Туған жердің қасиетті тарихи орындары – патриотизмнің қайнар бұлағы



бет2/2
Дата11.01.2022
өлшемі24.84 Kb.
#454530
1   2
Нурмахан публицистика

Үтір Төбе

Тарихымыз тың деректі аныққой,


Төл тарихқа қосайықшы тағыда бір алып ой.
Ел аузында Мырзашөлде төбе қалған деседі,
Бұл төбенің ежелгі аты белгісіз,
Қазіргі жұрт ол мұраны Үтір төбе деседі.

Бұл төбе аңыз етер әр нені?


Күрескенғой елі, жері үшін
Шама шарқы келгенінше әл демі
Отырардай қалалар кетті үлгеріп дастанға,
Ұлы баба рухтарың шарықтасын аспанға.

Жәдігерлер толы мұнда халайық,


Халқым бір сәт айналаға көзді ашып қарайық.
Қауіп төнген үтірдей алып төбеден,
Тарихты біз тереңнен толықтырып алайық.

Елге қажет дерек көзі бар мұнда,


Ерлікке тән айбарлылық айбында.
Қаһармандық, қайраттылық, батырлық,
Жыршылдықпен, шешендіктер сай мұнда.

Қаланың халі қазір мәз емес атырабын су шайған,


Су шайып құздатып төбе беті лайланған.
Судан алыс дөңде орналасса қауіп жоқ,
Бұл қала суға барып байланған.

Заман-заман ауысып ретіменен көшеді,


Көктемгі күнгі су басу, Үтірдің табиғи тартқан кеселі.
Су басқан мына Үтірдің мәселесін,
Үкімет қашан тыңғылықты шешеді.

Үтір төбе Мырзашөлдің тарихының қаймағы,


Табылған онда шыны ыдыс білезікпен оймағы.
Жартылай жаңған ұзын шірік бөрене,
Бұл төбеде Жаугершіліктің болғанының айғағы.

Отанымыз көз қиығын салып қараса,


Төбе-төбе тарихым тұр таң-тамаша.
Отырардай мұраларды зертеумен іргелес,
Үтірдей алып мұраларды зерттеу естен шықпаса.

«Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ»


Елбасы сөзін еліміз болып қолдасақ.
«Мәдени мұра» бағдарламасын жаңғыртып,
«Мәңгілік ел», «Мәнгілік Қазақстан» атансақ.
Тарихи сананы қайта жаңғыру жолында жасалған зерттеу жұмыстары барысында ортағасырлық Үтіртөбе қаласы сынды қалалар: Күлтөбе, Шыңғыстөбе, Сүткент, Жаушықұмтөбе, Шардара, Сейіттөбе, Көксутөбе, Байырқұм, сондай-ақ Мырзашөлдегі көне обалар, Мырзарабат сардобасы және осы өңірдегі қасиетті тарихи орындар – Асық ата, Шора молда, Әкім ишан баба, Шәрі баб, Иманқұл қалпе, Таубай ата, Сағындық ата, Қарақыр ана, Шәріп ата, Ұзын ата, Мүлкіл ата, Қыз әулие, Мұңлық-Зарлық секілді тарихи маңызы зор ашылулар «Сырдария» университеті профессор-оқытушылары бастамасымен жүзеге асырылды. «Әр елдің сыры басқа» демекші әр төбенің өзіне сай ашылған сырлары да жеткілікті.

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады... Туған жерге, оның мәдениеті мен салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі» - деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, тарихи орындарды зерттеу жұмыстарын жүргізу ұлттық патриотизмнің белгісі екендігін айқындайды.



Ел иесіз, жер киесіз болмайды. Кең-байтақ Отанымыздың ең қиыр оңтүстігінде орналасқан бір пұшпағы – Мырзашөл өңірі де ежелгі отырықшылық-қалалық мәдениеті бастау алған, архитектурасы дамыған, сондай-ақ киелі тарихи орындарға да бай өңір болып табылады. «Отанды сүю – отбасынан басталатынын» ескерсек, өзіміз туып-өскен еліміздің, атамекен жеріміздің бай тарихы мен мәдениетін жүйелі түрде жан-жақты зерттеп-зерделеп, жарыққа шығару және оны ел болашағы – жас жеткіншектердің бойына сіңіруіміз қажет. Осы арқылы олардың бойында Отансүйгіштікті, патриотизмнің дәнін еге алсақ тиімді де нәтижелі болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет