Түсінік хат стандарт


Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар



бет2/4
Дата31.01.2024
өлшемі41.45 Kb.
#490416
1   2   3   4
КТП 7 Б сынып әдебиет

5. Қазақ әдебиеті пәнін оқу арқылы білім алушылар:
қазақ әдебиетінің құндылық ретіндегі болмысын, ұлттық мәдениеттегі маңызды орнын құрметтейді және бағалайды;
қазақ әдебиетінің мәдениетаралық қарым-қатынастағы рөлін, қазақ халқының қалыптасқан тарихын, алға қойған міндеттерін, жеңістерін, мәселелерін, қарама-қайшылық пен қиындықтарын анықтайды және түсінеді;
түрлі жағдайларға бейімделе білу және өздігінен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастырады;
заманауи, ғылыми және қоғамдық дамуға сәйкес дүниетанымын дамытады.
2-тарау. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
1-параграф. «Қазақ әдебиеті» оқу пәнінің мазмұны.. «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:
7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 72 сағат; Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).
7. «Қазақ әдебиеті» пәндік білімнің мазмұны бөлімдерге бөлінген: түсіну және жауап беру, анализ және интерпретация,бағалау және салыстырмалы анализ, сонымен қатар, дағдыларды қалыптастыратын бөлімшелерден тұрады. Бағдарламаның бұл бөлімі пән бойынша оқу мақсаттарынан тұрады.
8. «Түсіну және жауап беру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады:көркем шығарма мазмұны мен пішіні; әдеби шығарманың тұжырымдамасы; көркем шығармадағы образ; шығарма үзінділерімен жұмыс. 9. «Анализ және интерпретация» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: әдеби шығарманың композициясы; автор бейнесі; көркем шығарманың тілі; шығармашылық жұмыс. 10. «Бағалау және салыстыру» бөлімі келесі бөлімшелерден тұрады: тарихи және көркемдік құндылығы; заманауилығы мен жаңашылдығы;
әдеби эссе; әдеби сын.
7-сыныпқа арналған «Қазақ әдебиеті» пәнінің базалық білім мазмұны:
1) түсіну және жауап беру: әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау, әдеби шығармадағы тұлғалық болмысты гуманистік тұрғыдан талдау, кейіпкерлердің типтерін жасалу тәсілдері тұрғысынан анықтау, көркем шығармадағы кейіпкер бейнесі, үзінділерді жатқа айту;
өңірде шығатын газет-журналдарды білу, энциклопедия ұғымын түсіну;
2) анализ және интерпретация: шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салғастыру, эпикалық, поэзиялық, драмалық шығармадағы автор бейнесі, шығармадағы көркемдегіш құралдар: символ, синекдоха, эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ қолданысы, шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу;
туған өлке туралы, шындық көзқарас тұрғысынан адамдар туралы мақалалар мен очерктердің ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі, эмоционалдық әсері тұрғысынан талдау, энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білу, өлкетанудың бағыттарын анықтау, өлкетанудың бағыттары бойынша электрондық энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысу;
3) бағалау және салыстыру: кейіпкерлердің іс-әрекеті мен автор берген портреттік мінездемесі, тарихи және көркемдік құндылығын, әдеби жанр түрлерінің даму барысы, жаңашылдығы, шығарманы ұлттық құндылығы, әдеби эссе жазу, әдеби шығарманың эстетикалық құндылығы туралы сыни шолу жазу.
16. Оқытылатын көркем шығармалар тізімі:
1) Қазтуған жырау «Қазтуғанның қонысымен қоштасуы»; 2) Орхон-Енисей ескерткіштері «Күлтегін» жыры; 3) «Қыз Жібек» жыры;
4) Жиембет жырау «Еңсегей бойлы Ер Есім»; 5) Ш. Қанайұлы «Зар заман»; 6) С. Аронұлы «Сүйінбай мен Қатағанның айтысы»;
8) Жамбыл Жабаев «Зілді бұйрық»; 9) М. Жұмабаев «Батыр Баян»; 10) М. Әуезов «Көксерек»; 11) Қ. Қайсенов «Жау тылындағы бала»;
12) С. Сарғасқаев «Тәмпіш қара»; 13) М. Шаханов «Нарынқұм зауалы»; 14) Медетбек Темірхан «Тәуелсізбін» өлеңі; 15) Т. Әбдіков «Қонақтар»;
16) А.С. Пушкин «Ескерткіш».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет