Туралы таным



Pdf көрінісі
бет64/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

151
Сәләфия хақ жол ма?
Сәләфия деп аталатын ағымды ұстану мен 
Пайғамбарымыз өсиет еткен сәләфус-салихинге ерудің 
арасындағы айырмашылық осы. Яғни бірі – олардың 
жеке бастарының ерекшелігіне еліктеп, сол дәуірді 
аңсау. Бұл Аллаһ Тағала рұқсат етпеген және тарихта 
ешбір көрініс таппаған іспен айналысу ғана. Бүгінгі 
сәләфилік осыны көрсетеді. Ал екіншісі – діннің не-
гіздерін үйренуде олардың ұстанған жолын үлгі тұту. 
Бұл – нағыз діннің өзегі, асылы және Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) шақырған өзінің және оның әділетті, һидаяттағы 
халифаларының жолының негізі. Жоғарыда айтып 
өткеніміздей төрт мәзһаб осы ережелерді басшылыққа 
алады.
Исламның әуеліндегі қасиетті үш ғасырда Ислам 
үмметінің ішінде өзге мұсылмандардан ерекше-
леніп тұратын құндылықтары мен негіздері бар, оның 
құрамына кіргендерді «ұлық дәрежеге» ие қылатын 
«сәләф мәзһабы» немесе «сәләфия» деген мәзһабты көре 
алмаймыз. Ол ғасырларда өзге ешбір сипат оның орнын 
басып, теңесе алмайтын бір ғана ерекше сипат болды. 
Ол сипат – дінде шынайылық таныту және дінді арнайы 
ережелерге сәйкес түсініп, іс жүзіне асыру. Ол ереже-
лер бүгінгі «усулу-л фиқһ» (фиқһ негіздері) пәнінде рет-
теліп жинақталған. Кімде-кім осы сипатқа ие болса ол 
дүниеде де, ақыретте де биік мәртебеге лайық болады. 
Сондықтан оның Ислам қауымының мүшесі, бір бөлігі 
болуына мезгіл мен мекен кедергі ете алмайды. Егер 
кімде-кім осы сипатқа ие болмай Исламды түсінудегі 
жолдың негізінен шықса немесе жат бір нәрсе енгіз-
се, онда оның бұл жат әрекеті оны Ислам қауымының 
қатарынан шығарып тастайды. Жат әрекеті үшін оның 
қай уақытта, қай мекенде өмір сүргені ешбір мәнге ие 


152
Мәзһаб туралы таным
болмай қалады. (Автор сәләфус-салихиндердің дінді 
түсініп іске асыруда ұстанған жолына арнайы тарау 
бөліп кеңінен тоқталған. Бұл жолды қысқаша негізгі 
үш бөлікке бөлуге болады. 1- Жеткен хабардың дұрыс 
немесе бұрыстығын таразылауды үйрететін қағидалар 
мен деректер жиынтығы. Бұл хадис ғылымының 
риуаят саласы. 2- Араб тілінің құрылымына негізделген 
сөздің мағынасы мен мазмұнын түсіндіретін қағидалар 
жиынтығы. Бұл қағидалар мен деректердің нәтижесінде 
бүгінгі қолданыстағы араб сөздіктері, түсіндірме 
сөздіктер және мәтінтану негіздері қалыптасты. Кейін-
нен бұлардан мәтінді тәпсірлеудің және сөздің мағынасы 
мен мазмұнын анықтаудың ғылыми әдістемелігі 
құралды. 3- Күнделікті оқиғаларды қорытындылап 
баға берудегі логикаға негізделген мантық-қисын 
қағидаларының жиынтығы. Бұл қағидалар қорытынды 
үкім шығаруда басшылық жасайды.)
Сәләф кезеңінің өзінде де осы бекітілген жолдан
ауытқыған әртүрлі топтар мен ағымдарды көреміз. 
Олардың сәләф дәуірінде өмір сүрулері оларға пайда 
бермеді. 
Сәләфқа еру мен бүгінгі өзін «сәләфи» атаудың 
арасындағы айырмашылықты көрсеткеннен кейін 
былай деймін:
«Егер «сәләфия» мәзһабын құрып, өздерін соған 
тиесілі етіп, мұны өздерін өзге мұсылмандардан ерек-
шелейтін белгі етіп алғандардың бұл ісі дұрыс болса, 
онда былай дер едім:
– Егер Исламның тарихының сәләфус-салихин 
өткен жалпы кезеңінен бір мәзһаб шығару дұрыс бола-
тын болса, онда өзге біреулердің «Хуләфә-и Рашидин 
(әділетті халифалар)» кезеңіне тиесілі мәзһаб шығарып 


153
Сәләфия хақ жол ма?
«Рашидиин (әділеттілер)» деп атауы дұрысырақ болар 
еді. Себебі хадисте «сәләфиин» сөзі емес «Рашидиин» 
сөзі айтылады. «Сендер менің және әділетті (рашидин), 
тура жолдағы халифаларымның жолын ұстаныңдар» 
(хадис). Бәлкім үшінші біреу сахабалар кезеңінен бір 
мәзһаб шығарып, сөйтіп оған кірген әрбір кісіні «саха-
биин» деп атауы дұрыс болар». 
Сәләфу-ссалихин өзі де фиқһи үкімдерде ижтихад 
жасап, ижтихади айырмашылықтарының нәтижесінде 
әр түрлі фиқһи мәзһабқа бөлінді. Ең азы бүгінгі 
төрт мәзһабты айтуға болады. Бұл мәзһабтар мәзһаб 
иелерінің ізденісі мен зерттеулерінің нәтижесінде 
жеткен ғылыми тұжырымдар жиынтығы ғана. Олардың 
ижтихад жасаған мәселелері шариғатта орындалуы 
және үкімі белгіленуі керек істер еді. Ал осы мәзһаб 
иелерінің бір-бірімен қарым-қатынасына келер болсақ, 
олар жақсы қарым-қатынаста болды. Барлығы әхли 
суннә уәл-жамаға шеңберінде жүрді. Шариғи үкімдерді 
анықтауда, Құран мен сүннетті тәпсірлеуде барлығы 
сенімді жолдың басшылығынан шықпады. Ижтихад 
жасауда бір-біріне жәрдемші болды. Өздерінің ижти-
хадтары неге алып барса сонымен амал етуге міндетті 
екендігін олардың әрбірі жақсы білуші еді. Ал, итиқади 
және фиқһи ізденісте өз көзқарастарынан өзінің жеке 
діни тұлғасын ерекшелеп тұратын белгі жасап алушы 
адамдарда осы бір өзара жәрдемдесу ісі қайда екен? 
Сондықтан олар ұлық имамдардың жолын түсіне ал-
майды. Аллаһтың дінінде өзара жәрдемдесу былай 
тұрсын, олар өздерінің ұстанған пікірлерінен қарулы 
қорған соғып алуда. Сәләфус-салихин мен оларға ерген 
ғұламалардың мақұлдап кеткен ижтихад қағидаларын 
ұстанғандарына қарамастан, бұл қорғанға өздерінің 


154
Мәзһаб туралы таным
пікірлеріне қайшы пікірмен кіргендерге соғыса кетпек. 
Сонда сәләфус-салихинді үлгі тұту қайда қалды?
Құран мен сүннетті ұстану барысында әр түрлі 
тұжырым жасауға алып баратын ижтихади мәселелер көп 
екендігінде талас жоқ. Бұл мәселелердің көпшілігінде 
сәләф қауымының өзі де әр түрлі тоқтамға барды. Енді, 
бұл мәселелерге бүгін өздерін «Сәләфия» деп атай-
тын топ араласып, дұрыс тарапын «бір тұжырым, бір 
сөзбен» ғана шектеуге тырысуда. «Дұрыс тұжырымды» 
өздерінің қабылдаған пікірлері етіп қана көрсетеді. 
Одан кейін ол пікірлерін хақ діннің рәмізі етіп бел-
гілеп, өздеріне қарсы болғандардың барлығының 
адасушылығы мен жөнсіздігіне осы рәмізді дәлел 
етіп береді. Олар осының барлығында әртүрлі пікір 
мен ижтихадтарды таразылайтын ешбір әдістемелік 
қағидаларды ескермейді. Сәләф қауымының өзі де бұл 
мәселелерде әр түрлі пікірді қабылдағанын есепке ал-
майды да.
Осылайша сәләфқа еру, оны үлгі тұту мен жаңадан 
шығып Ислам түсінігіне кейіннен енген, мұсылмандарды 
екі топқа бөлмесе тұра алмайтын сәләфия деген ағымды 
ұстанудың араларындағы айырмашылық айқындалады. 
Алайда сәләфияны арнайы жол ретінде ұстанудың 
ислами түсінікке жат, кейіннен енген нәрсе екендігіне, 
сондықтан «сәләфқа еру» деген ұғыммен үйлеспейтін 
бидғат іс болатындығына нақты дәлел не? Енді осыған 
тоқталамыз.


155
Сәләфия хақ жол ма?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет