Туѓан жер туралы маќал-мєтелдер


Біріккен сөздер. Қосарлы сөздер. ҚР тұңғыш Президенті



бет5/40
Дата20.05.2022
өлшемі0.49 Mb.
#458128
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40
Жандарбекова Л.ҚАЗАҚ ТІЛІ

Біріккен сөздер. Қосарлы сөздер. ҚР тұңғыш Президенті.

Екі, кейде одан да артық сөздерден бірігіп, тұтас бір ұғымды білдіретін сөздерді біріккен сөз деп атайды. Біріккен сөздердің мағыналары өте кең, мол.



  1. Тасбақа, қырықаяқ – зоологиялық атау, жәндіктер.

  2. Қозықұйрық, күнбағар – ботаникалық атаулар, шөп түрлері.

  3. Ақсүйек, аққала – ойын атаулары.

  4. Қызыл құм, Сарыағаш, Жезқазған – географиялық атаулар.

  5. Ботагөз, Амангелді – кісі аттары.

  6. Темірқазық, жетіқарақшы – жұлдыз, планета атаулары.

  7. Әлдекім, кейбір, әлдеқашан – есімдіктер.

  8. Екібастұз, Мұратбайұлы – үш сөзден құралып біріккен сөздер.

  9. Аққу, қарлығаш, көкқұтан – құс атаулары т.б.

Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сөздер қос сөз деп аталады.
Қос сөздер бір сөздің қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: қора-қора, төбе-төбе.
Қос сөздер екі түрлі сөздің қайталануы арқылы жасалады. Мысалы: ата-ана, жақсы-жаман, екі-үш.
Мағынасыз екі сөздің қайталануы арқылы жасалады: анда-санда, оқта-текте.
Күшейткіш буындардың қосарлануы арқылы жасалады: әп-әдемі, жап-жақсы, үп-үлкен.
Жаңа тақырып бойынша жаттығу жұмыстары:
1-жаттығу. Төмендегі сөздерді пайдалана отырып, қос сөз жасаңыздар.
Биік, жоғары, бес, аласа, үлкен, әке, жеміс, бала, ұрыс, жаман.

2-жаттығу. Төмендегі сөйлемдерден қос сөздерді теріп, оларды мағыналары, жасалу жолдарына қарай бөліп жазыңыздар.


1. Эшалон ішінде бала-шаға, үлкен-кішіні басқарып келе жатқан бірен-саран әскери адамдар бар.
2. Айнала тым-тырыс.
3. Оқтын-оқтын самал есіп өтеді.
4. Күзде жеміс-жидек піседі.
5. Жиналысқа оқушылардың ата-аналары түгел келді.
6. Ол асығып, тез-тез сөйледі.

3-жаттығу. Біріккен сөздерді мағыналарына қарап жіктеңіздер.


Аққу, Сырдария, Талдықорған, Гүлнұр, әлдеқашан, Көкшетау, Нүргүл, Қызылорда, түйеқұс, әлдекім, әрқашан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   40




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет