Сабақтың ортасы
8 мин.
|
Дәптермен жұмыс.
(Ұ) «Түртіп алу» әдісі арқылы жаңа тақырыпта кездесетін термин сөздерді өз дәптерлеріне жазып алады, интербелсенді тақтаға қарап, мұғалім соңынан қайталайды.
Мақсаты: Үштілділікті дәріптеу.
Тиімділігі: Оқулықта кездескен термин сөздерді өздерінің жұмыс дәптерлеріне жазып алып, қайталау арқылы есте сақтайды.
Саралау: Информатика сабағында қолданылатын программалардың басым көпшілігі ағылшын немесе орыс тілдерінде берілетіндіктен термин сөздерді есте сақтаудың маңызы зор.
|
Оқулықпен жұмыс. ЖИГСО әдісі.
Оқушыларға оқулықтан үш абзацтан үш топқа көлемді тапсырмалар беріледі. Әрқайсысы жеке-жеке топ ішінде оқып шығып топпен талқылайды, сосын топтар құрамы өзгертіліп, құрамында әр бастапқы топтан бір белсенді оқушы бар жаңа (сарапшылар тобы) топтар құрылды. Құрылған сарапшы топ берілген тапсырмаларды біріге талқылап орындайды Осыдан кейін олар өз топтарына қайта оралып, өздерінің бұрынғы топтағы достарына кезекпен өз жанұяларында түсінген материалдарын тиянақты түрде жеткізіп, үйрету керек
Дескриптор:
- Топ ішінде отырып, оқулықтағы ақпаратты оқиды.
- Өзінің оқыған ақпаратымен топ ішінде талқылауға белсенділікпен қатысады.
- Өзге топ мүшелеріне түсіндіру, баяндау жұмыстарын жүргізеді.
|
Бағалау: Оқушылар бір – бірінің жауаптарын интерактивді тақтадағы жауаптар арқылы “жауаптарға келісемін”, ”жауаптарға келіспеймін”, ”ұсынысым бар” сөздері арқылы тексеріп «Бағдаршам» әдісімен топ ішінде бірін – бірі бағалайды.
|
|