1932 жылы Қазақ халқының мүшкіл жағдайы туралы Сталинге хат жазған Республика Халық
комиссариат кеңесінің төрағасы Ораз Исаев болды. Ф.И.Голощекинді қызметінен
босатуды сұрады.
1933 жылы 1 қаңтар Ұжымдастыру қарсаңындағы 40,5 млн мал санынан, 4,5 млн мал ғана қалды.
1933 жылы Ф.И,Голощекин қызметінен босатылып, Қазақ өлкелік партия комитетінің бірінші
хатшысы болып, Л.И.Мирзоян(1933-1938) сайланды.
1933 жылы наурыз РКФСР Халық комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың И.Сталинге, М.Кагановичке, В.Молотовқа жазылған хатында «Көшіп кетушілер Қалмақ, Тәжік жері, Солтүстік өлке, Батыс Қытайға дейін барған. Бұл аш адамдардың тамақ іздеп босуы» деп жазды
Ұжымдастыру жылдары: • Ф.Голощекин ауылдарға 4800 өкілін жіберді
• 657 жартылай феодалдар мен байлар жер аударылды
• Жартылай феодалдар мен байлардан 145 мың мал тартып алынды
• Астық дайындау барысында 31 мың шаруа жазаланды
• Астық дайындау барысында 277 шаруа атылды
• 1931-1933 жылдары 6,2 млн халықтың 2,1 млн адам қырылды
• Аштықтан қырылған 0,4 млн басқа халықтар(200-250 мың)
• 1 млн-нан астам қазақ республика аймағынан көшіп кетті
• Шетелге кеткендердің 600(616) мыңы қайтып оралмады.
• Демографиялық ахуал 1969 жылы ғана қалпына келді.