Өз бетінше дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық пен лекция конспектілері бойынша «Гормондар» тарауын дайындау. Гормондардың толық сипаттамаларын көрсететін кесте сүлбе сызу.
8-жұмыс
Лактозаны (сүт қантын) рефрактометрия әдісімен анықтау
Жұмыстың мақсаты:
Студентерді лактозаны анықтау әдісімен және рефрактометр приборымен таныстыру.
Әдістің принципі.
Сүттің сары суын бөліп алып, оның сыну көрсеткішін анықтайды. Тәжірибені тұрақты температурада жүргізеді.
Реактивтер мен құралдар
Рефрактометр
4 % - ті кальций хлоридінің ерітіндісі
Су моншасы
Пробиркалар – 2 дана
5 мл пипетка
Құйғы
Фильтрлер
Жұмысты орындау тәртібі
Пробиркаға 5 мл сүт құйып, оған 5-6 тамшы 4 %-ті кальций хлоридінің ерітіндісін қосады.
Пробирканы жақсылап шайқап, 10 мин су моншасындағы қайнап жатқан суға салып қояды.
Уақыт өткеннен кейін пробирканы судан алып, суытуға бөлме температурасында қалдырады.
Сүт сары суын құрғақ сүзгіш қағаз арқылы сүзеді.
Сүзілген сүт сары суының 2-3 тамшысын рефрактометрдің төменгі призмасына тамызып, оны призма бетіне тегістеп жаяды.
Жоғарғы призманы түсіріп шкала бойынша сыну көрсеткішін анықтайды.
Сыну көрсеткіші бойынша таблицадан лактозаның проценттік мөлшерін анықтайды.
1-таблица
Лактозаның сүт сары суының сыну көрсеткішіне байланысты процент мөлшері
Сыну коэффиценті
|
Лактоза, %
|
Сыну коэффиценті
|
Лактоза, %
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1,3400
|
3,52
|
1,3420
|
4,49
|
1,3401
|
3,57
|
1,3421
|
4,54
|
1,3402
|
3,61
|
1,3422
|
4,59
|
1,3403
|
3,65
|
1,3423
|
4,64
|
1,3404
|
3,69
|
1,3424
|
4,69
|
1,3405
|
3,73
|
1,3425
|
4,74
|
1,3406
|
3,77
|
1,3426
|
4,79
|
1,3407
|
3,82
|
1,3427
|
4,84
|
1,3408
|
3,87
|
1,3428
|
4,89
|
1,3409
|
3,93
|
1,3429
|
4,95
|
1,3410
|
3,98
|
1,3430
|
5,00
|
1,3411
|
4,03
|
1,3431
|
5,05
|
1,3412
|
4,08
|
1,3432
|
5,10
|
1,3413
|
4,13
|
1,3433
|
5,15
|
1,3414
|
4,18
|
1,3434
|
5,20
|
1,3415
|
4,23
|
1,3435
|
5,25
|
1,3416
|
4,28
|
1,3436
|
5,30
|
1,3417
|
4,33
|
1,3437
|
5,34
|
1,3418
|
4,36
|
1,3438
|
5,40
|
1,3419
|
4,44
|
1,3439
|
5,45
|
Қосымша нұсқау
Сүзіліп алынған сүт сары суында тұнба болмауға тиіс.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Оқулық және лекция конспектісі бойынша «Көмірсулар» тақырыбына дайындалып келу.
Проблемалық сұрақтар
Әртүрлі ауыл шаруашылық малдарының сүтіндегі лактоза мөлшері қандай?
Лактозаның мал төлдері үшін қандай маңызы бар?
9– жұмыс
Майдағы йод санын Маргошес әдісімен анықтау
Әдістің принципі. Майдағы йод саны – 100 г майға қосылатын йодтың мөлшері (г), майдың қанықпағандық дәрежесін көрсетеді. Йод санын анықтау тәсілі галогендердің май құрамындағы қанықпаған қышқылдармен қосылу реакиясына негізделген.
Реактивтер мен құралдар.
Май
Этанол
5 %-ті йодтың спирттегі ерітіндісі
1 % - ті крахмал ерітіндісі
Натрий гипосульфитінің 0,1 Н ерітіндісі (Na2S2O3)
300 мл қақпақты колбалар - 2 дана
Бюретка
200 мл цилиндр
10 мл пипеткалар - 2 дана
Су моншасы
Таразы
Жұмыстың орындалу тәртібі
300 мл колбада 0,10-0,12 г майды 10 мл этил спиртінде еріту үшін су моншасына салып қыздырады. Екінші колбаға тек 10 мл этил спиртін құйып тәжірибені қатар жүргізеді.
Екі колбаға да 5 мл 5 % йодтың спирттегі ерітіндісі мен 200 мл жылы су (20-300С) құйып, араластырады да, 5 мин колбаның аузын қақпақпен жауып қояды.
Екі колбадағы йодтың артық мөлшерін 0,1 Н гипосульфит ерітіндісімен титрлейді. Индикатор ретінде 10-12 тамшы 1 % крахмал ерітіндісін пайдаланады. Титрлеуді ерітіндінің көк түсі жойылғанға дейін жүргізеді.
Майдағы йод санын мына формула бойынша анықтайды:
Мұнда:
Х - майдағы йод саны;
А - жайдақ тәжірибеге (майсыз) кеткен гипосульфит мөлшері;
в - маймен жүргізілген тәжірибеге кеткен гипосульфит мөлшері;
с - майдың салмағы (г мөлшерімен);
0,0127-1 мл 0,1 N гипосульфит ерітіндісіне сәйкес йод мөлшері.
Қосымша нұсқаулар
Майдың толық еруін қадағалау қажет.
Йод пен суды қосқаннан кейін қоспаны мұқият араластырады.
Титрлеуді асықпай, мұқият жүргізу керек.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма
Майдың және май құрамына кіретін қышқылдардың формуласын жазу.
Триолеин мен йодтың әрекеттесу реакциясының теңдеуін жазу.
Проблемалық сұрақтар
Майдағы йод санының оның биологиялық қасиеттеріне қандай әсері бар?
Йод санын анықтаудың қажеттілігі қандай?
10-жұмыс
Нуклепротеидтер гидролизі
Әдістің мақсаты: Күрделі ақуыз – нуклеопротеидтердің химиялық құрамын анықтау.
Жұмыстың принципі: Нуклеопротеидтердің құрамын анықтау үшін қышқылдық гидролиз жүргізеді. Жартылай гидролиз барысында нуклеопротеидтер қарапайым ақуыз және нуклеин қышқылдарына ыдырайды. Нуклеопротеидтердің толық гидролизі нәтижесінде мына заттар түзіледі:
Полипептидтер мен амин қышқылдары.
Пурин және пиримидин негіздері.
Көмірсулар (рибоза және дезоксирибоза)
Фосфор қышқылы
Гидролиз құрамындағы заттарды сапалық реакциялармен ашады.
Реактивтер мен құралдар:
Ашытқы
5% H2SO4 ерітіндісі
10 % NaOH ерітіндісі
2 % CuSO4 ерітіндісі
Концентрлі NH4OH
2 % AgNO3 ерітіндісі
Фелинг сұйығы
Молибден реактиві
Лакмус қағазы
100 мл колба
Шыны түтікшелер (60 см)
Асбест төселген плитка
Құйғы
Достарыңызбен бөлісу: |