Умкд 042-14-5-08. 01. 20. 03/03-2009 №1 басылым 02. 09. 2009



бет2/9
Дата05.07.2016
өлшемі0.73 Mb.
#180799
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс тезистері:

Әлеуметтану қалай пайда болды, оның алғы шарттары, шығу себептері қандай, оның ғылым болып қалыптасуына қандай қозғаушы күштер түрткі болды?

Бұл сұрақтарға бірден жауап беру оңай емес. Өйткені әлеуметтанудың шығуының түп – тамыры көне заманға ұласады. Қоғам, қоғамдық өмірдің болғанын біз антикалық философиядан, біздің жыл санауымыздан бұрынғы IY ғасырда өмір сүрген гректің ұлы ойшылдары Платонның, «Заңдар», «Мемлекет туралы» еңбектері мен Аристотельдің  «Саясат», т.б. еңбектерінен кездестіреміз. Бұл мәселелер жаңа дәуірде Макиавелли, Руссо, Гоббс, т.б. еңбектерінде де өткір тұжырымдалған.

Қоғамды ғылыми негізінде зерттеу қажеттілігі - әлеуметтану ғылымының пайда болуының және қалыптасуының басты себебі болып.

Өзінің даму кезеңінде әлеуметтану төрт негізгі кезеңнен өтті.

1-кезең. Әлеуметтану XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 20 – 30 – жылдарының басында қоғамдық құбылыстарды баяндау сипатында болады. Бұл кезеңде әлеуметтану философиядан бөлініп шығады, қоғамды зерттеудің, түсіндірудің жаңа ғылыми, әдістемелік тұжырымдарын іздестіре бастады.

Әлеуметтану дамуының алғашқы кезеңінің өзінде – ақ осы ғылымның пайда болуын, дамуын түсіндірмекші болған бірнеше мектептер, бағыттар, ілімдер қалыптасты. Бұл кезеңде әлеуметтанудың қолданбалы саласы қалыптаса бастады.

2- кезең. Қолданбалы әлеуметтану XX ғасырдың 30-60 жылдарын қамитды. Бұл кезеңде әлеуметтанудың әдістемелік және әдістік аппартын дайындау басталды., әлеуметтану эксперементальды  (практикалық ) ғылымға айналды.Оның әртүрлі ақпарат құралдары қалыптасып, математикалық аппаратты кенінен қолдана бастады.

3- кезең.  ХХ ғасырдың 60-90 жылдарын қамтиды. Бұл кезенде әлекуметтану өткен кездегі әлеуметтанудың теорияларын алуан түрлі ой-тұжырымдарын өмірде қолдана бастады. Қазіргі кезде Батыс елдерінде парламентті және президенттің сайлаулардың қарсанында нақтылы әлеументтік зерттеулер жүргізіліп, саяси серіктестіктердің сайлауын қамтамасыз етіп отырады.

4-кезең. Бүгінгі таңда әлеуметтану әлемдік шеңберде жүйелі білімге айналды. Бұл кезеңде әлеуметтану ғылымында алуан түрлі тұжырымдамалар, көптеген теориялар пайда болды.

Әлеуметтану тарихына үңілсек, бұдан мыңдаған жылдар бұрын грек ойшылдары Сократ, Платон, Аристотель, т.б. әлеуметтануға қатысты мәселелермен айналысқанынбайқаймыз.

Әлеуметтану XIX ғасырдың 30 -40 жылдары өз алдына дербес ғылым болып қалыптасты. Жоғарыда көрсетілгендей, оның негізін салушы француз оқымыстысы Огюст Конт (1798 – 1857 ж.ж.) болды. Оның әлеуметтану тұжырымдамасының негізінде қоғам дамуының сатыларға жіктелуі туралы идея жатыр.

Жалпы, О. Конттың тұжырымдамасы бойынша, әрбір қоғамды ақыл – сана, жалпы идея басқарады деген идеалистік ой жатыр. Сондықтан О. Конт жалпы қоғамның дамуын адамдардың интеллектуальды ақыл – ойының, санасының бір ізділікпен дәйекті дамуының үш кезеңі, яғни теологиялық, метафизикалық және позитивистік сатыларын тұжырымдау арқылы түсіндіреді.

    Бірінші, яғни теологиялық сатыда адам қандай да бір құбылыс, процесс, зат болмасын, оларды діни тұрғыдан түсіндіруге тырысты, оларға табиғат пен өмірге байланысы жоқ ғажайып, абстрактілі ұғымдарды қолданады.

    Екінші, яғни метафизикалық сатыда адам табиғаттан, өмірден тыс абстрактілі ұғымдардан бас тартты, ендігі жерде құбылыстарды, процесс олардың мәні мен себебін философиялық абстракциялық ұғымдардың негізінде түсіндіруге тырысты. Бұл кезеңнің басты қызметі – ол қандай да бір затты, құбылысты, процесті алмайық, оларды сын тұрғысынан өткізіп қарауды қажет етеді. Сөйтіп екінші кезең адамның интеллектуалды дамуының ғылыми түрін, яғни позитивизмді дайындады.

  Ал, үшінші, яғни позитивистік кезеңде адам құбылыс, процестердің, заттардың абстрактылы мәндері мен мазмұндарынан, себептерінен бас тартады. Ол тек қана құбылыстарды бақылап, олардың арасындағы тұрақты байланыс пен қатынастарды белгілеп отырады.

   О. Конттың пікірінше, ғылым позитивтік сипатта болуы керек, ол үшін нақтылы фактілерді оқып, үйрену қажет. Нақтылы фактілер – бұл әлеуметтік құбылыстар мен процестер.

Ғылымдардың дамуы, бір кезеңнен екінші кезеңге өтуі ретпен болады, бірақ, ол бір уақытта болмайды. Бұл арада басшылыққа алатын бір қағида – ғылымға қарапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға қарай даму тән. Объект қарапайым болған сайын одан алынатын позитивтік (яғни, оң, жағымды – А.И.) білім жеңілірек, тезірек болады. Осыған орай позитивтік әдіс алғаш рет математика, физика, астрономия, химия, биология ғылымдарында қолданған. Ал, әлеуметтану жағымды, оң білімнің ең жоғарғы шыңы, өйткені ол құбылыстарды, процестерді зерттегенде «позитивтік» әдістерге сүйенеді. Позитивтік әдіс теориялық әлеуметтік талдауларда бақылау, салыстыру, эксперимент, т.б. арқылы алынған эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) факторларға сүйенеді.

О. Конттың ой – пікірлерін, идеясын одан әрі дамытқан ағылшын әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820 – 1903 ж.ж.) болды. Оның көзқарасына қысқаша тоқталсақ, Г. Спенсердің әлеуметтану теориясы негізгі екі мәселеден тұрады. Бұл екі ой – пікір, идея Ч. Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясының негізінде пайда болған.

    1) Қоғамды биологиялық организм ретінде қарау;

    2) Әлеуметтік эволюция идеясы.

    Адам қоғамы тірі организмге ұқсас, сондықтан оған биологиялық заңдар тән. Ч. Дарвиннің биологиялық заңына сәйкес табиғаттағы жыртқыш жануарлардың тіршілік үшін күрес заңына қоғамдағы таптардың күресі ұқсас. Г. Спенсер тірі организмдердің жүйке жүйесін мемлекеттік басқару мекемелерінің қызметімен теңестіреді. Г. Спенсер қоғам мен организм арасында кейбір ерекшіліктер туралы ой – пікір қозғады. Мысалы, қоғамдағы адам (индивид) қоғамнан біршама тәуелсіз тұрады, ал организмнің бөліктері мен элементтері оның тұтастығын құрайды, оған тәуелді. Қоғамда, керсінше, тұтастық өзінің бөліктерінің, игілігі үшін өмір сүреді. Г. Спенсердің бұл ойлары қоғамды бір жүйе деп қарауға мүмкіндік беретіндей жол ашты.

   Г. Спенсердің қоғамды организммен теңестіруі қоғамды іштей үш жүйелес салаға бөлуге әкеледі. Олар: 1) қолдаушы, 2) материалдық игілікті өндеу көзіне (экономикаға), 3) қоғамның жеке бөліктерінің арасындағы байланыс, қатынастарды анықтау, қоғамдағы еңбектің бөлінуін реттеп тұрушы және жеке бөліктердің тұтасқа бағынуын реттеу (мемлекеттік өкімет) болады.

   Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын талдай келе, әлеуметтік институттардың 6 тұрпатын атап көрсеткен. Оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби және өндірістік тұрпаттар жатады. Өзінің еңбектерінде (социология как предмет изучения. СПБ, 1986; Основные начала, СПБ, 1897, Основание социологии, СПБ, 1906г.) әлеуметтік институттардың эволюциясын зерттеген.

   Г. Спенсер әлеуметтанушылардың ішінен бірінші болып, осы ғылымға жаңа ұғым, терминдерді қосты. Олар: әлеуметтік жүйе, әлеуметтік институт, әлеуметтік бақылау, құрылым және функция, т.б. Бірақ, ол бұларды өзінше түсінді.

   Әлеуметтанудың классикалық негізін салушылардың ірі өкілінің бірі, әрі өте беделдісі – Эмиль Дюркгейм (1858 – 1917 ж. ж.). Қазіргі әлеуметтану көбіне Э. Дюркгеймнің классикалық мұрасына сүйенеді. Өзінің әлеуметтануында ол әлеуметтік таным процесінің әдістемесіне көп көңіл аударады. Ал, бұл методология «социологизм» деп аталады. Социологизмнің мәні мен мазмұны әлеуметтілікте. Тек әлеуметтілік арқылы зерттеу, басқаша айтқанда, қандай да бір әлеуметтік құбылысты, процесті алмайық, олардың бәрі әлеуметтік ортамен байланысты өмір сүреді. Қоғам – ерекше құбылыс, оны табиғатпен, психикамен шатастырып, алмастыруға болмайды. Әлеуметтанудың методологиясы (яғни, әдістемелері) жаратылыстану ғылымдарына ұқсас болуы қажет, әлеуметтану өз алдына ғылымға айналу үшін оған белгілі бір жағдайлар қажет, осылардың ішінде оның тек қана өзі зерттейтін, өзіне ғана тән пәні мен таным әдістемелері болуы керек. Э. Дюркгеймнің пікірінше, әлеуметтану әлеуметтік нақты мәні бар, оған ғана тиісті қатынастарды, олардың сапаларын терең зерттеуі керек.

  Ежелгі қоғамдар өміріне үңіле отырып және этнографиялық материалдардың негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше әлеуметтік тұжырымын да жасады. Ол дінді қоғамның өзі, қоғам барлық киеліктің, қасиеттіліктің шығатын көзі деп есептеді. Осыған орай әлеуметтік бірлікте дін шешуші рөл атқарады. Қоғам дінсіз өмір сүре алмайды. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді бейнелейді.

   Макс Вебер (1864 – 1920 ж.ж.) – батыстың ірі әлеуметтанушысы. Қазіргі әлеуметтану ғылымы М. Вебердің ой – тұжырымдарымен көп санасады.  М. Вебердің әлеуметтану теориясы позитивистік теорияға қарсы шығу кезеңінде пайда болды. Позитивизмге қарсы шығу дәуірінде ол әлеуметтанудың өзгешелігін жақтай отырып, адам іс - әрекетін, қимылын «түсіну, ұғыну» теориясын қалыптастырады.

   М. Вебердің пікірінше, әлеуметтану қоғамның әлеуметтік – тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс - әрекетінде, қызметінде оның мұң – мұқтажын, талап – тілегін, қажеттілігін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескеріп отыру керек. Осыған қосымша, әлеуметтану оны объективтілік пен эмпирикалық жағынан бақылап, тексеру жақтарын жоққа шығармауы керек. Оның басты міндеті – адамдардың іс - әрекетінің, қимылының мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіну, ұғыну болып табылады. Осыларды еске ала отырып, қоғамның даму заңдарының себебін ашуға болады.

   М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады.

    Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.

    Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой – пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне – кестесі. Идеалды типтік  құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.

   М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.
Бақылау сұрақтары

Әлеуметтану пайда болуының алғашқы кезеңі?

Әлеуметтану дамуындағы классикалық кезең?

О. Конттың әлеуметтануы?

Ф Спенсердің әлеуметтануы?

Э. Дюркгейімнің әлеуметтануы?

М. Вебердің әлеуметтануы?

П. Сорокиннің әлеуметтануының негізі?

Әлеуметтік іс - әрекет теориясының ең негізгі ұғымы

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі.

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс №3 ХХ ғасыр әлеуметтануы

Мақсаты: Студенттерді әр елдердегі әлеуметтік ойлар мен ғылым ретінде


  1. АҚШ әлеуметтік ой пікірлердің қалыптасуы

  2. XІX ғасырдаң екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы.

Әлеуметтанудың ХХ ғасырдағы негізгі тенденциялары – эмпирикалық әлеуметтанудың дамуынан басталады.

Эмпирикалық әлеуметтану деп, нақты зерттеулер жүргізуді, осылардың негізінде арнаулы әдістер қолдану (сұрау, бақылау, тәжірибе) арқылы жаңа фактілерді жинап, талдауды , қорытындылауды айтады. Мұндай нақты зерттеулер 20-30-жылдары АҚШ-та, сонан кейін басқа дамыған елдерде өте қызу жүргізіле бастады. Адольф-Кетле (франко-белгиялық статист), Чарльз Бут (Англия), Ульям Томас, Флорина Знанецкий (поляктар) осы салада еңбек етті.

Бұл мәселелерді дұрыс шешуде американ әлеуметтанушылары Талкотт Парсонс, Роберт Мертон, Питирим Сорокин, т.б. зор еңбек сіңірді.

Талкотт Парсоностың (1902-1979ж.ж.) көп еңбектерінің ішінде біз оның екі негізгі еңбегін, яғни әлеуметтік іс-әрекет, қимыл («социальное действие») және құрылымды-функциональды талдау («структурно-функциональный анализ») қарастырғанымыз орынды болады. Бұлардың қысқаша мазмұны мен мәні мынадай. Қандай да бір әлеуметтік іс-әрекет, қимылдың болуында қажетті шарттар бар. Әрекет қимыл, біріншіден, оны жүргізетін адамды, екіншіден, нақты жағдайды, үшінші мақсатпен белгілі бір заң нормаларына (ережелеріне) сүйенген шартты жағдайларды қажет етеді.

Т. Парсонстың пікірінше, әрбір әрекет, қимылдың өзін-өзі ұйымдастыратын белгілі жүйесі, оның шартты белгілері (символдары) бар. Олар: мысалы, тіл, құндылықтар, іс-әрекеттің, белгілі бір нормативтік ережеге сәйкес, яғни іс-әрекеттің, қоғамда қабылдаған нормаларға, құндылыққа тәуелді болуы.

Эмпирикалық және теориялық әлеуметтануды біріктіру идеясын бастаған ірір әлеуметтанушы Роберт Мертон (1910ж.) болды. 1949 жылы оның «Әлеуметтік теория және әлеуметтік құрылым» атты еңбегі шықты. Оның пікірінше, эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың бірігуінің «алтын дәуірі» басталды. Бұл тұрғыдан алғанда, Р. Мертон өзінің ойлаған ойын шындыққа айналдырғысы келді, бірақ бұл дұрыс болмады, өйткені эмпирикалық және теориялық әлеуметтанудың қатар дамуына ұзақ уақыт керек болды. Р. Мертон осы мақсатқа жету үшін өзінің функционалды талдау және «ортаңғы деңгей» теорияларын жасады.

Белгілі әлеуметтанушы Питирим Сорокин (1889-1968жж.) 1922-ші жылға дейін Ресейде тұрып, кейін Батыс Еуропа елдеріне эмиграцмяға кетуге мәжбүр болды. АҚШ-та қызмет ете жүріп, эмпирикалық әлеуметтанудың зерттеу тақырыптары үлкен әлеуметтік мәселелерді қамти алмағанын байқап, оны өткір сынға алды. Ол әлеуметтік стратификация, яғни қоғамда топқа, жікке бөліну және әлеуметтік мобильдік (қозғалу, ауысу) мәселелеріне эмпирикалық зерттеу жүргізе отырып, бұларды әлеутеттік ірі мәселелермен, мысалы, қоғмның әлеуметтік құрылымымен тығыз байланыстырды. Одан әрі ол қоғамның жалпы өзгерісін, қозғалысын осы алуан түрлі қоғамды құратын элементтердің атқаратын қызметімен байланыстырып түсіндіруге тырысты. Осындай элементтердің бірі ретінде Сорокин әлеуметтік институттарды алды. Осыған орай ол әлеуметтік институттардың, оның негігі түрлері: мектептің, бюрократияның, әскердің, мамандырылған ұйымдардың, шіркеудің, т.б. әлеуметтік мобтльдікке қандай әсерлері бар екенін зерттеді.

4.XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанда әлеуметтік ой-пікірлердің дамуы

Бәрімізге мәлім, қазақ елі XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында феодалдық қоғамдық қатынастар дәуірінде болды. Қазақ халқы, бір жағынан, жергілікті феодалдардың, екінші жағынан, Ресей Патшасының зор қанауының, езгісінде болды. Еңбекші бұқараның хал-жағдайы өте нашар болды, өйткені олар әр уақытта алуан түрлі ауыр салықтар төлеп отыруға мәжбүр болды. Қанаушылар олардың құңарлы-шұрайлы жерлерін тартып алып, өздерін шөл және шөлейт жерлерге ығыстырды. Ресей патшасы байырғы ұлтты одан әрі жаныштап, езуді күшейтті. Ал, жергілікті үстем тап, қалыптасып келе жатқан буржуазия, дін басылары, патшалық ресей үкіметі халықты революциялық күрестен аулақ ұстауға тырысты, қазақ бұқара халқын орсытың жұмысшы-шаруа табынан, алдынғы қатарлы интеллегенциясынан алыс ұстауға әрекет жасады, араға іріткі салды, ұлтаралық дау-дамайды, жанжалды насихаттады. Осылардың салдарынан Қазақстанда бұқара халықтың патшалық ресей үкіметіне, жергілікті хандарға, байларға қарсы әлденеше стихиялық ереуіл-көтерілістері болды, бірақ олардың бәрі күшпен басылып отырды.

Осындай ауыр жағдайлардың нәтижесінде және орыс демократиясының, мәдениеті мен ғылымының игілікті әсерінің негізінде Қазақстанда алдыңғы қатарлы философиялық, әлеуметтік-саяси ой-пікірлер қалыптаса бастады.

Қазақ халқы ұлттық мәдениетінің тарихына жаңа жол ашушы бір топ ұлы ойшылар мен прогрессивті ағартушылар, қоғамдық-саяси қайраткерлері шықты. Олардың қатарында Шоқан Уәлиханов (1835-1865жж.), Ыбырай Алтынсарин (1841-1889жж.), Абай Құнанбаев (1845-1904жж.) сияқты қоғамдық-саяси қайраткерлер, Әлихан Бөкейханов (18870-1937жзж.), Ахмет Байтұрсынов (1873-1937жж.) т.б. оқымыстылар болды.


Бақылау сұрақтары:

Р. Мертонның әлеуметтік теориялары?

Ш. Уалихановтың әдлеуметтік ой – пікірлері қандай?

А. Құнанбаевтың әлеуметтануы?

Ы. Алтынсариннің әлеуметтануы?

Т. Парсонстың әлеуметтануын қалай түсінесіздер?

А. Байтұрсыновтың әлеуметтануы?

Ә. Бөкейхановтың әлеуметтік ойлары?



Негізгі әдебиеттер:

1.Ж.Сәрсенова., Т. Танирбергенова. Әлеуметтану. А. 2000

2.Ә.Х.Тұрғанбаев., Социология Лекциялар курсы, Алматы «Білім» 2001.

3.Р.Абсаттаров, Дакенов., Әлеуметтану. Алматы, 2004

4.А.И.Иекенов., Әлеуметтану негіздері. Алматы, 2004

5.К.Габдуллина., Социология. Алматы, 2005

6.Социология. Оқулық. Алматы, 2005

7.Социологиялық сөздік., Алматы, 2003

8.Ш.Қ.Қарабаев., Әлеуметтану негіздері., Алматы, 2007

9.Қ.Ж.Рахметов., А.Н.Болатова., З.Н.Исмагамбетова., Социология. Алматы, 2005


Қосымша әдебиеттер тізімі.

1.Г.О.Әбдікерова.,Тұлғаның саяси әлеуметтенуі. Алматы, 2002

2.Ф.И.Шарков., Социология, 2007

3.А.Нысанбаев.,Адам және ашық қоғам, Алматы,1998.

4.Капитонов Э. А. Социология ХХ века. - Ростов - на - Дону. - 1996.

5.Фролов С. С. Основы социологии: Учебное пособие. – м.: Юрист. –1997.

6.Штампка П. Социология социальных отношений / Пер. с англ., под ред. В. А. Ядова. – м.: 1996.
Дәріс №4 Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде.

 

Мақсаты: студенттерге қоғам ұғымы, оны зерттеудегі жүйелі әдістер туралы түсіндіру. Қоғам мен әлеуметтік жүйені теориялық зерттеудің көпжақтылығымен таныстыру.



Дәріс жоспары:

  1. Қоғам және оның мәні.

  2. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

  3. Қоғамдардың жіктелуі.

Дәріс тезистері:

     «Қоғам» деген ұғым әлеуметтану ғылымының басты категориясы болып табылады.

  Ғылыми әдебиеттерде «қоғамның» мәнін түсіндіруге бағытталған анықтамалардың саны 150 – ден астам. Әрине, олардың бәрі бірдей «қоғам» деген ұғымның мәні мен мазмұнын толық аша алмағанымен, бұл анықтамаларда ортақ сипатты белгілері бар.

    Мәселен, әлеуметтанудың негізін қалаушы француз ғалымы Огюст Конт қоғамды белгілі бір қызмет атқаратын, ынтымақтастық пен қоғамдық еңбек бөлінісіне негізделген жүйе деп тұжырымдай келе қоғамның негізін отбасы, таптар және мемлекет құрайды деген анықтама берді.

    Француз әлеуметтанушысы Эмиль Дюркгейм қоғамды коллективтік санаға негізделген, жеке индивидке қарағанда жоғары, бастапқылық сипаты бар рухани нақтылық деп түсіндіреді. Яғни, қоғамның тұтастығының негізі – коллективтік, жалпыға тән сана деген тұжырымды айтады.

     Көрнекті неміс ғалымы М. Вебер: «Қоғам – адамдардың бір – біріне ықпал, әсер етуінен туындайтын әлеуметтік байланыстардың жиынтығы» дейді.

     Американдық әлеуметтанушы Парсонстың пікірінше, қоғам – адамдар арасындағы қарым – қатынастардың жүйесі, ал, ол қарым – қатынастардың негізі – ережелер (нормалар) мен құндылықтар болып табылады деген.

     Ал, К. Маркс қоғамды адамдардың бірлесіп қызмет етулерінің нәтижесінде пайда болып, тарихи дамып отыратын қатынастардың жиынтығы ретінде түсіндіреді. Қоғам - әлеуметтік жүйе. Ал, әлеуметтік жүйе деп, негізгі элементтері адамдар арасындағы өзара байланыстар мен қарым – қатынастардан, өзара ықпалдасудан тұратын күрделі тұтастықты айтамыз.

     Әлеуметтік жүйедегі элементтердің (адамдардың) орналасуында белгілі бір тәртіп болады. Басқаша айтқанда, әлеуметтік жүйе элементтердің координациясы мен субординациясынан тұрады.

      Координация – жүйенің тұтастығын қамтамасыз ететін элементтер арасындағы белгілі бір келісім. Яғни, қоғам мүшелері бір – бірімен өзара келісімде өмір сүрулері қажет.

       Субординация – тұтас жүйедегі элементтердің тең емес, әркелкі маңызынан туындайтын билеу және тәуелді болу қатынастары. Бұл – қоғамда иерархия бар деген сөз. Ал, қоғамның қалыптасып, дамуында биліктің маңызды орын алатындығы баршамызға мәлім.

   Қоғамның құрылымы өте күрделі. Әлеуметтік құрылым дегеніміз, қоғамның ішкі құрамы, оның элементтерінің жиынтығы мен олардың арасындағы сан алуан байланыстар.

    Әлеуметтік құрылымның басты элементтері: а) өзара тығыз байланыста, қарым – қатынаста болатын индивидтер немесе адамдар жатады; ә) қоғам мүшелерінің бірігуі, топтасуы негізінде пайда болып, дамып отыратын әлеуметтік қоғамдастықтар және б) сол қоғамда қалыптасқан, белгілі бір функцияларды атқаратын әлеуметтік институттар жатады.

     Әлеуметтік қоғамдастықтар деп, белгілі бір ортақ белгілері бар, яғни мүдделері, құндылық бағдарлары, атқаратын қызмет, іс - әрекеттері ұқсас адамдар тобын айтамыз.

     Қоғамда адамдар қоғамдасуының сан алуан түрлері бар. Оларды дәлірек түсіну үшін төмендегі үш өлшем тұрғысынан жіктеуге болады.

I. Тұрақтылық дәрежесіне қарай:

1)қысқа мерзімді байланысқа негізделген, тұрақтылығы төмен қоғамдасулар, оларды квазитоптар деп те атайды.

Мәселен, бұл топқа театрдағы спектакль көрермендерін, поезд вагонындағы жолаушыларды, туристік топ немесе митингке қатысатын адамдарды жатқызуға болады. Бұл топтағы адамдар арасындағы байланыс әлсіз әрі кездейсоқтық сипаты басым болады.

2) тұрақтылығы орташа қоғамдастықтар (еңбек ұжымы, құрылыс бригадасы, студенттер тобы, т.б.);

3) тұрақтылығы жоғары қоғамдастықтар (ұлттар, таптар).

II.Көлеміне қарай: 1) үлкен әлеуметтік топтар немесе қоғамдастықтар (ұлттар, таптар, әлеуметтік жіктер, кәсіби бірлестіктер, т.б.); 2) орташа әлеуметтік топтар (бір аймақтың тұрғындары); 3) кіші қоғамдастықтар немесе топтар (отбасы, шағын ұжымның қызметкерлері, оқу топтары, т.б.). Бұл топтағы адамдар арасындағы қарым – қатынастар мен байланыстар барынша тығыз және олардың мақсат – мүдделері де жақын болады.

III. Мазмұнына қарай әлеуметтік қоғамдастықтар:

1)әлеуметтік – экономикалық (касталар, сословиелер, таптар); 2) әлеуметтік этникалық (ру, тайпа, ұлыстар, ұлттар); 3) әлеуметтік – демографиялық (жастар, қарт адамдар, балалар, ерлер, әйелдер, т.б.); 4) әлеуметтік – кәсіби (шахтерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, инженерлер, т.б.); 5) әлеуметтік – территориялық (аймақтың, облыстың, аудан, селоның тұрғындары) деп жіктеледі.

  Жоғарыда біз әлеуметтік құрылымның басты элементтеріне әлеуметтік институттар жатады дедік.

Әлеуметтік институттар – қоғам мүшелерінің бірлесіп өмір сүрулерін ұйымдастыру мен реттеп отырудың тарихи қалыптасқан тұрақты формалары. Әлеуметтік институттардың көмегімен адамдар арасындағы қарым – қатынастар белгілі бір тәртіп пен стандарттарға келтіріліп, олардың мінез – құлықтары мен іс - әрекеттері реттеліп отырады. Соның нәтижесінде тұтас қоғам өмірі дұрыс ұйымдастырылып, оның тұрақтылығы қамтамасыз етіледі. 

Әлеуметтік институттар қоғамның, адамдардың қажеттіліктерінен пайда болды. Мәселен, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету қажеттілігінен полиция (милиция) институты пайда болды. Қоғамда қызмет ету салаларына қарай әлеуметтік институттардың 4 тобын атап көрсетуге болады. Олардың әрқайсысы өздерінің функцияларын атқарады:

1) Экономикалық институттар экономиканың тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында шаруашылықты басқару мен ұйымдастыруды жүзеге асырады.

Мәселен, меншік қатынастары жеке тұлғалардың материалдық және басқа да құндылықтарға ие болуына және олардың пайда көзіне айналдыруына мүмкіндік берсе, ақша – тауар айырбасының жалпылама эквиваленті болып табылады.

Еңбек ақы – жұмысшының еңбегі үшін төленетін ақы.

2) Саяси институттар қоғамды билеу және басқару қызметтерін жүзеге асырып отырады.

3) Рухани саланың институттары ғылым мен білімнің өнердің дамуына және қоғамдағы моральдық құндылықтарды қолдауға ықпал етеді;

4) Отбасы институты - әлеуметтік жүйенің негізгі және маңызды саласы. Отбасы саналы азаматтың қалыптасуында басты рөл атқарады. Отбасының берекелі де берік болуы тұтас қоғамның тұрақты болуын қамтамасыз етеді.

Адамзат қоғамының пайда болуы, дамуы ұзақта күрделі процесс. Ғалымдардың пікірінше, алғашқы қоғамдар бұдан 40 – 50 мың жылдар бұрын пайда болған. Алғашқы қоғамдар адамдардың қандық – туыстық белгілері бойынша бірігулерінің нәтижесінде пайда болған еді. Бұл – құрылым жағынан бір тектес, яғни адамдар арасында әлі жікке, тапқа бөліну бола қоймаған қоғам. Қоғам мүшелері негізінен табиғаттың дайын өнімдерімен күн көретін. Олар аң аулаумен, өсімдіктердің жемістерін терумен айналысатын.

Қоғамның бұл аталған даму сатысын «алғашқы қауымдық қарапайым қоғам» деп атайды.

Келе – келе адамдардың шеберліктері артық, еңбек құралдары жетіле түсті. Адамдар енді тек дайын өніммен күнелтпей, өздері өнім өндіре бастады. Мал шаруашылығымен егіншілікке көшу – қоғамдық еңбек бөлінісінің пайда болуына ықпал етті. Адамдар енді көшпенділіктен отырықшылыққа көше бастады. Осылардың нәтижесінде қоғамда басы артық өнім пайда болып, қоғам мүшелерінің арасында мүлік теңсіздігінің орнауына әкелді. Ал, мұны өзі қоғамда бір – біріне қарама – қарсы таптардың шығуына басты себеп болды. Осылайша қоғамның даму барысы мен құрылымындағы өзгерістерге байланысты қоғамды басқарудың қажеттілігі, яғни мемлекетке деген қажеттілік келіп шықты.

Қоғам дамуының бұл сатысы «таптық, күрделі қоғам» деп жіктеуге болады. Ғылыми әдебиет беттерінде қоғамды жіктеудің басқа да өлшемдері кездеседі. Мәседен, жазба өнерінің пайда болуымен байланысты: а) жазбаға дейінгі және ә) жазбасы бар қоғам деп жіктеу кездеседі.

Сонымен қатар кейбір авторлар қоғамдағы демократиялық қатынастардың даму дәрежесіне қарай ашық және жабық қоғам; діни ұстанымдардың түрлеріне байланысты исламдық, православиелік, католиктік, т.б. қоғамдар деп те жіктейді.

Әлеуметтануы ғылымы қоғамдарды жіктеуде басты назарды әлеуметтік – экономикалық белгілерге аударды.

Біз бұл турасында маркстік, формациялық тұрғыдан жіктеудің мәніне көшейік. Маркістік теория бойынша қоғамның даму сатыларын анықтауда негізгі өлшемге өндіріс құрал – жабдықтарына меншіктің түрі мен қоғамның талаптық құрылымы алынады. Осы тұрғыдан талдай келе марксизм қоғам дамуын 5 тарихи сатыға жіктейді. Олардың басқаша 5 қоғамдық – экономикалық формациялар деп те атайды. Олар мыналар:

        а) алғашқы қауымдық қоғам;

        б) құл иеленушілік қоғамдық – экономикалық формация;

        в) капиталистік қоғамдық – экономикалық формация;

        г) коммунистік қоғамдық – экономикалық формация.

        Бұлардың үшеуі, яғни құлдық, феодалдық және капиталистік қоғамдық – экономикалық формациялар – таптық – антагонистік, қанауға негізделген, еңбек адамына жат қоғамдар ретінде сипатталады. Марксизм коммунистік қоғамға ерекше маңыз береді. Бұл - әділетті, еркіндік пен теңдікке негізделген, материалдық игіліктердің молшылығы қамтамасыз етілетін, тапсыз қоғам дейді.

       Алайда XX  ғасырдың басындағы әлемдік дамудың тәжірибесі коммунистік қоғам туралы маркстік ілімнің жарамсыздығын көрсетті.

       Кеңес Одағы мен социалистік лагерь елдерінің халықтары (олар әлем халқының 3/1 бөлігі) әкімшіл - әміршіл, тоталитарлық саяси тәртіптің үстемдік еткен қоғамында өмір сүрді. Бұл қоғамда әлеуметтік теңсіздік, адам құқығының шектелуі орын алады. Социалистік экономиканың тиімсіздігі дәлелденіп.

       Алайда капитализм мен нарықтық экономика жолындағы барлық қоғамдардың даму дәрежесі осындай деу қиын.

Ғалымдар капитализмді:

-          бастапқы капитализм;

-          бюрократиялық капитализм;

-          олигархиялық капитализм;

-          демократиялық капитализм

деп жіктеу қажет дейді. Әрине, егер түрлі елдердің даму дәрежелерін әлемдік ауқымда салыстырсақ, сөз жоқ, біз түрлі қоғамдардың әлеуметтік – экономикалық дамуы жағынан әркелкі заңдылықты байқаймыз.

       Бұл ретте XX ғ. 50 – 60 – жылдарында американдық әлеуметтанушылар Дениел Белл, Уолт Ростоу және француз әлеуметтанушысы Раймон Арон ұсынған қоғам дамуының «үш сатысы туралы теорияның» мәні зор.

      Аталған авторлар адамзат қоғамының дамуын әлемдік шеңберде үш кезеңге бөледі. Яғни, қоғамдар даму дәрежесіне қарай үш түрлі типке жіктеледі:

1)      индустриалдық сатыға дейінгі қоғамдар, оларды аграрлық немесе дәстүрлі қоғам деп те атайды;

2)      индустриалдық қоғамдар;

3)      постиндустриалдық қоғамдар.

        Бұл аталған қоғам сатыларының алғашқысы ең ұзаққа созылған саты болды. Қоғам өмірінде дәстүр мен діннің ықпалы күшті болған.

         Дін иелері мен феодалдар қоғамдағы мәртебесі жоғары әлеуметтік топтарды құрайды.

         Индустриалдық саты, шамамен, бұдан 250 жылдар бұрын қалыптасқан. Батыс елдерінде өнеркәсіп төңкерісінің нәтижесінде феодалдық «томаға тұйық» шаруашылық пен кішігірім шеберханалардың орнына заводтар мен фабрикалар, қол еңбегінің орнына машиналар келді. Қоғам мүшелерінің білім деңгейлері мен кәсіби шеберліктері де арта түсті, мұның өзі оқу орындарының ашылуына әкеледі. Сонымен қатар қоғамда әлеуметтік институттар пайда болып, олар өздерінің функцияларын атқара бастады.

        Қоғамның дамуы ғылыми – техникалық прогресс пен еркін кәсіпкерлікке, бәсекелестікке сүйенеді. Соның нәтижесінде «бизнесмендер» деп аталатын қоғамдағы жаңа және жетекші әлеуметтік топ пайда болды.

        Постиндустриалдық қоғамның қалыптасуы XX  ғасырдың соңғы ширегінен басталады. Қоғам дамуының бұл моделін басқа да атауларымен сипаттау кездеседі. Мәселен, Збигнев Бзежинскийдің – «технотрондық қоғам», Элвин Тоффлердің – «үшінші толқын», И. Масуданың – «ақпараттық қоғам» тәрізді т.б. атаулар кездеседі.

       Бұл қоғам сатысында экономиканың негізгі саласы – халыққа қызмет көрсету саласы болып есептеледі. Компьютерлер мен күрделі басқару жүйелерін енгізу жұмыс орнында көптеген процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді.

        Қоғам халқының 60 – 80 % - ын ауқатты, жан – жақты жетілген, жоғары табысы бар орта тап құрайды. Бұл – саяси жүйеде дамыған демократиялық қатынастар, яғни билік органдарын халықтың өзі сайлап, өзі бақылайтын қатынастардың орын алуы, жеке тұлғаның бостандығы мен құқықтарына толық кепілдік берілетін қоғам.

        Әрине, әлем елдерінің тек аз бөлігі ғана постиндустриалдық даму сатысына қол жеткізді. Көптеген елдер бұндай сатыға қол жеткізуді мақсат етіп, ұмтылыс жасауда.

        Қоғам бір орында тұрмайды, оған үнемі ілгерілеп даму, бір күйден екінші бір күйге ауысып отыруы тән.  

   



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет