- Мажоритарлық сайлау жүйесі кезінде үміткер немесе партия сайлануы үшін сайлаушылардың көпшілік дауысын алуы қажет. Мажоритарлық сайлау жүйесі абсолютті және салыстырмалы аталатын екі түрге бөлінеді. Абсолютті жүйеде басым көпшілік дауысты (50%+1) алған үміткер сайланады. Үміткер көпшілік дауыс ала алмаған жағдайда сайлаудың екінші туры өткізіледі. Мұнда бірінші турда көп дауыс алған 2 үміткердің қайсысы көп дауыс алса, сол сайланған болып есептеледі. Салыстырмалы Мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша қай үміткер көбірек дауыс жинаса, сол сайланады. Онда 50%-дан артық дауыс алу шарт емес. Мажоритарлық сайлау жүйесі қарапайым әрі оңай.
- Мажоритарлық сайлау жүйесінің артықшылығы:
- Үкімет құрудың жеңілдігі мен оның тұрақтылығы;
- Сайлаушылар мен депутаттар арасында тұрақты байланыстардың қалыптасуында жатыр.
11. Пропорционалды сайлау жүйесі - Сайланбалы билік органдарын партиялық өкілдік арқылы құру жүйесі. Орындар (мандаттар) партияның жинаған дауыстарына сәйкес бөлінеді.
- Референдум(лат. referendum — хабарлануға тиісті нәрсе) — мемлекеттік маңызы бар мәселені халықтық дауысқа салу. Алғаш рет Швейцарияда қолданылды. Арнайы даярлық қажет ететін төтенше, шұғыл мәселе дауысқа салынбайды. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы, басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.
-
- Еліміздің өркениетті елдер қатарынан көрінуіне мүдделілігіміз біздің сайлауға ұйымшылдықпен қатысуымыздан да айқын көрінеді. Бұл бір жағынан біздің азаматтық парызымыз болса, екінші жағынан елдігіміздің ертеңіне деген айқын көзқарасымыз да. Ең бастысы, біз елді басқару ісіне осылай атсалысу арқылы мемлекетіміздің нығаюына ықпал ететінімізді біліп отырамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |