81
Мәзһабты қате түсіну және түсіндіру себептері
Ижтихад
61
Шариғатта ижтихадты «Дәлелден үкім шығару
(истинбат) жолы арқылы
жекелеген дәлелден шариғи
амали үкімді табу үшін бүкіл күшін жұмсау» деп
анықтама беріледі. Кімде-кім осы қабілетке ие болса
мүжтаһид делінеді. Енді осы анықтаманы біраз тарқата
түссек:
«Дәлелдерден үкім шығару жолы арқылы» –
өзгелердің соңынан еру немесе еліктеу жолымен үкім
шығару және шариғи емес дәлел көздерінен үкім
шығару жолы да ижтихид ұғымына кірмейді. Фиқһ не-
гіздерінде (усулул-фиқһ) бекітілген ережелер арқылы
болуы тиіс.
«Жекелеген дәлелдер» – ізденушінің үкімді не-
гізгі шариғи дәлел көздерінен шығаруы. Бұл дәлел
кейде бірнеше мағынаны
қамтитын Құран мен хадис
мәтіні болуы мүмкін. Кейде қияс, кейде истислах, ал
кейде истисхаб болуы мүмкін. Осы дәлел көздерінен
басқа ғалымдардың сөзі немесе басқа да мәтіндерді ең
соңғы күшіне дейін зерттеу арқылы шариғи-амали үкім
шығаруды да ижтихад қатарына жатқызбайды.
«Шариғи амали» – сөзі арқылы сенім жүйесіне және
мінез-құлыққа қатысты үкімдер
мен шариғаттан тыс
басқа зерттеулер үшін күш жұмсаушылар мүжтаһид
ұғымынан шығады. Мәселен, қандайда бір қиын ма-
тематика есебін шешу, Аллаһтан басқа тәңірдің жоқ
екенін дәлелдеу немесе
шыншылдықтың мұсылманға
парыз екеніне үкім беру сияқты. Есеп шариғи болу-
дан шықса, Аллаһтың бір екендігін дәлелдеу сенімге
61
Ижтихад және тақлид тақырыптары Ибрахим әс-Салқинидің
«әл-Муйәссәр Фи Усул-ул Фиқһ»
кітабы бойынша
дайындалды
82
Мәзһаб туралы таным
қатысты (итиқади) болады да, ал шыншылдық мінез-
құлыққа (ахлақи) қатысты болып «амали»
болудан
шығып қалады.
«Бүкіл күшін жұмсау» – ізденуші ізденіс кезінде
барлық күшін салуы керек. Нәтижеде бұдан әрі бұған
қосар еш нәрсе қалмағанына және қарастырылған
мәселенің ешбір тұсын көзден таса етпегеніне сенімді
болуы керек. Сонымен қатар Құран мен хадис
мәтініндегі
мағынасы нақты, айқын үкімді түсінген
адамды мүжтаһид қатарына жатқызбайды. Себебі
ол күш жұмсаған жоқ. Мысалы: «Ниса» сүресі, 11-
аяттағы: «Аллаһ сендерге балаларың жайында; бір
еркекке екі әйелдің мирасындай үлес бұйырады...», –
деген аяттан алынған ер баланың мирастағы үлесі қыз
баланың үлесінің екі есесі болатынын білуі сияқты. Сол
сияқты шариғи үкім жайлы немесе үкімінің дәлелі мен
үкім шығару жолы жайлы өзгелерден сұрайтын адам
да ижтихад жасаушы мүжтаһид қатарына жатпайды.
Сондай-ақ, кімде-кім барлық күшін жұмсамай аз ғана
күш жұмсаса ол да мүжтаһид саналмайды.
Достарыңызбен бөлісу: