Жұмысты орындау тәртібі:
Екі пробирканың біріне 1,5 мл РНҚ препаратын, 3 мл орцин реактивін құяды, ал екіншісіне 1,5 мл 0,01 H NaOH ертіндісін құйып, әрқайсысына 3 мл орцин реактивін қосып араластырады. Одан кейін 20 мин су моншасында қыздырады. Уақыт өткен соң пробиркаларды суық су астында салқындатып 665 м толқын ұзындығында спктрофотометрлейді. РНҚ мөлшері калибрлеу түзуі бойынша анықтайды.
Қосымша нұсқау:
Спектрофотометрленетін сұйық тұнбасыз тұнық болуы керек.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма:
1. Лекция конспектісінен «РНҚ-ның құрылысы және маңызы» деген тарауға дайындалып келу.
2. Уридин трифосфатының гидролизінің теңдеуін жазу.
Проблемалық сұрақтар:
1. Генетикалық сөздік құраудың маңызы қандай?
2. т-РНҚ-ның құрылысы мен атқаратын қызметінің өзара байланысы қандай?
11- жұмыс
Қан сарысуындағы иммуноглобулиндерді анықтау
Жұмыстың принципі: Әдіс Кункелдің эффектісіне негізделген, себебі мырыш сульфатының қанның сарысуындағы иммуноглобулиндермен әрекеттесуі нәтижесінде сұйық лайланады.
Лайлану дәрежесі иммуноглобулиндердің мөлшеріне тікелей байланысты.
Реактивтер мен құралдар:
Дистилденген сумен 40 есе сұйытылған қанның сары суы (рН-7,0-7,3).
Мырыш сульфатының ерітіндісі (250 мг 1 л рН-ы 7,0-7,3 дистилденген суда ерітеді).
ФЭК
Пробирка – 1 дана
Пипеткалар -1 мл және 5 мл
Жұмысты орындау тәртібі:
1 мл сұйытылған қанның сарысуына 5 мл мырыш сульфатының ертіндісін құйып, жақсы араластырады да, 60 мин бөлме температурасында қалдырады. Уақыт өткен соң фотометрлейді (ФЭК-56М, 540 нм). Иммуноглобулин мөлшерін таблицаның көмегімен анықтайды.
3-таблица
ФЭК-тің көрсеткішін иммуноглобулиндер мөлшеріне айналдыру (мг/мл)
ФЭК-тің көрсеткіші
|
Иммуногло
булиндер (мг/мл)
|
ФЭК-тің көрсеткіші
|
Иммуногло
булиндер (мг/мл)
|
ФЭК-тің көрсеткіші
|
Иммуногло
булиндер (мг/мл)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
0,100
|
0,66
|
0,220
|
1,20
|
0,350
|
1,74
|
0,110
|
0,68
|
0,230
|
1,25
|
0,360
|
1,77
|
0,115
|
0,72
|
0,240
|
1,30
|
0,370
|
1,80
|
0,120
|
0,76
|
0,250
|
1,35
|
0,380
|
1,83
|
0,130
|
0,80
|
0,260
|
1,40
|
0,390
|
1,86
|
0,140
|
0,84
|
0,270
|
1,44
|
0,400
|
1,89
|
0,150
|
0,88
|
0,280
|
1,48
|
0,410
|
1,92
|
0,160
|
0,92
|
0,290
|
1,52
|
0,420
|
1,96
|
0,170
|
0,96
|
0,300
|
1,56
|
0,430
|
2,00
|
0,180
|
1,00
|
0,310
|
1,60
|
0,440
|
2,04
|
0,190
|
1,04
|
0,320
|
1,64
|
0,450
|
2,08
|
0,200
|
1,10
|
0,330
|
1,68
|
0,460
|
2,12
|
0,210
|
1,15
|
0,340
|
1,71
|
0,470
|
2,16
|
Есептеу мысалы: ФЭК-тің көрсеткіші - 0,230, ол иммуноглобулиннің 1,25 мг/мл тең. Демек, 1,25 мг/мл х 40=50 мг/мл.
Қосымша нұсқау: Қанды сұйылтатын және мырыш сульфатын ерітетін дистилденген судың рН-ы 7,0-7,3 болуы керек.
Өз бетімен дайындалуға арналған тапсырма: Оқулықтан «Қанның ақуыздары» атты тақырыпқа дайындалып келу.
12-жұмыс
Қандағы қалдық азотты асель әдісімен анықтау
Қанның құрамындағы ақуызды бөліп алғаннан кейін қалған азотты қанның қалдық азоты деп атайды.
Сабақтың мақсаты: Студенттерді қалдық азотты титрлеу әдісі арқылы анықтаумен таныстыру.
Әдістің принципі: Зерттелетін ерітіндіні күкірт қышқылы арқылы пробиркада жағып Несслер реактивімен әрекеттестіргенде, ертіндідегі аммиак сары түсті қосылыс түзеді. Ертіндінің түсін Несслер реактиві стандарт ертіндісінің белгілі мөлшерімен әрекеттескенде пайда болған түспен салыстырады.
Реактивтер мен құралдар:
Концентрлі күкірт қышқылы
50 % NaOH ерітіндісі
Несслер реактиві
Асельдің стандарт ерітіндісі
Фосфомолибден ерітіндісі
Пергидроль
Дистилденген су
Центрифуга пробиркасы – 1 дана
Пипеткалар
1 мл - 50 % NaOH ерітіндісі
1 мл - Несслер реактиві
1 мл – фильтрат
5 мл – фосфомолибден ерітіндісі
Жұмысты орындау тәртібі:
Центрифуга пробиркасына 2,8 мл фосфомолибден ерітіндісін және 0,2 мл қанды пипеткамен құяды. Сол пипеткамен ерітінділерді мұқият араластырады да, 15 мин уақытқа қалдырады. Тұнбаға түскен ақуызды центрифуга арқылы бөліп алып, фильтратты таза пробиркаға ауыстырады. Отқа төзімді пробиркаға 1 мл фильтрат және 3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын құйып спиртовка жалынында қыздырады.
Екінші пробиркаға тек 3 тамшы концентрлі күкірт қышқылын тамызып, тәжірибені қатар жүргізеді. Қыздыру барысында ерітінді қоңыр түске боялып, содан кейін түссізденуі керек. Ерітіндінің түссізденуін жылдамдату үшін 1-2 тамшы пергидроль қосады.
Пробиркалар салқындағаннан кейін әрқайсысына 10 мл дистилденген су, 0,3 мл 50 % NaOH ерітіндісін және 0,5 мл Несслер реактивін құяды. Зерттеліп отырған ерітінді қою сары түске, ал салыстырмалы тәжірибедегі ашық сары түске енеді. Екі пробирканы қатар ұстап микробюреткадан стандарт ерітіндісін салыстырмалы тәжірибедегі пробиркаға ерітінділердің түсі теңелгенше тамшылатып қосады.
Формула бойынша:
мұнда: а - титрлеуге кеткен стандарт ерітіндінің мөлшері; 0,05 – 1 мл стандарт ерітіндісіне сәйкес азот мөлшері (мг);
0,2 – тәжірибеде алынған қанның мөлшері (мл)
Достарыңызбен бөлісу: |