Усенова Қуралай Қулшагашовна



Дата27.06.2016
өлшемі51.5 Kb.
#160434
Усенова Қуралай Қулшагашовна,

№ 16 жалпы орта мектебінің бейнелеу өнері және сызу, технология пән мұғалімі

ОҚО, Алғабас ауданы, Алғабас совхозы

Сабақтың тақырыбы: Аппликация өнері


Білімділік: Аппликация өнерінің щығу тарихымен танысу. Аппликация өнерінің технологиясын және оның түрлерін меңгерту.

Тәрбиелік мәні: Оқушыларды ұқыптылққа, еңбексүйгіштікке және түстерді таңдауға, түстерді үйлестіруге үйрету.

Дамытушылық: Оқушыларды аппликация өнерін игеруге және ой-өрісті дамытуға үйрету.

Жоспары:


І. Кіріспе

а) Жасөспірімдерге аппликация өнері туралы түсінік беру.

ІІ. Негізгі бөлім

а) Аппликация өнерінің шығу тарихы

б) Түрлі-түсті қағаздардан жасалған жұмыстармен сабақ үлгісін көрсету.

ІІІ. Қорытынды бөлім

а) Өнердің жасөспірімдерге беретін тәрбиелік әсері.

IV. Пайдаланған әдебиеттер.

Сабақтың көрнекілігі: Аппликация жұмыстары, түрлі-түсті қағаздар, желім, қайшы, галлерияны аралау.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, ойын, сарамандық жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дарярлық

Өнерді таудың бұлағынан,

Қойдың құлағынан,

Апамның киізінен,

Ешкінің мүйізінен үйрендім.

Сыныпты топқа бөлу. (Қарындаш тобы және Қылқалам тобы)

ІІ. Өткен сабақты пысықтау

ІІІ. Жаңа сабақ. Аппликация өнері.

Аппликацияның шығу тарихы:






Шығу мерзімі

Елдері

1.

ІІ –ІІІ ғасыр

Қазақстанда

2.

XVI ғасыр

Италия, Испания

3.

XVII ғасыр

Германия, Франция

4.

XVIII-XIX ғасыр

Ресей

Ауданы 30 метр квадрат болып табылатын үлкен ақ шатырлар киіз баулармен әсемделген, бауларда түрлі-түсті аппликация тігілген. Аппликация тек Азияда ғана емес, Еуропа елдерінде де, соның ішінде Италия, Испания, Германия, Францияда өркендеген. Соғыс пен жарыстар ру белгілері, гербтердің пайда болуына әсерін тигізеді. Гербтер екі жағынан да көрініп тұру үшін аппликация кестеленген. Сицилия королі ІІ Рокер Византиядан өнерлі тігіншілер мне кестешілерді өз еліне алып келген. Сицилия кестесінің бір ерекшелігі- аппликацияның қолдану ерекшелігінде. Әсіресе, көп қолданған аппликация сициялық киізден кесілген бұйымдар. Кейіннен бұл өнер Италияның барлық бөлініне тарайды. Испандық аппликацияның ерекше құндылығы атласқа тігілген барқыттан қиылған өрнектер.

Қайта өрлеу дәуірінде аппликация шеберлік шыңына жетеді. XVI ғасырда Италия мен Испанияның шіркеу киімдеріне аппликация туындыларын қолдана бастайды. Бұл кезеңде өрнектердің қайталануы және түстер контрасына көп көңіл бөлінеді. Ең сәнді түстер: қызыл, сары, жасыл түстер болды.

Кейіннен матадан дайындалатын аппликацияның орнына қағаз аппликациялар шыға бастады.Бұл қағаз өндірісінің пайда болуына байланысты. Сұлба бейнелер өнердің бір түрі ретінде ерте б.э.д. VІ ғасырда пайда болды.

Грецияда Дибутарының қызы өз үйінің қабырғасына сүйіктісінің көлеңкесін салды. Сонан бастап грек өнірінде қара түсті профильді фигуралардың бейнесі кездеседі. Францияда да сұлба өнері пайда болды. Ол біздің дәуірімізге дейін жетті, бұл өнер әлі де сәнді болып табылады.

Аппликация туралы түсінік

Аппликация сәндік қооданбалы өнердің бір түріне жатады. Киімді, тұрмыстық заттрды, сәндік паноларды дайындауда қолданылатын кестеулердің бір түрі болып табылады.

Аппликация латын сөзінен (бастыру) шыққан бейнелеу техникасының бір түрі, кесіп дайындалған әр түрлі формаларды қойып, екінші материалдарға, фонға бекіту. Аппликация-әр түрлі материлдан дайындалған қөркем шығарма. Материалдардың қасиеттері аппликацияның орындау техникасына әсерін тигізеді.

Мысалы: қағаз, сабан, кептірілген өсімдіктер желіммен жабыстырылса, ал маталар, тері, киіз, әдептен тігіледі.

Аппликация – тек безендіру жұмыстарынада ғана емес, панно, өрнек, картиналар жасауда да қолданылады. Аппликацияның негізгі белгілері: Сұлбалығы, бейненің жазықтығы бейнеленуі, түстік дақтардың біркелкілігі. Аппликация мазмұны бойынша тақырыптық, сюжеттік, сәндік, өрнектік, шрифтік және дайындалу технологиясы бойынша жайпақ, көлемді және тағы басқа болып бөлінеді.

Ал енді аппликацияның шығу тарихына келетін болсақ, ол ертеден әр түрлі халықтарда қолданып келе жатқан киім, аяқ киім, тұрмыстық заттарды, үйді сәндеудің ежелгі тәсілі.

Аппликацияны дайындау

Сынып жұмысындағы аппликацмяны дайындау технологиясын түсіндіру.



  • Аппликацияның суретін салып даярлау;

  • Түрлі – түсті қағаздарды таңдау, қайшымен қиып алу;

  • Түрлі – түсті қағаздардан суреттерді өлшемдерін сызып алу;

  • Өлшем бойынша қырқып алу;

  • Қырқылған қағаздарды қиыстырып алу;

  • Қиыстырып алған суреттерді желіммен жабыстыру.

Түстерді таңдау

Аппликацияға түс таңдағанда қанық бояулады қолданса жақсы көрінеді. Мысалы:

Ақ – қара Сары - қызыл

Қызыл – көк Сары - жасыл

Қызыл – жасыл Қызыл – қара

Қарама –қарсы түстер композициясы да жақсы үйлеседі.

Аппликацияны қолдану бағытына қарай үш бөлікке бөлінеді:



Түрлі қағаз Әр түрлі мата, киіз, тері

Табиғи материалдар

(сабан, ине, қамыс, жапырақ)

І топ –Қарындаш тобы





ІІ топ –Қылқалам тобы















Сергіту сәті:

Шіркін сурет сабағы,

Ауылды еске салады.

Мың құбылтып бояймын,

Туып өскен даланы.

Қызыл бояу –қызғалдақ,

Сары бояу – сарғалдақ.

Жасыл бояу – жайлауым.

Іздеп барар – армандап.


Сарамандық жұмыс: Әр түрлі матриалдардан аппликация жасату

V. Сабақты бекіту: «Диірменді қозғалту ойыны»

1. Түстер қанша топқа бөлінеді?

2. Сурет өнері қашан дамыған?

3. Қазақ суретшілерін ата?

4. Аппликация өнері қай ғасырда пайда болды?

5. Аппликация өнерін қандай заттармен жасауға брлады?

6. Ең бірінші аппликация өнері қай елде пайда болды?

7. Табиғат көрінісін бейнелеген шығарма қалай аталады?

8. Адамның бет келбетіне бейнелеуді не деп атайды?

VІ. Үй тапсырмасын беру.

VІІ. Бағалау.






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет