«умумий математика» кафедрасы


Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау



бет2/11
Дата01.09.2022
өлшемі131.94 Kb.
#460127
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Абдрахманова Дип жумыс Математикадан сыныптан тыс жұмыстарда

.Оқушылардың шығармашылық қызметінің дамуы бойынша психологиялық-педагогикалық және оқу-әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау

Оқушылардың шығармашылық қызметі туралы мәселе көне заманнан бастау алады. Сократтың өзі-ақ оқыту барысында оқушылардың танымдық белсенділігі мен ізденімпаздық шығармашылығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткенді. Архимедтің өзі белгілі әдіс – эвристикалық әдісті геометриялық фигуралар мен денелердің беттерінің ауданы мен көлемдерін есептеуге қолданған. Ежелгі Рим философтарының түсіндірулерінде білімді игеруде оқушылардың белсенді шығармашылығы айтарлықтай рөл атқарады деген пікір айтылады. Оқытуды күшейту құралы ретіндегі оқушылардың шығармашылық ізденімпаздығы туралы пікір Я.А.Коменскийдің (5) еңбектеріндееңбектерінде тереңдетіледі. Мәселен, оқыту барысында баланың шығармашылық ізденімпаздығы оның ақыл-ой қабілетін дамытудың аса маңызды құралдарының бірі деп есептейді. Декарт жаңа теорияны ашу кезінде ойдың тізбектілігін орнықтыруға ұмтылды. Математикалық зерттеу жұмысында басшылыққа алынатын арнайы ереже ойластырды, оның осы күнге дейін зор мәні бар. Математикалық шығармашылық туралы математиканың теориясымен айналысатын үлкен математик, ғалым-мамандардың айтқандарының мәні зор.


К.Д.Ушинский еңбектерінде оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытатын оқыту әдістері айтарлықтай жетілдірілген. Алайда, бұқаралық мектеп 50-жылдарға дейін догматизмнің үлесі басым болған көрнекі құралдармен түсіндіріп, оқытылған. Елуінші жылдардан бастап, ғылыми-техникалық революция табыстары мен мектептің өмірімен байланысының нығаюы сияқты факторлардың т.б. ықпалымен дидакттар мен әдіскерлердің шығармашылық ізденімпаздықты дамыту теориясына деген ықыласы қайтадан күшейе түседі. Болашақ маманның шығармашылық тұлғасының негіздері ретінде оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыру міндеттерін шешуді авторлар олардың танымдық іс-әрекетін нысаналы түрде ұйымдастыруда деп біледі. Оның үстіне шығармашылық ізденімпаздық ұғымының мазмұнына авторлар түрлі мағына береді. Біреулері шығармашылық ізденімпаздықты “оқушының ақыл-парасат қабілеті және оның өз бетінше ізденіп оқуына мүмкіндік беретін бейімділігі” ретінде қарастырады, екінші біреулері шығармашылық ізденімпаздықтың мәні мектеп оқушысының білімді игеруде өз күшімен талпынуына дайын екендігінде, яғни қабілеті мен ұмтылысында деп біледі, үшінші біреулері шығармашылық ізденімпаздық ұғымын білім мен іс-әрекет тәсілдерін өз күшімен игеруге ұмтылысынан көрініс табатын жеке тұлғаның қасиеті ретінде айқындайды. Шығармашылық ізденімпаздықты дара тұлға өзінің танымдық іс-әрекетін өз күшімен ұйымдастыруы және оны жаңа танымдық проблеманы шешу үшін қолдана білуі сияқты жеке адамның сапасы ретінде оқушылардың білім мен іс-әрекет тәсілдерін игеруді қажетсінуі және бейімделуі, танымдық міндеттерді бөгде біреулердің тікелей көмегінсіз шешу қабілеті іс-әрекет мақсатын айқындауға және оған түзету жасауға бейімділігі ретінде қарастыруды көздейді .
Мәселен, педагогтардың айтуынша: “Белсенділік оқушы ақыл-ойының, шығармашылық ізденімпаздығының белгілі бір дәрежесін көрсетеді.Біз шығармашылық белсенділікті оқушының ақыл-ой және дене қуатын жай ғана жұмылдыруына жатқызбаймыз, қайта оны жеке тұлға әрекетінің сапасы ретінде қарастырамыз, бұл сапа оқушының әрекет мазмұны мен процесіне көзқарасында, оның білімді және іс-әрекет тәсілдерін оңтайлы қысқа мерзімде тиімді игеруге ұмтылуында, мінез-құлық, ерік-жігерін оқу-танымдық мақсаттарға жұмылдыруында көрініс табады”,-деп көрсетеді.

Танымдық белсенділіктің мәнін өзінің қалай түсінетіндігіне сүйене отырып, ол оның үш деңгейін бөліп көрсетеді, олар: жаңғырту, түсінудің пәрменділігі және шығармашылықтың деңгейі.


Осы заманғы психологиялық зерттеулерде математикалық қабілетке

қатысты 1) есептер шешуге байланысты ойлау тәсілдерінің ерекшеліктерін анықтауға ұмтылу; 2) математикалық қабілеттің құрылымына талдау жасауға ұмтылу сияқты екі бағыт бар.


Логикалық ойлау математиалық ой қорытудың негізін құрайды,бірақ математикалық ой тұжырымы тек логикалық жағынан тұрмайды. Математикалық қызметтің жемісті болуы үшін тек логикалық қорытындылардың жетімсіз болатыны туралы ірі математиктер Декарт пен Галуа көрсетті. Кез-келген жаңа теореманы ашудың себебі ол алғашқы аксиомаларға байланысты бола отырып дәлелденген, олай болса осы аксиомалардан шығарып ойды қорытуға болатын сияқты. Бұл тек дайын ғылымға қарап отырған сияқты болып шығады. Ал шынында да дәлелдеушілер салыстырады, мәселенің барлық жақтарын қарастырып, шындыққа қол жеткізеді.Математикалық ой қорытудың логикалық құрылымын зерттей отырып, негізі басқа есептер болып табылатын қиын алгебралық есептерді шешкенде оқушылар оның ережелеріне түсінбейтіндігіне мұғалімдердің назарын аударды.
Білімді меңгерудегі оқушылардың жеке ерекшеліктері оның ойлау тәсіліне байланыстылығын психологтар ерекше атап өтеді. Оның үстіне оқушылардың белгілі оқу материалын меңгеруіне қатысты берілген тәсілдер бойынша жеке тұлғаның әр түрлі ойлау әдістерін игеруінің ерекше мәні бар.
Ғалым-педагогтардың математикалық қабілет пен шығармашылық қызметінің құрылымына жасаған талдаулары халыққа білім беру жөнінде қоғамның мектеп алдына қойған талаптарымен тығыз байланысты. А.Н.Колмогоров өзінің “Математика мамандығы туралы еңбегінде математикалық қабілеттің мәнді жақтарын бөліп көрсетеді:
“Күрделі әріптік өрнектерді түрлендіре білетін” алгебралық есептеулер жүргізе білуді сипаттайтын ”алгоритмдік” не есептеушілік қабілеттілік;
“Дұрыс тармақталған логикалық ойдың тізбектелген өнері” сияқты логикалық тұрғыдан ойлай білу қабілеті;
Математикалық шығармашылық қызметтің табысты болуының қажетті шарты математикаға деген қызығушылық пен еңбекқорлық деген қорытындыға келеміз. Сондықтан барынша жаңа және өзіндік қиын зерттеу жұмысы мен есептер шешу арасында барынша қабілетті, жеткілікті түрде жігерлі математик үшін ешбір қиын кедергі жоқ.
Келтірілген негізгі математикалық қабілеттіліктер және олардың комплексті түрде пайда болуы «математикалық қабілеттің ұғымын құрайтын жеке тұлғаның барлық психикалық қасиеттерін сипаттай алмайды және қарастырып отырған шығармашылық қызметті толық бейнелей алмайды, сондықтан оны бұдан әрі анықтай түсу қажет болады. Мәселені зерттей келе математикалық қабілеттің құрылымын дамыту, орта мектепте математикалық қабілетті дамыту арқылы оқушылардың жоғары деңгейдегі әрекеті – шығармашылық қызметті дамыту болып табылады.
Қорыта келгенде танымдық белсенділік, қызығушылық, ізденімпаздық және әртүрлі формадағы математикалық қабілетті жан-жақты жетілдіру арқылы жоғары деңгейдегі шығармашылық қабілетті дамытуға болатынын психологтар мен педагогтардың, әдіскерлер мен математиктердің еңбектерінен байқаймыз.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет