Университетте соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді



Дата27.06.2016
өлшемі11.39 Kb.
#162081
Университетте соғыс, тыл және еңбек ардагерлеріне қолдау көрсету жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Оқу орнының қабырғасында ұйымдастырылып жатқан барлық іс-шаралар құрметті демалыстағы педагогтар мен қызметкерлердің қатысуымен өткізіледі. Факультет деканаттары мен топ кураторлары ардагер ұстаздар мен студенттердің арасында жекелеген тәрбиелік бағыттардағы кездесулерді жүзеге асыруда.

Білім ордасына еңбегі сіңген ардагер ұстаздардың мерейлі жасқа толуына орай университет мұражайында олармен салтанатты кездесулер өткізу дәстүрге айналып келеді. Университеттегі Ардагерлер Кеңесі де оқу, ғылым, тәрбие саласы бойынша жасалып жатқан жұмыстарға үнемі белсенділік танытып, өз үлестерін қосуда. Бүгінде жоғары кәсіби білікті мамандарды дайындау ісі бойынша 73 ардагер ұстаз әлі күнге дейін өз қызметтерін жалғастыруда.



Қариялар күні қарсаңында университет ұжымы ардагер ұстаздар мен қызметкерлерге арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырып өткізді. Оқу орны ректорының бұйрығымен ардагерлерге жалпы 390 000 (үш жүз тоқсан мың) теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді.

Ардагерлерге студенттік еріктілер тобының тарапынан да әлеуметтік, тұрмыстық көмек көрсету жұмыстарын жүзеге асыру басты назарға алынған. Ерікті студенттер әр ардагерлерге арнайы бекітілді. Қазіргі таңда олар ардагерлердің үй-жайларын жинауға, тұрмыстық және азық-түлік заттарын алуға қол ұшын беріп, көмектесуде. Аталған шаралар студент жастардың бойында патриоттық және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруға зор әсерін тигізері сөзсіз. Сондықтан да университет ардагерлеріне қолдау көрсету жұмыстары әрі қарай жалғасын таба бермек.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет