Умкд 042-18-35 63/01-20 Редакция №2



Дата22.06.2016
өлшемі489 Kb.
#153715

УМКД 042-18-35.1.63/01-20__

Редакция № 2

от 16.06.2014 ж.



стр. из 59




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы СемЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

СМЖ 3 дәрежелі

құжаты


ПОӘК

ПОӘК 042 – 18-35.1.63/01-

20__



ПОӘК

Оқу-әдістемелік материалдар

«Кәсіби бағытталған қазақ тілі»

Баспа № 1 күні _____





ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
«Кәсіби бағытталған қазақ тілі»
Мамандық үшін 5В011300 – «Биология»
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ

Семей


2014

Мазмұны
1. Глоссарий

2. Практикалық сабақтар

3. Білім алушылардың өздік жұмыстары

ГЛОССАРИЙ

Балдырлар — жасушаларында хлорофиллдары бар, өз бетінше органикалық заттар жасап шығара алатын төменгі сатыдағы өсімдіктер тобы. Теңіз, көл, өзендерде, ағынсыз суда өседі. Олардың клеткалық құрылымы болмайды, бір клеткалы, колониялы, көп клеткалы түрлері бар.

Жабық тұқымдылар немесе Гүлділер бөлімі. Жабық тұқымды өсімдіктердің басты ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы. Бұлapдың aшық тұқымдылapдaн aйыpмaшылығы – тұқым бүpшiгi жaтын iшiнде жетiледi.

Жалаңаш тұқымдылар – тұқым мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде жалаңаш (ашық) жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардікіндей аналық керегемен қапталмайды. Сонымен қатар жалаңаш тұқымдыларда гүл серігі болмайды.

Жоғарғы сатыдағы өсімдіктер - күрделі дифференциалданған көпжасушалы ағза - жер көлемінде өсуге бейімделген. Патшалық асты патшасына жататын өсімдіктер - 300 мыңнан астам көбінесе құрғақ жерлерде өседі.

Қыналар - денесі екі құрамбөліктен (балтыр және саңырауқұлақ) құралған, селбесіп тіршілік ететін ағзалар тобы. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен көлемі – алуан түрлі. Сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі: қабықты (қаспақты), жапырақты, бұталы қына.

Мүктер - жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер, қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен шалғындықта өсетін аласа өсімдік. Құрылысы қарапайым: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырағы мен сабағы ғана бар. Анатомиялық жағынан олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген.

Өсімдіктер - тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі. Құрлықтың барлық жерінде өседі, суда кездесетін түрлері де бар.

Папоротник — палеозой дәуірінде өскен риниофиттер мен жалаңаш тұқымдылар аралығындағы жоғары сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Папортник тәрізділердің қысқа сабағы, жалпақ, қауырсынды жапырақтары және тамыры болады. Олар көбіне көлеңкелі, ылғалды ормандарда және дымқыл жыраларда өседі.

Плаундар — плаунтәрізділер класына жататын мәңгі жасыл шөптесін өсімдіктер. Көпшілік түрлері Солтүстік жарты шарда кездеседі. Қазақстанда орманды жерлер мен қара топырақты аймақтардағы шоқ ормандарда, қылқан жапырақты ормандарда өсетін 5 түрі бар.

Төменгі сатыдағы өсімдіктер – дене құрылысы талломды (қаттамалы) өсімдіктер. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге 20 ғасырдың ортасына дейін жоғары сатыдағы өсімдіктер мен жануарлардан басқа бактерияларды, миксомицеттерді, саңырауқұлақтарды, балдырлар мен қыналарды жатқызып келді. Соңғы жүйеленім бойынша Төменгі сатыдағы өсімдіктерге тек балдырларды жатқызады. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің вегетативті денесі тамырға, сабаққа, жапыраққа бөлінбеген.

2. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР


Практикалық сабақ №1.

Биология тірі ағзалар туралы ғылым

1.Биология–тірі ағзаларды зерттейтін көп салалы ғылым


2.Қазақстандық және шетелдік биолог ғалымдар
3.Өсімдіктер мен жануарларды қорғау
Проблемалық сұрақтар беру: Биология ғылымының қалыптасуына не себеп болды? Оның қандай салаларын білесіңдер?
Адамдар ертеден-ақ тіршілік әрекетінің табиғатпен, тірі ағзалармен тығыз байланысты екенін жақсы түсінген. Табиғатта қандай өсімдіктер, жануарлар бар, олардың құрылысы, тіршілігі қандай екенін білуге ұмтылған. Пайдалыларын сақтап, көбейтуге, зияндыларының санын азайтуға тырысқан. Осылайша тірі ағзалар туралы адамның білімі молайып, биология ғылымы қалыптасты.
Биология (грекше: «биос» - тіршілік, «логос» - ғылым) – тірі ағзалар туралы көп салалы ғылым.
Кез келген адам өзінің туған жерінде кең таралған тірі ағзалар, олардың тіршілігі жайлы білуі керек. Сонда ғана адам табиғат қорғау ісіне белсенді қатысады. Туған жеріне, табиғатына зор пайда келтіреді.
1920-1930 жылдары «Өсімдіктану» оқулығын Ж.Күдерин жазды. Биология ғылымдарының докторы, академик Н.И.Павлов Қазақстан Республикасының өсімдіктерін зерттеді. Өсімдіктің жаңа 130 түрін ашты. Өсімдіктер туралы «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабын» В.П.Голоскоков, М.С.Байтенов жазған, А.Ы.Жандеркин, Б.М.Мусин, К.Мыңбаев, Қ.Дүйсембин және т.б. ғалымдар биология ғылымына көп еңбек сіңірді.
Х.Досмұхамедов «Жануарлар» оқулығын жазды. А.Бекенов, В.А.Грачев, М.И.Исмагилов, А.Ф.Ковшарь, А.А.Слудский, К.Ысқақова және басқа ғалымдар еліміздің жануарлар әлемін зерттеді. Қазақстандағы жануарлардың зерттелуі, биологиясы, арнайы шаралар қолданылып қорғауға алынуы тиіс түрлер туралы еңбектер жазды. Сиреп кеткен және жойылып кету қаупі бар жануарлар мен өсімдіктерді тіркеп, сипаттау «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының» жарыққа шығуына негіз болды.
Елімізде молекулалық биология, биохимия, генетика, т.б. ғылым салаларынан жүргізілген зерттеулердің мәні зор. Ауыл шаруашылығы дақылдарының, жаңа іріктемелері мен малдың асыл тұқымдарын шығаруда зор көмегін тигізеді. Осы салады еңбек еткен, еңбектеніп жүрген ғалымдар көп. Ғылымда аты жарық етіп шыққан академик М.Ә.Айтхожинның, академиктер Т.Б.Дарханбаев, М.Ә.Ермеков, К.У.Медеубеков сияқты ғұламалардың еңбектерін біліп, мақтан тұтуға әбден лайық.
Биология ғылымын дамытуға шетелдік ғалымдар С.Г.Навашин (өсімдіктің ұрықтаныуын ашқан), К.А.Тимирязев (фотосинтезде хлорофилдің рөлін алғаш сипаттаған), т.б. атауға болады.
Өсімдіктер мен жануарларды қорғау. «Қызыл кітап». Қорықтар мен қорықшалар.
Жүздеген жылдар бойы шаруашылық мақсаттар үшін ағаштарды кесуге, құстарды, сүтқоректілерді, балықтарды жыртқыштықпен аулауға шек қойылмады. Мұндай жағдай жер бетіндегі өсімдіктер түлерін, кәсіптік жануарлар санын күрт азайтты. Кейбір түрлер мүлдем жойылып кетті.
Халқымыз ежелден-ақ өсімдіктер мен жануарлардың табиғаттағы, адам өміріндегі қадір-қасиетін, маңызын жақсы білген. Жас ұрпақтың көкейіне құйып, оларды сақтап, қорғауға баулып, тәрбиелеген.
«Ер – елдің көркі, орман-тоғай жердің көркі», «Бір тал кессең, он тал ек», «Дәрі шөптен шығады, дана – көптен шығады», «Қорада малың болсын, көшенде талың болсын», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Дала көркі – мал, өзен көркі – тал», «Мал өсірсең – қой өсір, өнімі оның көл-көсір» деген сияқты мақал-мәтелдер бұған толық дәлел.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасында бидай масағы мен қанаттанған пырақ бейнеленген. Бұл – туған жерімізге деген терең сүйіспеншілік. Өсімдіктер мен жануарлар әлемін қадірлеп құрметтеуден туындаған.
Халқымыздың өз ұрпағын, табиғатты аялап, сақтауға тәрбиелейтін алуан түрлі өсиеттері бар. Солардың бірі – тыйым салынатын сөздер: «Көк шөпті жұлма, таптама», «Көктемде жан-жануарларға тиіспе», «Үйге кірген жыланға ақ құйып шығар», «Құс ұясын бұзба» және т.б.
«Қызыл кітап» сирек кездесетін және жойылып кету қауіпі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда «Қызыл кітап» тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылымы 1991 жылы, үшінші басылымы 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың 16, қосмекенділердің 3, жорғалаушылардың 10, құстардың 56, сүтқоректілердің 40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған Қазақстанның «Қызыл кітабы» 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта өсімдіктердің 303 түрі сипатталған.
Елімізде өсімдіктері мен жануарлары арнай қорғалатын тұтас табиғи аймақтар – қорықтар ұйымдастырылған:
Бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарлардың жекелеген түрлерін қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарқаралы, Қатонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған. Табиғат қазынасы сарқылмас қор емес. Адам игілігіне пайдалану, қайта қалпына келтіру ісі адамның қамқорлығының арқасында жүзеге асады.
Биология ғылымы нені зерттейді?

Оның дамуы кімдердің есімімен байланысты?


Оның қандай салалры бар?
Өсімдіктер мен жануарларды қорғауда қандай шаралар қолданылады?

Практикалық сабақ №2.

Начало формы

Конец формы

Начало формы

Микроскоптың құрылысымен танысу. Микроскоптың құрылысы:


  • оптикалық, механикалық, жарық қабылдайтын бөліктерден тұрады.

  • Оптикалық бөліміне окуляр және объектив жатады. Бұлар микроскоптың ең басты бөлімі болып табылады және күрделі линзалар жүйелерінен құралған. Окуляр дегеніміз зерттеушінің көзіне бағытталған үлкейтіп көрсететін бірнеше линза. Окуляр 5,7,10,15 есе үлкейтіп көрсетеді. Объектив дегеніміз объектіге немесе зерттейтін затқа бағытталған линзалар жүйесі. Объектив 8,20,40,90 есе үлкейтіп көрсетеді. Микроскоптың жалпы неше есе үлкейтіп көрсеткен көрсеткіштерін өзара көбейту қажет.

  • Микроскоптың механикалық бөлімі оптикалық және жарық бөлімдерін байланыстырып тұрады. Механикалық бөлімдеріне штатив, тубус, макровинт, препарат қоятын орындық, револьвер, конденсор винті жатады.

  • Микроскоптың жарық қабылдайтын бөлімдеріне айна мен конденсор жатады. Айна микроскоп штативінің төменгі тұсындла орналасқан. Ол жарық сәулелерін зерттейтін объектіге бағыттайды. Айна бір жағы ойыс, екінші жағы тегіс болады. Конденсор айнадан түсетін жарықты шоғырландырып, зерттейтін затқа түсіреді.

2. Микроскоппен жұмыс істеу ережелері:

Микроскопты ыңғайлап, сол жаққа қойыңыз. Айнаның ойыс жағын жарық түсетін жаққа бағыттаңдар. Револьверді айналдырып, 8 есе үлкейтіп көрсететін объективке /кіші/ қойыңыздар. Кіші объектив пен препарат орналасатын орындықтың аралығы 1-1,5 см болуы керек. Айнаны ептеп қозғап біркелкі түсетін жарықты табыңыздар. Препараттың кішкентай шынысын жоғары бағыттап орналастырып, микроскоппен қараңыздар. Макровинтпен тубусты жоғары немесе төмен түсіріп, препараттың біркелкі боялғанын көресіздер, жақсы және ашық көрінетін тұсына қойыңыздар. Фокусын өзгертпей кіші объективтен, үлкен объективке көшіріңіздер. Микровинтті ақырын бұрап, препараттың өте анық көрінетін тұсын табыңыздар. Препаратты ақырын қолмен жылжытуға болады. Препаратты зерттеп болған соң үлкен объективтен кіші объективке көшіріңіздер. Микроскоппен жұмыс істеп болғаннан соң оны салфеткамен жауып қойыңыздар. 





МБР -  микроскобының құрылысы

1 – дөрекі фокустайтын бұранда; 2 - ұстайтын мойны; 3 - окуляр; 4 - бинокулярлы тубус; 5 - револьвер; 6 – объектив; 7 - заттық үстел;  8 – препаратты жылжытқыш; конденсор; 10 – айна; 11 – штатив негізі; 12 – нақты фокустайтын бұранда.

Конец формы

Начало формы

Микроскоп (грек. mіkros – ұсақ және skopeo – көремін) – жай көзге көрінбейтін нысандардың (немесе олардың құрылымдық бөліктерінің) бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын оптикалық прибор. Микроскоп бактериялар, органикалық клеткалар, майда кристалдар, қорытпалардың құрылымы, т.б. өлшемдері көздің көру мүмкіндігінен аз (ажыратқыш шамасы 0,1 мм-ге тең) нысандарды зерттеуге арналған. Микронысандардың пішінін, өлшемін, құрылымын, т.б. сипаттамаларын анықтауға, элементтерінің ара қашықтығы 0,2 мкм-ге дейінгі құрылымдарды ажыратып көруге мүмкіндік береді. Линзаның немесе екі линзадан тұратын жүйенің заттардың үлкейтілген кескінін беретін қасиеттері 16 ғасырдың өзінде белгілі болған. Микроскопты алғаш рет ғылыми - зерттеу жұмыстарына қолдану ісі жануарлар тіні мен өсімдік ұлпаларының клеткалық құрылысын анықтаған (1665) ағылшын ғалымы Р.Гук және Микроскоптың жәрдемімен микроорганизмдерді ашқан (1673 – 77) голланд ғалымы А.Левенгук есімдерімен байланысты. 1872 – 73 жылы неміс ғалымы Э.Аббе жасаған Микроскопта өздігінен сәуле шығармайтын нысандар кескінінің түзілу теориясы әр түрлі микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.

Практикалық сабақ №3.

Жасуша құрылысы

Начало формы


         Жасуша организмнің қандай бөлігі болып табылады?

     Жасушаны қандай ғылым зерттейді?

     Жасушаның ашылу тарихы туралы не білеміз?

     Жасуша теориясының негізін қалаған  қай ғалымдар?  

Жұмыс парағындағы тапсырманы орындайды. Төмендегі сөздерді мән-мағынасына қарай екі бағанға орналастыру: 1.Митохондрия, 2. Вакуоль, 3. Нәруыз,  4. Липидтер,5. Майлар, 6. Пластидтер,7. Лизосома, 8. Рибосома,9. Тұздар,10. Ядро, 11.Эндоплазмалық тор,12.Глюкоза ,13. Гольджи жиынтығы,14. Су;( интерактивті тақтада тапсырманы бір студент орындап, интерактивті қаламның  көмегімен сөздерді орналастырады да, әр бағанға тақырып қойып, бүгінгі сабақтың тақырыбы анықтайды)

3.2.  Жасушаның құрылысы көрсетілген сурет бойынша интерактивті тапсырма беріледі.  Бірінші тапсырмадағы  органоидтерді  жасуша құрылысы бар суретке, сандар бойынша (жұмыс парағында) орналастыру қажет. (бір студент интерактивті тақтада жасуша құрылысының  органоидтері  жазылған сөздерді сәйкес сандарға апарып, орналастырады)

3.3. Интерактивті тапсырма арқылы жасушадағы мембраналы және мембранасыз органоидтерді топтастырып алу. Студент  жұмыс парағындағы сызба-нұсқаны орындайды.

 

 



(бір оқушы интерактивті тақтада жасуша органоидтері  жазылған сөздерді сызба-нұсқаға орналастырады) Митохондрия, хлоропласт және ядро ерекше түспен жазылады да, мұғалім студенттерден олардың ерекше түспен боялып тұру себебін сұрайды. Бұл органоидтер қос мембраналы екені анықталады.  

3.4. Жасуша органоидтері мен қызметтерін сәйкестендіру тапсырмасы.



1. Митохондрия

А. Заттарды қорытатын органоид

2. Жасуша орталығы

Б. Нәруыз биосинтезі жүреді

3. Лизосома

С. Тұқым қуалайтын ақпарат сақталады

4. Рибосома

Д. Жасушаның бөлінуіне қатысады

5. Гольджи жиынтығы

Е. Энергия түзіледі, жиналады

6. Ядро

Ж. Лизосоманы түзеді

 ( барлық студенттер ақпараттық жұмыс парағында орындайды,ал бір студент интерактивті тақтада  екі бағанды байланыстырады)

4. Шағын танымдық-ізденушілік жұмыстар.Салыстыру, талдау, қорытынды.

4.1.  Митохондрия мен хлоропласт құрылысын салыстырып, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын  анықтау қажет. 



Митохондрия ерекшелігі




 


 

 

 

(Студенттер бұл тапсырманы,  органоидтердің құрылысы бар, суреттер көмегімен орындайды , талдайды және қорытындылайды)

4.2. Эукариотты және прокариотты жасушаларды салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.



(Студенттер бұл тапсырманы,  бактерия  мен жануар немесе өсімдік жасушасы бар  суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)

4.3. Өсімдік және жануар жасушасының құрылысын салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету. Студенттер  бұл тапсырманы,  жануар және  өсімдік жасушасы бар  суреттер көмегімен салыстырып , талдайды және қорытындылайды)

Қорытынды: Жасушалардың ұқсастығы құрылыс бірлігінде, ал айырмашылығы  жасушалардың эволюциясы туралы айтады.

Практикалық сабақ №4.

Өсімдіктер бөлімі
Қыналар бөлімі Қыналар бөлімі. Қыналар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Бұлар – балдырлар мен саңырауқұлақтардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Қыналардың морфологиялық құрылысы мен көлемі – алуан түрлі. Сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі: қабықты (қаспақты), жапырақты, бұталы қына.қыналардың құрамына кіретін балдырлардың көпшілігі жасыл және көк-жасыл балдырлар. Қыналардың құрамына кіретін саңырауқұлақтардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер мен дискомицеттер. Тек тропикте өсетін он шақты қыналар түрлерінде ғана базидиомицеттердің ішіндегі телефора туысы қатысады. Қыналардың анатомиялық құрылысы – гомеомерлі және гетеромерлі деп екіге бөлінеді. Қыналар әр түрлі жолмен көбейеді. Олардағы балдыр клеткалары жай екіге бөліну немесе қозғалмайтын автоспоралар түзу арқылы көбейеді. Қыналардың құрамындағы саңырауқұлақтар өздеріне сай спора құратын орган түзеді. Қыналар қабаттардың үзіліп түсуі, сонымен қатар соредий және изидий деп аталатын ерекше органы арқылы вегетативтік жолмен көбейеді. Бұндай көбею эволюция процесінің нәтижесінде кейін пайда болған. Қыналардың классификациясының негізіне саңырауқұлақтың жемісті денесі алынады. Қазақстандағы таралуы, экологиясы, практикалық маңызы. өкілдері: эверния, уснея, пармелия, ксантория, кладония.

Мүк тәрізділер бөлімі жоғары споралыларға немесе архегонийлерге жататын өсімдіктер. Қылқанды жапырақты дымқыл ормандар мен шалғындықта өсетін аласа өсімдік. Құрылысы қарапайым: тамыр болмайды, көпшілігінің денесінде жапырағы мен сабағы ғана бар. Анатомиялық жағынан олардың денесі белгілі ұлпаларға жіктелмеген. Денесінің вегетативтік бөлімдерінің ұшында көптеген жыныс мүшелері (антеридий, архегоний) дамып жетіледі. Мүктердің ұрықтануы тек сулы ортада ғана жүзеге асады. Мүктердің жыныс мүшесі орналасқан вегетативтік денесі мүктің жынысты ұрпағы, ол гаметафит деп аталады, ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан спорогон (спорогоний) дамып жетіледі. Спорогон мүктің жыныссыз ұрпағы болады да, ол спорофит деп аталады. Мүктердің дамуында екі ұрпақ дұрыс ауысып отырады да, бұлардың басым болып келетіні жынысты ұрпағы – гаметофит, ал жыныссыз ұрпағы-спорофит бірнеше күн өсіп тұрады да, гаметофитке мүлде тәуелді болады. Бауыр мүктер класы. Маршанциялар қатары. Талломдарының ерекшеліктері. Жапырақ сабақты мүктер немесе мүктер класы (Musci, Bryopsida). Сфагнум мүктер қатары. Сфагнум туысы. Экологиясы, таралуы, маңызы. Жасыл мүктер қатары. Жасыл мүктердің алуан түрлілігі. Өкілдері: көкек зығыры, фунария, дикранум. Псилофиттер, плаун тәрізділер бөлімдері. Псилофиттер бөлімі. Риниофиттғердің тіршілік еткен уақыты. Риниофиттер жоғары сатыдағы өсімдіктердің қарапайым және ең көне тобы. өкілдері: риния, хорнеофитон. Плаун тәрізділер бөлімі. Спорофиттік мүшелері – тамыры, сабағы және спираль жиі орналасқан жасыл жапырақтары болады. әртүрлі споралылық. Плаундар қатары. Түйреуіш тәрізді плаун тең споралы плаун. Селагинеллалар қатары. әр түрлді споралы өкілі селагинелла. Полушниктер қатары. Спорофитінің құрылысы. Плаун тәрізділердің шығу тегі және эволюциясының негізгі бағыттары. Қырық буындылар, папортник тәрізділер бөлімдері


Қырық буындылар немесе бунақтылар бөлімі. Қырық буын сабағының буын аралығы қамыстікі сияқты қуыс болады. Сабағы буын және буын аралықтарынан тұрады. Спорангийлері спорангоифорларда болады,бұл спорофилдерге гомологты болып табылады. Спорангийлерде споралар дамып жетіледі. Қырық буындылар қатары. өкілі дала жылбұрыны немесе дала қырық буыны. Папортник тәрізділер бөлімі немесе полиподиофиттер. Папортник тәрізділер – жоғары сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көне тобы. Олар көбіне көлеңкелі, ылғалды ормандарда және дымқыл жыраларда өседі.
Папортник тәрізділердің қысқа сабағы, жалпақ, қауырсынды жапырақтары және тамыры болады. Тең споралы және әр түрлі споралы болып бөлінеді. Ужовниктер класы. Ужовник және гроздовник құрылысының ерекшеліктері, қарапайым белгілері. Нағыз папортниктер класы. Полиподиидтер қатары. Тіршілік формалары. Сорустар мен спорангийлер құрылысы және орналасуының әр түрлілігі. Өскіншелер құрылысы. Өкілдері: аталық папортник, орляк т.б. Сальвиниялықтар қатары.Сальвиния туысы. Споракарпийлер, спорангийлер. Микро және мегаспоралардың өсуі. Өскіншелер құрылысының ерекшеліктері. Ұрықтану. Ұрықтың дамуы. Папортник тәрізділердің шығу тегі, эволюциясының негізгі бағыттары. Тең споралылықтан әр түрлі споралыққа өтудің биологиялық маңызы.
Практикалық сабақ №5.

Өсімдіктер бөлімі

Жалаңаш тұқымдылар бөлімі. Жалаңаш тұқымдылар – тұқым мен тұқым бүрі жеміс жапырақшасының үстінде жалаңаш (ашық) жататын жоғары сатыдағы өсімдіктердің түрлерінің тұқым мен тұқым бүрі жабық тұқымдылардікіндей аналық керегемен қапталмайды. Сонымен қатар жалаңаш тұқымдыларда гүл серігі болмайды. Саговниктер класы. Тұқымды папортниктер қатары. Папортниктерге ұқсас белгілері және өзгеше ерекшеліктері. Тұқымды папортниктердің тіршілік еткен уақыты. Саговниктер қатары. Саговниктер тұқымдасы, туысы, оның таралуы. Стробилдер мен спорофилдердің құрылысы. Беннетиттер қатары. Стробилдерінің құрылысының варианттары. Тұқымының құрылысының ерекшелігі. Гинкголықтар класы. Гинкго туысы. Микро мен мегастробилдер. Тұқым бүрінің құрылысы. Ұрықтану. Гинкго – реликт өсімдік.Қылқан жапырақтылар немесе бүрлілер класы. Кордаиттар класы. Қарағайлар тұқымдасы. өкілдері: қарағай, шырша, бал қарағай, самырсын. Кипаристер тұқымдасы. Қабыршақ тұқымдылар класы немесе Гнеттықтар класы. Гнеттықтар қатары.

Жабық тұқымдылар немесе Гүлділер бөлімі Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктер. Жабық тұқымды өсімдіктердің басты ерекшелігі – гүлінің, жемісінің болуы, гүлінде аналықтың болуы. Спорофиттегі споралар түрі өзгерген өркен – гүлдерде пайда болады. Микроспоралар тозаңқаптағы тозаң ұясында, ал мегаспоралар аналық түйініндегі тұқым бүрінде дамып жетіледі.споралар спорангий ішіндегі гаметофиттерде өсе бастайды. Аталық гаметофит-тозаң – екі клеткадан, ал аналық гаметофит-ұрық қалтасы – сегіз клеткадан тұрады. Жынысты көбеюдің нәтижесінде тұқымбүрінен эндоспермді тұқым, оның хромосомы триплоидты болып келеді. Ал аналық түйіннен және гүлдің басқа бөліктерінен – жеміс пайда болады. Жабық тұқымды өсімдіктердің тіршілік түрлері – ағаш, лианалар, бұталар, шөптесін (көп, екі және бір жылдық) болып бөлінеді. Жабық тұқымдылар екі класқа бөлінеді: дара және қос жарнақты өсімдіктер болып. Гүл, оның шығу тегі. Тозаңдану. Ұрық қалтасының құрылысы. Қосарынан ұрықтану. Жеміс, оның биологиялық маңызы. Жабық тұқымдылардың шығу орны, пайда болған уақыты. Гүлді өсімдіктердің әр алуандығы. Қос жарнақтылар класына жалпы сипаттама. Эволюциясының негізгі бағыттары. Жабық тұқымдылардың классификациясы.

Практикалық сабақ №6.

Фотосинтез

Фотосинтез (Фото...  және синтез) – жоғары сатыдағы  жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі.

Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғ-ң 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. 20 ғ-ң басында фотосинтездің физиологиясы мен экологиясына арналған маңызды зерттеулер жүргізіледі (В.В.Сапожников, С.П.Костычев, В.Н.Любименко, А.А.Ничипорович т.б.). 20 ғ-ң орта кезінен бастап фотосинтезді зерттеуде жаңа әдістер (газ анализі,радиоизотопты әдіс спектроскопмя. Электрондық микроскоп т.б.) дамыды.

Жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктер, балдырлар (көп клеткалы жасыл, қоңыр, қызыл, сондай-ақ бір клеткалы эвглена, динофлагеллят, диатом балдырлар) фотосинтезінде сутек доноры және шығарылатын оттек көзі су, ал сутек атомның негізгі акцепторы және көміртек көзі – көмірқышқыл газ. Фотосинтезге тек СО2  мен Н2О пайдаланылса углевод түзіледі. Фотосинтез процесіне өсімдік углевод түзумен қатар құрамында азоты және күкірті бар  аминқышқылдарын, белок, молекуласы құрамында азот болатын хлорофилл де түзеді. Бұл жағдайда көмірқышқыл газбен қатар сутек атомының акцепторы және азот, күкірт көзі нитрат және сульфат болады. Фотосинтездеуші бактериялар молекула оттекті пайдаланбайды, оны бөліп шығармайды (бұлардың көбі анаэробтар). Бұл бактериялар су орнына донор ретінде электрондарды не органикалық емес қосылыстарды (күкіртті сутек, тиосульфат, газ тәрізді сутекті) немесе органикалық заттарды (сүт қышқылы, изопропил спиртін) пайдаланады.

Фотосинтез аппаратының негізі – клетка ішіндегі органелла-хлоропластар (көк жапырақ клеткасында 20-100 болады). Балдырлардың көпшілігінде фотосинтездік аппарат – клетка ішіндегі арнайы органелла-хроматофорлар, ал фотосинтездеуші бактериялар мен көк-жасыл балдырларда тилакоидтер. өсімдік фотосинтез процесінің негізі – тотығу-тотықсыздану. Мұнда квант энергиясы әсерінен 4 электрон мен протон су дәрежесінен (оның тотығуы) углевод дәрежесіне дейін көтеріледі. (СО2-ның тотықсыздануы). Сөйтіп углеводтар фотосинтезі былай өтеді:  СО2+Н2О     С(Н2О)+О2+120 ккал/моль яғни СО2-ның бір молекуласының углевод дәрежесіне дейін тотықсыздануының бос энергиясы 120 ккал/моль болады. Демек, өсімдік фотосинтезі кезінде кем дегенде 3 квант («қызыл» кванттар энергиясы 40 ккал/моль) сіңірілуі қажет. әр түрлі жағдайда жасалған тәжірибе СО2-ның әр молекуласының тотықсыздануына 8–10 квант қажет екенін көрсетті. Көмірқышқыл газ да, су да, жарықты тікелей сіңірмейді, бұл қосылыстардың квантпен байланысқа түсуін хлоропласт не хроматофор структурасындағы хлорофилл а қамтамасыз етеді. Фотосинтездің биосферадағы маңызы да үлкен. Жер жүзіндеге, мысалы, көміртек, суттек, оттек, сондай-ақ N, S, P, Mg, Ca т.б. элементтер айналымы процесіне қатысы бар. Жер қалыптасқаннан бері фотосинтез нәтижесінде маңызды элементтер мен заттар бірнеше мың рет толық цикл айналымынан өткен. өсімдік өнімін арттырудың бір жолы - өсімдіктің фотосинтездік әрекетін үдету. Бұл үшін жапырақ көлемін үлкейту, жапырақ тіршілігін ұзарту, егістіктегі өсімдік жиілігін реттеу керек. СО2, ауа, су, топырақтағы қоректік элементтер жеткілікті болуы қажет. Фотосинтез аппаратының активтілігі жапырақтың анатомиялық құрылысына, фермент жүйесі активтілігіне, көміртек метабализмі типіне байланысты болады. өсімдік селекциясының, яғни СО2 ассимиляциясы тез жүретін өсімдік сорттарын шығарудыңда үлкен маңызы бар.
Практикалық сабақ №7.

Жануарлар
Начало формы

Жануарлар – тірі организмдер дүниесіндегі негізгі екі топтың бірі (екіншісі – өсімдіктер); жүруге және сезінуге бейім тіршілік иесі; негізінен, дайын органикалық қосылыстармен қоректенетін гетеротрофты организмдер. Жануарлар құрылысына қарай бір клеткалы организмдер және көп клеткалылар болып екі топқа бөлінеді. Жер бетінде жануарлар прокариоттар (ядросыз организмдер), балдырлар, саңырауқұлақтардан кейін пайда болған. Палеонтологиялық зерттеулерге қарағанда олардың жасы – 0, 8 млрд. жылдан аспайды (1998). Жануарлардың дамуы да қоршаған ортаның эволюциялық дамуына сәйкес қалыптасқан. Эволюциялық өзгерістер сыртқы ортаның өзгерісіне организмдердің бейімделуімен ұштасады. Мысалы, құрлық жануарларының арғы тегі су жануарлары болып саналады. Ал қоршаған ортаға бейімделе алмаған құрлық жануарлары бұрынғы тіршілік ортасында қалып қойған. Жануарлардың қазба қалдықтарын зерттеу нәтижесі қарапайым организмдердің архей эрасында мұхиттарда бұдан 1 – 1, 5 млрд. жыл бұрын клеткаформасында хлорофилсіз амеба тәрізді талшықтылар түрінде пайда болған деп жорамалдауға мүмкіндік береді. Протерозой эрасында тіршілік еткен жануарлар қалдықтарынан радиоляриялар, фораминифералардың іздері, губкалардың қаңқалары, буылтық құрттардың түтікшелері, моллюскілердің бақалшақтары, тіпті буынаяқтылардың да қалдықтары табылған. Жануарларда ас қорыту, қан айналу, жүйке жүйесі, сезім және жыныс]органдары, тыныс алу, зәр шығару жүйесі жақсы жетілген. Дүние жүзінде жануарлардың 1, 6млн - дай түрі, 17 типі бар. Жануарлардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы өте зор: көпшілігі пайдалы болып табылады. Азық - түлік, әр түрлі өнеркәсіп шикізатын: ет, май, сүт, тері, жүн, бал, жібек, мүйіз, бақалшақ, т. б. береді. Сондай - ақ, олар – ауыл шаруашылық дақылдарының тозаңдатушылары, топырақ түзушілері, басқа жануарларға азық қорлары, органикалық заттардың ыдыратушылары болып табылады. Жануарлардың өнімділігін арттыруды, тиімді пайдалануды және табиғаттағы қорын сақтауды зоология ғылымы мен оның салалары зерттейді.


Жануарлардың бағдарлануы
Жануарлардың кеңістіктегі тіршілік ету қабілеттілігі; белгілі бір экологиялық жағдайға бейімділігі. Бағдарланудың бірнеше түрі бар: 1) оптикалық – көптеген жәндіктердің полярланған жарық немесе ультракүлгін сәуле арқылы бағдарлануы; 2) химиялық – кейбір жануарлардың қорегін, жұбын иіс арқылы дәл табуы (мысалы, жібек көбелегінің аталығы 10 км жерден аналығын иіс арқылы сезеді); 3) акустикалық – жыртқыш жануарлардың өз қорегін есту арқылы ұстауы (мысалы, жапалақ кеміргіштерді 15 – 20м - ден сыбдыры арқылы біледі); 4) терморецепция – жылу арқылы бағдарлану (мысалы, айдаhарлар мен қалқантұмсықты жыланның тұмсығында жылуды сезетін шұңқыры болады). Көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыздар (мысалы, планария), жәндіктер (шыбын, қоңыз, термиттер), сондай - ақ, құстар және кейбір суда тіршілік ететін сүтқоректілер Жердің магниттік өрісі, ал балықтар бүйір сызығы арқылы бағдарланады.

Жануарлардың бағдарлану ерекшелігін, оны атқаратын органдардың құрылысын зерттеп танудың ғылым үшін маңызы зор.


Жануарлардың дауысы
Бір түрге, кейде әр түрге жататын жануарлардың өзара бірін - бірі ажырату және түрлі сезімін білдіру үшін шығаратын дыбыстары. Бұл көптеген жәндіктерге, балықтарға, құйрықсыз қосмекенділерге (құрбақа, бақа), кейбір бауырымен жорғалаушыларға (жармасқылар, хамелеондар, қолтырауындар) және барлық құстар мен сүтқоректілерге тән. Жануарлардың дыбыс диапазоны 20Гц – 20кГц аралығында және ол тек дыбыс аппараты арқылы ғана пайда болатын дыбыс (шаян тәрізділерде, жәндіктерде) емес, балықтың торсылдағымен, жүзу қанатымен, құстың құйрық қауырсынымен, қанатымен, тұмсығымен (қарабауыр бұлдырық, дегелек), аяғындағы не қанатындағы арнайы аппараттарымен (түзу қанатты жәндіктер) шығаратын дыбыстары да болады. Жануарлардың сайрау, қорқу, айбат шегу, ашыққан, сескенген, жұптасу кезінде шығаратын әр түрлі дыбыстары болады. Кейбір жануарлар дауысын ғалымдар шаруашылыққа зиян келтіретін құстарға, жәндіктерге, т. б. кейбір хайуанаттарға қарсы пайдаланып, бау - бақшаны, егістікті қорғайды. Мысалы, Қазақстан орнитологтары қараторғайдың шығаратын дыбыстарын жазып алып, акустикалық әдіспен жүзім бағының зиянкестеріне қарсы қолдануда.
Жануарлардың жүзуі
Жануарлардың жүзуі - жануарлардың суда тіршілік етуге бейімделуінің бір түрі. Бұл шартты және шартсыз рефлекстер салдарынан да қалыптасады. Жануарлар жүзуге әр түрлі жағдайда бейімделген. Кейбір түрі тіршілігінің көп уақытын (су жануарлары, қосмекенділер) суда жүзіп өткізсе, құрлық жануарлары жолындағы кедергіден, судан өткенде не суға кенет түсіп кеткенде жүзеді. Жануарлардың суда жүзіп тіршілік етуге бейімделуі активті және пассивті болып екі түрге бөлінеді. Активті түрінде түрлі жүзу органдарын (қарапайымдар, құрттар – кірпікшелерін, шаянтәрізділер – мұртшаларын, құстар, ескек аяқтылар, қамшат және құндыз – аяқтарын) қозғап жүзеді. Жүзудің пассивті түрінде жануарлар денесін әр түрлі иіп (балықтардың көптеген түрлері, құйрықты қосмекенділер, барлық қосмекенділердің дернәсілі, жылан, сүлік т. б.), қозғап жүзеді. Жүзуге бейімділік сүтқоректілердің де арасында байқалады. Мысалы, камшаттың, құндыздың, жұпартышқанның, су күзенінің және ондатрдың бармақтарының арасында жарғағы болады, жүні жылтыр, су жұқпайды.
Практикалық сабақ №8.

Адам анатомиясы
Адам анатомиясы (латынша anatome – кесу, бөлшектеу деген ұғымды білдіреді) – адам денесінің құрылысын, пішінін, қимылдарын, мүшелердің өзара қарым-қатынасын зерттейтін жаратылыстану ғылымының бір саласы. Адам анатомиясының негізін салушы – ежелгі рим дәрігері Гален, одан кейін шығыс ғалымдары: ар-Рази, ибн-Рушд, Әбу Әли ибн Сина адам анатомиясына елеулі жаңалықтар қосты. Қазақ даласында адам анатомиясы мәселелері Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (15 ғасыр), Халел Досмұхамбетұлы (20 ғасыр) еңбектерінде баяндалды. Бүкіл тірі организмдер сияқты адам денесі торшадан (клеткадан) тұрады. Торшалар торшааралық затпен қосылып тін (ткань) құрайды. Тін: эпителиалдық, дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) құрайды. Жалпы құрылысы мен дамуы біртектес және ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет атқаратын ағзалар – ағзалар аппараттары деген топқа бөлінеді. Ағзалар жүйесі мен аппараттары адам организмін құрайды. Ағзалар бірнеше жүйеге бөлінеді: 1) тірек-қимыл аппараты; 2) ас қорыту жүйесі; 3) тыныс алу жүйесі, 4) несеп-жыныс аппараты; 5) жүрек-тамыр жүйесі (бұл жүйе өз ішінде қан жасап шығаратын және иммундық жүйе ағзалары болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы және кеуде клеткасын құрайтын сүйектер), бас сүйек және қол-аяқ қаңқалары жатады. Бас сүйек: ми сауыт пен бет сүйектеріне бөлінеді. Ми сауытының ішінде ми, есту және тепе-теңдікті сақтау, көру ағзалары орналасқан. Омыртқа бағанасы: мойын (7 омыртқа), кеуде (12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып кеудені құрайды. Кеуде қуысында өкпе, жүрек, кеңірдек, өңеш, тамырлар мен жүйке талшықтары орналасқан. Омыртқа бағанасының бел бөлігі іш бұлшық еттерімен бірге іш қуысын түзеді. Yстіңгі жағында іш қуысы кеуде қуысынан көк ет арқылы бөлінеді. Іш қуысында бауыр, асқазан, талақ, ішек, ұйқы безі, бүйректер, тамырлар, жүйке талшықтары орналасқан. Іш қуысы төменгі жағында жамбас астауы қуысына жалғасады. Бұл қуыста несеп қуығы, тік ішек және жыныс ағзалары жатады. Қол қаңқаларын жауырын, бұғана, тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшық еттер жауып жатады. Адам анатомиясы зерттеу ерекшеліктеріне байланысты бірнеше салаларға бөлінеді: жүйелік немесе қалыпты анатомия – адам денесінің құрылысын ағзалар жүйелері бойынша баяндайды; патологиялық анатомия – ауруға шалдыққан ағзаларды зерттейді; топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні мен құрылысы туралы ілім; салыстырмалы анатомия – дамудың әр түрлі сатысында орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді. 
Практикалық сабақ №9-10
Экология  мәселесі  -  бүгінгі  таңдағы  адамзат  өркениетінің  аса  ауқымды  проблемаларының   бірі  болып  отыр.  Аталмыш  проблеманың  пайда  болуының  басты  алғышарты  -  қоршаған  ортаға  адамзат  перзентінің  антропогендік  һәм  техногендік  ықпалдарының  ұзақ  жылдар  бойы  тигізіп  келген  әсері  деп  тұжырым  жасауымызға  болады.  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХІ  ғасырдың  басында  адамзаттың  шаруашылық  әрекеттері  мен  өндірістік  қатынастарының  ғылыми-техникалық  жаңару  биігіне  көтерілуі  -  экономикалық  реформалардың  ерекше  сипат  алуына  (модернизациялануы  мен   интеграциялануына)  түрткі  болды.

Экономикалық  дамудың  кешенді  стратегиялық  бағытын  таңдауға  мәжбүр  болған  көптеген  мемлекеттердің  жоспарлы  әрекеттері -   әсіресе  табиғат  ресурстарының  байлықтарын   ысырапсыз  игеру  үрдістерін  қалыптастырды. Соңғы  жылдары  шаруашылық-өндірістік  нысандарында  экологиялық  қауіпсіздік  шараларын  қамтамасыз  етуге  бағытталған  әрекеттерге  қарамастан,  антропогендік-техногендік  ықпалдар — глобальді  масштабты  қамтып,  Жер  планетасының  табиғи  балансының  ауытқуына  қауіп  төндіруде.

 

Біріккен  Ұлттар  Ұйымының  бастамасымен өткен Ү  Халықаралық экологиялық  конгресс (Жапония, 1990),  Қоршаған  ортаны  қоғау  жөніндегі конференция (Бразилия, 1992),  ХХҮІІ  Халықаралық  географиялық  конгресс (АҚШ, 1992)  және  Йоханнесбург  (ОАР,  2003)  қаласында  өткен  бүкілдүниежүзілік  экологиялық  форум  -  аталмыш  мәселенің  өзектілігін  көрсетіп  отыр [3, 100 б.].



Экология  гректің  « эйкос  -  үй, жай »,  және  « логос  -  ілім »  деген  сөзінен  шыққан.  Экология  терминін  ғылыми  айналымға  неміс  биологы  Э.Геккель ( 1866  жылы )  ұсынған.

Экология  ғылымы  жөнінде  батыс  ғалымдары:  Ю. Одум,  Р. Дажо,  Н.Ф. Реймерс,  П. Троян, Р.Риклефс, К. Армс,  П. Кемп,  У. Линден,  Ж.Леме,  ресейлік  ғалымдар:  В.А.Вронский,  Ю.Н. Куражковский,  Д.Ж. Маркович,  К.С. Лосев,  Н.М. Чернова,  А.М. Былова  және  қазақстандық  ғалымдар  Ә.С. Бейсенова,  С. Әубәкіров,  А. Әбдірахманов,  Ұ.М.Ысқақов,  Н. Сейітов,  В.С. Слащев  және  басқа  эколог  ғалымдардың  еңбектері  құнды. Экология  сондай-ақ:  география,  химия,  биология, табиғаттану,  жаратылыстану  және  басқа  пәндермен  тығыз  байланысты.  Экология  ілімінің  түпнамасын  жұмыр  Жер  жаратылысының  тарихынан  бастап  таратқан  дұрыс.  Оның  себебі:  әуел  бастағы  Жердің  протобиологиялық  эволюция  дәуірлерін  геохронология  тұрғысынан  сараптайтын  болсақ,  даму  мен  қалыптасу  эраларындағы:  эндогендік,  экзогендік  және  тектоникалық  табиғи  апаттар  күштерінен  пайда  болған  экологиялық  құбылыстарды  байқауымызға  болады.  Антропогендік  ықпалға  дейінгі  қалыптасқан  орасан  сыртқы  және  ішкі  күштер  жиынтықтары (космостық,  вулкандық,  магмалық,  сейсмикалық,  геосинклинальдік,  гидрокатастрофалық  т.б.)   жер  ландшафтысы  мен  биосферасын,  рельефін  қатты  өзгерістерге  ұшыратумен  бірге,  айтарлықтай  экологиялық  проблемаларды  туындатқаны  анық.

Экономикалық  қажеттіліктерден  туындаған  адамзат  перзентінің  ғылыми  техникалық  жетістіктерге  сүйене  отырып,  жер  қойнауындағы  байлықтарды  молынша  игеруге  күш  салуы  -  экологиялық  сауатсыздықтың  белгісі  екені  анық.  Аталмыш  үрдістер,  қазба  байлықтарды  ысырапсыз   пайдаланумен  шектелмей,  ғарыш  кеңістігін  игеруде,  атомдық  станциялар  мен  электр  желісі  жүйелері  өнеркәсібін  дамытуда,  шикізат қорларын  өңдейтін  химиялық  өндірістік  орындардың  ашылып,  қарқынды  түрде  жүргізілуін  жеделдетті.  Адамзаттың  ғарыш  айлағын  зерттеп,  атомдық  кешенді  қондырғыларды    іске  қосуы — ғылыми-техникалық  прогрестің  бұрынғыдан  гөрі  қарыштап  дамуын  жеделдеткенімен  -  ол  жетістіктер  экологиялық  проблемаларды  шешудің  басты  алғышарттары  бола  алмады.

Әлем  кеңістігінде  белең  ала  бастаған  экологиялық  апаттар  ареалдары  жыл  өткен  сайын  кеңейе  түсуде.  Әсіресе,  жер  шарындағы  атмосфералық  жауын-шашын  мөлшерін  реттеп  отыратын  әлемдік  мұхит  экожүйесінің  ластануы  -  биогеоценоз  айналымының    тежелуіне  ұйытқы  болуда.  Сондай-ақ,  ірі  өнеркәсіп  орындарының   зиянды  қалдықтарының  ауа  қабатына  араласуы,  жасыл  желек  алқаптарының  жойылуы,  флора  мен  фауна  дүниелерінің  деградациялануы  сияқты  көріністер  жыл  өткен  сайын  жиі  қайталануда [5, 205 б.].

Қоғамның экологиялық мәдениетiн және мамандардың кәсiби даярлығын арттыру мақсатында мектепке дейiнгi, жалпы орта, кәсiптiк-техникалық, арнаулы және жоғары бiлiм берудiң бүкiл процесiн, мамандарды қайта даярлау мен олардың бiлiктiлiгiн арттыруды қамтитын экологиялық тәрбие мен бiлiм берудiң жалпыға бiрдей және үздiксiз жүйесi белгiленедi.

Халық арасына экологиялық бiлiм туралы таратуды мемлекеттiк органдар және қоғамдық бiрлестiктер бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырады.

Оқу орындарының бiлiм беру бағдарына және меншiк нысанына қарамастан, оларда экологиялық пәндердi оқыту көзделуi тиiс.

Қоршаған ортаға зиянды әсер ететiн қызметке байланысты лауазымды адамдар мен мамандардың қажеттi экологиялық даярлығы болуға және олар қоршаған ортаны қорғау туралы заңдар негiздерiн бiлуге мiндеттi. Басшылар мен мамандардың кәсiби экологиялық даярлығы оларды қызметке тағайындау, аттестациялау және қайта аттестациялау кезiнде ескерiледi.

Қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негiздерiн әзiрлеу және жасау мақсатында заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми зерттеулер жүргiзiледi.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу, тәжiрибе-конструкторлық және енгiзу жұмыстары, олар ұлттық (мемлекеттiк) бағдарламаларға енгiзiлген жағдайда, бюджет қаражаты есебiнен қаржыландырылады.

Елiмiздiң табиғаты мен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмiрi мен қызметiнiң, олардың тұрақты әлеуметтiк-экономикалық дамуы мен әл-ауқатын арттырудың табиғи негiзi болып табылады десек, бүгiнге дейiн адамзат баласы табиғат байлықтарына таусылмайтын пайда көзi деп қарап келгенi де рас.

Алайда, экологиялық проблемалар мойындалған тұста табиғат пен қоғам үйлесiмдiлiгiн сақтау мақсатында табиғи ресурстарды пайдалану құқығын мақсатына қарай төмендегiше екiге бөлiп қарау маңызы айқындала түсуде:

-табиғи ресурстарды экономикалық, экологиялық сауықтыру, өнегелi-эстетикалық қажеттiлiктер үшiн шектеулi пайдалану құқығы.

-табиғи ресурстарды адамның өмiрi мен тiршiлiгi үшiн шектi пайдалану құқығы.

Бұдан шығар негiзгi түйiн, ғылымда “экология” ұғымының негiзiн алғаш қалыптастырған немiс ғалымы Эрнест Геккель айтқанындай: “қоғам мен табиғаттың қатар өмiр сүруi бiр-бiрiне тығыз байланысты заңдылық. Қоршаған табиғи орта — адам тiршiлiгiне, шаруашылығына қатысты әлеуметтiк және экономикалық қажеттiлiктердi өтейдi, оның байлығын дұрыс пайдалана бiлсе, ол сарқылмайтын игiлiк көзi” болмақ.

Бiрақ мыңдаған жылдар бойы өсiп тұрған орман-тоғай, таза сулы бұлақ пен өзендер, құнарлы топырақты аймақтар қазақ жерiнде адамдар жиi қоныстанған аумақтарда бей-берекет пайдалану салдарынан бүлiнiп, кейбiреулерi пайдалануға жарамай қалды. Табиғат байлықтарын жоспарсыз және кең көлемде кешендi пайдалану табиғи қорлардың тез азаюына әкеп соқты.

Осылайша, табиғи шикiзатты пайдаланатын өнеркәсiп өндiрiсiнiң дамуы табиғи байлық қорларының азаюына ғана емес, ол сондай-ақ табиғи ортаның ластануына әкеп соқтырды. Өнеркәсiп орындарынан шығатын керексiз қалдық заттар қоршаған табиғи ортаның топырағын, суын және ауа кеңiстiгiн ластады. Экология проблемасы апатқа апарып соқтырары хақ.

Осы орайда, экологиялық бiлiм берудiң мақсаты — жеке адамның бойында табиғатқа деген iзгiлiк қатынастарды қалыптастыра отырып, “адам-қоғам-табиғат” арасындағы толық үйлесiмдiлiк рухында тәр

5. БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

1 өздік жұмыс

Зоология.

Балықтар кластарына қандай белгілер тән екенін анықтаңдар:




р/н

Белгілер

Шеміршек-ті балықтар

Сүйекті балықтар

1

Қабыршағының құрылысы қарапайым







2

Жұп қанаттарының орналасуы горизонталды







3

Ауызы құрсақ жағында орналасқан







4

Жүректе артериальды конус жоқ







5

Несеп клоакаға шығарылады







6

Торсылдағы жоқ







7

Ішекте спиральды клапан бар







8

Тыныс алу механизмі неғұрлым жетілген







9

Құйрық қанаттарының пішіні сырттай бірдей, вертикалды орналасқан







10

Ұрықтануы іштей







11

Желбезек қақпақтары жоқ







12

Аналықтары қапшықтағы саны көп емес ірі жұмыртқа салады







13

Жүректе артериальды конустың орнына қолқа буылтығы дамиды







14

Ұрықтануы сырттай








2 өздік жұмыс
А бағанасындағы әр компонентке неғұрлым сәйкес келетін Б бағанасындағы компонентті байланыстыр.


А

Б

А) Лейкопластар

1) Кребс циклі

Б) Тегіс емес ЭТ

2) Бактериалды ДНК қосылуы

В) Геном

3) Микротүтіктердің жасалу орталығы

Г) Митохондриялар

4) Ақуыздар модификациясы және пісіп жетілуі

Д) Центриоль

5) Генетикалық ақпараттың толық жиынтығы

Е) Мезосома

6) Крахмалды қорға жинау

Ж) Лизосома

7) Иммуноглобулин

З) Микрофиламент

8) Майларды синтездеу

И) Тегіс ЭТ

9) Асқорыту ферменттері

К) Гольджи аппараты

10) Цитоқаңқа


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет