Тұтқырлығы жоғары және парафинді мұнайларды айдау жоба Аңдатпа «Магистралды мұнай құбыр арқылы жоғарғы тұтқырлы мұнайды айдау»



бет13/20
Дата19.05.2022
өлшемі422.5 Kb.
#457487
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Магистралды мұнай құбыр арқылы жоғарғы тұтқырлы мұнайды айдау курстық жұмысы

(4.1.)


мұнда: NPV- келтірілген таза баға; Rt – tжыл ішіндегі жобадан кіріс (тиімділік); Сt – tжыл ішіндегі жобаға шығатын шығын; i – дисконт мөлшерлемесі; n – жоба өмір кезеңінің жыл шамасы.
Тиімділіктің ішкі коэффициенті (Internal Rate of return - IRR) немесе ішкі кіріс мөлшері (өтелім) бұл, жобадан алынатын тиімділік (кіріс) жобаға кететін шығынмен теңесеуі кезіндегі есептік процентті мөлшерлемесі, яғни таза келтірілген баға нөлге тең деп алынатын, есептік процентті мөлшерлеме. Ішкі кіріс мөлшерін есептеу, негізінен арнайы программалармен компьютерде жүргізіледі.
Капиталды салымдардың қайта оралу периоды (Pay –back -Period) немесе өтелу уақыты көп қолданатын көрсеткіштердің бірі. Жобаның өтімділік мерзімі жоба қандай уақыт аралығында өтелуін көрсетеді: диконтирленбеген шығындар базасында есептеледі.
Уақыт факторын есепке алмай, яғни алынатын кірістің тең мөлшерлері және әртүрлі уақыттар теңестіріліп қарастырылады, өтімділік мерзімі төмендегідей анықталады:
(4.2.)

мұндағы: ТОК- өтімділік уақытың жеңілейтілген көрсеткіші;


k- инвестиция мөлшері;
Пр- әр жылдың кірістің мөлшері.
Таза кіріс тұрақсыз келген жағдайда, кіріс шамасы инвестиция шамасына тең болған уақытқа дейін кезекті кірісті шамалаумен және есептеумен анықталады.
Өнеркәсіптің дағдарыс нүктесі немесе залалсыздық нүктесі (тиімділік табалдырығы). Залалсыздық нүктесі – жиынтық шығын, жиынтық кіріспен теңескен жағдайдағы қанау деңгейі немесе өнеркәсіп көлемі.
Залалсыздық анализінің негізі залалсыздық графигінде толығымен ашылады. Бұл график өндірілген өнімді горизонтальді осінде, кіріс немесе шығыс осін баға жағынан вертикальді осінде көрсетеді.
Шығару көлемі нөлге тең болған жағдайда, жиынтық шығындар нөлге теңелмей, керісінше ОА тең болатынын (өнімнің бар-жоқтығына байланыссыз, жасаған шығынның тіркеу элементтерін көрсетеді) көруге болады.
Жиынтық кіріс түзуі жиынтық шығыс түзулерінің қиылысуы ТБ залалсыздық нүктесін анықтайды, ол нүктеде жиынтық кіріс жиынтық шығысқа тең. Бұл кезде “нөлдік кіріс” немесе тиімділік табалдырығы қамтамасыздандырылады. Жиынтық кіріс пен жиынтық шығыс вертикальді түзуінің ТБ-ң он жағындағы шығынның түрлі ерекшеліктері берілген өндіріс көлеміндегі кірісті көрсетеді, ТБ-ң сол жағында шығындар көрсетіледі, өйткені жиынтық шығын, жиынтық кірістен асып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет