Турикпенова сандугаш жумановна



бет2/3
Дата09.07.2016
өлшемі0.49 Mb.
#186730
түріДиссертация
1   2   3

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесін зерттеу нәтижесінде болашақ мұғалімдердің әдістемелік дайындығының денгейлері жоғары, орта, төмен болып анықталды:



Жоғары деңгей студенттері көркемдік білім беру барысында өнер пәнін оқыту әдістерін, тәсілдерін меңгеруге деген он көзқарасы, өнер пәнін оқытудағы әдістемелік білімдерінің болуы, өнер пәнін оқытуда қолданатын әдістердің сапалы, өнер пәнін оқытуды ұйымдастырудың іскерліктері мен дағдыларының жоғары болуымен сипатталады.

Орта деңгей студенттері өнер пәнін оқытуға деген он көзқарасы бар, өнерді оқыту арқылы адамзаттық рухани мәдениеттілікке бағыттау, өнер үлгілерін тереңдете оқыту, өнерді ұлттық мәденеттің бір бөлігі ретінде таныта алатын, өнердің тәрбиелік үлгілері туралы білімдері бар, сонымен қатар әлем халықтарының мәдениетін түсінетін, өнердің эстетикалық, өнертанушылық, білімін меңгерген, педагогикалық әдістемелік іскерліктері мен дағдыларының жеткілікті болуымен айқындалады.

Төменгі деңгей студенттері әлемдік өнермен ұлттымыздың мәдениетін, өнерін келер ұрпаққа жаңа көзбен жетілдіріп жеткізуде білім беру үлгілеріне оң көзқарастарының болуымен, бірақ бұларды көркем мәдениеттің бір бөлігі ретінде түсінбеуімен, көркемдік білім туралы ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен ала алатын, талдай білетін, идея бере алатын білімдерінің жеткіліксіздігімен, өнер пәнін оқыту үдерісіндегі әдістемелік іскерліктері мен дағдыларының төмендігімен ерекшеленеді.

Зерттеу нәтижесі болашақ мұғалімдерді әдістемелік қызметке дайындау туралы мынандай тұжырымдар жасауға болады: өнерді оқыту әдістемесі сабақтарында өнертанушылық, педагогикалық, тарихи этнографиялық, әдебиеттерді зерделей білуге дағдыландыру; пән бойынша қолданылған оқу бағдарламаларына, оқулықтарына, үйірме мен факультатив жұмыс жоспарларын таныстыра отырып, оларды талдауға, өзіндік жұмыстар жасауға талпындыру; оқу-әдістемелік әдебиеттерге, мектеп құжаттарына, дидактикалық, көрнекілік-бейнелі материалдарға талдау жасау; бейнелеу өнері шеберлерінің еңбектері арқылы көркемдік білім беру мәселесіне; өнер шығармаларын қабылдауға; суретшілер өмірі мен шығармаларын таныстыру оқу материалдарын сараптау; студенттермен бақылау, сауалнама, сұхбат, әңгімелер жүргізу; көркем тәрбие жұмысын ұйымдастыру, іс жүзінде жүзеге асыра отырып, оларды салыстырмалы талдау жасау бойынша болашақ мұғалімдерді алғашқы әдістемелік дайындықтан өткізу қажеттігі анықталды. Оқу-әдістемелік көмекші құралдармен, қажетті әдебиеттермен, оқулықтармен тиімді жұмыс жасауға даярлығын ұйымдастыруға негізделген болашақ мұғалімдерді дайындаудың бағдарламасы мен әдістемесін айқындау қажеттігі көрінді. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесінің мазмұны, өз бетімен белсенді жұмыс жүргізу, олардың әдістемелік білімге, іскерлікке және машықтылыққа шығармашылық қатынасы мен ойлау қабілетін дамыту мүмкіндіктерін қамтуы тиіс екендігі танылды.

Студенттердің бұл салада алғашқы дайындық деңгейін белгілеу мақсатында педагогикалық эксперимент Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті базасында орындалды.

Зерттеу кезеңінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау барысында көркемдік білім берудің қазіргі жағдайы, оқу үдерісін ұйымдастыру әдістеріне дайындау деңгейлері теориялық, тәжірибелік тұрғыда тексерілді. Эксперимент жұмысына 202 студент (102-і эксперимент, 100-і бақылау тобында) қатысты.



Зерттеудің анықтау эксперименті барысында сауалнама, тест, әңгіме, бақылау, өнер туралы пікір алысу әдістерін қолдану негізінде болашақ мұғалімдердің көркемдік білім деңгейлерін, оған қызығушылығын (өнертану саласынан түсінік-ұғымы, оқыту мүмкіндіктеріне сенімі, ғылыми әдістемелік зерттеу жұмыстарында пайдалануы, өз ұлтының рухани мұралары арқылы көркемдік білім беру ерекшеліктері, қоршаған орта сұлулығын эстетикалық қабылдануы) анықтау көзделді. ҚР БжҒМ-нің бұйрығымен бекітілген жаңа буын оқулықтары, базистік және типтік оқу жоспарымен дайындық деңгейінің білім мазмұнымен мектептің жоғары сыныбындағы өнер сабағын өткізуге қойылатын талаптары талданды.

Зерттеудің анықтау экспериментінің келесі кезеңінде өнер пәнін оқытуға дайындау барысында студенттердің көркемдік білімді меңгере білулері, қазіргі таңдағы қоғам тапсырысы екендігіне көркемдік білім эстетикалық тәрбие беруде маңызды роль атқаратынына аса мән бермейтіндіктерін, терең теориялық әдістемелік білімдерінің аздығымен, арнайы әдістемелік жүйенің болмауынан оларды педагогикалық тәжірибеде аз қолданатындықтарын көрсетті. Зерттеуді жандандыру барысында берілген сауалнамаларға қайтарылған жауаптар мынадай ортақ пікірге тоғысты; а) өнер пәнін оқыту әдістемесі атты элективті курс арқылы көркемдік білім беру, эстетикалық тәрбиені дамыту мүмкіндіктерінің мол екендігін мойындау; б) оқушылардың өнерге деген эстетикалық қызығушылығын дамыту жүйелі түрде қолға алынбай келе жатқандығы; в) өнер шығармаларының өмірде қажеттігін түсіну; г) өнердегі әсемдікті, сұлулықты көріп, оны бағалай білу үйрету қажеттігі; д) болашақ мұғалімдерді дайындайтын жоғары оқу орындары оқу бағдарламаларының мазмұнында мұндай мәселелердің қарастырылмауы; ж) болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану арқылы дайындаудың қажеттігі айқындалды. Сондай-ақ жоғары оқу орындарының бейнелеу өнері және сызу мұғалімдерін даярлайтын факультеттерінде оқытылатын пәндердің типтік бағдарламаларында өнер пәнін оқыту әдістемесі ұғымдарын жүйелі оқытуды мақсат етіліп қойылмауы, ғылыми негіздегі қажетті оқу-әдістемелік құралдардың жоқтығы, эстетикалық тәлім-тәрбие негізінде мектептегі өнер пәнінің өз деңгейінде оқытылмауы, мамандардың жоқтығы аталған мәселелердің қатарына қосуға болады.

Зерттеу нәтижесінде болашақ мұғалімдерді педагогикалық қызметке дайындауға арналған бағдарлама мазмұнындағы өнер пәнін оқыту әдістемесін теориялық және тәжірибелік тұрғыдағы қажетті білімдері мынандай басты бағыттарды қамтитындығы анықталды: а) өнер пәнін оқыту әдістемесі элективті курстың мазмұнын ашу және оның басқа да арнайы ғылымдармен байланысын тереңірек қарастыру; студенттерді жаңа буын оқулықтармен таныстыру; ә) өнер арқылы көркемдік білім берудің тарихына шолу; көркемдік білім берудің жүйесін айқындау; б) өнер пәнін оқыту мақсаттары мен міндеттері және осы заманғы педагогикалық талаптарға байланысты меңгеретін білімдері: оқыту әдістерімен тәсілдерін белгілеу және олардың құрылысы; оқытудың қазіргі әдістерімен таныстыру; в) өнерді оқытудың өнертанымдық негіздері; студенттерді өнер арқылы оқушыларға көркемдік білім беруге дайындау; болашақ мұғалімдердің өнертану білімдері мен өнертану дағдысын қалыптастыру; г) өнер пәнін оқытудың әдістемелік негіздері; оқыту әдістемесінің әдіс-тәсілдері және теориялық білімімен тәжірибелік білімін меңгеру тиімді жолдары; д) өнер пәнін оқытудың принциптері, оқыту үрдісінің тиімділігін арттыруға қажетті дидактикалық талаптар мен олардың түрлері; ж) өнер пәнінің мазмұны; сабақ жоспарларын құрастыру; мұғалім және оқушының сабақтағы қызметі; өнер сабағын ұйымдастыру және оқыту әдісі мен оның өзіндік ерекшеліктері; өнер пәнінен сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру, өнер пәніне арналған оқу кабинеттерін жабдықтауға қойылатын талаптарды біріктіреді.

Анықтау экспериментінің нәтижелері жоғары оқу орындарының бейнелеу өнер мұғалімдерін дайындау үдерісіне жүргізілген талдаулар біздерге болашақ мұғалімдердің өнер пәнін оқытуға дайындау барысында қалыптастыру экспериментін жүргізу қажеттігін тудырды. Өнер пәнін оқытуға дайындау экспериментінің мақсаты - студенттерге әдістемелік және тәжірибелік даярлықтарының деңгейін арттыру. Өнер пәнін оқытуға дайындаудың қалыптастыру эксперименті үш кезеңде жүргізілді.

Өнер пәнін оқытудың педагогикалық білімдерін, іскерлік пен дағдыларын қалыптастыру экспериментінің бірінші кезеңінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау жұмысы үш бағытта жүргізілді. Олар бірінші-негізгі базалық және мамандандырылулардың арнайы пәндері «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі», «Қазақстан бейнелеу өнері тарихы» және «Педагогикалық іс-тәжірибе» бағдарламаларына қосымша бағдарламалар енгізіліп, оқу-тәрбие үдерісінде сынақтан өтті. Нәтижесінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің көп бөлігі өнер пәнін оқытуға деген қызығушылықтары, өнердің түрлерін оқытуды жандандыруды, қазіргі заман талабына аса назар аударуының басты себептерін білетінін, өнерді бойына сіңірген бала қоғамдағы өз орнын таба білетін тәрбиелі азамат болуына дұрыс ықпалының, бірақ өнер шеберлерінің еңбектері арқылы көркемдік білім беру мүмкіндіктерін жете білмейтінін, бейнелеу өнерін оқыту барысында өнер шығармаларын қабылдаудың өнертанымдық негіздерін пайдаланбайтындықтары анықталды.

Бұл кезеңнің зерттеу нәтижесі: біріншіден – көркемдік білім берудің мақсатын айқындау, екіншіден – өнер пәнін оқыту әдістемесі, оқыту әдістерін меңгеруге бағытталған өнер пәнін оқытудың іс-шараларын жоспарлау мен ұйымдастыру әдістерін менгерудегі жаттығу жасау мен оның орындалуын қамтитын кемшіліктері байқалды. Бұл талдаулар болашақ мұғалімдерге арналған «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасын жасау қажеттігін айқындады.



Қалыптастыру экспериментінің екінші кезеңінде өнер пәнін оқытуға дайындау экспериментінің мақсаты жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесі қажетті болашақ мұғалімдерді теориялық, тәжірибелік дайындықтарын қамтамасыз ету бағдарламасы мен оның әдістемесін сынақтан өткізу болды. Олардың міндеттері болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау үшін «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасын жасап аппробациядан өткізу, жоғары оқу орындарындағы оқу үдерісінде болашақ мұғалімдердің теориялық білімдерін бекіту, көркемдік білім берудің озық үлгілерін пайдалана білу іскерліктерін дамыту және оны өз бетінше дербес тәжірибеде пайдалануға дағдыландыру болып табылды. "Өнер пәнін оқыту әдістемесі" атты элективті курс бағдарламасындағы оқытушының көмегімен студенттердің өз бетімен жұмыс жасауы апробациядан өткізілді. Элективті курстың мақсатына болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудағы болашақ мұғалімдерге көркемдік білім берудің өзіне тән мазмұндық ерекшеліктері мен тағылымдық мүмкіндіктерін меңгерту, өнерді оқытуды ұйымдастырудың әдістемелік білімдерін және іскерлік пен дағдыларына дайындау болды. Курс мазмұнында өнер пәнін оқытудың қазіргі заман мектептеріне қойылып отырған талаптарға сай, оқушыларға көркемдік біліммен эстетикалық тәрбие беру үдерісінде нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ету жоспарланды.

Курс бағдарламасында мынадай міндеттерді шешу көзделді: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға деген қызығушылығын арттыру, өнертану білімдері мен өнертану дағдысын қалыптастыру; өнер арқылы оқушыларға көркемдік білім беру барысында өнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін дұрыс қабылдауға үйрету; өнертану білімі мен өнер туындыларын талдауға үйрету; өнер шығармасы арқылы мұғалімнің өнертану білімі мен іскерлігін меңгерту; көркемдік білім мен эстетикалық тәрбие беру; болашақ мұғалімге өнертану әдістемесінен білім негіздерін меңгерту; болашақ мұғалімге қажетті өнертану дайындығының үлгісін, мазмұнын ғылыми-педагогикалық тұрғыдан анықтау; өнер шығармалары арқылы оқушыларға көркемдік білім беру жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру іскерліктерін және өткізілген іс шараларды талдау іскерлігін меңгерту. Бағдарламада элективті курстың тақырыптық жоспары берілді (Кесте-2). Элективті курсты оқыту барысында лекция (15 сағат), ОБСӨЖ (15 сағат), СӨЖ (15 сағат) жұмыс формалары қолданылды.



Қалыптастыру экспериментінің соңғы кезеңінде болашақ мұғалімдердің тәжірибелік даярлығы педагогикалық іс тәжірибе барысында жүзеге асырылды.
Кесте 2 - «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты болашақ мұғалімдерге арналған элективті курс бағдарламасы





Мазмұны


Лек

ОБСӨЖ


СӨЖ

1

Кіріспе. Өнер пәнін оқытудағы теориялық және практикалық тұрғыдағы басты бағыттар.

1

1

1

2

Өнер арқылы көркемдік білім берудің тарихына қысқаша шолу.

1

1

1

3

Өнер пәнін мектепте оқытудың мақсаттары мен міндеттері және осы заманғы педагогикалық талаптар.

1

1

1

4

Өнер пәнін оқытудың өнертанымдық негіздері.


1

1

1

5

Өнер пәнін оқытудың әдістемелік негіздері.

1

1

1

6

Өнер пәнін оқытудың дидактикалық принциптері.

1

1

1

7

Мектептегі өнер пәнінің мазмұны (10-11 сыныптардағы өнер сабақтары).

1

2

2

8

Өнер пәнінен сабақ жоспарларының құрылымы.

2

2

2

9

Өнер пәні сабағындағы мұғалім және оқушының қызметі.

1

1

1

10

Өнер пәні сабағын ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері.

1

1

1

11

10-11 сыныптардағы өнер пәні сабақтарын ұйымдастыру әдістері мен оған қойылатын талаптар.

2

1

1

12

Өнер пәнінен сыныптан, мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастыру.

1

1

1

13

Өнер пәніне арналған оқу кабинеттерін жабдықтауға қойылатын талаптар.

1

1

1

Педагогикалық іс тәжірибе барысында студенттер жоғары сынып оқушыларына өнер пәнінен сабақтар өткізіп, өнер білімдерін, өнер пәні білімдерін, өнер пәнін оқыту туралы білімдерін меңгеру деңгейі анықталды. «Алғашқы қауымдық кезеңдегі бейнелеу өнерін оқыту әдістері», «Ежелгі кезең өнерін оқыту әдістері», «Орта ғасыр Батыс Еуропа өнерін оқыту әдістері», «Қайта өрлеу дәуір өнерін оқыту әдістері», «Жаңа заман өнері XVII-XVIII ғасырлардағы өнерді оқыту әдістері», «Қазақстанның бейнелеу өнері тарихын оқыту әдістері», «Суретшілер шығармаларын талдау әдістері», «Оқушыларға көркемдік білім беру әдістері» тақырыптарына дәрістер оқылып, студенттердің өзіндік жұмыстарын орындауға жетекшілік жасалды.

Бұл бағдарламалар бойынша ұйымдастырылған тәжірибелік эксперименттік іс шаралар болашақ мұғалімдердің өнертану дайындығы бағытын айқындап, олардың өнертану іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға және тәжірибеден өткізген әдістемесі мұғалімдерді жалпы әдістемелік қызметке дайындау үдерісінде қолдануға болады деген қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Мұның бәрі болашақ мұғалімдердің әдістемелік білімдерінің, іскерліктері мен дағдыларының шыңдалуына тікелей әсер етті.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесінде өнер арқылы оқушыларға көркемдік білім беруге дайындығының оң өзгерістер динамикасы дайындық әдістемесінің барлық параметрлерін қамтиды. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының алғашқы кезеңінде, эксперимент тобы дайындықтарының жоғары деңгейі 21,5% құраса, эксперименттен кейін 50,9 % көрсетті ал бақылау тобындағы бұл деңгей әлі төмен екені көрінді. Ал, эксперимент тобындағылардың төменгі деңгейлері 27,4%, бақылау тобындағылар 46 % шамалас өлшемді кұрады. Тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының соңғы нәтижелерін талдау болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау, оқушыларға өнер пәні арқылы танымдық тәрбиелік мүмкіндіктерді беруге дайындық деңгейлерінде прогрессивтік бағыттағы сандық және сапалық өзгерістер болғандығын көрсетті.

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстардың нәтижелерінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың қалыптасу деңгейлері бақылау және эксперимент топтарындағы дайындық критерийлері өлшемдерінің тексеру нәтижелері 3 – кестеде көрсетілген.

Кесте 3 - Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің өнер пәнін оқытуға дайындық көрсеткіштері (%)






Деңгейлері

Эксперимент тобы

дейін кейін



Бақылау тобы

дейін кейін



1

Төмен

51 (50%) 28 (27,4%)

50 (50%) 46 (46%)

2

Орта

29 (28,4%) 22 (21,5%)

30 (30%) 29 (29%)

3

Жоғары

22 (21,5%) 52 (50,9%)

20(20%) 25 (25%)




Студент саны

102 102

100 100




Сурет 3 - Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің өнер пәнін оқытуға дайындық деңгейлерінің арту динамикасы (%)

Өнер пәнін оқытуға дайындау экспериментін жүргізу барысында зерттеу жұмыстарына қатысқан студенттердің өздеріне сенімді, пәнді оқыту үдерісінде оқушыларға көркемдік білім беруге деген айқын шешімдері бар, өнер арқылы білім берудің тиімді әдістерін, өнер пәнін мектепте оқытуды ұйымдастыру жолдарын, білім берудін іскерлік пен дағдыларын меңгергендігімен сипатталады.

Бұл тұжырым педагогикалық тәжірибе нәтижелеріне болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқыту үдерісінде дайындық деңгейлерінің өсуі туралы талдауларға, студенттердің өнер пәнін оқыту әдістемесі арқылы оқушыларға көркемдік білімімен, өнер дағдыларымен қаруландыру дайындығының біз жасаған әдістемесін бағалайтын жеке критерийлерге негізделді. Бейнелеу өнерінің көркемдік құндылықтарын зерттеу, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау жолдарының, әдіс тәсілдерінің, өзіндік ерекшеліктерін оқыту ісінде қолдана білу казіргі жас ұрпақ тәрбиесін ойдағыдай жетілдіруге көмектесетіндігін көрсетті. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындауға болашақ мұғалімдер дайындау әдістерін арнайы кезеңдерге бөліп зерттеу талдаулары көрсеткендей студенттердің көркемдік білім беру жұмыстарын ұйымдастыруға деген әдістемелік дайындығының сандық және сапалық көрсеткіштерінің жоғары денгейге көтерілгендігі айқындалды.

Зерттеу міндеттерін шешу барысында жасалған болжамның дұрыстығы эксперимент жүзінде дәлелденіп, ол мынадай қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндік берді:



  1. Бүгінгі күн талаптарына сай жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау негізі студенттердің бейнелеу өнер туралы білімдері мен әдістемелік іс-әрекеттерін тұтастай және жүйелі түрде интеграциялық бірлікте қарастыруды қажет ететіндігін көрсетті.

2. Өнер арқылы көркемдік білім берудің ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындау мақсатындағы, мәдениеттану, бейнелеу өнер тарихы мен теориясы, бейнелеу өнерін мектепте оқыту әдістемесі, тарихи-этнографиялық, педагогикалық еңбектерді талдау, «өнертанымдық-педагогикалық білім», «өнер пәнін оқыту», «өнер пәнін оқытуға дайындау» ұғымдарына анықтама берудің тұғыры ретінде алынды.

3. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың мотивациялық, мазмұндық, іс әрекеттік компоненттерден тұратын құрылымдық моделі мен оның критерийлерінің, көрсеткіштерінің объективтілігін көрсетті, айқындалған сапаларды қалыптастыру деңгейлерінің өмір шындығына сәйкес келетіндігін дәлелдеді.

4. Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың әдістемелік құрылымы оқушыларға өнер шығармаларының көркемдік білімдерін меңгерту әдістері және оқушыларға көркемдік білім берудің педагогикалық іскерліктерін меңгерту әдістері; бейнелеу өнері тарихы мен теориясы білімдері мен оны практикада қолдану әдістері; көркемдік білімдерді мектептегі оқу үдерісінде және тәрбие жұмыстарында қолдану әдістерінің бірлігі жүйесімен анықталды.

5. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың дидактикалық шарттары: мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік материалдық қамтамасыз ету бағыттарында анықталды. Бұл шарттар дәрістік, лабораториялық дәрістердің мазмұны мен әдістемесін дайындауды, ұйымдастыруда басшылыққа алынды. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау оқыту қызметіне дайындау ғана емес, сонымен қатар қазіргі кездегі мектептің алдында тұрған нақты инновациялық-педагогикалық міндетті шешуге қабілетті мұғалімді дайындау болып табылады.

6. Жоғары оқу орындарындағы оқыту үдерісінде болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ұтымды алғы шарты өнер мен өнерді оқыту білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын бірлікте меңгертуді қамтамасыз ететін элективті курсты ұйымдастыру үдерісінде жүзеге асырылды. Өнер арқылы оқушыларға көркемдік білім беруге болашақ мұғалімдерді дайындау әдістемесі жасалды. Дайындық үдерісінде қазіргі инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану, іздеп отырған дайындықтың жоғары деңгейіне жетуге негіз болатындығын көрсетті.

7. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындық формалары аудиториялық сабақтар, студенттердің өзіндік жұмыстары, педагогикалық іс тәжірибе ұйымдастыру, курстық, дипломдық жұмыстар дайындау деңгейлерінің өзара тығыз байланыстарымен анықталды.

8. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың мазмұндық құрылымы қазақтың көркемдік мәдениетін құндылық құбылыс ретінде, әлемдік көркем мәдениет жүйесімен салыстыра отырып оқыту; өнерді оқытуда нақты белгіленген дидактикалық шарттарды жүзеге асыру; болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың әдістемелік білімін, іскерліктері мен дағдыларын меңгерту (қойылған әдістемелік міндеттерді шешу, жүзеге асыру және бақылауға қажетті талдау жасау, дайындық нәтижелерін сараптау әдістерін) практикаға енгізудің маңызды екендігін көрсетті.

9. Тәжірибиелік эксперимент жұмыстарының нәтижелері ұсынылып отырған әдістеменің болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау үдерісінде қолданудың тиімділігін танытты. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың болашақ мұғалімдерді өнер пәнін оқыту әдістемесі атты зерттеу жұмысы мынадай ұсыныстар туындатты: болашақ мұғалімдерге өнер шығармаларының мазмұнын, өзіндік ерекшеліктерін ғылыми-педагогикалық тұрғыдан сипаттайтын әдістемелік бағыттағы нұсқаулар жасау; өнер туралы білім беру, өнер пәнін оқыту білімін беру, өнер пәнін оқыту туралы білім мазмұнындағы элективті курсты тәжірибеге ендіру; жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, өмірдің өзекті тұстарын пайымдауына, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ету мәселесі бойынша әдістемелік бағыттағы семинарлар, конференциялар өткізу; өнер пәні арқылы мектеп оқушыларының көркемдік білімін, эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың басқа да интерактивтік әдістерін іздеу қажеттігін көрсетті.

Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау әдістемесі бейнелеу өнерінің мәдени-рухани құндылықтарын меңгерту арқылы әлемдік мәдениетке деген құрметін тәрбиелеу, болашақ мұғалімдерді өнер пәнін жоғары сыныптарда оқытуға дайындау үдерісін жетілдіру мәселесіне біршама үлес қосуға талпындық. Біздің ойымызша, жас ұрпақтың эстетикалық мәдениетін өркениет деңгейіне көтеру үшін, халқымыздың өнер саласындағы мәдени-рухани мұралары арқылы көркемдік білім беруді тереңдете зерттеу болашақтың еншісінде.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет