«умумий математика» кафедрасы


Квадратты бөліктерге бөлу сабағы



бет9/11
Дата01.09.2022
өлшемі131.94 Kb.
#460127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Абдрахманова Дип жумыс Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда

Квадратты бөліктерге бөлу сабағы.
Жеті фиурадан құрастырылған квадрат- "танграм" бүкүл дүние жүзіне белгілі ескі қытай басқатырғышы. Бұл көңіл көтеру ойыны болғанымен, одан үйренерлік мәселелер көп:
1) квадраттың бөліктерінен фигураны жасағанда балалар тең шамалы және тең құрамды фигуралардың қасиеттерін үйренеді;
2) есептің шешімін іздеу процесінде комбинаторлық дағды, геометриялық көз мөлшер, тапқырлық, сезгіштік пайда болады. Керекті заттар. Кесілген квадрат жасауға қажетті 1-2 дм картон қиындысы, фанер қиықшасы немесе картон кесу үшін оның астына төселетін (20-30см) фанер, лезвия, масштабты сызғыш, циркуль, қарындаш.
Жұмысты ұйымдастыру. Үйірме жетекшісі оқушыларға жұмсақ қағаз қиындысынан квадрат жасауды тапсырды. Оқушылар "салу" процесінде амалсыз орындайтын және квадраттың қасиеттерін еске түсіретін қызықты практикалық жұмыстар атқарады. Қағаз квадраттан 5*5см. қажетті квадрат қиып алады, оны шаблон ретінде пайдаланады. Бұдан соң шаблон бойынша картоннан кесілетін квадрат жасайды (6 - сурет).
Б ұл квадратты құрайтын бөліктерден тұрады, ("шам", "шабандоз" т.с.с.). Кім тезірек құрастыруда? Құрастыратын бөліктерін белгілемей жасалған фигураларды қабырғаларға іледі (7,8-сурет).



6- сурет

7-сурет

8- сурет

Кесілген квадратты пайдаланып жүргізілетін сабақтар және төменгі кластарда бірдей табыспен өтіледі. Бұл сабақтардың зерттеушілік сипаты бар: Құрастырылатын жаңа фигураны квадраттың қандай бөліктерінен алу керек, бұл оқушылардың ең алғашқы жай және оқушылардың ойлау қабілетіне қолайлы зерттеу жұмысы болсын. Шығармашылық сипаттағы мұндай жұмыстар оқушылардың фантазиясының пайда болуына, олардың қызығушылығымен ынтасының артуына қолайлы жағдайлар туады. Ол үшін толық жетілдірілмеген форманы мол елестетулердің көмегімен таныс заттардағы ұқсастықтармен өте нәзік байланыстар мен қатынастарын тағайындау керек (9-сурет). Енді барынша оригиналды сәтті жасалған фигураларды авторын көрсетіп газеттерде жариялауға болады.


М ұндай фигуралар жиынын,
математика үйірмесінде
қ олдануға болады.
Бұдан басқа қағаздан қиып
та не бүктеумен бірге
жүргізіп көптеген қажетті
ф
9-сурет
игураларды шығарып алуға болады.

Мысалы үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы 180 градус болатынын дәлелдеу үшін оның төбелері бір түзу (не қабырғаның ) бойында жататындай етіп бүктейміз (10 - сурет).

В

2

В



A




A

3

1

С

С




10- сурет

3) Сыныптан тыс оқу белгілі бір тапсырмалар бойынша оқушының баяндамалар құрастыруынан, есептер шешуінен тұрады. Мұндай жұмыстар оқушылардың жеке жұмыстары болып табылады. Әдетте бұл жұмыстар сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыруға қажетті әдебиет жетіспейтін мектептерде жүргізіледі (қосымша қараңыз).


4) Мектептегі математикалық баспа. Математикалық білім беруде сол сияқты оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуда баспа маңызды роль атқарады. Баспа материалдары үзік-үзік болып мазмұны оқушылардың ойына күш түсіре алмаса, материалдары оқушылардың қызықтыра алмаса не оқушының шығармашылықпен ойлауына септігін тигізбесе ондай баспа материалының пайдасы аз, сондықтан оның материалдарын келісілген жоспар бойынша алдын-ала ойластырып алады. Баспа жұмыс жоғарыда көрсетілген міндеттерді атқарып қоймай, сонымен біге мектептегі барлық сыныптан тыс жұмыстардың жанданып, дұрыс ұйымдастырылуына себепші болады. Жас математиктер қоғамына арнап сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыра отырып, тек секциялар мен үйірмеде баспаның органдары болып қана қоймай қайта бүкіл мектеп көлемінде қоғамның органы ретінде біз "Математиктер кабинетінің айлығы" сияқты баспа органдары болу керектігін айтсақ болады.
Мектептегі баспа тек білім берерлік, тек ойландыру мақсатын көздейді.
Мектептің математикалық баспасы оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуы керек. Сонымен бірге, баспа оқушылардың белгілі мәселелерды өзбетінше шешкенінің нәтижесін насихаттап, хабарлайтын орган болады. Газетті оқушылардың бірнешеуі - редколегия мүшелері шығарады. Олар не жазу керек? Қалай жазу керек? Қалай көркемдеп - безендіру керек? Мұны ақылдасады. Мұғалім келесі талаптарға сай мазмұн мен газет формасын тапқанша оқушылар әрекетін басқарады:
а) газет өзінің мазмұны арқылы секциямен қоғам алдында алға қойылған проблеманы шешуге әсер етуі керек. Жалпы мәселелерды шешуге көмектесерліктей білім мен әртүрлі мағлұматтарды алдына-ала газетке шағын мақалалар ретінде үнемі жариялануы қажет;
б) газетте қоғамның, үйірменің және бұлардың мүшелерінің іс-әрекеті көрініс табуы керек;
в) газетте қызықты бөлім болуы яғни оқушыларды ойландыратын есептер, басқатырғыштар, әзіл-қалжыңдар, математика тарихынан үзінділер (мазмұны көтерілген проблемаға жақын болсын) және оқушыларға білім берерліктей жаңа информациялар болуы тиіс;
г) газеттің безендірілуі оның мазмұнына сай жоғары эстетикалық деңгейде болуы керек. Бұл талаптарды өзбетінше орындай отырып оқушылар тек өздерінің шығармашылық қабілетін дамытып қоймай, сонымен бірге осы мектептің барлық оқушылардың оңды әсер алуына ықпал жасайды.Оның математикалық бөлігінде сөзбен, формуламен, чертеждермен, өз ойларын баяндайды..
Бұл көбінесе жарыстың көп түрін қамтитын математикалық кештер мен сайыстарда әдемі безендіріліп, әр түрлі мазмұнда шығарылады. Жас математиктер қоғамының редколлегясы математика терминдерінің анықтағыш сөздерін және т.б. құрастырды (0,107,162). Бұл қабырға газеті арқылы да тиімді түрде оқушылардың шығармашылық әрекетін дамытуға болатынын көрсетеді. Ол үшін мүғалім оқушылар алдына белгілі проблема

қойып, оны проблемалық оқыту әдістерімен оқушылар әрекетін басқару қажет.



  1. Математикалық жарыстарға олимпиадалар, сайыстар, викториналар, КВН, лотерея және тез орындауға, есептеуге, билеуге

арналған математикалық ойындар т.б. жатады.
Математикадан сыныптан тыс жұмыста оқушылардың шығармашылық әрекетінің барынша дамуын қамтамасыз ететін мәселелер жүйесінің қандай болу керектігін талқылаймыз.
Сонымен, математикаға әуес оқушыларға пайдалы болатындай етіп, мектеп математикасының әртүрлі тарауларын толықтыруға болады.
7 кесте.
Құрылымы

Шешімніңсипаты
Оқу мәселелерының жүйесі

Түрлері

Талаптар


Практикалық

Практикалық мәні

Проблемалық

Жеке




Ұжымдық




Педагогикалық

Көкейкес
тігі

Шешуілуінің әрі түрлі әдістері




Топтық




Қызықтылығы

Проблемалық жүйесінің шешу сызбасы №8 кесте



Проблемалық жүйесінің шешуі







Мүшелерге бөлу

Проблема- лық жағдай туғызу

Пробле- маның қойылысы

I проблеманың шешуі

II проблеманың шешуі


Проблемалар жүйесінің шешуі







Проблема қалыптастырудың І кезеңі




Проблема-лар

Хабарлан-дыру

Болжам жасау

Жалпы қорытынды




Проблема-лық сұрақ

ІІ проблеманың қойылысы

мазақтау




Бөліп беру

Проблемалар




ІІІ кезең проблеманың «жатық » шешуі







ІV кезең проблеманың «ашық» шешуі







V кезең шешуі тексеру




Үлгі ретінде сыныптан тыс жұмыстардың мазмұнын құрайтын мәселелер жүйесінің негізгі түрлерін атап өтейік.


1) Тарихи сипаттағы мәселелер жүйесі, бұған математика ғылымының кейбір бөлімдерінің дамып, тарихи қалыптасуын мәселелер жүйесі ретінде оқушыларға таныстырамыз. Мысалы, сан туралы ілімнің пайда болуымен дамуы, геометрияның тарихи дамуы (әртүрлі тарихи кезеңдергі қатысты бірнеше мәселелер жүйесі), жиындар теориясының пайда болуы және т.б.
2) Зерттеудің математикалық әдістерімен танысуға арналған мәселелер жүйесі.
Мысалы, аксиоматикалық әдісті қалыптастыратын мәселелер жүйесі (мысалы, сандық жиын құру т.б.), салыстыру әдісімен таныстыруға арналған мәселелер жүйесі, аналогия, математикалық индукция және т.б.
3) Мектеп математикасының кейбір тараулары мен терең танысуға арналған мәселелер жүйесі, сондай-ақ мектеп математикасының бағдарламасына енбейтін математиканың кейбір мәселелерімен танысу. Бұл мәселелер жүйесі оқушыларды әр түрлі геометриялармен (Лобачевский геометриясы, афиндік және проективтік геометрия), топологияның элементтерімен, әр алуан құрылымдар мен (группа, өріс, сақина) танысуға мүмкіндік береді.
4) Оқытудың технологикалық құралдарын жасауға арналған мәселелер жүйесі. Бұл сызбасын құрастыру, макет, модель, приборлар және т.б. жасаудан тұрады.
Сыныптан тыс жұмыстардағы өз бетіндік жұмыстардың түрлері зерттелді, оған өз бетіндік жұмыстардың негізгі төрт түрі таңдалып алынды.Оқушылардың шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған математиканың сыныптан тыс шараларының мәселелер жүйесі көрілді.
Сонымен осы бітіру жұмысымда шығармашылық қызмет, өзбетіндік жұмыс, сыныптан тыс жұмыстар деген ұғымдардың мәнін құрастырушы негізгі мәселелер қарастырылды. Бұл арада айтылған ұғымдар арасындағы байланысты көрсету, осы ұғымдардың мектептегі математикадан ұйымдастырылатын сыныптан тыс жұмыстардағы жалпы құрылымының орны мен ролін қарастырдық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет