Туризм тарихы


Туризм дамуының жылнамасы



бет27/66
Дата27.03.2023
өлшемі0.5 Mb.
#471207
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Òóðèçì òàðèõû

1-қосымша
Туризм дамуының жылнамасы


1 Халықаралық туризм
Б.з.д. 455-447 ж. – Геродоттың Мысыр, Сицилия, Солтүстік Қара теңіз маңы елдеріне саяхаты.
Б.з.д. 320 ж. – Пифийдің Британ аралдарының солтүстік айналасына барып қайтуы.
983 ж. – Сарыбас Эрик Фарер аралдарынан Исландия мен Гренландияға саяхат жасады.
1000 жыл шамасы – Лейф Эриксонның (Сарыбас Эрик баласы) Гренландиядан Лабрадорға барып келуі (нормандардың Американы «ашуы»).
1160-1163 ж. – Вениамин Тудельскийдің Сирия, Палестина мен Иерусалимге саяхаты.
1271-1295 ж. – Марко Полоның Азияға жасаған саяхаты.
1325-1348 ж. – ибн Баттутаның бірінші саяхаты.
1466-1472 ж. – Афанасий Никитиннің «үш теңіздің ар жағына» барып қайтуы.
1492-1504 ж. – Христофор Колумбтың Америка жағалауына саяхаттар жасауы (1492 ж. – Американың «ресми» ашылу жылы).
1497-1499 ж. – Васко да Гаманың Үндістанға саяхаты.
1499-1502 ж. – Америго Веспуччидің Оңтүстік Американы зерттеуі.
1519-1522 ж. – Фернан Магелланның Жерді алғашқы айналуы.
1605-1606 ж. – Виллем Янсзонның Аустралия жағалауына баруы (Австралияның ашылуы).
1642-1644 ж. – Абель Тасманның Аустралия, Тасмания мен Жаңа Зеландия жағалауларына баруы.
1768...-1799 ж. – Джеймс Куктың Жерді айналу саяхаттары.
1841 ж. – Т.Кук ұйымдастырған алғашқы көпшілік сапары (Лейстерден Лафбороға пойызбен бару) – қазіргі туризмнің бастамасы.
1851 ж. – «Томас Кук пен баласы» атты алғашқы саяхаттар бюросының пайда болуы.
1854 ж. – Берлинде Карл Ризель алғашқы неміс саяхаттар бюросын ашты.
1857 ж. – Ағылшын альпілік клубы ашылды.
1860 ж. – Австриялық тау клубы құрылды.
1863 ж. Швейцария тау клубы пайда болды.
1863 ж. – Лондонда алғашқы «Альпілік журнал» шыға бастады.
1867 ж. – «Квейкер сити» бу кемесі Лондон мен Нью-Йорк арасындағы алғашқы теңіз туристік саяхатқа аттанды.
1872 ж. – Т.Кук алғашқы туристік Жерді айналу саяхатын ұйымдастырды.
1901 ж. – Жаңа Зеландияда Қоғамдық жұмыстар министрлігінің жанында туризм шаруалары бойынша алғашқы мемлекеттік орган құрылды.
1925 ж. – Туризм насихатының ресми ассоциацияларының Халықаралық конгресі құрылды.
1927 ж. – ресми туристік ұйымдардың Халықаралық конгресі құрылды.
1930 ж. – Туризм ресми ұйымдары мен насихатының Халықаралық одағы құрылды.
1947 ж. – Парижде Ресми туристік ұйымдарының Халықаралық одағы (РТҰХО, орысшасы – МСОТО) құрылды.
1963 ж. – Римде халықаралық туризм мен экскурсиялар бойынша БҰҰ конференциясы өтті.
5. 12. 1969 ж. – БҰҰ Бас ассамблеясы шешімімен үкіметтік емес РТҰХО ұйымы үкіметаралық Дүниежүзілік туристік ұйым (ДТҰ) ретінде қайта ұйымдастырылды.
27.09. 1970 ж. – ДТҰ жарғысы қабылданды.
1975 ж. – ДТҰ жарғысын әлемнің 51 мемлекеті ратификациялады.
1975 ж. – ЮНВТО-ның ресми құрылуы жылы болып есептеледі.
1979 ж. – Торремолинос қаласында (Испания) өткен ЮНВТО Бас ассамблеясында 1980 жылдан бастап, 27 қыркүйек Халықаралық туризм күні болып жарияланды.
1980 ж. – Туризмнің Манила хартиясы қабылданды.
1982 ж. – Акапулькода (Мексика) туризм бойынша Халықаралық жиналыс өтті.
1985 ж. – София қаласында ЮНВТО Бас ассамблеясының 4-сессиясында «Туризм хартиясы» мен «Турист кодексі» бекітілді.
1989 ж. – Гаагада (Нидерланды) туризм бойынша парламентаралық конференция өтті.
1994 ж. – Осакада (Жапония) туризм министрлерінің Дүниежүзілік конференциясы өтті.
1999 ж. – ЮНВТО Бас ассамблеясы туризмнің жаһандық этикалық кодексін қолдады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет