«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау»



жүктеу 34.9 Kb.
Дата04.07.2016
өлшемі34.9 Kb.
«Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
      1. «Уәкілетті ұйымнан зейнетақы төлемдерін тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру:
      1) «Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – ЗТМО);
      2) зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы ақпарат беру бөлігінде www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
      1) көрсетілетін қызметті алушы ЗТМО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған сәттен бастап – 10 (он) жұмыс күні ішінде;
      порталда – ЗТМО-ның ақпараттық жүйесіне электрондық сұрау салу келіп түскен сәттен бастап 30 минуттан аспайды.
      Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі іс материалдарын жете ресімдеу қажет болған жағдайларда:
      ұсынылған құжаттың (құжаттардың) дәйектілігіне күмән туындаған не қосымша құжат (құжаттар) сұратылған кезде – 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе, мемлекеттік қызмет қосымша құжатты (құжаттарды) ЗТМО-ға ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі. ЗТМО қосымша құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш берушіні 5 (бес) жұмыс күні ішінде хабардар етеді;
      ЗТМО жіберген қателер анықталған кезде – 5 (бес) жұмыс күнге ұзартылады, бұл ретте, егер құжаттар жете ресімделсе мемлекеттік қызмет қатені жойған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі.      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      5. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:
      ЗТМО-да – зейнетақы төлемін тағайындау туралы хабарлама;
      порталда – көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған зейнетақы төлемін тағайындау туралы ақпарат.
      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

      7. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:


      ЗТМО-ға:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш:
      2) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы не ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу бөлімінің анықтамасы);
      4) зейнетақы мен жәрдемақыларды беру жөніндегі уәкілетті ұйымның банк шотының не түзеу мекемесінің қолма-қол ақшаны бақылау шотының нөмірі туралы мәліметтер;
      5) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыстағы үзілістерге қарамастан, 1995 жылғы 1 қаңтардан бергі кезеңдегі қатарынан кез келген 3 жылғы орташа айлық табысы туралы ұйымның (кәсіпорынның) анықтамасы;
      6) зейнетақы төлемдерін алуға құқығы бар адамның еңбек өтілін растау үшін, олардың болуына қарай мынадай құжаттар ұсынылады:
      еңбек кітапшасы;
      білімі туралы құжат;
      әскери билет немесе аудандардың және қалалардың қорғаныс істері жөніндегі басқармалары мен бөлімдерінің анықтамасы;
      балалардың тууы туралы куәліктері (немесе туу туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) мен балалардың мынадай құжаттарының біреуі:
      жеке куәлігі;
      неке туралы куәлік (азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама) не некені бұзу туралы куәлік немесе неке қию туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
      орта оқу орнын бітіргені туралы аттестат;
      орта арнаулы немесе жоғары оқу орнын бітіргені туралы диплом не оқығанын растайтын оқу орнының анықтамасы;
      балалардың тұрақты тұратын жері бойынша тіркелген орнын растайтын құжат;
      балалардың қайтыс болғаны туралы куәлік (немесе қайтыс болғаны туралы актілік жазба немесе азаматтардың хал-актілерін жазу органдары берген азаматтардың хал-актілерін тіркеу туралы анықтама).
     


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет