Туребаева айдана елубековна



жүктеу 0.5 Mb.
бет2/3
Дата09.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
1   2   3

Англицизмдердің (ағылшындық кірме сөздер) пайда болу амалдары.

Ағылшын түбірі бар жаңа ұғымдар мен құбылыстар аясы шектеулі. Сондықтан кірген ұғымдары мен нысаны бар қолданыстағы номинацияны алу тиімді болып саналады.

Шет тілдерінен кірген сөздердің келесі тобын атап көрсетуге болады:

1. Тікелей кірген.

Түпнұсқадағы сөздер тілімізде тура мағынасында қолданылады. Мысалы: weekend – (уик-энд) - демалыс күндер, black – (блэк) – қара, money – (мани) – ақша, party – (парти) – сауық кеші, girl – (гирл) – қыз, boy – (бой) – бала, friend – (френд) – дос, sponsor – (спонсор) – демеуші, price – (прайс) – баға, т.б.



2. Гибридтер.

Бұл шет тіліндегі сөзге қазақ тілінің жұрнағын, қосымша, жалғауын жалғау арқылы пайда болған сөздер. Бұл жағдайда шет тіліндегі сөздің мәні өзгереді. Мысалы: «ask» - аскать – өтіну, «busy» - бузить - мазасыздану мағынасында, «copy» - копилаймын – көшірме жасаймын, т.б.



3. Калька (көшірме).

Фонетикалық дыбысталуы жалпы формасы сақтай отырып қолданылатын, шет ел сөздері. Мысалы: menu - меню, the disk - диск, the virus - вирус, the club - клуб, password - пароль, cooler - кулер, mixer - миксер, toaster - тостер, blender - блэндер, antifreeze - антифриз, bulet – булет, device - девайс, hacker - хакер, obgreyd - обгрейд, click - кликать, blog - блог, smile – смайлик және т.б.



4. Экзотизмдер (Ерекше сөздер).

Басқа халықтың ерекше ұлттық дәстүрін сипаттайтын, біздің табиғатымызға жат өз мағынасында сақталатын сөздер. Бұл сөздердің ерекшелігі, қазақ тіліндегі синонимдерінің болмауы. Мысалы: chips - чипсы, hot dog - хот-дог, cheeseburger - чизбургер, football boots - бутсы, fishburger - фишбургер, pudding - пудинг, yogurt – йогурт, barbecue – барбекю, бифштексbeefsteak, cocktail - коктейль, jacuzzi - джакузи және т.б.



5. Колориттер

Бұл сөздердің лексикалық баламалары болады, бірақ олардан стилистикалық ерекшелігі бар және қандай да бір қарым-қатынас саласында сөзге ерекше мәнер беретін мәнерлік құралы ретінде бекітіледі. Мысалы: ОК - О׳кей, wow - вау, super - супер.



6. Композиттер.

Екі ағылшын тілінен тұратын сөздер. Мысалы, second hand - (секонд-хенд) - қолданылған заттарды сататын дүкен, Video Salon - (видео-салон) - фильм көретін зал, time-out - (тайм-аут) - уақыт бітті, fast food - (фаст фуд) - тез әрі жеңіл тағам, News maker - (ньюс-мейкер) - жаңалық жасаушы, Price List - (прайс-лист) тауарлар мен сорттары, қызметтер бойынша бағалар анықтамалығы, және т.б.

Бірінші тараудың төртінші тараушасында англицизмдерді зерттеудің лингвомәдени бағыты сипатталды.

Басқа тілден енген кірме сөздер кітап сөзінің жанрларында, ғылыми және техникалық сипаттағы мәтіндерде кеңінен қолданылады. Соңғы кездері тілдік материалдың негізгі көзі болып, қазіргі бұқаралық ақпарат құралдары табылады. Газет және журналдардың беттерінде күнделікті кездесетін сөздерді үш топқа бөлуге болады:

1. Қазақ тілінде синонимдері бар, бірақ көбіне адамдарға түсініксіз сөздер, мысалы: мониторинг - monitoring - «бақылау» синонимі. Көп жағдайда бұл сөздерді пайдалану қажет емес және мәтінді түсініксіз етеді.

2. Қазақ тілінде синонимдері жоқ сөздер. Олардың сіңіп кеткеніне көп болған, көп адамдар ол сөздердің ағылшын тілінен енгенін білмеуі де мүмкін, мысалы, спортсмен - sportsman, футбол - football, проблема - problem, сплит-система - split system, модельдік бизнес - model business, имидж - image, лифтинг - lifting, пилинг - peeling, пирсинг - piercing, скраб - scrub, стилист - stylist, тоник - toner, кастинг - casting, т.б.

3. Газеттерде ағылшын тілінде ағылшын әріптерімен жазылатын сөздер. Бұл сөздерге мүлдем таныс емес, мысалы, non – stop. Бірқатар газет материалдарын талдай отырып, ағылшын сөздері экономикалық және саяси тақырыбына арналған рубрикаларда, музыка туралы мақалаларда, ғылым мен техника туралы мақалаларда қолданылатынын анықталды.

Біз «БАҚ ағылшын тіліндегі сөздердің көп болғаны дұрыс деп санайсыз ба?», - деген сұрақты көпшілікке қойған кезде, әртүрлі жастағы 36 адам жүргізілген сауалнамаға жауап беріп, 54%-жоқ, 36%-иә, 10%-білмеймін деп жауап берді. Неге ұнамайды?, - деген сұраққа әсіресе егде жастағы адамдар ағылшын тілін түсінбейтінін айтқан. Кейбіреуінің қазақ тілінде синонимдері бар ағылшын сөздерін пайдалану ашу-ызасын келтіреді екен, атаулар мен басылымдарды ағылшын сөздерімен көрсету, тек жарнама жасау мақсатында және назар аударту үшін жасалған дүние деп саналатыны анықталды.

Барлық мектептерде шет тілі сабағы өткізіледі оның ішінде, шет тілдерінің арасында кеңінен таралған ағылшын тілі бірінші орында. Біз мектеп оқушыларының ағылшын тілінің танымалдығына қалай қарайтындарын байланысты 5-11 сыныптың оқушыларына анкета ұсынылды.

Сауалнама жасауға 56 оқушы қатысты.

«Саған ағылшын тілін оқу ұнай ма?, Неліктен?», - деген сұраққа оқушылардың бір бөлігі 3 % бірден жауап бере алмады. Қалған басым бөлігіне ағылшын тілін ұнататындығы анықталды.

«Ағылшын тілін оқу қиын ба?», - деген сұраққа 10% қиын, қалған бөлігіне ұнайтындығы белгілі болды.

Әрбір оқушы ағылшын тілін оқуы тиіс пе?, - деген сұраққа оқушылардың басым бөлігі 87 % - тиіс деп жауап берген, олар ағылшын тілі қажет деп санайды екен. Осылайша, жүргізілген жұмыс оны оқу процесіндегі шет тіліне деген қарым-қатынас пен оны түсіну деңгейінің арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік берді. Зерттеу жүргізе отырып, біз басқа елдің мәдениеті оның ішінде ағылшын-американдық мәдениет өмірдің барлық салаларына енуі кездейсоқтық емес екендігі дәлелденді.

Жүргізілген зерттеудің маңыздылығы кірме сөздердің теориясы мен практикасымен байланысты мәселені қарастыру, әсіресе қазіргі заманда маңызды, өйткені қазақ тілінің құнсыздануына әкеп соқтыру қаупі бар кірме сөздердің өте көп пайда болуы туралы пікірлер айтылып жүр. Бірақ тіл-өздігінен дамитын механизм, ол өзін - өзі қорғай алады, қажет емес артық дүниелерден арыла алады. Жалпы шет тілінің терминологиясы рөлі қазақ тілінде орасан зор қызықты лингвистикалық феноменді білдіреді. Ағылшын-қазақ тілдерінің тілдік қатынасы, әрдайым шет тілінің лексикасының қазақ тіліне енудегі жалпы ағымын зерттеуге бағытталған зерттеушілер назарын аудартады.

Жұмыстың «Гуманитарлық ғылымдар саласындағы англицизмдер және олардың аудармада берілу тәсілдері» атты екінші тараудың тірінші тараушасында англицизмдердің жасалу жолдары көрсетілді.

Шығу төркіні жағынан алып қарағанда, сөздердің тілден-тілге ауысуының тікелей ауысу және жанама түрде ауысу деп аталатын екі түрі болады. Бірінші тәсіл бойынша белгілі бір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей енеді де, екінші тәсіл бойынша, кейбір сөздер бір тілден екінші тілге тікелей емес, басқа бір тіл арқылы енеді. Мысалы, қазақ тіліне енген проблема деген сөз орыс тілінен енген сөз. Негізінде шығу тегі жағынан ағылшын тілінің «problem» сөзінен.

Біз өз жұмысымызда гуманитарлық пәндердегі англицизмдерге сараптама жасай отырып, төмендегі нәтижелерге қол жеткіздік. «Антропология» - 9%, «журналистика» - 12%, «тарих» - 6%, «тіл білімі» - 11%, «өнертану» - 9%, «әдебиеттану» - 3%, «қоғамтану» - 9%, «саясаттану» - 6,7%, «өлкетану» - 3%, «педагогика» - 3%, «психология» - 8%, «философия» - 9,3%, «этика» - 4%, «эстетика» - 5%, «этнография» - 2%.

Ауызша түрде енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне байланысты зат атаулары болып келеді. Мұнымен бірге олардың ішінде мәдениетке байланысты ұғымдардың да атаулары болады. Ауызша енген кірме сөздерге өте-мөте тән ерекшелік сол — олар қабылдаушы тілдің дыбыстық (фонетикалық) заңдарына, орфоэпиялық ерекшеліктеріне бағынып, соған сәйкестендіріледі.

Жазбаша немесе кітаби кірме сөздер көбінесе ғылыми-техникалық, әдебиет пен өнер т.б. арқылы енген және солардың белгілі бір саласына бейімделіп қолданылатын сөздер болып табылады. Бұлар өркениет ұғымдарына телінген сөздер болу қасиетімен сипатталады. Сөздердің бұл тобы білдіретін ұғымы мен мәніне байланысты интернационалдық сөздер болуға икемделеді де, олардың тілден-тілге ауысу, кең түрде таралу қасиеті басым болады. Ондай сөздердің кейбіреулері өзінің білдіретін ұғымы мен мазмұнының айрықша маңызды болуына байланысты дүние жүзіне, күллі халықтардың тіліне ауызша түрде де, жазбаша түрде де еніп, жаппай және жиі қолданылатын сөздерге айналады. Мысалы, компьютер, интернет деген сөздер бүкіл әлемге таралып, әр түрлі тілдерде сөйлейтін халықтардың баршасына бірдей таныс сөздерге айналып отыр.

Шет тілдерден енген сөздер уақыт озған сайын әбден кірігіп, фонетикалық, грамматикалық және семантикалық жақтан игеріліп, сіңісіп кетеді. Жоғарыда, ауызша түрде енген сөздердің ерекшеліктеріне тоқталғанда, олардың қабылдаушы тілдің фонетикалық заңдылықтарына бағынып, икемделетінін айттық. Шет тілден енген сөздердің фонетикалық жақтан игерілуі деп олардың қабылдаушы тілдің дыбыс (фонетикалық) заңдарына сәйкестендіріліп икемделуін айтамыз. Англицизмдердің қабылдаушы тілдің фонетикалық ерекшеліктеріне икемделіп игерілу құбылысын шет тілдік бір сөздің әрбір тілдің дыбыс заңдарына сәйкес әр түрлі болып өзгеруінен айқын аңғаруға болады. Шет тілдерінен енген сөздер қабылдаушы тілде грамматикалық жақтан да игеріліп, қалыптасып кетеді. Олар төл сөздердей тұлғаланып, қабылдаушы тілдің грамматикалық заңдары бойынша басқа сөздермен тіркесіп қолданылады. Англицизмдердің грамматикалық жақтан игерілуі деп, ол сөздерге қабылдаушы тілдің қосымшалары жалғанып, олардың төл сөздермен емін-еркін тіркесіп жұмсалу қабілетін айтамыз.

Англицизмдердің қабылдаушы тілдің грамматикалық заңдарына бағынып игерілуі қабылдаушы тілде олардың грамматикалық формасының мағынасы сақталынбауынан айқын көрінеді. Мысалы, ағылшын тілінің рельс деген сөзі ағылшынша көптік жалғаулы сөз болғанмен (ағылшын тілінде жекеше түрі — rail, көпше түрі —rails), қазақ тілінде жекеше түрінде ұғынылып, көпше түрде қолдану қажет болғанда, оған көптік жалғауы жалғанады (қазақша — рельстер).

Англицизмдердің енуі, сондай-ақ кейде оларды калька жолымен аударып алу қабылдаушы тілдің сөздік құрамын толықтырып байытады. Қазақ тілінің, лексикасы ағылшын тілінен, орыс тілі арқылы басқа тілдерден енген сөздермен толығып, оның аумағы кеңіді. Белгілі бір тілдің сөздік құрамы, ең алдымен, сөз тудырудың сан алуан тәсілдері арқылы сол тілдің ішкі мүмкіндіктерінің есесінен, бұрыннан бар сөздерден туынды сөздер жасаудың есесінен дамып байыса, сонымен қатар басқа тілдерден жаңа сөздердің енуі арқылы да толығып отырады. Міне, бұл тәсілдер тілдің лексикасының баю жолдарының ең басты тәсілдері болып табылады.



Англицизмдер – қоғамдағы саяси, мәдени, экономикалық қатынастардың, ғылым мен техниканың дамуына байланысты тілге енген жаңа сөздер мен сөз тіркестері, фразеологиялық оралымдар. Англицизмдер лексикалық және семантикалық болып екіге бөлінеді. Лексикалық англицизмге жаңа ұғымдардың тууымен бірге пайда болған жаңа терминдер жатса, семантикалық англицизмдер деп сөзбе-сөз аудару арқылы төл сөзге қосылған жеке мағынаны айтуға болады. Мысалы, human factor - антропогендік фактор, fresh juice - жаңа сығылған жеміс шырыны, yogurt - йогурт, pudding - пудинг, fast food – (фаст-фуд) жеңіл әрі тез әзірленетін тағам, week end - уик-энд - демалыс күндер, party - парти – сауық кеші, sponsor - спонсор – демеуші, computer system - компьютерлік жүйе, computer center - компьютер орталығы т.б.

Англицизмдер сөзжасамдық калькалау, сондай–ақ  синтаксистік-морфологиялық, семантикалық, морфологиялық тәсілдер арқылы жасалып, тілдің сөздік құрамын байытады. Шет тілден енген сөздердің басым бөлігі өздерінің бастапқы мағынасын сақтайды, семантикалық жақтан өзгерістерге көп ұшырамайды. Англицизмдер төл сөздермен де беріле алады, сөздік құрамында бұрыннан қолданылып жүрген сөз тұлғалары жаңа мағынаға ауысып, жаңа ұғымды белгілеуге мүмкіндік алады. Англицизмдер тілдің лексикалық құрамына ауызша және жазбаша түрде енеді. Ауызша енген сөздердің көпшілігі тұрмыс қажетіне, мәдениетке қатысты атаулар болса, жазбаша енген англицизмдер ғылым мен техниканың жетістіктеріне қатысты болып келеді. Қазіргі тілімізде жасалған англицизмдер көпшілігі сөз тіркестері түрінде келіп, анықтауыштық қатынаста болады. Мысалы: human factor - антропогендік фактор, price list - прайс-лист, computer system - компьютерлік жүйе, computer center - компьютер орталығы, т.б.

Англицизмдердің екі түрлі жасалу жолдары бар: 

1) Бұрын-соңды тілде болып көрмеген, жаңа ұғымдардың пайда болуымен байланысты. Мысалы: hot dog - хот-дог, pudding - пудинг, fast food – фаст-фуд, spray – спрей, скраб – scrub, bowling – боулинг, disk - диск, және т.б.

2) Бұрыннан тілде бар атауларды жаңартып, ескіні жаңғыртып, жаңаша мән беріп, түрлендіріп қолдану негізінде пайда болады. Англицизмдердің ұлттық тілдің байып, дамуы үшін, оның жаңа мағыналы сөздермен толықтырылып отыруы үшін мәні зор. Мысалы: briefing – брифинг, candidate - үміткер (кандидат), journalist - тілші (журналист), және т.б.

Тіл басқыншылығы тек қазақ тілінде ғана емес сонымен қатар барлық тілдерде де кездеседі. Мысалы, орыс тілінде И.А. Стернинның айтуы бойынша 90 жылдардың басы орыс тілінің бөгде тілдердің лексикасымен араласуымен ерекшеленді. Қазіргі тіл білімі ғалымдарының зерттеуіне сүйенсек күніне 300 сөз қазақ тіліне енеді екен. Ол сөздердің басымы ағылшын тілінен енген. Қазақ тіліне де англицизмдер көптеп енуде. Ресей ғалымдарының пікірінше әсіресе көптеген кірме лексика газет, журнал беттерінде көрінеді, сондықтан газет, журнал бетінде кездесетін мәтіндерді оқу үшін алдымен ағылшын тілін оқыту мәселесі өзекті болып келеді [8].

Екінші тараудың екінші тараушасында англицизмдердің лексика-семантикалық ерекшеліктері сөз болады.

Англицизмдердің басым көпшілігі өздерінің мағынасын сақтап, семантикалық жақтан өзгеріске көп ұшырамайды. Мысалы, айсберг (голландша ейс-мұз, берг-тау), атмосфера (гр. атмос-бу, сфера-шар), бриз (фр. бриз-самал жел), география (гр. гео-жер, графо- жазу) т.б. Кейде шет тілінен енген сөздердің кейбіреулерінің құбылып, мағынасын өзгертетіңдері де кездеседі. Мысалы, радиус (латын тілінде “нұр” деген мағынаны білдіреді, қазақ тілінде геометрия пәнінде “шеңбер нүктелерінен оның центріне дейінгі ара қашықтықты” шеңбер радиусы дейді), негатив (латын тілінде “теріс” деген мағынаны, қазақ тілінде “фотоапараттың ішіндегі пленканы” айтады) т.б.

Шет тілінен сөз қабылдағанда, сөздің ішкі формасы, дәлелдемесі ұмытылады. Мысалы, “Бидің бір түрін” білдіретін фокстрот шығу тегі жағынан ағылшынның — foxtrot, сөзбе-сөз аударғанда “түлкінің аттамы” деген сөз. Қазақ тілінде, сондай-ақ басқа тілдерде де бұл сөздердің арғы төркіні, шығу тегі мүлдем ескерілмейді.

Сонымен қатар әртүрлі ғылым саласында қолданылып, әртүрлі өрісте жұмсалып, бірақ әртүрлі ұғымдарды білдіретін, яғни омоним сөздер де көптеп кездеседі.

Информатика терминдерін, сонымен бірге сөздіктерде жазылған олардың мағынасы мысалдарын көрсете отырып, семантикалық жолмен пайда болған кейбір англицизмдерді қарастырайық:



Ваsе” 1) база, негіздеме; 2) астына қойылатын зат; 3) баспа сызбаларының пластинкасы. Бұл сөздің мағынасы жалпы қолданыстағы “негіз”, “негіздеме”, “базис” мағынасына жақын келеді; “Сеll” есте сақтайтын құралдың қарапайым бағытталған бірлігі; “жады ұясы”. Бұл мағына жалпықолданыстағы “бөлім”, “ұя” деген мағынаға келеді; “Ғіlе” файл, жазба жалғастырушы, бұл жалпықолданыстағы “құжаттар жиынтығы”, “картотека” мағынасынан келген т.б. [9; 27 б.].

Тарихта бір тілдің басқа тілге лексикалық әсер етуінің көптеген мысалдары кездеседі. Мәселен, араб сөздерінің түрік және парсы сияқты тілдерге енген сөздері 70-80% құрайды. Қазіргі ағылшын тілінде, әртүрлі мәліметтер бойынша 55%-тен 75%-ке дейін роман тілдерінен енген сөздер кездеседі. Кәріс тілінің лексикасында қытай тілінен енген сөздер 75% құрайды [10; 27 б.]. М.Фаснердің “Этимологический словарь русского языка” бойынша әйгілі орыс этимологы О.Н. Трубачев қызықты есептеулер жасады. Бұл сөздікте: 1) жалпы славян сөздері (бұрын енгендері де) - 3191; 2) шығыс славян сөздері — 72; 3) орыс сөздері — 93; 4) соңғы кезде енгендері — 6304; 5) экспрессивті, дыбысқа еліктеуіш, шығу тегі түсініксіз — 1119; 6) жалқы есімдер - 818 [10; 28 б.]. Академик Ә.Т. Қайдар өз мақаласында мәдени өмірімізде басқаларға қарағанда басымырақ қолданылатын әлеуметтік-экономикалық терминдердің орысша-қазақша сөздігіне талдау жасаған. Ол аталмыш сөздікте қамтылған 1150 терминнің 763-і орыс тілінен толық, жартылай калька түрінде қабылданған терминдер мен терминдік тіркестер, ал 387-сі таза қазақша алынған терминдер, яғни орыс тілінен кірген терминдердің таза қазақша алынған терминдерден екі есе артық екенін көрсеткен. Сонда қазақ тілінде жасалған терминдердің үлесіне 34-35 % тисе, қалған 64-65% орыс тілінен алынған таза және аралас терминдердің есесіне тиіп тұрғанын атап көрсетеді [11]. Жоғарыда берілген сандар кез-келген тілде шет тілдерден енген сөздер маңызды орын алатынын атап көрсетеді. Басқа тілдерден сөздердің енуі — әрбір дамыған тілде және ғылым тілін сипаттайтын табиғи үрдіс.

Қазақ терминологиясында шет тілінен енген сөздердің келесі түрлерін ажыратуға болады: 1) материалдық кірмелер; 2) калькалар; 3) аралас кірмелер (полилексемдік терминдер мен күрделі сөздерде).

Материалдық кірмелер барысында бір тілден екінші тілге ешбір өзгерусіз ұғыммен бірге атау да енеді: bit — бит, filе — файл, frате — фрейм, coderкодер, processorпроцессор т.б.

Шет тілінен енген сөздер мен сөз тіркестерінің үлгісі бойынша жасалған, олардың құрылысының көшірмесі болып табылатын сөздер мен сөз тіркестері калька деп аталады. Мысалы, языкознание — тіл білімі, естествознание — жаратылыс білімі, предисловие — алғы сөз т.б. Теориялық және лексикографиялық деректерге сүйене отырып калькаларды төрт түрге бөлеміз: 1) құрылымдық калька; 2) семантикалық калька; 3) сөзжасамдық калька; 4) жартылай калька.

Құрылымдық калькалар - сөздің дыбысталуы емес, сөздің морфемалық құрылымы мен морфемалардың мағынасы енген сөздер болып табылады: adder — “сумматор”, programmability“программалану”, coding — “кодтану” т.б.

Семантикалық калькалар - басқа тілдегі сөздің ауыспалы мағынасын қабылдап алу. Мысалы: blank — “бос жер”, break “үзіліс” т.б.

Сөзжасамдық калькалауда шетел тілі мен қазақ тілінің ішкі ерекшеліктері ескеріледі. Мәселен, қазақ тілінде префикстік тәсіл тән болмағандықтан, мұндайда шет тілінен енген сөздің баламасы ретінде қазақ тіліндегі белгілі сөздер не солардан жасалған туындылар қолданылады. Мысалы, мировоззрение — дүниетаным; синтетикалық тәсілмен: аптека — дәріхана т.б.

Жартылай калька - сөзжасамдық кальканың бір түрі: мұнда кальканың бір бөлігі ғана аударылады. Мысалы, фр. “антиcops ”, қазақша “антидене ”, орысша “антитело” т.б.

Аралас кірмелерде — англицизмдердің лексикалық және семантикалық типтері бар, мысалы: application program — “қолданбалы программа”, buffer memory – “буферлі еске сақтау /жад/”, macrodetinition “макроанықтама”, macrocell — “макроұя ” т.б.

Шетел тілінен қазақ тіліне енген кірме терминдер ассимиляцияға ұшырайды. Трансформацияға да тән, яғни беруші тілдің графикалық дыбыстық бірізділігі тән. Мысалы: operand - “операнд”, price list – “прайс-лист”, term - “терм”.



Қазақ тілінің сөзжасам процесіне англицизмдердің қатысы бірдей дәрежеде емес. Оларға тән мынандай ерекшеліктерді атап көрсетуге болады:

  1. Бірқатар англицизмдер қазақ тіліне туынды түрде, яғни жұрнақтармен бірге кірген: журналист, редакция, радикализм т.б.

  2. Қазіргі қазақ тіліндегі англицизмдердің құрамында ешбір жұрнақ қабылдамай-ақ, жеке сөз ретінде қолданылатын сөздер де бар: атлас, глобус, протокол т.б.

  3. Кейбір англицизмдер тек көмекші етістіктермен тіркесіп келіп қолданылады: редактор болу, анализ жасау, операция жасау т.б.

  4. Қазақ тілі қорындағы англицизмдер тілдің сөзжасам құбылысының барлық амал-тәсілдерімен түрленіп, сөзжасамдық ұя жасай алады. Қазақ тіліндегі ең өнімді лы//лі; лық//лік қосымшалары арқылы жаңа сөз тудырады: автор+лық, классика+лық, дидактика+лық, оператор+лық, стиль+ді т.б.

  5. Кейбір англицизмдер төл сөздермен немесе англицизмдері өзара тіркесіп, қосарланып келеді: вегетациялық кезең, ғарыштық аппараттар, аналитикалық геометрия, биологиялық прогресс және т.б. Бұл мысалдардан терминдердің бірінші сыңары шетел сөздерден екінші сыңары қазақ тілінің төл сөзінен жасалған, ал кейбір терминдердің екі сыңары да шетел сөздердің тіркесуі арқылы жасалғанын көруге болады.

  6. Қазір қазақ тілі оқулықтары мен ғылыми әдебиеттерде шет тілінен енген сөздердің орнына қазақ тілі баламаларын қолданып жүр: мотив//уәж, универсал//әмбебап, методология//әдістаным және т.б.

  7. Қазақ тіліне калькалану арқылы енген шет тілінен енген сөздері: а) сөзжасам калькалау арқылы: киногеройкинокейіпкер, телерассказ телеәңгіме, предисловие — алғы сөз т.б. Сөзжасамдық калькалауда шетел тілі мен қазақ тілінің ішкі ерекшеліктері ескеріледі. Қазақ тіліне префикстік тәсіл тән болмағандықтан, мұндайда шетел сөзінің баламасы ретінде қазақ тіліндегі белгілі сөздер не солардан жасалған туындылар қолданылады: перестройка — қайта құру, синтетикалық тәсілмен: парник — көшетхана т.б.

Қазақ тіліндегі англицизмдерден шыққан туынды зат есімдердің ең мол түрі -лық/ -лік жұрнақтарының еншісіне тиеді. Көне замандардан-ақ сөзжасам аясы мейлінше кең, өте актив жұрнақтардың бірі болған бұл тәсіл, тұлғасы жағынан біркелкі болып, есім негізді сөзжасамдық тип құрайды. Шет тілінен енген сөздерге -лық, -лік жұрнақтары жалғану арқылы туған сөздер төмендегідей лексика-семантикалық топ құрған: 1. Әртүрлі мамандық аттарын білдіретін сөздер: педагогтық, мастерлік, акушерлік т.б.; 2. түрлі ғылым саласының аттарын білдіреді: биологиялық, химиялық, медициналық, т.б.; 3. өнерге байланысты сөздер: актерлік, дирижерлік т.б.; 4. мезгіл, өлшем бірлігін білдіретін сөздер: метрлік, литрлік, квадраттық, градустық т.б.

Қазіргі қазақ тілінде англицизмдердің құрамында бірге келіп, жеке тұрып қолданылмайтын: анти-, супер-, контр-, ультра-, изо- т.б. префикстер кездеседі. Интернационалды префикстер арқылы төл сөздер шетел тілінің префикстік сөзжасам үлгісімен төмендегідей туынды зат есімдер жасалған. Мысалы: бір ғана анти- префиксі арқылы қазақ тілінде белгілі бір ғылым салаларына қатысты терминдер қалыптасқан: антизат (химияда), антидуние (тарихта), антидене (биологияда), антибөлшек (физика) т.б. Сол сияқты -би, - бей кірме префиксі арқылы қазақ тілінде белгілі бір ғылым саласында термин жасау тенденциясы байқалып келеді: бейметалл оксидтер, бейкатализ (химия).

Англицизмдер сөзжасам арқылы қазақ тілін байытып, оның қолдану аясын кеңітіп, икемділігін арттырып қойған жоқ, сонымен қатар сөзжасам арқылы шетел сөздердің өздерінің де тіркесімділік, мағыналық, стильдік мүмкіншілігі кеңейді.

Екінші тараудың үшінші тараушасында англицизмдердің тақырыптық жіктелімі қарастырылады.

Орыс ғалымы Г.Н.Склярская лексикалық бірліктер мен құрамына шет тілінің лексемалары кіретін жаңа сөздердің топтарын атап көрсетеді: саясат, әлеуметтік құрылым және идеология, (депортация), экономика және қаржы ісі (бизнес-орталық, брокер); дін және наным (йога, карма), медицина (күйзеліске қарсы), армия (әскер), қорғау органдары техника және автоматтандыру (компьютерлендіру), ксерокопия (ксерокөшірме, роуминг, факс); табиғаттан тыс құбылыстар саласы (полторгейст) көпшілік мәдениет (диск-жокей, рок-фестиваль, шоу, шоу-бизнес), қазіргі жастардың музыкасы (поп, рейв, рок, рэп); жастардың субмәдениеті (бодиприрсинг, пирсинг), спорт, ойындар (армрестлинг, бодибилдинг, боудинг); жейтін тағамдар мен сусындар (коктейль, кока, гамбургер, поп-корн, крекер, тоник, чизбургер); тұрмыстық заттар мен ойыншықтар (джакузи, микроволновка, тамагочи, трансформер,); киім және киімнің фасоны (боди, топ), мата және материалдар (крэг, стреч); косметика (гель, консилер, пиллинг крем, лифтинг-крем, типсы) [12; 10-11 б.].

Осыған ұқсас жіктемені А.В.Зеленин де ұсынады. АҚШ эмигранттық баспа сөзіндегі кірме сөздердің материалынан автор кірме сөздерге ыңғайлы дискурстағы референциалды аясын белгілеуге мүмкіндік беретін жаттықтың тақырыптық жіктеуін құрастырады. Осы типологияның негізінде бес топты бөлуге болады: жұмыс, лауазым және мамандық салалары; қоғамдық-саяси, әлеуметтік, экономикалық болмыс, мәдениет, ойын-сауық, білім салалары, спорт саласы, техникалық атаулар саласы [13; 92-107 б.].

И.В.Привалова шет тілінің лексикасын зерттей отырып, қазіргі күні англицизмдердің енуіне әсіресе спорт, саясат, технологияның жаңа салалары бейім екенін атап көрсетеді [3; 281 б.].

Лингвистикалық әдебиеттерде шет тілінің кірме сөздерін тақырыптық топтары бойынша бөлу принципіне негізделген нақтырақ типологиялар белгілі. «Шет тілінің жаңа сөздігінің» авторлары жоралғылар, шіркеу атрибуттары, наным үймереттері сияқты топтарды бөліп көрсете отырып, «Дін, наным-сенімді» егжей-тегжейлі бөліп көрсетеді [15]. Зерттеушілер жаңа енген сөздермен ең алдымен, экономика, информатика, медицина, өнер, спорт сияқты дамып келе жатқан салаларға жататын терминологиялық сөздер тобы толықтырылатынын атап көрсетеді [15; 6 б.].

Орыс ғалымы О.А.Леонтьевичтің еңбегінде енгізілген баламасыз лексиканың кірме сөздерінің бірқатар тақырыптық тобын атап көрсетеді: тағамдар мен сусындар, флора; (өсімдік әлемі); фауна; (жануарлар әлемі); әкімшілік-аумақтық бірліктер, жерлер мен аймақтар, әлеуметтік жағдай, лауазым, саяси болмыс, тасымалдау құралдары, шаралар мен ақша, табиғат құбылысы, билер мен музыкалық аспаптар, тұрмыс заттары [14; 253 б.] деп жеке бөліп көрсетеді.

Жаңа англицизмдерді біз ұсынып отырған тақырыптық жіктеуді жасау барысында, соңғы онжылдықтағы, англицизмдер ортақ мағынамен біріктірілген сөздердің жүйелендірілген түрінде ұсынылған, қазақ тіліндегі газеттердегі қолданылатын англицизмдердің тақырыптық сөздігі жасалды.

Тақырыптық идеографиялау нәтижесінде нақты лексикалық материалдар іріктелді және тақырыптық сөздіктерді талдау негізінде, одан кейін әрбір рубрика жаңа сөздермен толықтырылды. Рубрикаларды сөздермен толықтыру процесінде олардың нақтылануы жүреді. Тезауристік идеографиялауға қарағанда, тақырыптық идеографиялау кезінде тақырыптық топтарға тақырыптық байланысты лексикалық-семантикалық нұсқалары топтар жатқызылады, яғни қандай да бір рубрикаға сәйкес мағынадағы сөздер.

Біз өз жұмысымызда англицизмдерді талдау барысында мынадай жіктемелерге бөліп, көрсетеміз: «Азық-түлік өнімдері» - 11%, «Тұрғын-үй» - 8%, «Киім» - 7,5%, «Сұлулық индустриясы» - 5%, «Өнер» - 16,5%, «Коммуникация» - 19%, «Ғылым» - 13,5%, «Қоғам» - 19,5%.


1-кесте. Англицизмдердің тұрмыста қолдану аясы.

Тілімізге енген ағылшын сөздерінің мынадай мағыналық топтарға бөліп қарастыруға болады: ғылым, саясат, мемлекеттік басқару, тарих, әдебиет, өнер. Одан әрі тұрмыстық лексика, әскери-теңіз ісі, лауазым атаулары, мекемелер, қаржы, өлшем бірліктері, сауда номенклатурасы.

Екінші тараудың екінші тараушасында англицизмдердің аудармада берілу тәсілдері сипатталады.

Англицизмдерді аудару технологиясы аударма тәжірибесінде өте маңызды мәселе болып табылады. Кейде белгілі бір сөздерді англицизмдер қатарына жатқызу уақыт талабына, қоғамның, ғылымның, техниканың және де әрине тілдің дамуына байланысты болады.

Англицизмдердің құрылу тәсілдері:



  1. Сөздің құрылуына қажетті суффикстарды, префикстарды қолдану. Мысалы: commodification – ақшаны тауар ретінде қолдану, яғни оны сатуға немесе белгілі бір затқа айырбастау (simplification – сөзіне ұқсас), ive years banking talk has been dominated by three ghastly– ations: globaization, securitization and commodification. These trends – of a worldlife market, of borrowers shifting from loans to securities, of money becoming more like a commodity – have indeed been strong.   Англицизмдер сонымен қатар ship, -dom, -ize жұрнақтары көмегімен пайда болады. Сөздерді бір-біріне қосу арқылы англицизмдер жасауға болады. Мысалы: Laptop (Notebook) – тасымалдауға арналған компьютер, shut – down – зауыттың жабылуы,  discman, walkman – плеер.

  2. Тілде бар сөздерді қайта қабылдау. Англицизмдердің құрудың бұл тәсілі арқылы танымал сөздерге жаңа мағына беруге болады. Мысалы: egg (жұмыртқа) сөзі қазір авиабомба деп те аударылады, өйткені пішіні жағынан бомба жұмыртқаға қатты ұқсайды; summit сөзі (жоғарғы шек) мемлекет басшыларының кездесуі деген мағынаға ие. Colour-blind сөзі бұрын түсті ажырата алмайтын адамды бейнелесе, қазір оның мағынасы адамдарды ұлтына байланысты ажырата алмайтын адамды білдіреді. Shuttle сөзінің бастапқы мағынасы челнок (тігін машинаның бөлігі) болса, shuttle spaceship – көп қолданылатын ғарыштық кеме, shuttle trader -  тауар тасу мақсатында шетелге қатынайтын саудагер адам деген мағыналарды білдіреді. Қайта қабылдау тәсілі арқылы компьютерлік технологияда көптеген англицизмдер пайда болды. Мысалы: Web – бүкіл әлемдік желі (Интернет), mouse – тышқан, site – сайт алғашқы мағынасы, browser – браузер (to browse – блуждать етістігінен пайда болған), сервер – to serve – қызмет көрсету етістігінен пайда болды.

  3. Басқа тілдерден ену. Қазақ тіліне көптеген сөздер басқа тілдерден еніп англицизмдер қатарына жатқызылады. Мысалы, бизнес және қаржы саласында: marketing – маркетинг, dealer – дилер т.б. Ағылшын тіліне де аз болса да, кейбір тілден басқа сөздер еніп, сөздік қатарын толықтыруда.

  4. Сөздерді қысқарту (аббревиатура). Кейбір англицизмдер қысқарған сөздер түрінде қолданылады немесе оларды қысқартуға тура келеді. Жалпы қысқарту дегеніміз – сөздерді бастапқы әріптер немесе мағынасы білдіретін әріптер көмегімен белгілеу. Мысалы: PC-personal computer, aka – also known as (известен также как), PR – public relations – nuap, FORTRAIN – formula translation – фортран. Кейбір кірме сөздер қысқарту көмегімен жасалғанымен, қысқартуға ұқсамайды. Мысалы: scuba – self-contained underwater breathing apparatus – су астында жүзуде демалуға арналған құрал, HI-FI – High Fidelity – хай – фай. Қысқартулар туралы сөз қозғағанда мыналар туралы ұмытпау қажет:

а) дауыссыз дыбыстардың қолданылуы: ctr – centre, fwd – forward, rqs – requirements, jr – junior.

б) бастапқы буындардың қолданылуы: dept – department, nukes – nuclear weapons, libs – liberals.

в) аралас қысқартулар: ATM – automated teller machine – банкомат, E-mail – electronic mail – электрондық пошта. Англицизмдердің құрамындағы бас әріптер кейде қысқартулар болмай өздері белгілі бір мағынаға ие: H – bomb – hydrogen bomb -  сутегі бомбасы, T – shirt – T әрпінің формасындағы қысқа жеңді футболка. Дыбысы және  атауы ұқсайтын сандар мен әріптерден де қысқартулар жасалады: 4U – for you, YU? – why you, U1 – you won, 2B – to be, 18 – I ate, R – are etc.

5.   Конверсия. Конверсия дегеніміз – сөздің бір бөлігінң екіншісінен пайда болуы, мысалы, белгілі бір іс әрекетті білдіретін зат есімнен етістіктің жасалуы. Көбіне мұндай сөздер сөздікте болмайды, олардың аудармасын контекстің мағынасына қарай табуға болады. Мысалы: The gap is to be bridgedin the near future – Этот разрыв нужно преодолеть в ближайшем будущем; (bridge – мост). Керісінше етістіктен зат есім жасалуы мүмкін: Spend (n) – an amount (to be) spent – количество потраченных денег. Мысалы:

6.  Дыбыстық ұқсастық. Дыбыстық ұқсастық англицизмдерді құру тәсілі ретінде алдына сөздердің жаңа формасын табу деген мақсат қояды. Мысалы: dellionaire (millionaire, billionaire деген сөздерге дыбыстық жағынан ұқсайды) -  бай адам  дегенді білдіреді. Мысалы:

7.  Фразеологизмдер. Кейбір англицизмдер фразеологизмдер, идеомалар немесе тұрақты сөз тіркесімен жасалады. Аудармашы үшін бұл тәсілді ең күрделі деп айтуға болады, өйткені дұрыс аудару үшін аударып жатқан тіл елінің сөздік қорынан жақсы хабардар болу шарт. Мысалы, ағылшын тілінде бизнес саласынан айтар болсақ: deptnocrat – үкімет кепілдігімен несие беретін банк қызметкері, windfall – аяқ астынан келген кіріс.

8.    Саяси эуфемизмдер. Эуфемизм – грек тілінен ‘euphemeo’ – «сыпайы сөйлеймін» дегенді білдіреді. Эуфемизмдер барлық тілдерде бар. Мысалы, қазақ тіліндегі эуфемизмдер: толық – сөзі семіз сөзінің орнына сыпайы түрі ретінде қолданылады, ол екіқабат сөзінің эуфемизмі оның аяғы ауыр, өйткені көрініп тұрғандай соңғы сөз сыпайырақ болып естіледі. Саяси саладағы эуфемизмдер  басқаларына қарағанда жаңашыл болып табылады және олар ирониямен айтылады, сондықтан олар англицизмдерді құрудың негізгі тәсілдердің бірі ретінде аударма тәжірибесінде зор маңызға ие. Мысалы: voluntarily leisured (unemployed) – жұмыссыз, developmentally challenged (mentally retarded) – ақыл – ой дамуындағы кемшілікте, academic dishonesty (cheating in schools) – сабақ кезінде көшіріп алу.

1   2   3


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет