Мысалға, 2-қосымшада берілген 9-сынып Қазақ әдебиеті пәнінің «Біржан мен Сара» айтысы жайында» тақырыбының дәстүрлі сабақ жағдайындағы мақсаты былайша тұжырымдалуы мүмкін:
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: «Біржан мен Сара» айтысы туралы мәліметерді қамту, шығарма желісін, ондағы кейіпкерлерді пысықтау;
2. Жаңа тақырып негізінде қажетті түсінік қалыптастыру негізінде, логикалық операцияларды жасау дағдыларын дамыту;
3. Білім алушылардың халық ауыз әдебиетіне деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.
Дәстүрлі сабақ мақсатында жетістікке жетудегі нақты алгоритм жоқ, демек, оқу тапсырмаларын, сабақ кезеңдерді белгілеуде анық бағдар айшықталмай деген сөз.
Ал Блум таксономиясын технологиялық қисындағы сабақ кезеңдерімен байланыстыруға тырысқан зерттеуші педагогтер А.Қ. Қисымова мен Е.Б. Нұрланов нақты оқу мақсаттарын тапсырма-жаттығулармен және сабақ кезеңдерімен байланыстыру алгоритмін ұсынды (3-суретке қараңыз). Зерттеушілер ұсынған сабақ кезеңдері мен дәстүрлі сабақ кезеңдері салыстырмалы түрде 8-кестеде көрсетілген.
8-кесте – Сабақтың технология карта сатыларын дәстүрлі сабақпен салыстыру
Достарыңызбен бөлісу: |