Туѓан елге пайдалы іске ќолдан келгенше



бет1/6
Дата01.03.2024
өлшемі142.5 Kb.
#493572
  1   2   3   4   5   6
Дип.-Ыбырай-шығармаларындағы

Мазмұны


Кіріспе
1 Ыбырай Алтынсарин және ұлттың мектептері туралы


2 Ыбырай шығармаларындағы оқу тәрбие мәселелері.


3 Ы.Алтынсариннің педагогикалық көзқарастары.


Қорытынды.


Пайдаланған әдебиеттер


Кіріспе

«Туған елге пайдалы іске қолдан келгенше


үлес қосу-әрқайсысымыздың міндетіміз».
(Ы. Алтынсарин)
Қазақ халқының ұлы перзенті, қазақ жерінде оқу-ағарту ісін жүзеге асырған қазақ зиялылырының көшбасшысы, тұңғыш халық ағартушысы қоғамда өзгерісті жасау жолында талмай күрескен , сөйтіп халық игілігі үшін жан алмай еңбек етудің үлгісін көрсеткен. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы акса көрнекті ағартушы-демократ - Ыбырай Алтынсарин Қазақстандағы қоғамдық ой-пікірдің өркендеу тарихында үлкен орын алды.Ол жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ даласындағы аумалы төкпелі заманда ұрпақ болашағын ойлап, балалар мен жас жеткіншектердің тағдырына терең үңілген ағартушы –ұстаз.
Ыбырай Алтынсариннің халық-ағарту ісіне жолдама алып алғаш аттануы.
Мектепті үздік бітірген ол 1857-1859 жылдары арасында өз атасы Балқожа бидің писері (қағаз көшіруші ) болады да, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа орналасады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепке мұғалім болып келеді , ел ішінде орын алған саутсыздық пен білімсіздікке қарсы ашық күреседі.
Осы кезден бастап, бұл бағыттағы асыл арманы Алтынсаринның ағартушылық педагогикалық қызметі басталады. Соныман бірге, Ресейде басталған азаттық қозғалыстың өрлеу кезінде қазақ ағартушыларының демократиялық идеяларының белсенді жаршысы болды. Ағартушылық қызметінің алғашқы қадамдарында кездескен кедергілердің бірі-ол кездердегі шалғай түкпірдегі мектеп ашудың қиындығы , қаражат, мектеп үйі, оқу құралдарының жетіспеуі. Оның үстіне осындай ізгілікті іске қараңғы орта –облыстық басқармадағылар да, жергілікті әкімшілік те салқын қарайтыны, оқу мен білімге деген надан әкімдердің енжарлығы да болды. Бірақ соның бәрі оның талабын қайтара алмады , ағартушылық идеямен қанағаттанған Ыбырай халықтың мұң-мұқтажы мен арман тілегін орындау мақсаты оның көздеген мақсаты болып сол арманға жетуге құлшына кірісті. Ол мектеп ашуға ел-елді аралап қаражат жинауға кірісті.
Сонымен, Ы.Алтынсарин Қазақстандағы әлеуметтік-педагогикалық мәселелерді шешудің басты жолдары мен негізгі ұстанымдарын ұсынды. Іргесі қаланбақшы алғашқы мектеп құрылысын, тұнғыш берілетін білімнің бағыт-бағдарын айқындады, қалың бұқараға оның мазмұны мен маңызын түсіндірді, бастауыш мектепке қажетті оқу-құралдарын дайындады.
Ұлы педагог қазақ ортасында үстемдік құрған қоғамдық әділетсіздікке қарсы болды. Надандық пен зұлыымдықтарды тудырушыларды әшкереледі. Феодалдық -рушылдық езгі мен патшалқ самодержавиенің қаратүнек заманында Алтынсаринның өлеңмен айтылған жоғарғы идеялары жастарды рухтандырып, халыққа жалынды үндеу тастады.Бұл қазақ даласындағы бүкіл қауымға қағылған алғашқы қоңырау болатын. Ол ел жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып ғана емес, сол игілік істі жүзеге асыруға да көпшілік арасында қыруар жұмыс атқарып, үлкен үлес қосты Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашты. 1864 жылдың қаңтар айының 8-жұлдызында ұлы ағартушы ашқан Торғай уезіндегі тұнғыш оқу орнының дүниеге кенлуі тек Ыбырай үшін емес, жалпы қазақ даласындағы аса маңызды оқиға болды.
Бұл мектептерге орыс альфавиті негізінде оқулықтар жазумен бірге, өзі сабақ беріп, жаңа талапқа сай келетін мұғалімдер даярлауға да күш салды.
Алтынсариннің тұсында Қазақстнда педагогика ілімінің негізі Ыбырай Алтынсариннің қоғамдық, педагогикалық ғылыми көзқарастарының қалыптасуына белгілі ориенталист ғалымдар В.В.Григорьев, И.И.Ильминский, Я.П.Яковлев секілді орыс достарының ықпалы ерекше болды. Л.Н.Толстойдың, И.П.Паульсонның, К.Д.Ушинскийдің оқулықтарын өз хрестоматиясына үлгі етті.Ыбырай жаңа типті мектептер үшін оқулық жасау мәселесін 60-жылдардың басында-ақ қолға алды. Себебі қазақ арасында діни оқудың кең орын алғандығы, діни кітаптардың көптігі Ыбырайдың қазақ жастарына шын мәнінде білім мен тәрбие беруі үшін жаңа оқулықсыз жұмыс жүргізудің мүмкін еместігіне көзін жеткізді , жаңа оқулық жасау мәселесіне үнемі итермеледі. 1879 жылы шыққан «Қазақ хрестоматиясының» негізін осы кезеңнен ойластырған. Хрестоматияның пайда болуы Ыбырайдың ағартушылық қызметімен тығыз байланысты , бұл кітаптың жаңа ашылған мектептерге арналып жазылуының өзі мұны дәлелдейді. Ыбырай Алтынсарин бұл еңбегінде көркем шығармалары арқылы өзінің ағартушылық және педагогикалық идеяларын толық көрсетіп насихаттады.
Украин халқының белгілі шығыстанушысы А.Е. Крымский «Қазақстан түріктерінің әдебиеті» дейтін мақаласында ағартушы-педагогтың хрестоматиялық еңбегі жөнінде мынадай құнды пікір білдірген болатын «Через учителей и учеников хрестоматия Алтынсарина и вне школы получила самое широкое распространение и сильно послужило к возбуждению национального духа у казахского народа».
«Қазақ хрестоматиясы « К.Д. Ушинскийдің «Балалар жемі» және басқа да (мысалы Л.Н.Толстой «Әліппе жазу және оқу кітабы». Б.Ф.Бунаковтың «Грамматикалық элементарлық курсы, Тихомировтың) орыс классикалық педагогикасының үлгісінде жасалып, мынадай бөлімдерден тұрады.

  • тақпақтар, балаларға арналған әнгіме ертегілер , оқушылырдың туысқандарына хат жазуы үлгісі.

  • үлкендерге арналған әңгімелер.

  • ауыз әдебиеті үлгілері.

  • мақал мәтелдер.

Хрестоматияға енгізілген шығармалар балалардың жас ерекшелігін ескеріп , жоғарыда айтып өткен оқу, еңбек тақырыптарына толық тоқталған.
Ы. Алтынсариннің хрестоматиясының бірінші бөлігін жазған кездегі өріс алған әдеби творчествосы өзі болжағаннан асып түсті. Бұл жайлы профессор Қ. Жұмашев пен жазушы С. Мұқанов былай деп жазған еді: «Абай Құнанбаев пен Ы. Алтынсарин шығармаларында негізгі әдіс реалистік әдіс болып табылады».



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет