Туребаева айдана елубековна



бет1/3
Дата09.06.2016
өлшемі285 Kb.
#125120
түріДиссертация
  1   2   3

ӘОЖ 800.899.3:802.0.000:009

Қолжазба құқығында

ТУРЕБАЕВА АЙДАНА ЕЛУБЕКОВНА
Гуманитарлық ғылымдар саласындағы англицизмдердің лингвомәдени аспектілері

6М020700-Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертацияның


Рефераты

Қызылорда, 2013

Диссертация Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің шетел тілдері және аударма кафедрасында орындалды

Ғылыми жетекшісі: филология ғылымдарының кандидаты,

Ф.А.Оспанова

Ресми оппоненті: филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жаңатаев Қ.Ә.


Диссертация 2013 жылы «____» маусым айында сағат «_____» Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде 6М020700- Аударма ісі мамандығы бойынша гуманитарлық ғылымдары магистрі академиялық дәрежесін беру жөніндегі диссертациялық кеңесінде қорғалады.

( 120014, Қызылорда қаласы, Желтоқсан көшесі № 40, № 1 оқу ғимараты)

Диссертациямен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады.



КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тұрақты даму барған сайын қазіргі әлемдегі қоғамдық үдерістердің ұтымды жүруінің негізгі өлшеміне айналып келеді. Ал тұрақты дамудың шарттарының бірі – ұлтаралық қатынастардың тұрақтылығы болып табылады. Көп ұлтты мемлекетте этностардың жарасты өмір сүруіне, ұлтаралық бейбітшілік пен келісімнің сақталуына тіл саясаты ықпал етуге тиіс. Этностың қоғамдық-экономикалық т.б үдерістерге байланысты өзгеріп, дамып отыруы қашанда тілден көрініс тауып, сол дәуір, сол кезең, сол заманның таңбасы, ізі ретінде сақталып қалады.

Қай тіл болмасын сөз құрамының кеңеюі өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы ғана емес, сонымен қатар өзінде жоқ сөзді өзге тілдерден қарым-қатынас жасау арқылы да тіл өзінің сөздік құрамын байытып, жетілдіріп отырады. Қазақ елі бірнеше елдермен ұзақ уақыт бойы өте тығыз байланыста дамыған. Олармен достық қарым-қатынастың болғандығы ана тіліміздің сөз байлығының құрамынан да айқын байқалады.

Қоғам өмірінде болып жатқан түбегейлі өзгерістерге байланысты қазақ тілі лексикасында англицизмдердің қалыптасуы тиісті деңгейдегі ғылыми сипатын ала қойған жоқ. Әрине, бұл өзгерістер тіл саясатымен, мемлекетте жүргізіліп жатқан тілдік құрылыспен ұштасып жатыр. Тарихи даму процесінде адамзат тілдері бір – бірімен үнемі қарым-қатынаста болған және белгілі қарым-қатынасты орнатуды жалғастыруда. Бір немесе бірнеше тілдің сөздіктеріне және құрылымына әсерін тигізетін екі немесе одан да көп тілдер өзара байланысып, тоғысып тілдік қатынас жасауда.

Қазіргі күні лингвистер қазақ-ағылшын тілдік қатынастарына аса назар аударып отыр. Ағылшын тілінен енген сөздердің көп көлемінің пайда болуы, олардың қазақ тілінде берік орнығуы қоғамдық және ғылыми өмірдегі қарқынды өзгерістермен түсіндіріледі. Ақпарат ағымдарының артуы, ғаламдық компьютер желісі, интернеттің пайда болуы, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардың күшеюі, әлемдік нарықтың, экономиканың, ақпараттың, технологияның дамуы, олимпиадаларға, халықаралық фестивальдарға, сән көрмелеріне қатысу – тілімізге шет тілдері сөздерінің кіруіне себеп болды. Мысалы, зерттеуші К.Ахановтың айтуынша, «Сөздік құрамында басқа тілден сөз енбеген тіл жоқ деуге болады. Дүние жүзіндегі әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтар өз ара бір – біріне сөз ауыстырады» [2,152б].

ХХ ғасырдың аяғында, ХХІ ғасырдың басындағы ғаламдану үдерісінің салдарынан тілде пайда болған кірме сөздерге зерттеушілер үлкен назар аударып келеді. Бұл мәселе Г.Пауль, Л.Блумфильд, У.Вайнрайх, В.В.Радлов, Е.Д.Поливанов, Л.П.Якубинский, Л.П.Ефремов, М.М.Копыленко, К.Аханов, Ю.С.Сорокин, Н.И.Гайдуллина, Ә.Болғанбаев, Б.Қалиев т.б. ғалымдардың еңбектерінде кеңінен қарастырылған болатын.

Англицизмдер әдеби тілде, ауызекі сөйлеу тілінде, сленгте, арго, жаргондарда жиі кездеседі. Әдеби тіл, сленг, арго, ауызекі сөйлеу тілі – жалпыұлттық тілдің экзистенциялық ішкі жүйелер – әлеуметтік лингвистикалық түсінік болып табылатындығы да кірме сөздердің осы эксизтенциялық ішкі жүйелерінің құрамында қызметін сипаттау – лингвистиканың мәдениеттану пәні ретінде қарастырылады.

Қазіргі заманда бүкіл әлемде ағылшын тілі экпансиясының басымдылығы байқалады, осыған қарағанда ағылшын тілі Қазақстан Республикасында кең тараған, қазір тұрғындардың көбі ағылшын тілін игеруге тырысады. Ағылшын тілін, әлемдік тілді білу – заман талабы. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Болашақта біздің балаларымыз үш тілді толық игеріп, еркін сөйлейді» деп, айтып өткен болатын [1; 22б].

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазіргі кезде қай ғылым саласы болмасын қоғамдық қызметінің диапазоны едәуір кеңеюіне орай, қазақ тілі лексикалық қоры Қазақстандағы саяси, мәдени, әлеуметтік, экономикалық және технологиялық өзгерістерге байланысты көптеген өзгерістерді басынан кешіруде. Бұл өзгерістер Қазақстан Республикасында саяси, мәдени, әлеуметтік қайта қалыптасулармен тікелей байланысты: халықаралық лексика қарқынымен қорды толықтыруда, интенсивті түрде кәсіптік лексика мен терминдік жүйе дамуда, саяси әлеуметтік терминология қалыптасуда, көптеген терминдер мен тілге ерте кезде кірген сөздердің мағыналары кеңейіп, қайта жаңғыруда. Гуманитарлық ғылымдар саласында жалпы қолданыста жаңа сөздер пайда болуда. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы қазақ тілі мәртебесінің мемлекеттік дәрежеде жоспарлануы да негізгі объективтік себеп болып табылады. Алайда, қазақ тіл білімінде шетел сөздердің толық бейнесін көрсете алатын, үнді-еуропа тілдерінен кірген сөздерді қамтитын, еуропалық сөздердің толық жүйесін сипаттайтын лексикографиялық еңбек әлі күнге дейін жоқ. Өйткені ерекше тілдік бірлік болып табылатын шетел сөздердің белгілерімен мәліметтер бұрын-соңды тіл білімінде зерттелмеген. Көрші елдермен мәдени қарым-қатынастың кез-келген халықтың қалыпты дамуына қажетті екені бәрімізге белгілі. Лексиканы кірме сөздермен, терминдермен, тіпті есімдермен өзара молайту заңды құбылысқа айналды. Әсіресе ағылшын тілін меңгеруге, ағылшын-қазақ, қазақ-ағылшын тілдік қатынастарға кең көңіл бөліп, ағылшын-қазақ тілдік қатынастардың нәтижесін зерттеу – өзекті мәселе болып табылады.

Англицизмдер – ағылшын тілінен әр түрлі себептер нәтижесінде қабылдаушы тілге енгізілген сөздер. Олар қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық орамдар. Олар тек лингвистика саласын қамтып қоймай, гуманитарлық ғылымдар саласында кеңінен етек жаюда. Гуманитарлық ғылымдар салаларының барлығы да адам мен табиғат туралы ғылымның қай–қайсысының да күрделі негізінің бірі. Ғасыр басында адамзат қоғамы дүние, қоршаған орта туралы заман танымының, ақиқатының бір қырлы, бір сырлы табиғатынан туындап, онтологиялық негіздеріне бағынуда. Сондықтан осы саладағы англицизмдердің лингвомәдени қырларын ашу бірден-бір өзекті мәселе болып табылады.



Зерттеудің нысаны – гуманитарлық ғылымдар саласындағы кірме англицизмдер.

Зерттеу жұмысының әдістері. Зерттеу барысында алға қойған мақсат-міндеттерді шешу барысында мынадай әдістер басшылыққа алынды:

  • салыстыру – салғастыру, технологиялық ерекшеліктерді диахронды түрде талдау;

  • грамматикалық құрылымдарды сипаттау, аудару, компоненттік талдау;

  • жүйелеу және статистика әдістері қолданылды.

Лингвистикалық терминдерге тән семантикалық, морфологиялық, синтаксистік ерекшеліктерді айқындау мақсатында жекелеген терминдер мен терминдік белгілерді, сөз тіркестерін талдау, синхрондық сипаттау әдісі қолданылды.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.

  • ХХ ғасырдың басында тілімізге енген ағылшын кірме сөздері тілдік, әлеуметтік, психологиялық, эстетикалық т.б. да барлық ғылым салаларына кең етек жайып, олардың ену себептері анықталады;

  • Гуманитарлық ғылымдар саласындағы ағылшын кірме сөздерінің лингвомәдени қырлары ашыла отырып, қолданылу аясы көрсетіледі;

  • Гуманитарлық ғылымдар саласындағы англицизмдердің жасалу жолдары, олардың лексика–семантикалық ерекшеліктері сипатталады;

  • Англицизмдер тақырыптық топтарға бөліне отырып, олардың аудармада берілу тәсілдері жасалынады.

Зерттеу жұмысының мақсаты – Қазіргі лингвистиканың маңызды мәселелерінің бірі болып, тілдердің өзара байланысы мен өзара ықпалы болып табылады. ХХІ ғасырдың басында ағылшын тілі халықаралық қарым-қатынас тіліне айналып, халықаралық қатынастар саласының кеңеюімен сипатталады. Әлемдегі ағылшын тілінде сөйлейтін елдердің маңызды саяси – экономикалық рөлі, олардың қызметтің кейбір салаларындағы мәртебесі англицизмдердің қазақ тілінде пайда болуы және қолданылуын арттырды. Сондықтан зерттеу жұмысымыздың негізгі мақсаты – гуманитарлық ғылымдар саласына еніп, қалыптасқан англицизмдердің қолданылу аясын зерттеп, ұлттық ерекшеліктерін ажырата отырып, лингвомәдени сипатын ашу болып табылады.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін, зерттеу жұмысымыздың алдына мынадай міндеттер қойылды:



  • «Англицизм» ұғымын, себеп – салдарын анықтау;

  • Англицизмдердің тілімізге ену кезеңдері мен қолданылу аясын айқындау;

  • Англицизмдерді зерттеудің лингвомәдени бағытын көрсете отырып, гуманитарлық ғылымдар саласындағы аясын ашып көрсету;

  • Гуманитарлық ғылымдар саласында енген ағылшын кірме сөздерінің аударылу ерекшеліктерін көрсету.

Қорғауға ұсыналатын тұжырымдар.

Тілдің лексикалық жүйесінің ерекше саласын құрайтын, өздерінің «шетелдік» бейнесін сақтаған, сондықтан да сол тілді қолданушыларға «ағылшындық» қасиеті көрініп тұратын, тілдік санада «бөтен» сөз ретінде қабылданатын сөздер – англицизмдер болып табылады. Олардың ғылымилығы, ғылыми стильге тәнділігі, ғылыми-кәсіптік және ғылыми-техникалық тілге тәуелділігі, олардың халықаралықтылығы, ішкі формаларының түсініксіздігі, формальды белгілерінің болуы және тағы басқа олардың қолданысындағы ерекшеліктерін танытады. Қазіргі кезде гуманитарлық ғылымдар саласының барлығына ағылшын тілінен енген сөздер қарқынды енуде. Олар ақпарат ағымдарының артуы, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардың күшеюі, әлемдік нарықтың, экономиканың, технологияның, ақпараттың дамуымен түсіндіріледі. Ағылшын тілінен енген сөздердің басым көпшілігі өздерінің мағынасын сақтап, семантикалық жақтан өзгеріске көп ұшырамайды. Ағылшын кірме сөздерін қабылдағанда, оның ішкі формасы, дәлелдемесі ұмытылады. Қабылдаушы тілде бұл тәрізді сөздердің қандай морфемалардан құралғаны, қалай пайда болғаны, әдетте, еске алынбайды. Дегенмен, англицизмдер тіліміздің ішкі заңдылықтары мен нормаларына бейімделе отырып сан алуан өзгеріске ұшырайды. Кірме сөз құрамындағы қазақ тіліне жат дыбыстар онымен ұқсас дыбыстармен алмастырылады.



Зерттеу жұмысының теориялық маңызы.

Диссертацияның нәтижелері тіл біліміндегі лексикология саласы мен аударма теориясы негіздемелерін дамыту мен типологиясын айқындай түсуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ зерттеу жұмысының нәтижелері тіл біліміндегі терминология саласының теориялық негіздемелерін дамытуға септігін тигізеді. Англицизмдерді талдау барысында алынған тұжырымдар мен дәйектемелер гуманитарлық ғылымдар саласындағы терминдердің лексикографиялық жүйесін жасауға мүмкіндік береді.



Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.

Зерттеу барысындағы нәтижелер мен тұжырымдарды «Тілдік қатынастардың негізі», «Жалпы тіл білімі», «Лексикология», «Әлеуметтік лингвистика», «Мәдениетаралық қарым-қатынас» сияқты теориялық, арнайы курстарда қолдануға болады.



Зерттеу жұмысының материалдары мен дереккөздері.

Англицизмдердің мағыналарын жан-жақты ашу негізінде салааралық түсіндірме сөздіктер, Ә.Ысқақовтың басшылығымен жарық көрген «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» (І-Хтт.), Э.Д.Сүлейменованың «Тіл білімі сөздігі/Словарь по языкознанию», А.Салқынбай, Е.Абақанның «Лингвистикалық түсіндірме сөздігі», О.С.Ахманованың «Большой словарь иностранных слов», С.К.Ахметованың «Қазақша-ағылшынша сөздік», Н.С.Арапова, Р.С.Кимяпаровалардың «Словарь иностранных слов: актуальная лексика, толкование, этимология», Д.К.Хачатурянның «Словарь иностранных слов. Около 2500 слов», әр кезеңде жарық көрген «Словарь иностраных слов» т.б гуманитарлық ғылымдар саласындағы еңбектер дереккөздер ретінде алынды.



Зерттеу жұмысының жарияланымы.

Зерттеу жұмысының негізгі тұжырымдамалары мен нәтижелері Халықаралық бизнес академиясы жанындағы «Молодые Акулы Бизнеса» атты VІ Халықаралық ғылыми-практикалық студенттік конференцияда (Алматы, 2013 ж) баяндалды. Сонымен қатар зерттеудің мазмұны мен бағыттары «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының мәжілістерінде талқыланды.



Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ

Жұмыстың кіріспе бөлімінде зерттеудің өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, нысаны, зерттеу барысында қолданылған әдістер, зерттеудің теориялық және практикалық құндылығы айқындалды. Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар анықталып, зерттеу жұмысының талқылануы мен жариялану барысы баяндалды.

Жұмыстың бірінші тарауы «Шетел тіліндегі кірме сөздерді зерттеудің теориялық негіздері» деп аталып, мазмұны төрт тараушаларда сипатталды.

Бірінші тараудың бірінші тараушасында «Англицизмдер» ұғымы және ағылшын тіліндегі кірме сөздердің пайда болуының себеп-салдары қарастырылады.



Норман басқыншылары Англияда өз орфографиясына салып өз жазуын қолданды. Орта ғасырлардағы ағылшын тілінде жазылған мәтінді түсіну өте қиын. Бірақ беріректе, ХІV-ХV ғасырларда пайда болған Лаңгландтың, Чосердің шығармаларын глоссарийдің (сөздіктің) көмегімен оқып түсінуге болады.

Германиядан баспа станогы әкелінгенде бұрынғы таңбалардың бәрі бірдей болмай шықты. Енді ж- [аsһ] "а"-мен, р - /еtһ/ пен [thorn] "tһ"- пен, р - [wупп] “w”- мен, ʓ - [уogh] "gһ"- мен алмастырылды. Сөйтіп 24 таңба ғана қалды, оған “v” мен “j” қосылды. Бізге жеткен 26 әріпті алфавит сол өзгерістердің нәтижесі болып табылады.

1500 жылдары орта ғасырлық ағылшын тілі қазіргі заманғы ағылшын тіліне ұласты. Баспа станогының пайда болуы тілдің стандарт үлгісін жасауға көп ықпалын тигізді. Біздің қазір үйреніп, сөйлеп жүрген ағылшын тілі сол кезден біраз өзгерістерге ұшырап жеткен тілдің жаңғырығы. Standart English (стандартқа сәйкес ағылшын тілі) деп жүрген тілдің негізін қалаған Лондон, Оксфорд, Кембридж қалаларының тұрғындары сөйлейтін Мидланд диалектісі. Standart English-те тарихи жағдайлардың нәтижесінде танымастай өзгерістерге ұшыраған түркі сөздері өте көп. Мәселен, "киоск" ("kiosk") түркінің «қос» деген сөзінен туындаған. Қос - көшпелі қазақ тұрмысында көшіп-қонуға ыңғайлы тігуі, жығуы, алып көшуі оңай уақытша тұруға арналған шағын баспана. Қосты тіккенде екі керегенің немесе бірнеше сырғауылдың басын қосып, үстіне киіз немесе тулақ жаба салады. «Уебстер сөздігі» ағылшын халқы «қос» сөзін «жан-жағы ашық жазғы терраса үй» деген ұғым үшін және газет-журнал сататын немесе көшеде телефонмен сөйлесетін бір немесе бірнеше жағы ашық жеңіл құрылымның атауы ретінде қолданатынын айтады. Сонда біз өзімізге туыс сөзден өзіміз қашып, «дүңгіршек» деп дүңгірлеп жүргеніміз қай білместігіміз!? Рим империясы кезінен қалған деп есептелетін құрамында -саster, -сеster, -сһеster Lancaster - Ланкастәр, Мапсһester - Манчестәр, Winchester - Винчестәр, Leicester - Лестәр деген топонимдерде де «уақытша тұрақ, уақытша салынған баспана» деген мағына бар. Рим басқыншылары «уақытша» деп салған қоныстардың көбісі кейіннен үлкен елді мекенге айналып, ол жерге корольдердің (киңдердің) резиденциясы салынды. Содан барып саstle [kа:sl] - қамал, ел билеушілер тұратын жер, саstelan [ka:stilәn] - «кастельян, қамалды күтүші адам» деген сөздер туындады.

ХІ-ХІІІ ғасырларда Еуропа корольдер «Палестина мен Иерусалимді мұсылмандардан тазарту керек» деген желеумен сегіз рет соғыс жорығына шыққан. Олар тарихта «Крест жорықтары» деген атпен белгілі. Түркизмдердің екінші толқыны Еуропа тілдеріне осы кезде енді. Өйткені бұл жорықтарда түрік-селжүктер басқа мұсылмандардан ерекше белсенділік танытып, Еуропа тілдеріне angora - ангор, анкара, асыл тұқымды мысық, ешкі, немесе қоянның жүні, биязы жүн, “bashe-basouk” - басыбұзық, "һоrde"- орда, қисапсыз көп адам, "кһап"— хан, "кһапаte"- қағанат, "кһаnjara”- қанжар, “ulan” - ұлан, "yataghan"— ятаган, үлкен пышақтың бір түрі, “раra" - ақша. Отоман империясындағы тиын ақшаның атауы, “captan”— кафтан, divап - 1. Отоман империясының Жоғарғы кеңесі. 2. отыруға арналған жұмсақ жиһаз; “yurt”киіз үй (йурт, жұрт) деген сөздердің енуіне себепші болды.

Бірінші тараудың екінші тараушасында гуманитарлық ғылымдар саласындағы англицизмдердің лингвомәдени сипаты сөз болады.

Гуманитарлық ғылымдар – адамдар айналасындағы рухани, зерделі, мәдени, қоғамдық қызметті зерттейтін білім. Ғылымның негізі әдістемелігі ретінде нақты және дәлме-дәл ғылымдар жалпы қоғамдық ғылымдармен зерттеледі.

Гуманитарлық ғылымдар салаларының барлығы да адам мен табиғат туралы ғылымның қай қайсысының да күрделі негізінің бірі. Ғасыр басында адамзат қоғамы дүние, қоршаған орта туралы заман танымының, ақиқатының бір қырлы бір сырлы табиғатынан туындап, антологиялық негіздеріне бағынуда. Адам сөз дүниесінде өмір сүреді, орасан зор ақпараттарды адамзат сөз арқылы меңгеріп, сөз арқылы түсіне алады. Ұлттық мәдениеттің кілтін кез-келген халық алу үшін сол халықтың топырағында аунап, суын ішіп, ауасымен демалу керек. Себебі, мәдени кодты алудың кілті сол атребуттармен тікелей байланысты.

XXI ғасыр лингвистикасында тіл тек қана қарым-қатынас пен танымның құралы ғана емес, сондай-ақ ұлттық мәдени белгі ретінде қарастырылатын жаңа бағыт белсенді дамуда. Бұл бағытта тіл тек қана ұлттың заман талабына орай менталитетіне ғана емес, сондай-ақ, ертедегі адамдардың әлемге көзқарасы, олардың дүниетанымына, қоғамға және өздеріне бастайтын жол немесе тәсіл ретінде қарастырылады. Лингвистикадағы бұл бағыт лингвомәдениеттану деп аталады. Лингвомәдениеттану лингвистика мен мәдениетану ара-қатынасы нәтижесінде пайда болған, тілде қалыптасқан және көрініс табатын халықтың, ұлттық мәдениетінің қалыптасуын зерттейтін ғылым. Лингвомәдениеттану тілді мәдениет құбылысы ретінде қарастырады. Тіл мәдениетпен тығыз байланысты, тіл мәдениетте өседі, мәдениетте дамиды және мәдениетті басқаларға жеткізеді. Бұл ғылыми саланың міндеттеріне тіл мен мәдениеттің, тіл мен этностың, тіл мен ұлттық менталитеттің өзара тығыз байланысын суреттеу мен үйрету жатады. Тіл, мәдениет, этнос өзара тығыз байланысты [3; 28 б.]

Дегенмен, тіл мен мәдениет ара-қатынасын қарастырғанда мұқият болған жөн, өйткені ол екеуі екі түрлі семиотикалық жүйеге жататынын естен шығармаған абзал. Ең дұрысы олардың ортақ белгілері өте көп, мәселен мәдениет, тіл сияқты танымның түрі, мұның көмегімен ол адамның дүниетанымын көрсетеді, мәдениет пен тілдің құралы әрқашанда жеке тұлға, қоғам, жеке адам немесе әлеумет, нормативтілік және мәдениет пен тілдің ортақ көрінісі, тарихи белгілері де мәдениет пен тілдің маңызды көріністерінің бірі. Тіл — мәдениет фактісі, өйткені:

1) тіл атадан балаға мирас болып келе жатқан мәдениеттің құрамды бөлігі;

2) тіл — оның көмегімен мәдениетті меңгеретін негізгі құрал;

3) тіл — егер біз мәдениет маңызын - ғылымды, дінді, әдебиетті түсінгіміз келсе, онда біз бұл құбылыстарды белгі ретінде қарастыруымыз тиіс, яғни мәдени тәртіп ішіндегі өте маңызды құбылыс.

“Лингвомәдениеттану” термині XX ғасырдың 90-шы жылдары өз бетінше жеке лингвистикалық, бағыт ретінде қалыптасты. Мұның төңірегінде үлес қосқан мынадай лингвистерді атауға болады: В.И.Телия, Ю.С.Степанов, А.Д.Арутюнова, В.В.Воробьев, В.Шаклеин, В.А.Маслова. Қазақ тіл білімінде этнолингвистика аясында қазірде жаңадан қалыптасу үстінде. Манкеева Ж., Алдашева А., Кажигалиева Т.А., Ислам А.

Қазіргі таңға дейін лингвомәдениеттану саласында бірнеше бағыттар қалыптасып үлгерді. Олар:

1) жеке әлеуметтік топтың, этностың лингвомәдениеттануы, яғни белгілі лингвомәдени оқиғаны белгілі бір кезеңде мәдениетпен байланыстырып зерттеу.

2)тарихи лингвомәдениеттану, яғни этностың лингвомәдени жағдайының белгілі бір кезеңде өзгеруін зерттеу;

3) салыстырмалы лингвомәдениеттану, яғни әртүрлі, бірақ бір-бірімен байланысты халықтардың лингвомәдени қалыптасуын зерттейді.

4) салғастырмалы лингвомәдениеттану. Бұл сала жаңа ғана дамып келе жатыр. Қазіргі таңда олар бір-екі еңбектерде көрініс табады. Олардың ішіндегі өте қызықты еңбектердің бірі М.К.Голованивскийдің “Орыс тілінде сөйлеушілердің көзқарасы бойынша берілген француз мәдениеті”.

5) лингвомәдени лексикография, бұл сала лингвотанымдық сөздіктерді құрастырумен айналысады. Бұл сала басқаларға қарағанда қарқынмен дамып келеді. Мысалы: Д.Г.Мальцеваның сөздігі онда 25 негізгі үлкен тақырыптық бөлімдер беріледі.

Соңғы бірнеше жылда ғылым мен техниканың қарқынды дамуы өмірге жаңа атаулардың келуіне жол ашты. Қазақ халқының көпшілігі де осындай өзгерістерді бастан кешіруде. Қазақстандықтар соңғы 10-15 жылдары ғылым мен техниканың қарқынды дамуына, қоғамның жылдам ақпараттармен тез қамтылуына, сондай-ақ саяси және әлемутеттік өзгерістерге куә болуда.

Қазақ лингвистерінің болжауларынша, соңғы кездері шетел тілі сөздерінің көптеп енуі етек алғаны байқалған. Өзара мәдени байланыстардың ең кері әсерлерінің бірі лексикалық бірліктердің енуімен мәдени құндылықтардың да алмасуы [4]. Орыс ғалымы Л.П.Крииннің пікірінше, «Саяси, экономика және мәдениеттің дамуының шарты ресей қоғамының бұрын ана тілінде бар кейбір сөздерді шет ел тілдеріндегі арнаулы мағынасымен алмастыру болды» [4; 27 б.]. Бұл жаңа лексиканың мәні мынада, ол интернационалды сөз ретінде қолданылып, бір елдің тілінен екінші елдің тіліне өзінің бастапқы мағынасын өзгертпестен ену. «... сөздіктерді де, сөз тудыру үдерісін де интернационалдау салтқа айналды. Интернациональды лексикалардың сөздік қорда көбеюі интернационалды морфемалар мен шетел тілдеріндегі сөздер арқылы жаңа сөз тудыруынан болып отыр [4; 29б].

Қазақ тілін мұндай жолмен дамытуда жаңа лексикалардың барлығының да ағылшын тілінен екенін атап айтқан жөн. Компьютер техникасына қатысты терминдер әуелі кәсіби ортада, сонан соң бүкіл елге тарады. «Сонымен қатар, термин деп аталатын бұл құбылыстар, бүкіл қоғамда өзекті мәселеге айналып отыр, тек кәсіби ортада қолданылған терминологиялар бүкіл баспасөз беттерінде, радио-теле бағдарламаларда, іскер және саяси тұлғалардың сөйлеген сөздерінен нақты орын ала бастады» [4; 28 б.].

Экстралингвистикалық факторларғы жауап ретінде БАҚ шет ел тілдік лексиканы жедел насихаттауда. Баспасөз «Күн сайынғы оқиғаларды тез таратады және сонымен бірге (әсіресе лексика) тілді де кең насихаттайды. «Газеттер жаңа білімді, сөз мағыналары мен сөз тіркестерінің қолданылуын қырағы қадағалайды» [5].

Қазақ тіліндегі баспасөз беттерінде соңғы жылдары жарық көрген ағылшын тіліндегі лексикаларға талдау жүргізгенде, ағылшын тіліндегі кейбір сөздіктер қазақ тіліне сіңіп кеткендігі соншалықты қазақ сөздік қорын толықтырып отырған байырғы сөздер секілді. Лингвистикада шетел тілдерінен енген кірме сөздерді бірнеше классификацияға бөледі, олардың неғұрлым белсенді топтарына жататындар: варваризмдер, калькалар және ассимилияцияланған лексикалар.

Бірінші тараудың үшінші тараушасында англицизмдердің тілімізге ену кезеңдері және қолданылу аясы қарастырылады.

Ағылшын тілінен енген англицизмдердің ену себептерімен көптеген лингвистер ХХ ғасырдың басында–ақ айналыса бастаған. Бірақ англицизмдердің ену себептерін анықтау тілдік және сыртқы тілдік емес себептерді нақты сараламай жүргізілген. Мысалы, орыс ғалымы Л.П. Крысиннің еңбегінде Э.Рихтердің кірме сөздердің енуінің негізгі себебі ретінде, заттар мен ұғымдарға атаулардың қажеттілігін атайды. Одан басқа өзінің сипаты бойынша әртүрлі-тілдік, әлеуметтік, психикалық, эстетикалық т.б, жаңа тілдік форманың қажеттілігі, ұғымдарды бөлу қажеттілігі, оларды қысқа, қолайлы, анық ететін құралдарға қажеттілік сияқты себептер де [6; 31 б.] аталады.

Қазіргі күні лингвистер қазақ-ағылшын тілдік қатынастарына аса назар аударып отыр. Ағылшын тілінен енген англицизмдердің көп көлемінің пайда болуы, олардың қазақ тілінде берік орнығуы қоғамдық және ғылыми өмірдегі қарқынды өзгерістермен түсіндіріледі. Ақпарат ағымдарының артуы, ғаламдық компьютер желісі Интернеттің пайда болуы, мемлекетаралық және халықаралық қатынастардың күшейуі, әлемдік нарықтың, экономиканың, ақпараттық технологияның дамуы, олимпиадаларға, халықаралық фестивальдарға, сән көрмелеріне қатысу-бәрі тілімізге шет тілдері сөздерінің кіруіне түрткі болды. Біз қазақ халқы сыртқы әсерлерге толерантты қараймыз. Біздің қоғамның жариялылығы халқымыздың білім деңгейінің және ой өрісінің орасан дамуына ықпал етеді. Іскерлік, сауда, мәдени байланыстар қарқынды дамып, шетелдік туризм гүлденді, біздің мамандардың басқа мемлекеттің мекемелерінде қызмет істеуі, біздің елдің аумағында шетелдік компаниялардың жұмыс жасауы үйреншікті құбылысқа айналды. Басқа тілде сөйлейтін адамдармен қарым-қатынасты қарқынды дамыту қажеттілігі туындады.

Шет тілдерден сыналап сөздер енуі – ертеден бері ерекше назар аудартып келе жатқан мәселелердің бірі. Теориялық тіл білімі қалыптаспас бұрын, бұл мәселе Ежелгі дүние философтарының еңбектерінде қарастырылған. Платонның «Кратил, или О правильности имен» атты диалогында Сократ «жалпы гректер, әсіресе, варварлардың қол астында тұратындар, көптеген есімдерді солардан алғанын» өз дәуірінде атап көрсеткен [7; 49 б.]. Ал шет тілінен енген сөздердің шағын сөздіктерін құрастыруға сонау Ежелгі Вавилонның кезеңінен бастау алады.

Орыс тілі тарихында шетел тілінің сөздері туралы мәселе I Петр патшаның реформалары дәуірінде ерекше орын алған. Өйткені Ресейдің ұзақ уақытқа созылған оқшаулығынан кейін орыс тілінің сөздік құрамы шет тілінен енген сөздермен жылдам толықтырыла бастады. Поляк, француз, неміс, голланд, итальян сөздері сол кезде жаңа еуропалық атауларды, ұғымдар мен әлеуметтік қатынастарды білдіру үшін қолайлы болып көрінді [7; 43 б].

Ағылшын тілінен енген сөздердің негізінде жазылған ғылыми-теориялық еңбектерге сүйене отырып, ағылшын сөздерінің зерттелу тарихын үш сатыға бөліп қарастырдық.

Зерттеудің бірінші сатысы, XIX ғасыр мен XX ғасырдың бірінші жартысы ағылшын сөздері теориясының қалыптасу кезеңі болып табылады. Бұл дәуірде ағылшын сөздері көбінесе «тілдердің араласуы» теориясының арнасында қарастырылады. Бұл сатыда шетел сөздерді зерттеу лингвистердің олардың тілге енуінің сыртқы мәдениеттанушылық себептеріне назар аударуымен сипатталады, басқаша айтқанда, ағылшын сөздері мен сөз тіркестерінің пайда болуы тек қана жаңа заттардың, құбылыстардың, қатынастардың және т.б. пайда болуымен ғана байланыстырылды. Англицизмдерді «тілдердің араласуы» негізінде зерттеу И.А. Бодуэн де Куртенэ, Г. Пауль, Э. Сепир, Л.В. Щерба және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелінді. Англицизмдер тек халықтар мәдениетінің өзара байланысы тұрғысында зерттелінген.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет