Туберкулезге қарсы препараттарды басқару жөніндегі әдістемелік



Дата07.07.2016
өлшемі134.26 Kb.


Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік

даму министрінің

2014 жылғы «____ » _____

№ ________ бұйрығына

қосымша



Туберкулезге қарсы препараттарды басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдар



  1. Жалпы ережелер

1. Осы Туберкулезге қарсы препараттарды басқару жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (бұдан әрі – Әдістемелік ұсынымдар) туберкулезбен (бұдан әрі – ТБ) ауыратын науқастарды стационарлық және амбулаториялық деңгейлерде емдеу үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) шеңберінде туберкулезге қарсы препараттарды (бұдан әрі – ТҚП) іріктеуді, сатып алуды, бөлуді және пайдалануды қамтамасыз ету кезінде қолданылады.



  1. Осы Әдістемелік ұсынымдарда қолданылатын негізгі ұғымдар:

  1. дәрілік заттарды басқару – ТҚП-ға қажеттілікті айқындауға, оларды өнім берушіден түпкілікті пайдаланушыларға жеткізу мен бөлуді қамтамасыз етуге, ТҚП есепке алуға мүмкіндік беретін шаралар қатары;

  2. ТҚП іріктеу – сатып алу үшін қажетті ТҚП тізіміне клиникалық нұсқаулар негізінде және эпидемиологиялық жағдайды, туберкулезді емдеу нәтижелерін, ТҚП сапасы мен төзімділігін бағалауды, ТБ сырқаттанушылықты ескере отырып белгілеу процесі;

  3. сатып алу – тапсырыс берушінің ТМККК көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуы;

  4. препараттарды бөлу – ТҚП барлық тұтыну деңгейіндегі қорларын сақтау, тасымалдау, беру, алмастыру және басқару бойынша іс-шараларды қамтитын дәрілік менеджмент сатысы;

  5. препараттарды пайдалану – диагноз қою сапасын, емдеу схемаларын тағайындауды, препараттарды беру кезінде бақыланатын емдеу қағидаттарының сақталуын, науқастардың емдеу жолын ұстануын арттыруды көрсететін дәрілік менеджмент сатысы;

  6. дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу және қамтамасыз жөніндегі бірыңғай дистрибьютор (бұдан әрі – бірыңғай дистрибьютор) – ТМККК шеңберінде сатып алуды, олардың нәтижелері бойынша өнім берушілермен жеткізу шарттарын жасауды, сондай-ақ қамтамасыз етуді, тапсырыс берушілерге дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сақтау және жеткізу бойынша қызметтерді ұсынуды жүзеге асыратын заңды тұлға;

  7. дәрі-дәрмекті үйлестіруші – халыққа туберкулезге қарсы көмек көрсетудің ұлттық, облыстық, өңірлік, қалалық деңгейінде ТҚП іріктеу, сатып алу, бөлу және пайдалану бойынша іс-шараларды үйлестіруге, мониторингке және бағалауға жауапты туберкулезге қарсы ұйымның (бұдан әрі – ТҚҰ) маманы, фтизиатр немесе денсаулық сақтауды ұйымдастырушы;

  8. препараттың базалық дозасы – айлардағы емделу ұзақтығына көбейтілген, бір айда препараттарды қабылдаған күндердің саны;

  9. базалық коэффициент – емделуді күтетін науқастардың жалпы санынан препараттың айқындалған дәрілік нысанын қосу қажет науқастар санын көрсететін көрсеткіш;

  10. нақты тұтыну коэффициенті – препараттың артық көлемін қалыптастыруды болдырмас үшін есеппен салыстырғанда препараттардың нақты тұтыну пайызын есепке алатын түзету коэффициенті;

  11. препараттың курстық дозасы – препараттың базалық дозасын тәуліктік дозаға көбейту арқылы есептелетін, барлық емдеу курсына өлшеу бірлігіндегі препарат мөлшері;

  12. FEFO (first expired first out) қағидасы – жарамдылық мерзімдерін ескере отырып, дәрілік препараттардың шығысы, яғни анағұрлым ерте өткен жарамдылық мерзімдері бар препараттар бірінші кезекте босатылады және қойманың алдыңғы жағында сақталады;

  13. тәуліктік доза – өлшеу бірліктерінде (таблеткаларда, капсулаларда, құтыларда, ампулаларда, дорбашаларда, өлшеу қасықтарында) көрсетілетін белгілі бір салмағы байланысты санатқа арналған препараттың бір тәуліктегі тиімді дозасы;

  14. біртекті препараттар – бірдей болмаса да ұқсас сипаты бар және оларға өзара алмасуға мүмкіндік беретін ұқсас компоненттерден тұратын препараттар;

  15. негізгі қажеттілік – медициналық ұйымдарға ТҚП келесі келіп түсуіне дейінгі дәріханадағы қажеттілік;

  16. әлеуетті өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға немесе сатып алу процесіне қатысатын заңды тұлға;

  17. өнім беруші – кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ТҚП жеткізу шартын жасасқан заңды немесе жеке тұлға;

  18. резервті (буферлі) қор – ТҚП негізгі қажеттілігінен кемінде 25%-ды құрайтын препараттардың тұрақты қоры, ол ТҚП жеткізудің кешігуімен байланысты немесе ТҚП-ға сұраныс күрт артқан жағдайда проблемалардың алдын алу үшін ТҚП сақтау мен пайдаланудың барлық деңгейлерінде қалыптасады;

  19. ТҚП пайдалану бойынша жиынтық есеп –осы есеп (есепті кезеңнің басы мен аяғына) дайындалатын ТҚҰ барлық құрылымдық бөлімшелеріндегі ТҚП барлық қалдықтарын қоса алғанда барлық бөлу пункттеріндегі ТҚП болуы және қалған көлемі көрсетілетін есеп;

  20. химизатор – туберкулезбен ауыратын науқастың амбулаториялық емдеу деңгейінде емделуін тікелей бақылауға жауапты оқытылған медицина қызметкері.



2. ТҚП қажеттілігін айқындау
4. ТҚП қажеттілігін айқындау осы Әдістемелік ұсынымдарға 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалаларының деңгейінде ТҚП жылдық қажеттілігін құру алгоритміне сәйкес жүргізіледі.

5. ТҚП қажеттілігін есептеген кезде «тіркелген жағдайлардың саны бойынша» әдісі пайдаланылады, ол:

емдеу санаттары және химиялық профилактикаға жіберілетін адамдардың болжамы бойынша науқастар санының болжамын;

пайдаланылатын емдеу схемасын (базалық коэффициенттерді және емдеудің қарқынды және қолдаушы фазаларындағы препараттардың курстық дозасын) қамтиды.

6. Республикалық бюджет есебінен сатып алынатын, бірыңғай дистрбьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдардың тізімі бойынша ТҚП-ға келесі жылға қажеттілікті жыл сайын облыстық және қалалық туберкулезге қарсы ұйымдар дайындайды және науқастар саны мен ТҚП номенклатурасын келісу үшін ағымдағы жылғы 1 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Туберкулез проблемалары ұлттық орталығына (бұдан әрі – ТПҰО) жіберіледі.

7. Облыстық, қалалық ТҚҰ басшы бекіткен және ТПҰО -мен келісілген ТҚП қажеттіліктерін облыстардың, Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдарына ұсынады.

8. ТҚП есептік қажеттілік мына формула бойынша айқындалады:

Қ = А+В-С, мұнда:

Қ – ТҚП қажеттілік

А – ТҚП-ға негізгі қажеттілік (аптаға, айға, тоқсанға, жылға);

В – ТҚП-ның резервтік қоры;

С – қажеттілікті қалыптастыру сәтіндегі ТҚП қалдықтары;

9. ТҚҰ бөлімшелері деңгейінде ТҚП-ға қажеттілікті бөлімшенің аға мейіргері, аудандық ТҚҰ деңгейінде – дәріханалық ұйымның меңгерушісі/ТҚҰ бас мейіргері, медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде (бұдан әрі – МСАК) – химизатор айқындайды.

3. ТҚП кірісі мен шығысы туралы есепке алу-есептік құжаттамасын жүргізу
10. ТҚҰ дәріханалық ұйымдары деңгейінде ТҚП кірісі, шығысы және қалдықтары туралы мәліметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі-Бұйрық) денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамаларының есепке алу нысандарына сәйкес «Туберкулезге қарсы препараттарды есепке алу журналында» және Туберкулезбен ауыратын науқастардың ұлттық тіркелімінің (бұдан әрі – ТНҰТ) «дәріхана компонентінде» № ТБ12/е есептік нысаны бойынша тіркеледі.

11. № ТБ12/е нысаны нөмірленеді, тігіледі, ТҚҰ бірінші басшысының, бас бухгалтерінің, дәріханалық қойманың/ТҚҰ бөлімшелері меңгерушілерінің қолымен және ТҚҰ мөрімен бекітіледі. № ТБ12/е нысанын жүргізу кезінде түзетулерге жол берілмейді.

12. ТҚҰ дәріханалық ұйымдарының деңгейінде ТҚП әрбір сериясына Бұйрықпен бекітілген № ТБ19/е нысаны бойынша Туберкулезге қарсы препараттар қозғалысының стеллажды картасы толтырылады.

13. ТҚҰ-ның пост және емшара мейіргерлерінің, МСАК химизаторларының деңгейлерінде ТҚП-ның әрбір атауының, дозасының және дәрілік нысанының науқастарға кеткен шығысы бойынша есебі жүргізіледі.

14. ТҚП кірісі және шығыс туралы деректерді ТҚҰ дәріханалық ұйымының деңгейінде ТНҰТ «дәріхана компонентіне» енгізуді оператор (орта медициналық, фармацевтикалық немесе техникалық білімі бар маман) жүзеге асырады.

15. ТҚҰ дәріханалық ұйымдары ТНҰТ «дәріхана компонентіне» деректерді уақтылы және сапалы енгізу мақсатында Интернетке еркін және тұрақты қолжетімділігі бар компьютерлік техникамен қамтамасыз етіледі.

16. ТҚП есепке алу ай сайын ТҚҰ барлық деңгейлерінде жүргізіледі. ТҚП қалдықтары туралы ақпарат ТНҰТ-не есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей ұсынылады.

17. Облыстық, өңірлік, қалалық туберкулезге қарсы диспансерлердің жанынан ТҚҰ басшысының бұйрығымен дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші-жауапты тұлға тағайындалады, ол осы Әдістемелік ұсынымдарға 2-қосымшаға сәйкес Дәрілік қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларының деңгейінде жүзеге асыратын іс-шаралар тізбесіне сәйкес ТҚП дәрілік менджментінің барлық сатыларында іс-шараларға мониторинг және бағалау жүргізеді.





  1. ТҚП босату, бөлу және пайдалану

18. Облыстық, қалалық, өңірлік ТҚҰ-ның дәріханалық ұйымдарынан облыстық туберкулезге қарсы диспансерлердің (бұдан әрі – ОТҚД), қалалық туберкулезге қарсы диспансерлердің (бұдан әрі – ҚТҚД), аудандық туберкулезге қарсы диспансерлердің (бұдан әрі – АТҚД) клиникалық және диспансерлік бөлімшелеріне, аудандық, ауданаралық, өңірлік ТҚҰ-ға, туберкулезге қарсы санаторийлерге ТҚП бөлу Бұйрықпен бекітілген ТБ\20е нысаны бойынша жүкқұжат негізінде жүзеге асырылады.

19. ТҚҰ клиникалық және диспансерлік бөлімшелері ТҚП-ны дәріханалық қоймадан аптасына 1 рет алады.

20. ТҚП беруді пост бөлімшесінің аға мейіргері күнделекті жүзеге асырады.

21. Стационарлық емдеу сатысындағы ТБ, К\АДК ТБ ауыратын науқастарға ТҚП беруді ТҚҰ клиникалық бөлімшелерінің пост мейіргерлері күн сайын дәрілік тағайындау парақшаларының негізінде жүзеге асырады.

22. Амбулаториялық емдеу сатысындағы ТБ, К\АДК ТБ ауыратын науқастарға ТҚП беруді МСАК химизаторлары және ТҚҰ диспансерлік бөлімшелерінің учаскелік мейіргерлері күн сайын (жексенбіден басқа аптасына 6 күн) бұйрықпен бекітілген ТБ 01\е, IV санатты ТБ 01\е нысандары бойынша медициналық карталардың негізінде жүзеге асырылады.

23. МСАК химизаторлары ТҚП-ны аумақтық ТҚҰ диспансерлік бөлімішелерінің дәріханалық ұйымдарынан айына 1 рет алады.

24. ТҚП резервтік қоры:

облыстық, өңірлік, қалалық деңгейдегі ТҚҰ-ның дәріханалық ұйымдары деңгейінде – кемінде 3 айлық шығысты;

ТҚҰ клиникалық бөлімшелері деңгейінде – кемінде 3 күндік шығысты;

МСАК химизаторының кабинеті деңгейінде – кемінде 7 күндік шығысты құрайды.

25. Туберкулезбен ауыратын науқастарды үздіксіз қамтамасыз ету мақсатында облыстық, қалалық деңгейлердегі ТҚП қалдық көлемі FEFO қағидасын сақтаған жағдайда (жылдың 12 айына және 3 айлық резервке шаққанда) кемінде 15 айлық тұтынуды құрайды.

26. ТҚП ұтымды пайдалану максатында мынадай қағидаттар қолданылады:

1) ТБ, К/АДК ТБ диагнозын растау және верифицирлеу диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларына сәйкес жүргізіледі;

2) пациенттерге салмақты, ТҚП сезімталдығы мен төзімділігін ескере отырып, емдеу санатына сәйкес ТҚП тағайындау;

3) емдеудің қарқынды және қолдаушы фазаларының барынша ұзақтығы аурудың ауырлық сатысына сәйкес келеді;

4) үйлестірілген препараттарды тағайындау кезінде бір бағыттағы іс-қимылды және үйлестірілгеннің құрамына кіретін монопрепаратты қосуға жол берілмейді;

5) ТҚП қабылдауды пациенттер оқытылған медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жүзеге асырады;

6) емдеу процесінде ТҚП тәуліктік доза төзімділігіне тұрақты мониторинг жүргізіледі;

7) қабылдау еселігін өзгерту, тәуліктік дозаны азайту, басқа дәрілерге ауыстыру, уақытша немесе тұрақты тоқтату ТҚҰ орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) шешімі бойынша жүргізіледі;

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 3 қарашадағы № 647 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Респубилкасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 6697 болып тіркелді) Медициналық және фармацевтикалық ұйымдарда дәрілік заттардың жанама әсеріне мониторинг жүргізу ережесіне сәйкес ТҚП жанама әсерлерінің барлық жағдайларын тіркеу;

9) препараттардың инъекциялық нысандары емдеудің қарқынды фазасында ғана тағайындалады, науқасты емдеудің қарқынды фазасында препараттарды амбулаториялық қабылдауға көрсетілімдер, ОДКК шешімі бойынша ауыстыру;

10) емдеу барысында пациенттерге тұрақты психологиялық-әлеуметтік қолдау көрсету.


Туберкулезге қарсы препараттарды басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

1-қосымша
Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының деңгейінде туберкулезге қарсы препараттарға жылдық қажеттілікті құру

алгоритмі


р/с



Қадамдар

Жауапты тұлғалар

1

Әрбір препараттың базалық коэффициентін көрсете отырып, дистрибьютордан сатып алуға жататын дәрілік заттардың бекітілген тізімінен сатып алу үшін қажетті туберкулезге қарсы препараттардың (бұдан әрі – ТҚП) тізбесін айқындау

Орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссияның (бұдан әрі – ОДКК) төрағасы, туберкулезді емдеу жөніндегі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушілер

2

Алдыңғы үш жылда туберкулездің тіркелген жағдайларының саны бойынша репрезентативті деректерді жинау

ұйымдастырушылық-әдістемелік бөлімдердің меңгерушілері, информатика жөніндегі үйлестірушілер

3

Емдеудің әрбір санаты бойынша туберкулез жағдайларының күтілетін санын анықтау

ОДКК төрағасы, туберкулезді емдеу жөніндегі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушілер

4

Емдеудің әрбір санаты бойынша ТҚП базалық дозасын анықтау

ОДКК төрағасы, туберкулезді емдеу жөніндегі, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушілер

5

Емдеудің барлық санаттары бойынша туберкулездің бір жағдайына әрбір препараттың курстық дозасына есептеу жүргізу

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші

6

Емдеудің барлық санаттары бойынша келе жатқан жылы болжанып отырған туберкулез жағдайларын емдеу үшін қажетті, әрбір препараттың жалпы санын есептеу

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші

7

ТҚП резервті қорына есеп жүргізу

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші

8

Жаңа өтінім бойынша препараттар түскенге дейін ТҚП болжанатын қалдығын анықтау

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші

9

Резервтік қор мен болжанатын қалдықтарды ескере отырып, әрбір ТҚП-ның түпкілікті қажеттілігін есептеу

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші

10

Әрбір препараттың құнын және сатып алынатын препараттардың жалпы бюджетін есептеу

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші


Туберкулезге қарсы препараттарды басқару жөніндегі

әдістемелік ұсынымдарға

2-қосымша

Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушінің облыстардың, Астана, Алматы қалаларының деңгейінде жүзеге асыратын іс-шаралардың тізбесі
1. ТБ, К/АДК ТБ науқастарын емдеу үшін республикалық бюджеттен сатып алынатын ТҚП-ға өңірлердің жылдық қажеттілігін дайындауға, келісуге және қайта қарауға қатысу.

2. Үздіксіз қамтамасыз етуді және тұтынудың барлық деңгейлерінде ТҰП қалдығының деңгейін мониторингтеу және бағалау.

3. ТҚП өнім берушілерінің жеткізу кестесін сақтауын мониторингтеу мен бағалау және ТҚП келіп түскен атауы мен санының мәлімделген жылдық қажеттілікке сәйкес келуіне тексеруді жүзеге асыру.

4. ТҚП сақтау жағдайының ұйымдастырылуын мен сақталуын, сондай-ақ ТҚП ұйымдар арасында бөлу тәртібінің сақталуын мониторингтеу және бағалау.

5. Жарамдылық мерзімінің өтіп кету қаупі бар ТҚП-ны және ТҚП-ның қажетті көлемін толтыра отырып, уақтылы қайта бөлуді ұйымдастыруға қатысу.

6. ТҚП-ны есепке алу мен пайдалану бойынша есепке алу-есептік құжаттамасының тиісінше жүргізілуін мониторингтеу және бағалау.

7. ТНҰТ дәріхана порталының уақтылы, сапалы жүргізілуін мониторингтеу мен бағалау және шығару нысандарының дәйектілігіне талдау жүргізу.

8. ТҚП-ны индикаторлық негізде іріктеу, сатып алу, бөлу және пайдалану бойынша іс-шараларға мониторинг және бағалауды (түбіртек-парақтарды пайдалана отырып) жүзеге асыру.

9. ТҚП-ны пайдалану бойынша жиынтық есептердің, ТНҰТ дәріханалық және диспансерлік модулінің негіздерінде ТҚП пайдалануға клиникалық талдау жүргізу.

10. Орталықтандырылған дәрігерлік консультациялық комиссияның, ТҚҰ формулярлық комиссиясының отырыстарына қатысу.

11. ТҚП жанама әсерлеріне тіркелген карта-хабарламаларды Дәрілік заттардың ұлттық сараптау орталығына ұсына отырып мониторингтеу.

12. ТҚҰ мен МСАК мамандарын ТБ, К/АДК ТБ науқастарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқыту және консультация беру.



13. Уәкілетті ұйымдардың сұрау салуларына, мониторинг және бағалау тобының басшысына дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жағдайы туралы ақпаратты уақтылы ұсыну.


Каталог: sites -> default -> files
files -> І бөлім. Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны
files -> Програмаллау технологиясының көмегімен Internet дүкен құру
files -> Интернет арқылы сот ісі бойынша ақпаратты қалай алуға болады?
files -> 6М070600 –«Геология және пайдалы қазба кенорындарын барлау» 1 «Пайдалы қазба кенорындарын іздеу және барлау»
files -> Регламенті Негізгі ұғымдар Осы «Спорт құрылыстарына санаттар беру»
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Және әлеуметтік даму министрлігі
files -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
files -> 2014 – 2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспары
files -> Қызылорда облысының 2015 жылғЫ Әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет