 4 сағат, жылына 136 сағат)
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты» және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 16 қыркүйектегі №399 бұйрығымен бекітілген «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқу бағдарламасы негізінде әзірленді.
«2024-2025 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсхау хат басшылыққа алынды.
"Қазақ тілі мен әдебиеті" оқу пәнін оқыту мақсаты: негізгі орта білім беру деңгейіне арналған "Қазақ тілі мен әдебиеті" бағдарламасының мақсаты–оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
"Қазақ тілі мен әдебиеті" оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:
- шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге, сын тұрғысынан ойлауға дағдыландыру;
- білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған тұлға қалыптастыру;
- туындаған мәселелерді шеше білетін, шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ тәрбиелеу;
- оқушыларды сөйлесім әрекетінің түрлерін әлеуметтік ортада қолдана білуге үйрету;
- оқушылардың тілдік дағдысы мен ойлау қабілетін дамыту;
- оқушыны қазақ халқының мәдениетімен, әдебиетімен, ұлттық салт-дәстүрімен таныстырып, мәдени ортада пайдалануға баулу, қазақ еліне, мемлекеттік тілге деген құрмет сезімін тәрбиелеу.
Пән бойынша оқу жүктемесінің көлемі:7-сыныпта аптасына 4 сағат, оқу жылына 136 сағатты құрайды.Оқулық авторлары: Ф.Ш. Оразбаева, Ж.Т. Дәулетбекова, Р.С. Рахметова, А.Қ. Рауандина, Б. Қ. Мукеева Алматы « Көкжиек-Горизонт» баспасы 2017 ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша жиынтық бағалау саны






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет