Туралы таным


Екінші себеп: Өзге дін өкілдерінің көптеп



Pdf көрінісі
бет34/70
Дата19.02.2023
өлшемі0.68 Mb.
#469759
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70
Book-1365575707-51807(1)

Екінші себеп: Өзге дін өкілдерінің көптеп 
Исламға кіруі
Яһудилер, Христиандар, Зәрдуштер, Брахмандар 
және тағы да басқалар бар еді. Бұлардың арасында 
бұрынғы діндерінде ғалым болғандары да жетерлік. 
Енді олар Исламға бұрылып, оның тағылымдары мен 
үкімдерін үйренуде өздерінің бұрынғы діндерімен 
салыстыра отырып ой елегінен өткізді. Бұл табиғи 
қажеттілік еді. Осы нәрсе сахабалар мен олардың ара-
сында пікірталастардың пайда болуына итермеледі. 
Әрине, олардың арасында әлі де бұрынғы діндерінің 
шырмауынан шыға алмағандар да бар болатын. Олар 
реті келгенде өз пікірлерін Ислам бояуымен бояп 
ұсынуға тырысты. Осы қате пікірлер мен сенімдерден 
сақтандыру үшін олардың түсінетін, қолданатын әдіс-
тәсілдерін қолдана отырып жауап қайтару қажеттілігі 
туындады. Сахабалар бұлардың барлығынан бас 
тартып аталмыш топтардың теріс пікірлерін емін-ер-
кін жаюына жол бере алмады. Бұрынғы шексіз тәсілім 
мен иман ләззатының рахатынан туындаған теориялық 
саладағы үнсіздіктен шығып, ғылыми қағидалар мен 
тіл қағидаларына және сана-түйсікті ақиқатқа жетелей-
тін логикалық дәлелдердің билігіне жүгінуге мәжбүр 
түрде көшті.


77
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Үшінші себеп: Көрші мемлекеттердің 
тұрғындарының топ-тобымен дінге кіруі болды
Бұл көптеген сахабалардың сол елдерге дін 
тағылымдарын үйретуі үшін таралуын қажет етті. Олар 
танымайтын қоғамда жат әдет-ғұрыптардың ішінде 
бұрын-соңды білмеген проблемалармен бетпе-бет кел-
генде әуелде қолданылмай келген және жабық тұрған 
ижтихад есігін ашып қолдануға мәжбүр болды. 
Олар Пайғамбарымыздан (с.а.у.) көріп, естігендерін 
барған жерлерінде түсіндіре бастады. Бұл сахабалардың 
Расулуллаһтың (с.а.у.) әрбір айтқандарын естуі немесе 
істеген істерінің барлығын көруі мүмкін емес еді. Олар
барған жерлерінде дәлел көзіне айналды. Яғни жаңадан 
мұсылман болған немесе Ислам жайында айтарлықтай 
мағлұматы болмағандар олардан түрлі мәселелерде 
діннің үкімін сұрады. Сахабалар сұралған сұрақтардың 
жауабын әуелі Құраннан, сосын сүннеттен іздеді. Олар-
дан таба алмағандарына өз ижтихадтарымен (Құран 
мен сүннетке қарап түйген ойларымен) үкім берді. Бұл 
сахабалар мұнымен қатар көптеген шәкірттер оқытты. 
Оларға табииндер деп атады. Сахабалар дәуірінен кейін 
табиин ғалымдары да мұсылмандарға пәтуа беріп, 
әрі олар да шәкірттер жетілдіре бастады. Олардың 
шәкірттеріне әтбау-т табиин деп атады. Әтбау-т таби-
индер де табииндердің жолын қуды.
Сахабалардың, табиғиндердің және әтбау-т 
табиғиндердің берген пәтуаларының арасында бір-бірі-
нен өзгеше үкімдер пайда болды. Мұсылмандар тек 
өздері тұрған аймақтарындағы өмір сүрген имамдардың 
пәтуасын біліп, сонымен амал жасайтын еді. Міне, 
осының салдарынан да фиқһ мәзһабтары туындады.


78
Мәзһаб туралы таным
Әр түрлі елдерге таралып осы жолдың жайылуына 
себепші болған әйгілі сахабалар мыналар: әділетті төрт 
халифа және Абдуллаһ ибн Омар мен Айша анамыз 
(Аллаһ тағала олардан разы болсын) Мәдинада қалды. 
Абдуллаһ ибн Аббас Меккеде, Абдуллаһ ибн Масғуд 
Куфада, Әнас ибн Малик пен Әбу Муса әл-Әшғари 
Басрада, Убада ибн әс-Самит және Мұғаз ибн Жабал 
Шамда, Абдуллаһ ибн Амр ибн Ас (Аллаһ тағала олар-
дан разы болсын) Мысырда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   70




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет