Дән
1-сурет. Әртүрлі уыт өндірісінің принципиалды технологиялық сызбасы
2-сурет. Ауалы-електі сепартордың сызбасы
Қабылдау және тазалау кезіндегі дән қозғалуының жалпы схемасы 3-суретте келтірілген. Дән қабылдағыш бункерден 4 нориямен 5 магнитті сепараторға 6 беріледі, автоматты таразыдан 7 өткізіліп қылтығын алып тастау үшін қондырғыға 8 беріліп, сосын ауалы-електі сепараторға 9 келіп, автоматты таразыда 10 өлшеніп, шнекпен 12 силостарға 13 бағытталады. Дән қалдықтары жинақтағышқа 11 түседі. Ылғалдылығы 15,5%-дан жоғары дән келіп түскенде оны сепаратордан 6-9 кейін ылғалды астық бункеріне 1 жібереді, сосын астықкептіргішке 2, сосын құрғақ астық бункеріне 13 түседі.
Дәнді қайта тазалау және сұрыптау кезінде дәндер силостан 13 шнекпен 14 магнитті сепараторға 15, қайта тазалайтын ауалы-електі сепараторға 16, триер 17, сұрыптағыш машинаға 18, І, ІІ сұрыпты астыққа және астық қалдығына арналған бункерге 19-21 түседі.
3-сурет. Дәнді сақтау, сұрыптау және тазалау сызбасы
2. Дәнді сулау
Ылғалдылығы 13-15% құрғақ-ауалы дән салыстырмалы тыныштық жағдайда болады және өнбейді. Өндіру үшін дәннің ылғалдығы (40-47%) оны суға жібіту немесе сулау кезінде керекті деңгейге жеткізіледі. Сулау кезінде дәнге сіңірілген суды, яғни дәннің ауалы-құрғақ конституционды ылғалдығымен салыстырғанда, өмірсүршеңдіктің пайда болуы үшін қажетті вегатационды деп атайды. Негізгі – дәннің ылғалдығын жоғарылату мақсатынан басқа, екінші мақсат қалған қоспалардан бөлу және дәнді дезинфекциялау болып табылады.
Дәнді суға салғанда судың дәннің ішіне ұрықтық және қабығы арқылы өнуін негіздейтін дәннің ішінде және сыртында әртүрлі су концентрациясы құрылады. Қауызды дақылдарды (мысалы, арпа, сұлы) суландырғанда олардың қауызының болуы (гүлді қауыз) судың енуіне кедергі келтіреді. Мұндай дәнде су ішке гүлді қабықпен қапталмаған ұрықтық бөлік арқылы кіреді. Соның әсерінен гүлді қабық су өткізетін болады. Сулау кезінде судың дәнге енуі және жоғары молекулярлы байланыстағы астықтың ісінуі әсерінен дән көлемі 45%-ға өседі. Дәнде су біркелкі таралмайды. Көп бөлігі ұрығында және үстіңгі қабатында, аз бөлігі дәннің ортаңғы бөлігінде болады. Дәнді сулау кезінде алғашында суды сіңіру жоғары жылдамдықта жүреді, сосын жылдамдық төмендейді.
Дәнді сулау ұрықта біраз өзгерістердің жүруіне алып келеді. Ұрық бірінші дән суланатын судағы дәннен, негізінен қабықтан өтететін, қант, азот, минерал және т.б. еритін және сіңірілетін заттарды сіңіреді. Нәтижесінде ұрық қалқаншасында қор ретіндегі заттардың (крахмал, ақуыз) гидролизін катализдей отырып, эндоспермге енетін ферменттер белсеніп, оларды ерігіш заттарға (пептидтер, аминқышқылдары, қант) айналдырады. Түзілген суда ерігіш заттар ұрыққа еніп және онда тыныс алуға және ұрықтық жапырақшалар және тамыршық тканінде жаңа жоғары молекулярлы байланыстың синтезіне жұмсалады. Дәннің өнуі басталады. Сонымен, вегетационды су қоректік заттардың еруін және ферменттердің белсенді күйіне көшуін қамтамсыз етеді.
Ұрықтың өсуі тыныс алу қарқындылығының күшеюімен бірге жүреді. Сулау үдерісінде ауа жеткілікті дәрежеде болса дәнде аэробты тыныс алу жүреді:
С6Н12О6 + 6О2 6СО2+6Н2О+2822 кДж. (9.1)
Ауа жеткіліксіз болған жағдайда дәнде анаэробты тыныс алу жүреді:
С6Н12О6 2С2Н5ОН +2СО2+188 кДж. (9.2)
Толық тотықпаған көмірсумен анаэробты тыныс алу карбон қышқылдары мен альдегидтердің жиналуына алып келеді.
Анаэробты тыныс алу кезінде түзілетін заттар ұрықтық жапырақшалардың және тамыршықтардың дамуын тежеп, дәндегі өміршеңдік үдерістерін тоқтады. Сондықтан да дәннің аэробты тыныс алуын қамтамасыз ету және СО2 жою үшін жасанды дәннің аэрациясымен сулауды күбі ыдыста жүргізеді.
Сулау жылдамдығына температура және судың тұзды құрамы, дән дақылы, дән өлшемі, климаттық жағдай және өсіру әдісі әсер етеді.
Су температурасының жоғары болуы диффузия жылдамдығының өсуінен сулау үдерісін жылдамдатады. Сонымен қатар дән коллоидының – ақуыз, крахмал, целлюлоза және гемицеллюлоза ісінуі жоғарылайды.
Судың тұзды құрамы дәнде судың сіңірілуіне былай әсер етеді: бәрінен тез жылдамдықта сілті суы сіңіріледі, тұздылығы жұмсақ және қатты судың сіңірілуі бірдей жылдамдықта, тұзды суда (≥14-15 мг · экв/дм3) жібітілу жай жылдамдықта сіңіріледі.
Дән дақылы да сулау жылдамдығына әсер етеді. Қауыссыз дақылдар (қара бидай, бидай) сулау кезінде ылғалды 1,5-2 есе, қауызды дақылдарға (арпа, сұлы) қарағанда тез сіңіреді.
Бірдей дақылдың ірі дәні ұсақ дәндерімен салыстырғанда суды жай сіңіреді.
Құрғақ ыстық климатта өсірілген дәннің сулану жылдамдығы жылы және ылғал климатта өсірілген дәндерге қарағанда төмен болады.
Дәннің керекті ылғалдылыққа жетуі ауалы-сулы тәсілде сулауға, яғни кезек-кезек суда және ауада ұстап тұрумен салыстырғанда үздіксіз ауа және ауа ағымында сулау кезінде тезірек жүреді.
Дәнді сулауда оны тазалау мен сұрыптаудан кейін шаң, жеңіл қоспалар мен микроорганизмдердің болуына байланысты алдын-ала жуу мен дезинфекциялау қарастырылған. 9.4-суретте дәнді сулау және дезинфекциялау, жуу, сонымен қатар толық емес дәндерді және қабықтарды – жеңіл қоспаларды кептіру қарастырылған сулаудың сызбасы келтірілген.
Достарыңызбен бөлісу: |