Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі бет



бет1/6
Дата13.06.2016
өлшемі0.81 Mb.
#134074
  1   2   3   4   5   6


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 ТАРАУ. Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектілері



    1. Бәсекеге қабілетілік ұғымы, оның мәні және факторлары ............6 бет

    2. Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі....9 бет

    3. Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату.............14 бет

2 ТАРАУ. «Яссауи» ТУРФИРМАСЫНЫҢ МАРКЕТИНГТІК ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ

2.1 «Яссауи» турфирмасының қызметін маркетингтік талдау және

оның туристік қызмет нарығындағы орны..................................19 бет



    1. «Яссауи» туристік фирманың туристік қызмет ассортименті....41 бет

3 ТАРАУ. Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары



    1. «Яссауи» туристік фирмасының туристік қызметінің бәсекеге

қабілеттілігін маркетингтік зерттеу.......................................... 58 бет

3.2 «Яссауи» туристік фирмасының маркетингтік қызметін

жетілдіру........................................................................................83 бет
ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ




ҚОСЫМША




КІРІСПЕ

Рыноктағы қызмет тәуекелділіктің белгілі бір үлесімен қатар жүретін, біздің күндерімізде, маркетингілік зерттеулерді бірде – бір туристік фирма елемей кетпеуі керек. Тапсырыскерлердің көзқарасы, қажетсінуі мен тілектері тұрақты түрде өзгереді. Туристік индустрияны қарастыра отырып, халықтың демалыстың ең жақсы түрлері туралы ұғымы, сән сияқты, демалыстың беделді орындарына өзгергенін байқамау мүмкін емес. Орыс әдебиетінің ұлы классиктерінің әңгімелеріне сүйене отырып, өткен ғасырда, мәскеу мен петербург ортасының барлық бетке ұстарларын кездестіруге болатын, ең әйгілі және беделді курорттар Ницца, Баден – Баден болғаны туралы қорытынды жасауға болады.

Қазіргі кездерде Ницца негізінен сауықтыру курорты ретінде белгілі және бұрыңғы кездегідей беделді демалыс орыны болып табылмайды. Іскер саяхатшылардыңда саны өсуде, олардыңда көзқарастары мен тілектерін ескеру қажет, өйткені істік туризм қазіргі күнде өте динамикалық түрде дамуда. Сондықтанда, кез-келген туристік фирма туристік қызмет көрсету рыногінде болып жатқан барлық өзгерістерді тұрақты түрде бақылап отыруы керек.

Білім – күш екені баршаға белгілі. Рынок пен рыноктық процесті білу әуел бастан кәсіпкерлердің жұмысы болды. Бұл оларға негізді шешімдер қабылдауға, бәсекелестерімен күреске алдын-ала дайын болуға, шарасыз тәуекелдіктің дәрежесін төмендетуге, келешекті жоспарлауға мүмкіндік берді. Жаңа тауарды шығаруға және сатуға кіріскен кез – келген тұтынушы мен кәсіпкер үшін келесі мәселелер өмірлік маңызды болып табылады: тұтынушы қандай тауарларды қажетсінеді; ол ондай тауарлардың қаншасын сатып ала алады; тауар үшін қандай бағаны төлеуге ол риза болады; ол бәсекелесіңіздің фирмасын емес, сіздің фирмаңызды таңдауы үшін оған қандай қызметтер ұсыну қажет? Осы сұрақтарға жауап беретін ақпаратты – талдамалы материал, сіздің бизнесіңіздің бәсекелестік артықшылығын қамтамасыз етуге жаралған.

Рынок талабынан шыға отырып, туристік кәсіпорынды басқару тұтынушыларға талап етілетін туристік өнімді белгілі бір уақытта, анықталған орынға жеткізуге мүмкіндік береді. Ол үшін көкейкөзге, мамандар пікіріне және өткен тәжірибелерге сүйену жеткіліксіз, сонымен қатар басқару шешімін қабылдағанға дейінгі және кейінгі баламалы ақпаратты алу қажет. Анықсыздық пен тәуекелдік дәрежесін азайту үшін туристік кәсіпорын сенімді, көлемді және өз уақытындағы ақпаратты білуі керек, рыноктағы барлық өзгерістерді қадағалауы, олардың әрқайсысына жауап беріп үлгеруі және кеткен қателіктерді түзетуі, қызмет көрсету сапасын ұштауы, яғни тапсырыскерлердің үлкен санын қамтуы керек. Ақпаратты алу маркетингілік зерттеулер жүргізумен қамтамасыз етіледі.

Маркетингілік зерттеулерді сауатты, кәсіптілікпен жүргізу, туристік кәсіпорынға өзінің рыноктық мүмкіндіктерін объективті бағалауға және қойылған мақсаттарға қол жеткізу тәуекелдіктің минимал дәрежесімен және үлкен анықтылықпенен мүмкіндікті болатындай қызмет бағытын таңдауға мүмкіндік береді.

Осының бәрі осы дипломдық жұмыстың актуалдығын анықтайды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты арнайы әдебиеттерді талдау негізінде туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік зерттеу.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей мәселелерді шешу қажет:



  • туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингілік зерттелуінің маңызы мен өздік ерекшелігін ашу;

  • туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингілік зерттеуді жетілдіру және оны қарастыру;

  • туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингілік зерттеудің мазмұнды қамтамасыз етілуін қарастыру.

Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін маркетингтік зерттеуді жүргізу және оны жетілдіру болып табылады.

Зерттеу объектісі – осы тақырыпты маркетингілік зерттеу.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, теориялық тараудан «», тәжірибелік тараудан «», қорытындыдан, ... атаудан тұратын әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Компьютерде терілген текстің жалпы көлемі ... беттен тұрады.


1 ТАРАУ. Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігінің теориялық аспектілері


    1. Бәсекеге қабілетілік ұғымы, оның мәні және факторлары

Соңғы жылдары отандық кәсіпорындардың тәжірибелік жұмысында

«бәсекелік артықшылық» ұғымының мәні туралы жүйелі көзқарастың жоқтығының есебінен бәсекелік соғысты жүргізуге көбісі дайын еместігін көрсетеді. Экономиканың негізгі бөлімінің деңгейінде бәсекелік артықшылыққа ие болу мәселесі – осы уақытқа дейін түпкілікті ашмай келеді. Тауарлар мен қызметтің отандық нарықта бәсекелік артықшылықты қамтамасыз ету технологиясын оқып білуін қажет ететін өте күшті бәсеке қалыптасты.

Бәсеке артықшылығы бәсеке мен бәсекеге қабілеттілік ұғымымен тығыз байланысты.Бәсеке - өндірістің шығынын төмендету мен тауарлар мен қызметтер сапасын көтеруін қамтамасыз ететін бәсекелік нарықтық ортада негізгі қозғаушы күш болып табылатын іргелі экономкалық категория.

А.Смит айтқан бәсеке - өте пайдалы сату мен сатып алу нарығында жеке сатушы мен сатып алушы бәсекелесу кезінде мінез-құлықтық категория. И.Шумпетер бәсекені экономикалық өсу көзқарасы бойынша, яғни ескі мен жаңаның арасындағы бақталастықты – жаңа тауарлар, жаңа технологиялар, жаңа ұйымдық түрлерін анықтайды.

«Бәсеке артықшылығы» және «бәсекеге қабілеттілік» ұғымы теорияда да, тәжірибеде де ұқсас болып келеді. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық бәсеке - бұл бәсекелік артықшылықтың бар екенін шындайтын нәтиже.

Экономикалық әдебиетте фирмалардың бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу және талдауға қатысты көзқарас өте көп. Берілген мәселе бойынша аса маңызды зерттеу бизнес пен құқықтық Гарвардық мектебінің профессоры М. Портердің болып келеді. Мынадай факторларды, яғни жұмыс күшінің, ресурстардың, үкіметтің протекционистік саясаты, фирмаларды басқару тәжірибесінің бар болуын қарастыра отырып, ол мынадай қорытындыға келеді, яғни жеке алған бірде –біреуі нарықта фирманың сәтсіздікке немесе жетістігін толығымен нақты анықтауға мүмкіндік бермейді, және ол бәсекеге қабілеттіліктің өнімді және тиімді қолдану табылады.

Бәсекеге қабілетті фирмалар өз қатарына ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көтереді. Дамыған мемлекеттердің бәсекеге қабілетті салаларын талдай отырып, мынаны ескеру қажет. Германияда – автомобильді және көптеген құрал-жабдықтарды өндіру дамыған, Швейцарияда – сауда, фармацевті өнеркәсіп, АҚШ-та – киномотография, бағдарламалық қамтамасыз ету, персоналды компьютерлерді өндіру бойынша көсбасшы, Жапония – фото және көшірмелі аппаратура роботтар, тұрмыстық электроника бойынша.

«Қазақстан – 2030» стратегиясына мемлекеттің негізгі артықшылғы ретінде табиғи және адамдық ресурстар белгіленеді. Қазақстанда ғылыми және шығармашылық потенциалдық жоғары деңгеймен оқыған халық өмір сүреді. Қазіргі уақытта ұлттық экономиканы бәсеке қабілеттілікке төменгі реттік факторлар, яғни табиғи ресурстар мен арзан жұмысшы күшінің есебінен қол жеткізіп отыр. Әлемдік тәжірибеде бұл факторлардың есебінен жасалған бәсекелік артықшылық тез жоғалтатынын көрсетеді.

Жоғары реттіктің артықшылықтары жаңа технологияларға, қазіргі уақыттық инфрақұрылымға, бірегей тауалар мен қызметтерге, фирманың репутациясына, маркетингтік ноу-хау-ға негізделінеді және ұзақ уақыттық пен тұрақты бәсекелік қалыпқа ие болуға мүмкіндік береді. Олардың қолдауы мен дамытуы ресурсты үнемдейді және олардың әрдайым қаржыландыруы – отандық кәсіпорындар үшін ауыр мәселе болып табылады.

Қазір бәсекелік артықшылықтың негізгі бастауы болып білім табылады. Егер де ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттіліктің келешек потенциалын білім мен ғылымның ролін мемлекетпен дұрыс емес бағалаумен үзілсе, онда кәсіпорын деңгейінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін төмендетеді.

Қазақстан экономиксында бәсекелік мүмкіндіктерді жоғарылату экспорттық салалардың салыстырмалы артықшылықтардың негізінде шешіледі.

Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты ғылыми ыңғайға берілген мәселелер бойынша ғалымдардың талдауы мен қорытындылары ықпал етеді. Сонымен қатар М. Портермен бірге бұл мәселеге үлес қосқан Ф.Котлер, Ж.Ж.Ламбен, П.Диксон, тағы ресей ғалымдары- Р.Багиев, Р. Фатхутдинова, Г. Азоев және т.б. еңбектері. Сонымен, М.Портер фирманың бәсекелік артықшылығы бәсекелестер мен олардың дифференцациясының тауарларымен салыстырғанда өте төмен бағамен бейнеленеді деп санайды. Соңғысы, яғни диффренцациясы бәсекелестердің шығындарымен тең кезде болжалмалы жоғары бағаны бекітумен ерекше тұтынушылық қасиетпен көп құнды жаңа тауарларды шығаруды бейнелейді.

Ф.Котлер бойынша бәсекелестік артықшылық аса төмен баға бойынша аса жоғары сапалы тұтынушыларға қызмет көрсетумен немесе жоғары бағаны ақтайтын көп пайда алып келу есебінен қол жеткізуге болады.

Берілген ақпараттар бойынша өз уақытында және дұрыс шешім қабылдай алу бәсекелестер алдында сөзсіз артықшылыққа ие болу. Бұл жағдайда – П.Диксон профессордың бәсекелестік ұтымдылық теориясының негізі, яғни бұл да фирманың бәсекелік артықшылығын арттыруға бағытталған. Біздің ойымызша, фирмалар ішінде бәсекелік артықшылыққа ие болу үшін отандық нарықтағы өспелі бәсекелес жағдайында маркетинг қызметіндегі тораптық тапсырма болу керек. Бірақ та, тәжірибе бұл мәселенің теориялық негізін оқып білуге бағытталмайды. Өзінің мақсатына жету үшін бәсекелік артықшылықтың бастамасын талдау мен табу керек.

Берілген тақырып бойынша материалды оқып білу мен жалпылау негізінде бізбен бәсекелік артықшылықты құру бастамасы қазіргі уақыттағы жағдайды жүйелеуді, олар біздің отандық фирмалардың тәжірибелік қызметінде талдау мен өткізу үшін қолданылуы мүмкін.

Бұл мақсатта бәсекелестердің стратегиясы, яғни саясаты ауданында, орналастыру каналдары, жарнамасын сонымен қатар қызмет көрсетуді жетілдіру жағдайында оқып білу керек.

Бүгінгі таңдағы жағдайда, яғни нарықтағы қатаң бәсекелесте, негізгі стратегиялық маркетингтің элементі болып бәсекелестердің қызметін оқып білу табылады. Зерттеу, яғни отандық фирмалар әрдайым өздерінің бәсекелестерінің қызметін талдамайтынын көрсетеді. Бәсекелес фирмалардың жеңіл және ауыр жақтарын бағалай отырып олардың қызметтері туралы ақпараттар жинауға, екіншілік ақпараттар пресса материалдары, өнімнің белгісі, тексерілмеген ақпараттар, сонымен қатар тұтынушыларға сауалнама жүргізу арқылы мәліметтер жинауға болады.

Бұлардың барлығы өзінің маркетингтік шешіміне бәсекелестердің мүмкін әрекеттерін алдын ала көру және болжамды іс-әрекеттерді анықтауға болады. Шетел фирмалардың тәжірибелері бойынша көптеген компаниялар күрес үшін әлсіз бәсекелестерді таңдайды, ол бірақ жоғары нәтижелік күшті бәселесті таңдаумен ие болуға болады.

Фирманың бәсеке қабілеттілігін жоғарылатуда маңызды ролді «жоғары гуманитарлы технологиялар» ойнайды, яғни бұнда гуманитарлы ғылымдар сферасындағы ноу-хауды білдіреді. Жоғары гуманитарлы технологиялар адамдық қызметті ұйымдастыру дамыған нысаны болып табылады, олардың негізгі мақсаты – материалды емес жағдайды құру.

Зерттеулі мәселенің шегінде маркетингтің технологиялары мен құрал-жабдықтарын, маркетингтік зерттеу өзіндік әдісін, қоғаммен байланыс, мемлекеттік органдар, қиын жүйелер мен адамдық ресурстарын басқаруын алуға болады. Бұл қызметтің жетілдіруін ұйымдастыру өлшемі бойынша олар бәсекелестік артықшылықтың аса маңызды бастамасына айналады. Қазіргі уақыттағы маркетингті зерттеу әдістемені қолдана отырып батыс компаниялары тұтынушылар, нарық, сұраныс және оның параметрлері бойынша білім түрінде маңызды бәсекелік артықшылыққа ие.
1.2 Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі

Қызмет көрсетудің бәсекеге қабілеттілігі – бұл оның жетілдіруінің экономикалық және коммерциялық жағдайы сияқты эстетикалық, техникалық, сапалық мінездеме бойынша тұтынушылардың нақты талаптарына қызмет көрсетудің нарықтық жағдайға сәйкес келетіндігін көрсететін көпфункцоналды сипаттағы экономикалық категория. Оны қызмет көрсетудің кешенді тұтынушылық және құнық сипаттағы нарықтағы анықтаушы жетістік деп көрсетуге болады. Кез келген қызметтің бәсекеге қабілеттілігі оның аналогымен салыстыру нәтижесінде анықтауға болады. Нақты қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыу дәрежесі бойынша бәсекелес қызметтен берілген қызметтің айымашылығын көрсете отырып, ол қатысты көрсеткіш болып табылады.

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалауын ISO 9000 және 14000 сериясының талаптарымен сәйкес жүйелі істеу керек, оны мақсатты «сапа жібінің» барлық этабында орындау керек: оны жобалау мен өңдеу, оны өндіру мен жетілдіру.

Негізгі параметрлеі болып өнімнің бәсекеге қабілеттілігі анықталатын нормативті, техникалық және экономикалық табылады. Қабылдан әдіс бойынша біріншіден, нормативті топтың параметрлері бағаланады: өнімнің патенттік тазалығы, стандарттар мен нормалар талаптарына сәйкес болу. Сәйкес болмаған жағдайда нормативті көрсеткіштедің біреуіне (экологиялық, қауіпсіздік, құқықтық, өзара ауыпалылық және т.б.) бекітілген талаптармен, нақты нарықта қызмет ететін, келесі бәсекеге қабілеттілікті бағалау мақсатт емес болып келеді.

Туристік қызметтің әлуетті бәсекелестік қабілеттілігін бағалау бірқатар кезеңдерден тұрады1.

1 кезең. Туристік қызметке қойылатын талаптарды қалыптастыру және бағалауға жататын бірлік көрсеткіштер тізімін анықтау.

Туристік қызметке қойылатын талаптар тұтынушыларды маркетингілік зерттеу негізінде анықталады. Бағалау үшін қажетті және жеткілікті көрсеткіштер тізімін негіздеу үшін, туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігі нақты нарыққа және тұтынушылардың қатаң анықталған тобының талаптарымен тығыз байланысты екенін ескеру өте маңызды (нарықтық саралар). Сондықтан, ол сатып алушы үшін мәнді қызығушылық тудыратын ғана көрсеткіштермен шартталады (сонымен қатар оның қажетсінулерін қанағаттануын қамтамасыз ететін). Көрсетілген шектер сыртында қалатын, туристік қызметтің көрсеткіштері, бәсекелестік қабілеттілігін бағалау кезінде нақты жағдайларда оған қатынассыз ретінде қарастырылмауы керек.

Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігінің көрсеткіштері сыныптамалы және бағаланатын болып бөлінеді. Біріншілері көрсетілетін қызметтің қандай түріне жататынын көрсетеді, тұтынушылар тобын анықтайды және бағаланатын өнімнің топтарын қалыптастыру үшін бәсекелестік қабілеттілігін бағалаудың бастапқы кезеңдерінде қолданылады.

Бағалаушы көрсеткіштер, туристік қызметтің сапасын анықтайтын қасиеттерді сипаттайды. Бағалау кезіндегі орындайтын ролі бойынша, бәсекелестік қабілеттілікті екі топқа бөледі:

- туристік қызмет қанағаттандыратын, міндетті талаптардың орындалуын тексеру үшін қолданылатындар;

- қандайда бір сипаттамаларымен тұтынушыларды қанағаттандыру дәрежесі бойынша, рынокта бәсекелесетін өнімдерді салыстыру үшін қолданылатындар.

Көрсеткіштердің бұл топтары әзірше орнықтырылған атауға ие емес. Оларды реттемелеушілер мен салыстырмалылар деп атау ұсынылады2.

Бәсекелестік қабілеттілікті бағалау кезінде, өнімді нақты нарықта өткізудің принципиалды мүмкіншілігін шарттайтын реттемелеуші көрсеткіштерге ерекше көңіл аудару керек. ГОСТ Р 50690-2002. «Туристтік қызметтер. Жалпы талаптар» сәйкес, туристік қызметтердің барлық түрлері үшін міндетті болып келесі талаптар табылады: тіршілік пен денсаулық қауіпсіздігі; туристер мен экскурсанттар мүлігінің сақталуы; қоршаған ортаны қорғау. Егер, осы талаптарды анықтайтын, ұсынылған көрсеткіштердің ең болмаса біреуі нормаға сәйкес келмесе, онда бәсекелестік қабілеттілікті ары қарай бағалануы тиімсіз.

Салыстырмалы көрсеткіштер келесідей топтарға бөлінеді:



  1. – тұтастық – қызметтің аяқталымдылығы және оның туристердің белгілі бір қажетсінулерін қанағаттандыру қабілеттілігі;

  2. – негіздік – туристердің қажетсінуіне негізделген, талаптарға сай, саяхаттау мақсатымен шартталған барлық қызметтердің турдың тақырыбына сәйкестігі; қызметтердің барлық түрлерінің бір деңгейге немесе қызмет көрсету сыныбына сәйкестігі;

  3. – атаулы сипаттылық – туристік қызметтің тұтынушылардың анықталған сарасындағы бағыттылығы;

  4. – пайдалылық – қызметтің бір немесе бірнеше мақсаттарға қызмет ету қабілеттілігі (мысалы, демалыс пен таным);

  5. – айқындылық – қызметтің ерекшеліктері, оның бағыттылығы туристергеде, кәсіпорын қызметкерлерінеде түсінікті болуы қажет;

  6. – икемділік – қызметтің қабілеттілігі мен қызмет көрсету жүйесінің тұтынушының дербес сұранысына лайықтануы және туристерге қызмет көрсететін қызметкерлі ауыстыруды қабылдамауы;

  7. – сенімділік – қзметтіңің және жарнаманың мазмұнының сәйкестігі, кәсіпорынның өнімді келісім шарттарына сәйкес жеткізу қабілеттілігі3.

Көрсетілген көрсеткіштер маңызы бойынша туристік қызметтің техникалық жағын сипаттайды. Сонымен бір кезде, туризмнің ерекшелігі болып тұтынушымен туристік қызметке берілетін бағаға ықпал ететін шарт табылады. Бұл, бәрінен бұрын, тапсырыскердің көңіл күйімен анықталатын субъективтілік. Баға туристік қызметті көрсету процесін анықтайтын, салыстырмалы көрсеткіштер негізінде қалыптасатын, гуманитарлық технологияның әсер етуімен пайда болады4 (функционалдық сапа):

  1. – жауапты реакция (қызметкерлердің сатып алушыларға олардың проблемаларын шешуде көмек көрсету тілегін және ұмтылысын сипаттайды);

  2. – құзыреттілік (қызметкерлер қызметті кәсіпқойлықпен көрсету үшін қажетті, қандай дағдылар мен білімдерді, қандай шамада білетінімен анықтайды);

  3. – сыпайылық (қызметкерлердің өзінің тапсырыскерлеріне қаншалықты ұнамды, кішіпейілді және ықыластылығын көрсетеді);

  4. – материалдық қоршау (қызметтердің көзге көрінетін компонентін сипаттайды: интерьер, қызметкерлердің сыртқы түрі және т.б.);

  5. – коммуникациялар (кәсіпорындағы ақпараттық жүйенінің қамтамасыздануын анықтайды)5.

2 кезең. Бәсекелестік қабілеттілігінің бірлік көрсеткішінің маңыздылығын (салмағын) анықтайды.

Бәсекелестік қабілеттілікті анықтайтын көрсеткіштер тізімі салыстырмалы тұрақты. Сонымен қатар, олардың маңыздылығы рыноктағы жағдайларға тәуелді өзгереді. Ол үшін көрсеткіштер иерархиясы орнықтырылады. Бірінші шепке тұтынушылар үшін ең үлкен маңызы бар көрсеткіштер шығарылады. Салмақтылық коэффициенттерін есептеу, тұтынушыларды маркетингілік зерттеулер нәтижесінде алынған деректерді ескере отырып, эксперттік әдіспен жүзеге асырылады.

3 кезең. Ұқсастар тобын қалыптастыру және салыстыру үшін базалық өнімді таңдау.

Ұқсастар тобына енгізілетін туристік өнімдер сыныпталу көрсеткіштерінің бірдей мәндерімен сипатталуы және нарықтың бір сарасына жатқызылуы керек. Ұқсастар топтарынан салыстыруға арналған базалық қызмет таңдалады (мысалы, нақты нарықта үлкен көлемдерде тұрақты түрде өткізіліп жүрген бәсекелестік қызмет).

4 кезең. Бағаланатын және базалық қызметтер көрсеткіштерінің мәндерін анықтау.

Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін анықтайтын көптеген көрсеткіштер, қағида бойынша, табиғи физикалық шамалары болмайды, ал сапалық баяндаулармен сипатталады. Сондықтан бәсекелестік қабілеттіліктің салыстырмалы көрсеткіштері эксперттік бағалар негізінде шартты сандық бағалармен көрсетіледі – баллдармен.

5 кезең. Бағаланатын және базалық қызметтер көрсеткіштерінің бірлік салыстырылуы.

Бұл кезеңде, бірінші кезекте, бағаланатын және базалық қызметтердің бәсекелестік қабілеттіктерінің салыстырмалы көрсеткіштерінің бірізді салыстырылуы жүзеге асырылады.

6 кезең. Бағаланатын қзметтің бәсекелестік қабілеттілігінің кешендік көрсеткішінің анықталуы.

Бағаланатын қызметтің бәсекелестік қабілеттілігінің кешендік көрсеткіші салыстырмалы және экономикалық көрсеткіштердің топтама индекстері негізінде анықталады.

7 кезең. Бағаланатын қызметтің бәсекелестік қабілеттілігі туралы қорытынды.

Бәсекелестік қабілеттілікті жоғарылатудың оптималды бағытын анықтау нарыққа бәсекелестік қабілеттілігі бар қызметтерді енгізумен байланысты мүмкіндікті залалдарды болдырмауға мүмкіндік береді.

Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігін бағалау нәтижелері тапсырыскерлерді тарту үшін оны жайғастыруға оптималды тәсілдемені анықтауға және нарықтың анықталған сарасының қажетсінуін қанағаттандыруға қызмет етеді.



    1. Туристік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату

Туристік қызметтің маркетингілік зерттелінуінің маңызды бағыты болып оның бәсекелесу қабілеттілігін анықтау табылады. Осы кезде алынған нәтижелер келесі мәселелерді шешуде қолданыла алады:



  • өнімдерді жетілдіру және жаңарту қажеттігін негіздеуде;

  • бәсекелестік қабілеттің анық бір деңгейіндегі өнімдерді өткізудің мүмкіндікті көлемін бағалау;

  • туристік қызметті өткізу процестерін басқару;

  • нақты нарықта баға стратегиясын таңдау;

  • кәсіпорындарда және т.б. өнімдердің бәсекелестік қабілеттіліктерін басқару жүйесін қалыптастыру және жетілдіру.

Туристік қызметтің бәсекелесу қабілеттілігін анықтау, тәжірибе жүзінде, мәселенің ғылыми өңделуінің әлсіздігімен күрделенеді. Қызметтің бәсекелесу қабілеттілігі қазіргі экономикалық әдебиеттерде барынша жалпылама тұрғыдан қарастырылады және көбінесе бәсекелестік жағдайында осы көрсетілетін қызметтердің өткізілу мүмкіндігі ретінде анықталады. Мұндай анықтама қарастырылатын категорияның мәнін ашпайды, онсызда белгілі қызметтің өтімділігінің оның бәсекелестік қабілетіне тәуелділігін қайталайды. Бұл кезде, өзі мен басқа бәсекелес – қызметтер арасындағы сұранымды бөлуді шарттайтын нақты туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігінің мазмұны жоғалады.

Өнімдердің бәсекелестік қабілеттілігі анықтамасына, оның барлық тұтынушылық және айырбастық қасиеттері көрсетілетін, өнімнің әмбебап сипаттамасы сияқты бағасы арқылы келу әрекеттері кездеседі. Жәнеде бәсекелестік қызметтің мұндай қасиеттерінің дамуы бағалар айырымында байқалуы керек, өйткені оны осы өнімдердің бір – біріне қатынасы бойынша бәсекелестік қабілеттілігі деп есептеледі.

Кейбіреулер «бәсекелестік қабілеттілігі» категориясының мәнін айқындау үшін, ол тұтынушылар көзқарасы арқылы қарастырылуы керек деген болжамалар айтады.

Нарық, қызметтердің өзара бәсекелесе отырып, тұтынушылар талабына сәйкестігіне салыстырулар мен тексерулерден өтетін және олардың осы талаптардан ауытқулары айқындалатын қоғамдық қатынастың саласын көрсетеді. Сатып алу кезінде әрбір дербес сатып алушы ұқсас өнімдер ішінен өзіне қажетті қызметті таңдау процесін жүзеге асырады және оның қажетсінуін мейлінше қанағаттандыратын өнімді ғана сатып алады.

Қоғам масштабында қоғамдық қажетсінуді қанағаттандыруға арналған қызметтер арасында, бәсекелес қызметтермен салыстыру бойынша, ең толық сәйкес келетін қызмет мойындау табады. Оны жалпы тауарлық массадан осы сәйкестігі айрықшалайды, бәсекелестік күресте жеңісті қамтамасыздандырады, басқаша айтқанда, ол бәсекелестік қабілетті деп айтуға мүмкіндік береді.

Туристік қызметті таңдау кезінде тұтынушы оның өзі үшін маңызы бар ерекшеліктеріне ғана бағдарланады:



  1. – бұл қызметтің сапасы мен пайдалылығын көрсететін параметрлер, өйткені оны таңдаудың маңызды шарты болып тұтынушы көңіл аударатын қасиеттері мен сипаттамаларының тура келуі табылады.

  2. – бәсекелестік қабілетті анықтау үшін қызметтерді нақты қажетсінуге сәйкестік дәрежесі бойынша салыстыру ғана емес, сонымен қатар солармен байланысты тұтынушының шығыныныңда ескерілуі маңызды болып табылады. Бұл кезде ескеретін нәрсе: сатып алынған зат тек міндетті шартты белгілейді, қажетсінуді қанағаттандырудың бастапқы пункті. Қосынды жұмсалған шығындар екі бөлімнен тұрады: бір жолғы (туристік қызметтің сатылу бағасы) және ағымдағы (жеткен орынындағы жұмсалатын шығындар – экскурсиялар, қосымша тамақтану, көлік, көңіл көтеру және т.б.), жалпы бұл жұмсалған шығындардың жалпы сомасы тұтынушы үшін қажетсінуін қанағаттандыру бағасы ретінде алынады (тұтыну бағасы)6.

Жоғарыда айтылғандардан шыға отырып, келесідей қорытынды жасауға болады, бәсекелестік қабілеттілік туристік қызметтің кешенді көп аспектілі сипаттамасын көрсетеді, бұл қызметті нақты нарықта, анықталған кезеңде өткізу мүмкіндігін қамтамасыз ететін, қажетсінуге сәйкестігі бойыншада, туристер жұмсаған шығын бойыншада ұқсас өнімдермен салыстырғанда нарықтағы оның басымдылығын анықтайды7.

Туристік қызметтің бәсекелестік қабілеттілігі сипатталады:

- сапа көрсеткіштерімен (қызметтің пайдалы тиімділігін анықтайды);

- экономикалық көрсеткіштермен (тұтынушының бағасын анықтайды).

Бәсекелестік қабілеттіліктің нақты (нарықтық) бағасы тұтынушыларға туристік қызметті сатып алу – сату процесінде берілетінін айқын білу керек. Дегенмен, маркетингпен басқару процесінде туристік қызметтің әлуеттік, есептеме бәсекелестік қабілеттілігін бағалау маңыздылығы да кем емес. Осы соңғысы жаңа қызметтерді әзірлеу, қолданбалы қызметтерді жетілдіру қажеттігі туралы шешімдерді негіздеу, бағалық стратегия мен тактиканы қалыптастыру үшін негіз болып табылады.

Мына бір жағдайды тағы белгілеп кету керек, яғни бәсекелік артықшылықты ұстап қалу әрбір бәсекелес кәсіпорн үшін ерекшелік көрсетуі мүмкін. Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігін көтеру үшін барлық талданған кәсіпорындар үшін жоғары қатардағ артқшылықтарға бағытталуыну керек, яғни жаңа технологияларды, ноу-хауды, жаңа тауарлар мен қызметтерді, өзінің қызметтерін жоғарылатуд енгізу керек. Соның негізгі бір аса маңызд саласы болып кәсіпорынның бәсекелік артықшылығы болып тұрмыстық каналы мен бәсекелестердің сегменттері табылады. Маркетинг бойынша қызметтердің бар артқшылғын жетілдіру мақсатында пайда болған талаптарға ену үшін мүмкіндік көрсету, маркетингтік және қызметтік стратегияны өңдеу және бәсекелестеден бұрын оны енгізуді айқын көрсету керек. Бәсекелестер мен тұтынушылар туралы базаны құру керек, олар туралы ақпараттарды жүйелі жинай және талдай отырып маркетингтік стратегяны құруға мүмкіндік болады.

Бәсекелестерді оқып білу нарық бөлігі, «ой» бөлігі, «жүрек» бөлігі сияқты аса маңызды өзгерістердің дәрежесін талдауд талап етеді.

«Ой» бөлігі – мысалы белгілі бір нарықта қызмет ететін сол немесе басқа фрма туралы сұрағанда бірінші боып еске түсіретін тұтынушылар саны. Берілген көрсеткіш тұтнушылардың ой сезімінде фирманың қзмет көрсетуі сақталып қалғандығын көрсетеді.

«Жүрек» бөлігі – бұл тұтынушылардың қалауы мен қ ажеттіліктерін үкен дәрежеде қанағаттандыратын фирманың қызметін қалайтын тұтынушылар саны. Шетел фирмалары көбіне «жүрек» бөлігінің көлемін жарнамаға кеткен шығыдармен өлшейді. Берілген көрсеткіштің жағдайы «ой» бөлігінің динамкасының өзгеруіне әкеліп соғады. Бұл көрсеткіштер стратегия мен маркетингтік саясатының дұрыс емес бағытталуын анықтауға мүмкіндік береді. Бұлардың өзгерісінің арасында өте күшті байланыс бар. «Ой» бөлігі мен «жүрек» бөлігінің төмендеуі нарық бөлігінің төмендеуіне әкеліп соғады жәе де керісінше.

Бәсекеге қабілеттілікті күшейту үшін күшті рычаг болып әдістерді іздеумен байланысты бәсекелік артықшылықты жеңу үшін бенчмаркетинг болып табылады, бұл ағылшын тілінен стандарт, бағыт, эталон деген мағынаны береді.

Оның мәні іздеумен бәсекелестерге қарағанда фирмаға тиімді жұмыс істеу үшін көмектесетін және бағыттаушы болатын оқып білу мен және кәсіпкерліктің аса күшті әдістерді қолданумен бекітіледі.Сонымен қатар, бенчмаркетинг – бұл бәсекеге қабілетті фирмалардың бизнес – үдерісін жетілдірудің өзіндік жағдайын іздеу, жеңу және үйрену әдісі. Бұл мәселемен жұмыс істейтін ғалмдар өте күшті болып табылатын фирманың қызметімен жұмысшы үдерісінің өзіндік тиімділігін салыстыу жүйелі үдерісі ретіде сипаттайды.


  1. ТАРАУ. «ЯССАУИ» ТУРИСТІК ФИРМАСЫНЫҢ МАРКЕТИНГІЛІК СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ




    1. «Яссауи» туристік фирмасының қызметін талдау және оның туристік қызмет көрсету нарығындағы орны

ЖШС «Яссауи» туризм компаниясы 1956 жылдан бері ірі фирмалар қатарындағылардың бірі болып табылады және Қазақстан Республикасының туристік қызмет көрсету рыногінде алғы шептерде орын алады. Біздің компаниямыз туризм саласында жұмыс істейтіндердің ішінде ең беделдісі және байырғысы. «Интурист» ВАҚ филиалының құқықтық мирасқоры бола отырып, БАЭ, Түркия, Қытай, Германия, Жапония, АҚШ, Франция, Швейцария және көптеген басқа дүниежүзі елдерінің туристік компанияларымен кеңейтілген іскерлік байланыстарды сақтап қалды. Байланыстарын кеңейту мақсатында, «Яссауи» Қазақстандық Туристік Ассоциацияның (ҚТА) Құрылтайшыларының бірі құқығында енді.

Көптеген жылдардан бері компания «Яссауи» Біріккен Араб Эмиратына, Түркияға, Таиландқа, Иорданияға ұшатын чартерлік сапардың иесі болып келеді.

Жоғары кәсіпқойлықты тәжірибелі мамандар штаты, көптеген жылдарға созылған ірі туроператорлармен серіктестік қатынастар, тек туристік мерзімде емес, күнтізбелі жылдың барлық бойлығында тапсырыскерлердің мәнді көлеміне сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. «Яссауи» компаниясының туристерінің саны жылдан жылға өсуде, сонымен қатар нығыз іскерлік байланыстар кеңеюде.

Компанияның ең жақсы серіктестерінің бірі «Royal Park» (БАЭ) болып табылады. «Royal Park» компаниясымен біріге отырып, Бізге БАЭ сапар шегуге бірегей мүмкіндік ұсынады. Бізге, аңызға айналған, дүниежүзіне белгілі араб қонақжайлылығын және ашық көңілдігін көзбен көріп, сезінуімізге мүмкіндік береді.

Эмират туралы әсер – бұл жыл онекі ай күн күліп тұратын, ал жағалауында көк жасыл теңіз толқындап жатқан елдің кішіпейіл және қонақжайлы халқы туралы әсер, бұл жерде қазіргі аспанмен таласқан биік үйлер дәстүрлі араб кврталдары «бастакиямен», олардың өзгермейтін ішкі аулаларымен және «жел мұнараларымен» - ескі, бірақ қазіргі кондиционерлердің тиімді прототиптерімен көршілес орналасқан.

БАЭ – отелдер, дүниежүзінің ең жақсы отелдерімен теңеседі, ал мейрамханалары ең экзотикалық дәмдермен есіңізде қалады. Дегенмен, осымен бірмезгілде, бұл пикникке жайғасуға немесе кешкі мезгілдерде жұлдызды ашық аспан астында кәуәбке отыруға болатын, шөл даладағы құм төбелер мен оазистер елі.

БАЭ – бұл сатып алуды ұнатушылар үшін жұмақ, арабша «сук» деп аталатын, тар колоритті көшелердегі дәстүрлі базарларында немесе ультра сәнді сауда орталықтарында тауарлар молшылығы күтеді. Спорттық демалысты ұнатқандар үшін бұл жерде спорттың кез – келген түрімен айналысуға барынша кең мүмкіндіктер табылады, мейлі парус астында жүзсін, аквалангпен сүңгісін, су шаңғысын тепсін, теннис, атқа міну, садақ ату немесе тіпті коньки тепсін, барлығыда табылады.

Қарапайым заттардың табиғаты мен мәдениеті, дәстірі мен қазіргісі, әсерлілігі мен құпия ойы. Осының бәрі қолайлы жылы ауа райымен, жылы жұмсақ теңізбен және толық қауіпсіздікпен ұштаса отырып, шетелдікте, қазақстандықта туристердің көңілін өзіне аудартады.

«Яссауи” туристік фирмасы 1996 жылы Қатысушылар шешімінің негізінде ұйымдастырылды (кәсіпорынның жарғылық капиталына әрқайсысы 20 % салған, 5 құрылтайшылар).

Қызметкерлер штаты 23 адамнан тұрады.

Бас директор



Туризм бойынша Директор

бас бухгалтер



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет