«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты Жалпы ережелер «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді»



жүктеу 54.68 Kb.
Дата27.02.2016
өлшемі54.68 Kb.


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің 2015 жылғы

«_» __________ № _______

бұйрығына қосымша

«Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірлеген.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті берушілер) көрсетіледі.

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берілген күннен бастап – 3 (үш) жұмыс күні;

2) рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 20 (жиырма) минут;

3) рұқсат берілетін ең ұзақ қызмет көрсету уақыты – 20 (жиырма) минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі - туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзінді.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

7. Мемлекеттiк қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетiледi.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз көрсетіледі.

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

10. Өтініштің қабылданғандығын растау өтінішті қабылдап алған адамның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), қабылдау күні көрсетілген талонды беру болып табылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) олардың лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетiлетiн қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды тұлғаларының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.

Шағым пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жазбаша нысанда қолма-қол беріледі.

Шағымның қабылданғанын растау көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қабылдап алған тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда), берілген шағымға жауап алудың мерзімі мен орны көрсетіле отырып, оны тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) болып табылады.

Шағымда мыналар көрсетіледі:

1) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда), пошта мекенжайы (жеке тұлға үшін);

2) атауы, пошта мекенжайы (заңды тұлға үшін).

Шағымның шығыс нөмірі және күні көрсетілетін қызметті алушымен қол қойылады.

Көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады. Шағымды қараудың нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде қолма-қол беріледі.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

12. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктері ескерілген
өзге де талаптар
13. Мемлекеттік қызмет көрсету мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің: көрсетілетін қызметті берушінің ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсетудің мәртебесі мен тәртібі туралы ақпаратты бірыңғай байланыс орталығы арқылы алу мүмкіндігі бар.

15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Министрліктің анықтамалық қызметінің байланыс телефондары: 8 (7172) 75 44 39, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 77 77.

«Туристік маршруттар мен соқпақтардың

мемлекеттік тізілімінен үзінді» мемлекеттік

көрсетілетін қызмет стандартына қосымша


  

нысан


Өтініш

    


_____________________________________

_____________________________________



(заңды тұлғаның атауы және (немесе)

дара кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты

(ол болған жағдайда)

Сізден туристік маршруттар мен соқпақтардың мемлекеттік тізілімінен үзіндіні беруді сұраймын.

Электрондық поштасы ________________________________________________

Телефондары ________________________________________________________

Факс ________________________________________________________________

Қызметті жүзеге асыру мекенжай(лар)ы __________________________________


           (пошталық индексі, облыс, қала, аудан,

____________________________________________________________________



елді мекен, көшенің атауы, үйдің/ғимараттың (стационарлық мекеменің) нөмірі)

Осы арқылы барлық көрсетілген деректер ресми байланыстар болып табылатындығы және оларға кез келген ақпаратты жіберуге болатындығы расталады.

Көрсетілетін қызметті алушы _____ ______________________________
                   (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)
Мөр орны

Толтырылған күні: 20 __ жылғы «___» _________





©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет