Тулегенова газиза адилбековна


 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері



Pdf көрінісі
бет41/46
Дата11.04.2024
өлшемі2.31 Mb.
#498405
түріДиссертация
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46
Диссертация-Тулегенова-Г.А (4)

2.3 Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс және оның нәтижелері
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеуді жүзеге асырудың тиімді әдістерін 
зерттеуге арналған педагогикалық тәжірибе жұмыстарының нәтижесінде 
оқушылардың патриоттық тәрбиесінің қалыптасу көрінісі ретінде 
халқымыздың патриоттыққа тәрбиелеудің мәнін ұғынатындығы және
патриоттық тәрбие білімдерінің маңыздылығын түсініп, оны қажетіне қарай
өз бетінше қолдана алатыны анықталды. Сондай-ақ, өз іс-әрекеттері мен 
мінез-құлықтарын қалыптасқан патриоттық тәрбие қатынасына сай реттеп 
отыратынын байқадық. Бастауыш сынып оқушысының патриоттық тәрбиесі 
олардың патриоттық тәрбие нысандарды іздеуі, бағалауы, таңдауы, 
көшіруінің тұтас жүйесі ретінде қарастырылды. 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу көрсеткіштері алдыңғы тараудағы 
теориялық негізделген өлшемдерге сүйеніп, мұғалімнің күнделікті 
жұмысында әдістемелік құралды қолдануы арқылы және оқушы әрекеттерін 
байқау, әңгіме өткізу, жұмысты талдау, өзіндік көзқарас туғызу және 
педагогикалық-психологиялық тестілер, жаттығулар, сауалнамалар жүргізу, 
шығармалар жаздыру әдістері көмегімен анықталды. 
Бастауыш сыныпта гуманитарлық пәндер негізінде оқушыларға 
патриоттықтықты танып-білген, сезінген және қабылдаған құндылықтық 
түсініктеріне сәйкес патриоттық тәрбиені іздеу, бағалау, таңдау нәтижесінде 
өз мінез-құлықтарын сол негізде реттеп отыруға, ұлт өкілі ретінде өзін-өзі 
жетілдіруді саналы түрде қажетсінуге қол жеткізді. Оқушылардың 
құндылықтық басым бағытын анықтау үшін «Мен және менің өмірімнің 
маңызы» әдістемесін(құрастырған А.А. Андреев., Е.Н. Степанов) бастауыш 
сыныпқа икемдеп пайдаландық. [109, б. 125]. 
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу - күрделі де кешенді жұмыс. 
Сондықтан біз қалыптастыру жұмыстарын үш кезеңге бөліп қарастырдық.
Бірінші кезеңде – бастауыш сыныптағы сабақтар мен тәрбие 
шараларында осы жас кезеңіндегі оқушылар білуге тиісті патриоттық тәрбие 
ұғымдарды меңгерту бағытындағы жұмыстардың кешені. 
Екінші кезеңде – оқу-тәрбие үдерісінде оқушының жан-дүниесіне әсер 
ете отырып, олардың бағалау, талдау қызметінде патриоттыққа тәрбиелеу 
негіздегі мотивтер мен қажеттіліктерді туғызуға көмектесетін жұмыстар 
кешені. 
Үшінші кезеңде – оқушылардың патриоттыққа тәрбиелеу ұмтылысы 
мен оларды таңдаудағы белсенділігін, өз мінез-құлықтарын патриоттық 
тәрбие негізде реттеу біліктілігін арттыру. 


125 
Педагогикалық тәжірибенің қалыптастыру бөліміндегі жұмыстардың 
айқындалған қорытынды нәтижелері тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы,
тәрбиелік ықпалдардың бірлігі, тұлғаға бағытталған, жас және дара 
ерекшеліктерді 
ескеру 
қағидаларына 
сәйкес 
бастауыш 
мектепте 
патриоттыққа тәрбиелеу деңгейінің жоғарылағанын көрсетті. Сондай-ақ, бұл 
бастауыш сыныптардағы жүргізілетін пәндер негізіндегі факультативтік курс 
пен тәрбие жұмыстарының белгілі бір бағыттар бойынша жүйеленіп 
өткізілуінің нәтижесі деп есептейміз.
Біз оларды былай топтауды жөн санадық:
- оқушылардың Отан, туған жер, отбасы құндылықтарын меңгеруге, 
туысқандық қарым-қатынас құндылықтарын тереңірек білуге ұмтылыстары 
күшейді. Сондай-ақ, олар өздерін ұлт өкілі ретінде сезініп, халқымыздың 
салт, дәстүрлері туралы білгенін қосымша ақпараттармен толықтыруға 
талпынады.
- бастауыш сынып оқушылары патриоттық тәрбие жөніндегі білімін 
үнемі толықтырып отыруының нәтижесінде қарым-қатынастағы туыстық 
нормалар туралы білімдері толыға түсті. Ұлттық салт, дәстүрлерді біліп қана 
қоймай, оларды патриоттық тәрбие ретінде таныды.
- әдет-ғұрып, салт, дәстүрлерді қастерлеп оны өз өмірінде қолданып 
отырады. Өз мінез-құлқының нақты мақсаттарын патриоттық тәрбие 
қатынас негізінде анықтай алады. 
- әдебиеттік оқудың құндылықтарын меңгеруге қызығушылық таныта 
отырып, оның байлығын меңгерудегі жетістіктерін күнделікті тәжірибеде 
сауатты пайдалана алуға қол жеткізді. Әдебиеттік оқудың білімнің қайнар 
көзі мен таным құралы ретіндегі, қарым-қатынас құралы ретіндегі 
құндылығын саналы ұғынуы жүзеге асты. 
- еліміздің тарихи тұлғалары мен ел тарихын, рәміздерін қастерлеп
олар туралы білімдерін жүйелі түрде толықтырып отыруға қызығушылық 
танытады және патриоттық тәрбие ретінде мақтан тұтады.
Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс барысында теориялық бөлімде 
белгіленген мотивациялық-құндылық, мазмұндық, әрекеттік мінез-
құлықтық, бағалау- нәтижелік бөліктердің әрқайсысы бойынша жеке-жеке 
бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеу деңгейін қарастырдық. Бұл мәліметтер аталған 
бөліктердің құрауыштарын айқындайтын әдістеме, сауалнамаларды 
пайдалану арқылы алынды.
Мысалы мазмұндық компоненттерін анықтау мақсатында төмендегідей 
сауалнама жүргізілді:
1. Отан, туған жер ұғымдары туралы не білесің? 
2. Өз ауылың немесе қалаң туралы не білесің? 
3. Бауырмалдық, туысқандық жайында не білесің? 
4. Үш жұрт, жеті ата туралы не білесің? 
5. Салт, дәстүрлер туралы не білесің? 
6. Басқа ұлттың қандай салт, дәстүрлерін білесің? 


126 
7. Әдебиеттік оқуңде сөйлеу ұнай ма? Басқа қай тілді білесің? 
8. Ел рәміздеріне не жатады? 
9. Еліміздің әнұранын жатқа білесің бе?
10. Халқымыздың ұлы тұлғаларын ата. 
Патриоттық тәрбие жұмысының бұл бөлігінде оқушылардың білім 
көлемі, саналы ұғынатын, қабылдау мүмкіндіктеріне сай патриоттық тәрбие 
жүйесі қарастырылды.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу барысында енгізілген қосымша 
мәліметтердің жүйелі түрде берілуі өз нәтижелерін көрсетті. Біз құрастырған 
«Отансүйгіштік құндылық бастаулары» деп аталатын факультативтік курсы 
мен «Бастауыш сынып оқушыларын халық фольклоры негізінде 
отансүйгіштікке тәрбиелеу» атты электронды оқу құралы бастауыш 
сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды 
патриоттыққа тәрбиелеуді жүзеге асыруға елеулі өзгерістер әкелді. 
Оқушыларға ұсынылатын жаңа мәлімет мазмұны электрондық оқу 
құралындағы аудио-визуалды материалдармен толығып отырады, сондықтан 
патриоттыққа тәрбиелеуге негіз болатын ақпаратты іздеу, бағалау, таңдау 
тетіктері іске қосылады. Сөйтіп мұғалім мен оқушының өзара әсері қойылған 
мақсатқа жетудің тиімді жолдарын таңдаумен ерекшеленіп отырды. 
Осылайша білімнің бастауыш сатысында оқушы қызығушылығын 
қанағаттандыратындай мұғалім мен оқушының ынтымақтастығына 
негізделген педагогикалық ортада мұғалім (үйрету) мен оқушының (оқып-
үйрену)өзара байланысты іс-әрекеттерін ақпараттық технология элементтерін 
пайдалану арқылы ұйымдастыра отырып, бастауыш сыныптардағы 
гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу
нәтижелілігі анықталды. Мәселен, мұғалімнің сабаққа дайындалу кезінде 
қосымша ақпараттар іздеу, оларды сұрыптау, көрнекі құралдар мен 
тапсырмалар дайындау т.с.с. әрекеттерінде оң жаңалықтар байқалса, 
оқушылардың да өз бетімен іздену, өзіндік ой-пікір білдіру, дербес 
тапсырмаларды орындауда өз тұлғасын өзектендіруі олардың тұлғалық 
өсуіне әсер етіп, патриоттыққа тәрбиелеу негізін салды. Электронды оқу 
құралында сол жастағы оқушының рухани өзгерістері, таным мүмкіндіктері 
ескеріліп, оны жетілдіру қарастырылды. Сондай-ақ оқу құралымен жұмыс 
жасауда интерактивті іс-әрекет оқушының өзіне керекті құнды мәліметтерді 
гипермәтін материалдарынан, суреттерден, тапсырмаларды орындаудан 
алатындай етіп ұйымдастырылған. Тақырыпқа сәйкес әндер мен қазақ 
тілілық шығармалар да берілген.
Мысалы мынадай гипермәтін материалын ұсынып, осы мәтінге тағы да 
қандай мәлімет қосуға болатынын сұрау арқылы оқушылардың пән 
сабақтарында алған мәліметтерін қолдана білуіне көмектесуге болады. 
Нұр-Сұлтан қаласы - Қазақстан Республикасының саяси, әкімшілік 
және мәдени орталығы. Елбасы Н. Назарбаевтың Жарлығына сәйкес 1997 
жылы мұнда бұрынғы Астанамыз Алматыдан республиканың басшы 


127 
орындары көшіп келді. Елімізді басқару жұмыстары осы жерден жүзеге 
асырылады. Қала Есіл өзенінің оң жағалауында, Сарыарқанын солтүстік 
бөлігінде орналасқан. Салт, дәстүрлерге арналған бөлімді «Асыл қазына» деп 
атай отырып, қазақ халқының ұлттық келбетін айқындайтын дәстүрлер 
туралы білімдерін молайту көзделді. Мұнда да шағын мәтіндер берілген. 
Мысалы: Қонақжайлық, меймандостық – ата салтымыздың ішіндегі ең бір 
мақтауға тұрарлық мәнді түрлерінің бірі. Қазақ меймандостығы ерекше, ата-
бабаларымыз бұл жағынан алғанда басқаларынан көш ілгері тұрған. 
Қонақжайлықтың ең үлкен белгісі ең дәмді тағамын, шай-қантын қонақ келіп 
қала ма деп сақтаған. Халқымыздың қонақжайлылық, меймандостық 
салтында дәм-тұзға ерекше мән берген. Осы мәтінге қосымша дәм татыру 
дәстүрін көрсететін сызба ұсындық. «Қазақ отбасының қалыптасқан әдет-
ғұрпы бар. Үлкенді сыйлау, қонақжайлық, айтқан ақылдарын тыңдау, кішінің 
тіл алғыштығы. Үлкендер - кішіге ақылшы, қамқоршы. Кіші – көмекші. Үй 
ішіндегі әр адам өз шама-шарқына қарай еңбек етеді». Бұл мәтін мазмұнын 
балалар одан әрі дамытып, толықтырулары қажет. Ел рәміздері модулінде 
мәтіндік материалдармен қатар бейнелік, қазақ тілілық материалдар бар.
Бұл жұмыстардың нәтижесін талдау үшін барлық қызмет кезеңдерін 
бақылап, бағалау қажет болады. Күтілетін нәтиженің қорытындымен сәйкес 
келуін бақылау үшін мониторинг әдісін пайдаландық. Бастауыш сынып 
оқушыларының патриоттық тәрбиесін оқу-тәрбие үдерісінде қалыптасуының 
қосымша өлшем көрсеткіштері ретінде Б. Блумның білу, түсіну, бағалау, 
қолдану деңгейлері берілді. Бұл патриоттыққа тәрбиелеу тетіктеріндегі 
іздену, бағалау, таңдау, көшіру сатыларына сәйкес. Жүргізілген 
педагогикалық-тәжірибелік жұмыстар барысында оқушылардың патриоттық 
тәрбиесінің біршама қалыптасып, патриоттыққа тәрбиелеу туралы 
түсініктерінің кеңейгенін және осыған сәйкес құндылықтық бағдарларының 
айқындала түскенін байқадық.
Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеу мазмұнына сәйкес, біз эксперименттік 
және бақылау сыныптарындағы оқушылардың жалпы патриоттыққа 
тәрбиелеудің қалыптасу динамикасын да бақылап отырдық. Оның 
нәтижелерін төмендегі кесте мен диаграммадан көруге болады. 
Кесте 12 - Бастауыш сыныптардағы гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы 
оқушыларды патриоттыққа тәрбиелеудің динамикасы (%) 
Деңгей 
1кезең 
2кезең 
3кезең 
Сынып 
Эксп. 
сынып 
Бақыл. 
сынып 
Эксп. 
сынып 
Бақыл. 
сынып 
Эксп. 
сынып 
Бақыл. 
сынып 
жоғары 
21% 
17,5% 
32% 
19% 
41 % 
19% 
орташа 
47% 
47,2% 
49 % 
47% 
50 % 
46% 
Төмен 
32% 
35,3% 
19 % 
34% 
9 % 
35% 


128 
Эксперимент тобы нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының 
патриоттық тәрбиесі қалыптасуының өзгеру динамикасы 8 - суретте беріледі. 
Сурет 8 - Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесі 
қалыптасуының өзгеру динамикасы (эксперимент тобы) 
Бақылау тобы нәтижесі бастауыш сынып оқушыларының патриоттық 
тәрбиесі қалыптасуының өзгеру динамикасы 9 - суретте беріледі. 
Сурет 9 - Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесі 
қалыптасуының өзгеру динамикасы (бақылау тобы) 
Кесте мен диаграммадан көрініп тұрғандай эксперименттік топтарда 
патриоттыққа тәрбиелеу деңгейі төмен оқушылардың саны 32% -дан 11%-ға 
кемісе, орташа деңгейдегі оқушылар саны 47%-дан 50%-ға өссе, жоғары 
деңгейге көтерілген оқушылардың саны 21%-дан 39 %-ға артқанын көреміз. 
Ал бақылау топтарында көп өзгеріс байқалмайды.
Демек, бастауыш білім мазмұнындағы қамтылған патриоттыққа 
тәрбиелеу нысандардың патриоттыққа тәрбиелеу тетіктерін есепке ала 
отырып жүргізілуі және бұл жұмыстардың тиімді әдіс-тәсілдер арқылы іске 
асырылуы өз нәтижесін берді. Жоғарыдағы динамиканың көрсеткіштеріне 
нақты түсінік беретін болсақ, педагогикалық-тәжірибе кезіндегі сыныптан 
тыс жұмыстар мен пән сабақтарының мазмұнына қосымшалар енгізудің және 
ақпараттық технологияны пайдаланудың тиімділігін айтқан жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   46




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет